«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестиция мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20 ақпандағы № 567-IV заңына пресс-релиз
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестиция мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 20 ақпандағы № 567-IV заң, Қазақстан Республикасы «Инвестициялар туралы» Заңы Кеден одағының кеден заңнамасымен сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Заңның негізгі мақсаты ЕурАзЭҚ шеңберінде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одақ талабында экономиканың әлеуетті секторларында инвестициялық қызметті іске асыратын инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету болып табылады.
Осы мақсатты заң деңгейінде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны жүзеге асыруды іске асыратын заңды тұлғаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдаудың адрестік талаптары бекітіледі. Сондай-ақ, Заңымен бизнес үшін артылған міндетті төмендету бойынша шаралар көзделген және инвестициялық қызмет объектілеріне барып тексеріс жүргізу тәртібі бекітілген, негізгі ұғымдар, инвестициялық преференцияларды беру тәртібі және инвестициялық преференцияларды беру шарттары нақтыланды.
Сонымен қатар Заңымен Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 129-бабы 2-тармағына жер қойнауын пайдаланушылармен пайдалы қазбалардың кен орындарын жасау үшін техникалық жобаларды сапалы дайындау мақсатында өзгерістер енгізілді.