Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 75-V Заңы

      2013 жылғы 4 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды (бұдан әрі - Заң).
      Аталған Заң шеңберінде Еңбек және Салық кодекстеріне, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»,«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      Заңда:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдардың құзыретін регламенттеу;
      тұрғылықты жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегін өтеу проблемаларын шешу;
      Байқоңыр кешенінде жұмыс істеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру;
      жағымсыз себептермен қызметінен босатылған судьялардың міндетті зейнетақы жарналарын қайтару рәсімін айқындау;
      аннуитеттік сақтандырудың тартымдылығына жағдай жасау;
      сақтандыру компаниясынан біржолғы төлемдерді жүргізудің саралап жіктелген схемасын белгілеу;
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің өлшемдерін жетілдіру көзделеді.
      Жоғарыда баяндалғандардың негізінде әзірленген Заң қолданыстағы әлеуметтік заңнамадағы, зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалардағы олқылықтарды жоюға негізделген және зейнеткерлік жастағы, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жататын адамдарды әлеуметтік қорғауға, қорыта айтқанда, өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуға бағытталған.
      Қабылданған Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейді және әлеуметтік-экономикалық, құқықтық кері салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржылық шығынды талап етпейді.

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз