Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Жоба) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 11 ақпандағы № 76-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Келісімнің қолданысқа енгізілу тәртібін V баптан қараңыз.

      2012 жылғы 19 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ Дәліз 1 [Тараз қаласының айналма жолы] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Жоба) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2824–ҚАЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы
халықаралық транзит дәлізі]

Күні 2012 ЖЫЛҒЫ 19 МАУСЫМ

45150 ҚАЗ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталатын) арасындағы 2012 жылғы 19 маусымдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
      (А) Қарыз алушы АДБ–ға осы Қарыз туралы келісімге 1–қосымшада сипатталған Жобаның мақсатында кредит үшін жүгінді; және
      (В) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзiмдер мен шарттарда АДБ–ның жай капитал ресурстарынан қарыз береді.
      ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісімнің тараптары мыналар туралы уағдаласты:

I БАП
Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар

      1.01–бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ–ның Жай күрделі ресурстарынан бөлінетін Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін қарыз берудің барлық ережелері (бұдан әрі Қарыз беру қағидалары деп аталатын) осы Қарыз туралы келісімге, егер олар осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
      (а) 3.03–бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      Резервке қойғаны үшін комиссия; Кредит
      (а) Қарыз алушы қарызын талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме мен шарттар бойынша комиссия төлеуге міндеттенеді.
      (b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша кредит беруге міндеттенеді, бұл ретте мұндай кредит қарыз мерзімінің соңына дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
      (b) 3.06–бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген Қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) арасындағы айырма (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде Қарыз алушы пайыздар төлеуге міндеттенетін, талап етілмеген (іі) қарыздың негізгі сомасына  көбейту жолымен айқындалатын болады.
      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта АДБ–ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға өтемақы сомасын қолдануға міндеттенеді.
      (с) 3.07–бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің ұлғаятыны туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін және егер осы қарыз бойынша  қолданылатын тіркелген спред ұлғайтылған тіркелген спредке қарағанда аз болса, Қарыз алушы АДБ–ға қосымша сома төлейді. Бұл қосымша соманың мөлшері жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмейтін Қарызға (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) қолданылатын тіркелген спред арасындағы айырманы (і) талап етілмейтін  (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, көтеріңкі тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді.
      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ–ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ–ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.
      1.02–бөлім. Қарыз беру қағидаларында анықтама берілген мына терминдер, егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдай кезінде оларда жазылған тиісті мағынаға ие болады. Мынадай терминдердің төмендегідей мәні бар:
      (а) «ОАӨЭЫ» Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастығын білдіреді;
      (b) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекарадан Қорғаста Алматы қаласы мен Шымкент қаласы арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы» халықаралық көлік дәлізін білдіреді;
      (с) «ҚОӘБ» Жоба бойынша, Қарыз алушы дайындап, ұсынған және АДБ мақұлдаған, оған енгізілген кез келген өзгерістерді қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерін бағалауды білдіредi;
      (d) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсерiн бағалауға (ҚОӘБ) енгiзiлген Қоршаған ортаны басқару жоспарын бiлдiредi;
      (е) «Қоршаған ортаға қатысты саясат» ҚШС–ның (егер қолданылса) 1–қосымшасының және 4–қосымшасының V тарауында жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;
      (f) «Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясат» ҚШС–ның (егер қолданылса) 2–қосымшасының және 4–қосымшасының V тарауында жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;
      (g) «ЖСҚЖ» Қарыз алушы дайындап, ұсынған және АДБ мақұлдаған,  Жобаға енгізілетін кез келген өзгерістерді қоса алғанда, ол үшін Жерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
      (h) «Қарыз қаражатының төлемдерi жөніндегі анықтамалық» қарыз қаражатының төлемдерi бойынша АДБ–ның анықтамалығын (кезең сайынғы түзетулерi бар 2007 жылғы) бiлдiредi;
      (i) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
      (j) «облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкiмшiлiк бiрлiгiн бiлдiредi;
      (k) «БЖН» Жоба үшін 2011 жылғы 28 қазандағы Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Қарыз алушы (ККМ арқылы) мен АДБ–ның тиісті әкімшілік рәсімдеріне сәйкес кезең сайын жаңарып отыратын Жобаны басқару жөніндегі нұсқаманы білдіреді;
      (l) «Сатып алу жөніндегі нұсқама» АДБ–ның Сатып алу жөніндегі нұсқаманың (кезең сайынғы түзетулері бар 2010 жылғы) білдіреді;
      (m) «Сатып алу жоспары» Жоба үшін 2011 жылғы 28 қазандағы Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып алу жөніндегі нұсқамаға және АДБ–мен келісілген басқа да іс–шараларға сәйкес кезең сайын жаңарып отыратын сатып алу жоспарын білдіреді;
      (n) «Жоба жөніндегі атқарушы агенттік» Қарыз беру қағидалары мақсаттары үшін және оларды айқындау шеңберінде Жобаның орындалуына жауапты ККМ–ны білдіреді;
      (o) «Жобалық жол» реконструкцияланған жолдың учаскесін және Жоба аясында салынатын, әрбір жағдайы Қарыз туралы осы Келiсiмнің 1–қосымшаның 2-тармағында егжей–тегжейлi сипатталған айналма жолды бiлдiредi;
      (p) «ҚШС» АДБ–ның қорғау шаралары жөніндегі саясатын (2009 жылғы) білдіреді;
      (q) «Мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясат» кез келген түзету және алдын алу іс–қимылдарын қоса алғанда, онда ҚОБЖ мен ЖСҚЖ–ны іске асыру бойынша және оларға сәйкес жұмыс нәтижелері жазылған әрбір есепті Қарыз алушы дайындағанын және АДБ-ға ұсынғанын білдіреді; және
      (r) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және Жобаға қатысы бар бірыңғай міндеттеменің не «пайдалануға дайын» құрылысты салуға келісімшарттың бір бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылысты немесе азаматтық–құрылыс жұмыстарын білдіреді.

II БАП
Қарыз

      2.01–бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ–ның жай күрделі ресурстарынан тоқсан бес миллион АҚШ доллары ($ 95 000 000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.06–бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең сайын айырбасталып отырылуы мүмкін.
      (b) Қарызды жиырма (20) жыл негізгі өтеу кезеңін және осы бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдік кезеңін болжайды.
      (с) Осы бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын «жеңілдік кезеңі» деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2–қосымшасында жазылған өтеу кестесіне сәйкес қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
      2.02–бөлім. Қарыз алушы АДБ–ға талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық мөлшерлемесінің сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің мөлшерлемесі бойынша кезең сайынғы пайызды және Қарыз беру қағидаларының 3.03–бөліміне сәйкес жылына 0,20 % кредитті шегере отырып, Қарыз беру қағидаларының 3.02–бөліміне сәйкес жылына 0,60 % төлеуге міндеттенеді.
      2.03–бөлім. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін жыл сайын 0,15 % сомасында комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен кезден бастап қарыздың толық сомасына (кезең сайын алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
      2.04–бөлім. Пайыздар мен қарыз бойынша өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында төленуге тиіс.
      2.05–бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2–қосымшасының ережелеріне сәйкес Қарыз шотынан талап етілген қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
      2.06–бөлім. (а) Қарыз алушы борыштың ұтымды реттелуін қамтамасыз ету мақсатында қарыздың төмендегі айырбастауларын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
      (і) Қарыз валютасының толық немесе ішінара төленген және талап етілмеген немесе төленбеген қарыз сомасының бекітілген валютаға өзгерісі;
      (іі) Талап етілген немесе талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына толық немесе ішінара қолданылатын базалық пайыздық мөлшерлеменің құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше өзгерісі; және
      (ііі) Талап етілген немесе талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына толық немесе ішінара қолданылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге пайыздық мөлшерлеменің тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен лимиттер белгілеу.
      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған айырбастау туралы кез келген сұрау салуды Қарыз беру қағидаларының 2.01(6) бөлігінде анықталуы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру қағидаларының V бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеген жөн.

III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01–бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
      3.02–бөлім. Барлық қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімге 3–қосымшаның ережелеріне сәйкес бөлінуге және алынуға тиіс, бұл ретте осы Қосымшаны Қарыз алушы мен АДБ–ның арасындағы келісімі бойынша кезең сайын өзгертіп отыруға жол беріледі.
      3.03–бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 4–қосымшаның қолданылатын ережелеріне сәйкес шығыстардың барлық баптарын жүргізеді немесе жүргізілуін ұйымдастырады. АДБ мұндай баптардың барлығы Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдер шеңберінде айтарлықтай дәрежеде сатып алынбаған не келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ–ның талаптарын қанағаттандырмайтын жағдайда келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
      3.04–бөлім. Егер АДБ өзгеге келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстардың барлық баптары Жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3.05–бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражатты алу үшін 2015 жылғы 30 маусым не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілуі мүмкін осындай басқа күн жабу күні болып есептеледі.

IV БАП
Ерекше жағдайлар

      4.01–бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаның орындалуын тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі практиканың ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Жобаны іске асыру және жоба объектілерін пайдалану үдерісінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5–қосымшасында жазылған барлық міндеттемелерді орындауға не орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.02–бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жобалау объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша түрде қажеттілігіне қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.03–бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру үдерісінде АДБ үшін қолайлы, Қарыз алушы мен АДБ–ның талаптарына сай келетін дәрежеде және мерзімдер мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді жалдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалық шешімдерге, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы осы жоспарларды, жобалық шешімдерді, жұмыс ерекшеліктері мен кестелерін, сондай–ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін егжей–тегжейлі дәрежемен кейіннен жасалған кез келген елеулі өзгерістерді олар дайындалғаннан кейін дереу беруге немесе олардың берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.04–бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жобалау объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс–әрекеттерінің ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілетініне және үйлестірілетініне көз жеткізуге міндеттенеді.
      4.05–бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген есептіліктерді жүргізуге не олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ–ның талаптарына сай келетін тәуелсіз аудиторлардың аудиттің тиісті стандарттарын нақты қолдана отырып, осы шоттарға және тиісті қаржылық есептерге жыл сайынғы аудит жүргізіп отыруына; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискальды жыл аяқталған кезден бастап тоғыз (9) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және аудиттен өткен қаржылық есептердің расталған көшірмелерін және аудиторлардың тиісті есебін (Қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың осы Қарыз туралы келісімге сәйкестігіне қатысты аудиторлардың пікірін қоса алғанда) ағылшын тілінде АДБ–ға беруге; сондай-ақ АДБ–ның (іv) мерзімдік негізделген талабы бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысы бар өзге ақпаратты АДБ–ға беруге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы, АДБ–ның талабы бойынша, Қарыз алушының Жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін жоғарыда көрсетілген (а) бөлімшесіне сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен талқылау құқығын АДБ–ға беруге міндеттенеді және АДБ–ның сұрау салуы бойынша егер Қарыз алушы өзгеге келіспесе, кез келген осындай талқылау Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана жүргізілетін жағдайда, осындай талқылауға қатысуға аудиторлардың кез келген өкіліне осындай аудитор уақытында өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.
      4.06–бөлім. Қарыз алушы АДБ–ның өкілдеріне Жоба мен Жобалау объектілерін, сондай-ақ кез келген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялауға мүмкіндік беруге міндеттенеді.
      4.07–бөлім. Қарыз алушы барлық Жобалау объектілерінің жолдарды пайдалану және оларға қызмет көрсету және жөндеу экологиялық, ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына сәйкес, сондай–ақ оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

V БАП
Күшіне енуі

      5.01–бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидаларының 10.04–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып саналады.

VI БАП
Өзге ережелер

      6.01–бөлім. Қарыз беру қағидаларының 12.02–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі ретінде болады.
      6.02–бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережелерінің 12.01–бөлімінде жазылған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:

      Қарыз алушы үшін

            Қазақстан Республикасы
            Қаржы министрлігі
            Астана, 010000
            Жеңіс даңғылы, 11

            Факс
            +7 (7172) 71 77 85

      АДБ үшін

            Asian Development Bank
            6 ADB Avenue
            Mandaluyong City
            1550 Metro Manila
            Philippines

            Факс:
            (632) 636–2444
            (632) 636–2448.

      ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы Келісімнің тараптары олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қол қойылуын және оны АДБ–ның штаб–пәтеріне жоғарыда көрсетілген күн мен жылы жеткізуді қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
__________________________
    [Уәкілетті өкіл]    

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ     
___________________________
    [Уәкілетті өкіл]    

1–ҚОСЫМША Жобаның сипаттамасы

      1. Жобаның мақсаты Жамбыл облысындағы (Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізінің) ОАӨЭЫ 1 дәлізі Тараз қаласының айналма жолы учаскесінде көлік желісінің тиімділігін арттыру арқылы Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
      2. Жоба ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі шеңберінде екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзақтығы 7,7 км жолдың қазіргі учаскесін цемент–бетонды төсемі және төрт жолақты қозғалысы бар І–б техникалық санатқа ауыстыру арқылы реконструкциялауды, сондай–ақ асфальт–бетонды төсемі және екі жолақты қозғалысы бар ІІ техникалық санаттағы ұзақтығы 57,4 км Тараз қаласының айналма жолының жаңа учаскесін салуды қамтиды.
      3. Жоба 2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп күтілуде.

2–ҚОСЫМША Қарызды өтеу кестесі (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық
транзит дәлізі]

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күндері және Қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніндегі төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (кезекті жарна). Егер Қарыз қаражаты қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінде толық көлемде алынған болса, онда қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнінде талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасына; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін кезекті жарнасын көбейту арқылы айқындайды, мұндай өтеу сомасы валютаны айырбастау қолданылатын осы қосымшаның 4–тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігі бойынша түрлендіріледі.

Төлем күні

Кезекті жарна (%-ға шаққанда)

2016 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2016 жылғы 15 қараша

2.500 000

2017 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2017 жылғы 15 қараша

2.500 000

2018 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2018 жылғы 15 қараша

2.500 000

2019 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2019 жылғы 15 қараша

2.500 000

2020 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2020 жылғы 15 қараша

2.500 000

2021 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2021 жылғы 15 қараша

2.500 000

2022 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2022 жылғы 15 қараша

2.500 000

2023 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2023 жылғы 15 қараша

2.500 000

2024 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2024 жылғы 15 қараша

2.500 000

2025 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2025 жылғы 15 қараша

2.500 000

2026 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2026 жылғы 15 қараша

2.500 000

2027 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2027 жылғы 15 қараша

2.500 000

2028 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2028 жылғы 15 қараша

2.500 000

2029 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2029 жылғы 15 қараша

2.500 000

2030 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2030 жылғы 15 қараша

2.500 000

2031 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2031 жылғы 15 қараша

2.500 000

2032 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2032 жылғы 15 қараша

2.500 000

2033 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2033 жылғы 15 қараша

2.500 000

2034 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2034 жылғы 15 қараша

2.500 000

2035 жылғы 15 мамыр

2.500 000

2035 жылғы 15 қараша

2.500 000

Жиынтығы

100.000 000

      2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінде толық көлемде талап етілмеген болса, негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір күніне қарыздың Қарыз алушы төлеуге тиіс негізгі сомасы мынадай түрде айқындалады:
      (а) Қарыз алушы негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінде қарыздың кез келген қаражаты талап етілуге тиіс дәрежеде осы қосымшаның 1–тармағына сәйкес осы күні талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
      (b) негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінен кейін жүргізілген кез келген қаражат алу негізгі қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін әрбір алу сомасын, алымы осы қосымшаның 1–тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнінен кейін түсетін негізгі қарызды өтеу төлемінің әрбір күнінде өтелуге тиіс және бөлгіші осы күні және одан кейін түсетін негізгі қарызды өтеу үшін төлемдер күндері үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, осы төлем сомалары, валютаны айырбастау қолданылатын осы қосымшаның 4–тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
      3. Негізгі қарызды өтеу үшін кез келген негізгі өтеу күндері төленуге тиіс, төлем күндерінің кез келгеніне дейінгі күнтізбелік екі айдың ішінде тек қана негізгі соманы есептеу мақсатында жүргізілген қаражат алуларды қаражат алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің екінші күні талап етілген және талап етілмеген деп есептеген жөн және қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап, осы сома негізгі қарызды өтеу үшін төлем төленетін әрбір күніне төленуге тиіс.
      4. Осы қосымшаның 1 және 2–тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы осы соманы не: (і) жоғарыда аталған айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ–ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын негізгі соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) айырбастау жөніндегі нұсқамаға сәйкес АДБ–ның шешімі бойынша бекітілген мөлшерлеме валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындалады.
      5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең сайын номиналданса, осы қосымшаның ережелері осы әрбір сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуға тиіс.

3–ҚОСЫМША Қарыз қаражатын бөлу және алу

       Жалпы ережелер

      1. Осы қосымшадағы кестеде (бұдан әрі кесте деп аталады) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыс баптарының санаттары, сондай–ақ әрбір осындай Санат үшін қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы қосымшада «Санат» деген ұғым кестенің санатына жатады).

       АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері

      2. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, шығыс баптарының әрбіреуі кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

       Қайта бөлу

      3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге қарамастан,
      (а) егер әрбір санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен, (і) басқа санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті деңгейде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай–ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайтуға; және
      (b) егер қандай да бір санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

       Қарызды төлеу рәсімі

      4. Егер АДБ–мен өзгеше келісілмесе, қарыз қаражаты АДБ–ның Қарыз төлеу бойынша анықтамалығына сәйкес төленуге жатады.

КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба)
[Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық
транзит дәлізі]
САНАТЫ АДБ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ
Нөмірі Атауы АДБ–ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома
$
Санаты
Қарыз шотынан АДБ–ның қаржыландыру пайызы

1

Жұмыстар

95 000 000

Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 85 пайызы


Жиыны 95 000 000

4–ҚОСЫМША Жұмыстарды сатып алу

       Жалпы ережелер

      1. Жұмыстарды барлық сатып алу Сатып алу жөніндегі нұсқамаға сәйкес орындалуға және бақылауға жатады.
      2. Осы қосымшада қолданылатын және осы Қарыз туралы келісімде басқаша айқындалмаған барлық терминдер Сатып алу жөніндегі нұсқамада жазылған мағынаға ие болады.

       Жұмыстарды сатып алу

      3. Жұмыстар халықаралық конкурстық сауда–саттық негізінде сатып алынатын болады.
      4. Басқа шарттардан өзге, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей–тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға жатады. АДБ–мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.

       Келісімшартты тапсыру шарттары

      5. Қарыз алушы:
      (a) аяқталған ҚОӘБ–ні Қарыз алушының тиісті органдары мақұлдамайынша;
      (b) Қарыз алушы жұмыстарға арналған келісімшарттарға ҚОӘБ–нің тиісті ережелерін енгізбейінше, қоршаған ортаға әсерін тигізетін жұмыстарға келісімшарттар бермеуге тиіс.
      6. Қарыз алушы жұмыс жобасы негізінде түпкілікті ЖСҚЖ–ны дайындағанша және оны АДБ–ға ұсынғанша және осындай ЖСҚЖ–ға АДБ–ның мақұлдауын алғанша Қарыз алушы мәжбүрлеп қоныс аударуға тиіс жұмыстарға келісімшарттар жасаспауға тиіс.

       Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқықтар

      7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстардың (не жеке не басқа тауарлар мен қызметтердің құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын немесе талабын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
      (b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттардың бәрінде тиісті ұсынымдар, кепілдіктер және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігердің немесе өнім берушінің тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді.

       АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы

      8. Халықаралық конкурстық рәсімдерге сәйкес сатып алынатын барлық келісімшарттар АДБ–ның алдын ала қарауына жатады.
      9. Қарыз алушы:
      (а) келісімшарт бойынша жұмыстар аяқталуға белгіленген кезеңді ұзартуда;
      (b) келiсiмшарт бойынша жұмыс шарттары кез келген өзгертуге, оның ішінде төменде ұсынылған (с) және (d) тармақтарын негізге ала отырып, тәртіпті кез келген өзгертуге келiсуден немесе бас тартудан;
      (с) келісімшарт бойынша жұмыстардың тәртібіне, жалпы сомада келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтатын өзгерістер енгізу мәселелері (күмән тудырмау үшін мұндай жалпы сомада тәртіптегі немесе осындай шарт бойынша өкімдердегі кез келген алдыңғы немесе бір мерзімдік өзгерістер ескерілуге тиіс), немесе
      (d) келісімшарт бойынша жұмыстардың, келісімшарттың бастапқы бағасының 15 %–ынан астамға (не ұлғаю не азаю арқылы) өзгеретін көлемдерінің өзгеру мәселелері, тіпті егер мұндай өзгерістің жалпы сомада шамамен жиынтық әсері келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтпаса да АДБ-ның тарапынан мақұлдануға тиіс. Күмән тудырмау үшін мұндай жалпы сомада тәртіптегі немесе осындай шарт бойынша өкімдегі кез келген алдыңғы немесе бір мезгілдік өзгерістер ескерілуге тиіс.
      10. АДБ бекітуге берілген әрбір сұрау салуға АДБ–ның мұндай сұрау салуды алғаннан кейін жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруге тиіс. АДБ анықтағанындай әрбір жағдайда, мұндай жауап сұрау салудың: (а) бекітілгенін, (b) одан бас тартылғанын, (с) ол бойынша шешім қосымша ақпарат пен құжаттама алынғанша кейінге қалдырылғанын немесе (d) ол бойынша шешім оны АДБ–ның сатып алу жөніндегі комитеті қарағанша кейінге қалдырылғанын білдіреді. Егер АДБ мұндай сұрау салуды алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап бермесе, сұрау салуды (егер бұл сұрау салу АДБ–ның Сатып алу жөніндегі комитетінің қарауына жататынын қоспағанда ) АДБ бекітті деп саналады. Қарыз алушы (с) жағдайында АДБ–ға сұраған ақпаратты немесе құжаттаманы кідіртпестен беруге тиіс және АДБ тиісті сұрау салуға АДБ–ны қанағаттандыратын сұратқан ақпаратын немесе құжаттамасын алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруге тиіс. (d) жағдайында АДБ сатып алу жөніндегі комитеттің осындай шешімі туралы Сатып алу жөніндегі комитеттің мұндай шешімді қабылдағанынан кейін 7 жұмыс күні ішінде Қарыз алушыны (Манилада) хабардар етуге тиіс.
      11. Қарыз алушы ККМ–нің:
      (а) жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес АДБ мақұлдағаннан кейін 7 күн ішінде АДБ–ға мерзімдерді ұзарту, келісімшарттардағы өзгерістер (тәртібін өзгертуді қоса алғанда) мен олардан бас тартулар жөніндегі барлық құжаттардың көшірмелерін және келісімшарттарға қосымша келісімдерді ұсынуына, сондай–ақ
      (b) жоғарыда көрсетілген 9–тармаққа сәйкес АДБ–ның алдын ала мақұлдауын қажет етпейтін келісімшарттар бойынша барлық жұмыстардың тәртібіне енгізілген өзгерістердің барлығының есебін жүргізуіне және осындай есепті АДБ–ның қарауына әрбір 6 айда ұсынуына міндетті не ұсынуларды қамтамасыз етуге міндетті.

5–ҚОСЫМША Жобаны орындау; қаржылық мәселелер

       Іске асыру тәртібі

      1. Қарыз алушы мен ККМ Жобаның БЖН–да жазылған белгілі бір іс–шараларға сәйкес іске асырылуына кепілдік беруге міндетті. БЖН–дегі кейінгі кез келген өзгерістер Қарыз алушы (ККМ арқылы) мен АДБ мұндай өзгерістерді бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді. БЖН мен осы Қарыз туралы келісім арасындағы кез келген сәйкессіздік жағдайында осы Қарыз туралы келісімнің ережелері басымдылық күшке ие болады.

       Қоршаған орта

      2. Қарыз алушы ККМ–ге жобаны дайындау, жобалау, салу, іске асыру, пайдалану және пайдаланудан шығару: Қарыз алушының (а) қоршаған ортамен, денсаулықпен және қауiпсiздiкпен байланысты қолданылатын барлық заңдары мен нормативтiк актілеріне, (b) Қоршаған ортаға қатысты саясатына және (с) ҚОӘБ мен ҚОБЖ–да жазылған барлық шаралар мен талаптарға және Мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс–қимылдарға сәйкес болуына кепілдік беруді тапсыруға тиіс. Қарыз алушы ККМ–ге ҚОБЖ–ның жаңартылған нұсқасын жұмыс басталғанға дейін беруді тапсыруға міндетті.

       Жер сатып алу және қоныс аудару

      3. Қарыз алушы ККМ–ге:
      (а) Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлу жолақтары жұмыстарға арналған тиісті келісімшартта келісілген кестеге сәйкес  келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қол жетімді болуына; және
      (b) барлық сатып алынған жерлер және қоныс аудару бойынша іс–шаралар: Қарыз алушының (i) жер сатып алумен және мәжбүрлеп қоныс аударумен байланысты қолданылатын барлық заңдары мен нормативтiк актілеріне, және (ii) ЖСҚЖ–ның шаралары мен талаптарында көзделгендей мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясатқа және мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс–қимылдарға сәйкес жүзеге асырылуына көз жеткізуді тапсыруға тиіс.
      4. Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясаттың немесе ЖСҚЖ–ның қолданылуына шектеу қоймастан Қарыз алушы ККМ–ге:
      (а) Қарыз алушы түпкілікті ЖСҚЖ бойынша АДБ–ның мақұлдауын алғанша және бұл ЖСҚЖ тиісті тұлғаларға ашық жарияланғанша; және
      (b) өтемақылар мен басқа да төлемдер зардап шеккендерге ЖСҚЖ–ға сәйкес берілгенше;
      (с) тіршілік ету үшін жиынтық табыс пен қаражат бағдарламасы ЖСҚЖ–ға сәйкес жасалғанша; және
      (d) Қарыз алушы осы тармақтың талаптарын орындау бойынша Қарыз алушы мен АДБ тағайындаған тәуелсіз сарапшы растаған есепті АДБ–ға ұсынғанша және АДБ бұл баяндаманы мақұлдағанша Жобаға байланысты не жан басының не экономикалық қоныс аударудың орын алмауын қамтамасыз етуді тапсырады.

       Жергілікті халық

      5. Қарыз алушы ККМ–ге ҚШС–тің мән–мағынасы бойынша Жоба жергілікті халыққа ешбір әсер етпейтініне кепілдік беруін тапсыруға тиіс. Егер осындай әсер орын алатын болса, онда Қарыз алушы ККМ–ге Қарыз алушының және ККМ–нің жергілікті халыққа байланысты қолданылатын барлық заңдары мен қағидаларына сәйкес жергілікті халық бойынша жоспар дайындауды, жария етуді және іске асыруды тапсыруға тиіс.

       Саясаттың талаптарын іске асыру бойынша адам және қаржы ресурстары

      6. Қарыз алушы ККМ–ге ҚОБЖ мен ЖСҚЖ–ны толық жүзеге асыру үшін қажетті бюджет және адам ресурстарын беруді тапсыруға тиіс.
      7. Қарыз алушы ККМ–ге жұмыстарға арналған барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттарда мердігерлерді:
      (а) ҚОӘБ–да мен ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да жазылған, мердігерге қатысы бар шаралар мен мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзету және алдын алу іс–қимылдарын сақтауға;
      (b) осы экологиялық және әлеуметтік шаралардың барлығына бюджет қаражатын беруге; сондай–ақ
      (c) ККМ–ге экологияға, қоныс аударуға (оның ішінде жерді уақытша сатып алуға және қоныс аудару бойынша іс–шараларға, сондай–ақ тиісті тұлғалармен жасалған келісімдерге) немесе жергілікті халықпен және Жобаны салу, іске асыру немесе пайдалану процесінде туындайтын және ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да қаралмаған әсерлерге байланысты күтпеген тәуекел туралы жазбаша хабарлама беруге міндеттейтін ережелерді қамтитынына кепілдік беруді тапсыруға тиіс.

       Мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясат

      8. Қарыз алушы ККМ–ге мыналарды орындауды:
      (a) АДБ–ға (i) құрылыс кезеңінде жарты жылда бір рет және (ii), жыл сайын пайдалану кезінде мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясатты ұсынуды және ұсынылғаннан кейін осындай есептердегі тиісті ақпаратты дереу тиісті тұлғаларға жария етуді;
      (b) Егер Жобаны салудың, іске асырудың және пайдаланудың қандай да бір кезеңінде ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ–да көзделмеген қоршаған ортаға және/немесе оның әсеріне қатысты тәуекел туындаса оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасымен және түзету іс-қимылдарының ұсынылып отырған жоспармен қоса, мұндай тәуекелдердің туындауы мен әсері туралы АДБ–ны кідіртпестен хабардар етуді;
      (c) жұмыстарға арналған келісімшартты жасасқан күннен кешіктірмей, АДБ үшін қолайлы іріктеу процесі мен техникалық тапсырма шеңберінде білікті және тәжірибелі сыртқы сарапшыларды (бұл сарапшылар Қарыз алушы мен АДБ арасындағы № 2503 қарыз шеңберіндегі жобаны басқару жөніндегі бюджеттен қаржыландырылатын болады) тағайындауды, Жобаның мониторингі арқылы алынған ақпаратты тексеруді, сондай–ақ осындай сыртқы сарапшыларды тексеру бойынша кез келген қызметті жүргізуге жәрдемдесуді; және
      (d) ҚОБЖ немесе ЖСҚЖ–да жазылған ықтимал бұзушылықтар туралы мұндай бұзушылықтар туралы белгілі болғаннан кейін дереу хабарлауды тапсыруға тиіс.

       Тыйым салынған инвестициялар тізімі

      9. Қарыз алушы Қарыздың ешқандай қаражаты ҚШС–ның 5–қосымшасында көзделген тыйым салынған инвестициялық қызмет тізіміне кірген қандай да бір қызметті қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуге тиіс.

       Еңбектi қорғау

      10. Қарыз алушы ККМ–ге құрылыс мердiгерлерiнiң: (a) қолданылып жүрген негiзгi еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң тиiстi нормаларын; (b) ерлер мен әйелдерге тең еңбек үшiн тең ақы төлеудi; (c) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi iс–шаралар кезiнде балалар еңбегiн пайдаланбауды; (d) жұмысқа қойылатын талаптарды баламалы орындау және тиiмдiлiк шартымен Жобаның құрылыстық мақсаттары үшiн жергiлiктi аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты ықтимал көлемде барынша жұмысқа орналастыруды; және (e) тәжiрибесi бар және тәжiрибесi жоқ жұмыс iстейтiн әйелдердi жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жұмыстарға арналған келісімшартқа ережелер енгізуді қамтамасыз етуді тапсырады.

       Денсаулық сақтау

      11. Қарыз алушы ККМ–ге АИТВ/ЖИТС–ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулардың тәуекелдері туралы ақпараттың Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жобалық жолға тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында таратылуын қамтамасыз етуді тапсырады.

       Бiрлесiп қаржыландыру

      12. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келiсiмнiң 4.02–бөлiмiнiң жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшiн жыл сайын бөлiнетiн бюджет қаражаты түрiнде Жобаны уақтылы және тиiмдi орындау үшiн қажеттi бiрлесiп қаржыландырудың барлық қаражатына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттенедi және қажеттi ресурстар уақтылы ұсынылатынына көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыз алушы ККМ–нiң Жобаны iске асыру үшiн қаржыландырудағы барлық өзгертiлген қажеттiлiктердi өзiнiң жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгiзетiнiне көз жеткiзуге мiндеттенедi. Қарыз алушы (i) осы Жобаны іске асыруға байланысты кез келген артық шығысты қаржыландыруға және (ii) АДБ–дан осы Жобаға байланысты артық шығыстарды қосымша қаржыландыруды сұрамауға міндеттенеді және келіседі.

       Құрылыстың сапасы

      13. Қарыз алушы ККМ–ге Жобаның қолданылатын техникалық ерекшелiктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және Жобаны басқару қолданылатын стандарттар мен үздiк халықаралық тәжiрибеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi тапсырады.

       Заңсыз саудаға жол бермеу

      14. Қарыз алушы жобалық жолда адамдарды, жабайы жануарларды, жануарлардың сирек кездесетiн түрлерін және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшiн заңнамада көзделген сенiмдi әрi қатаң шаралардың орындалуын толығымен қамтамасыз етедi.

       Сыбайлас жемқорлықпен күрес

      15. Қарыз алушы мен ККМ: (а) АДБ–ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен қоса) ұстануға міндеттенеді және АДБ–ның тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге; және (b) толыққанды ынтымақтастыққа және осындай кез келген тексерудің қанағаттанарлық аяқталуы үшін қажетті деңгейде қолдау көрсету үшін кез келген мұндай тексерулерге жәрдемдесуге құқылы екендігімен келіседі.
      16. Қарыз алушы ККМ–ге АДБ–ның барлық мердігерлердің, өнім берушілердің, консультанттардың, сондай–ақ Жобаға қатысы бар қызмет берушілердің жазбалары мен шоттарына аудит жүргізу және тексеру жүргізу құқығын айқындайтын ережелерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің АДБ–ға қолайлы ережелері тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілуін қамтамасыз етуге тапсырма береді.

      2012 жылғы 19 маусымда Астана қаласында жасалған «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы (Жай операциялар) [ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] Қарыз туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық
      департаментінің кеңесшісі                            Б. Мәшіков

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады