Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 68-V Заңы

      2013 жылдың 15 қаңтарында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
      Бұл Заң 2013 жылғы 14 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған жаңа білім беру жинақтау жүйесін іске қосу мақсатында қабылданды.
      Білім беру салымдарына есептелетін мемлекет сыйлықақысы бойынша салымшыларды жеке табыс салығын төлеуден босатуды қамтамасыз ету мақсатында Заңда мынадай өзгерістер енгізу көзделген:
      - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық салынатын табыстан білім беру жинақтау салымдарына есептелетін мемлекет сыйлықақысының сомасын алып тастау.
      Сонымен бірге, білім алу үшін халыққа ұсынылатын кепілдік шеңберінің кеңеюіне байланысты, осы құжат арқылы төмендегідей толықтыру енгізу қарастырылған:
      - 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін құру арқылы білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктің шараларын көбейтуге қатысты.
      Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жүзеге асырудың құқықтық негізінің толықтырылуын қамтамасыз етеді, оның енгізілуін кешенді мемлекеттік қолдау шараларымен сүйемелдейді.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз