2012 жылғы 12 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хат ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
2012 жылғы 26 шілде
ҚР Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев мырзаға
Қазақстан Республикасы, Астана
Жеңіс даңғылы, 11
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге («Оңтүстік – Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетуге қатысты
Жоғары Мәртебелі:
Осымен біз жоғарыда айтылған 2009 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрі – Банк) арасындағы Қарыз туралы келiсiмге (бұдан әрі – Қарыз туралы келісім) сілтеме жасаймыз. Біз Қарыз туралы келісімге түзетулер енгізу мүмкіндігі туралы Сіздің 2011 жылғы 19 қарашадағы хатыңызға да сілтеме жасаймыз.
Банк Сіздің сауалыңызды мақұлдайтынын және Қарыз туралы келісімнің мәтініне мынадай өзгерістер енгізуге келісетінін Сізге хабарлауға қуаныштымыз:
1. 1-қосымшада – Жобаның сипаттамасы, бірінші абзацқа Жоба бастапқы орналасқан жерден тыс салынатын жаңа жол учаскесін қосу бойынша өзгеріс енгізіледі. Тиісінше, 1-қосымшаның бірінші абзацында осы Жоба мақсатының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобаның мақсаты Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шекарасынан Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының шекарасына дейінгі автожол учаскелерiнде көлiк жұмысының тиiмдiлiгiн арттырудан және Қазақстанда автомобиль жолдарын басқаруды жетiлдiруден және жол қозғалысының қауiпсiздiк деңгейiн арттырудан тұрады.».
2. 1-қосымшаның 2-бөлігінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкенттен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесін қосу бойынша өзгерістер енгізіледі. Тиісінше, Жобаның сипаттамасының 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлік: Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожол учаскелерiн жаңғырту және реконструкциялау (Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Қызылорда облысының шекарасынан Жамбыл облысының шекарасына дейін).
Қызылорда және Шымкент қалаларына дейінгі айналма жолдарды қоса алғанда, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы автожол учаскелерiн жаңғыртуды және реконструкциялауды жүргiзу кезiнде қолдау көрсетуге арналған құрылыс жұмыстары.».
3. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның IV бөлімі A-тармағының 2-тармақшасында келтірілетін кестеге заңдылық шығыстарды қайта бөлу мақсатында өзгеріс енгізіледі және ол мынадай редакцияда жазылады:
Санаты | Қарыздың бөлiнген сомасы (долларлық баламада) | Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесi (салықтарды қоса алғанда) |
---|---|---|
(1) Жобаның 1-бөлiгi бойынша жұмыстар |
936,000,000 |
85 % |
(2) Жобаның 2-бөлiгi бойынша жұмыстар |
944,850,000 |
85 % |
(3) Жобаның 3-бөлiгi бойынша консультанттар көрсететін қызметтер |
7,582,000 |
85 % |
(4) Жобаның 4-бөлiгi бойынша консультанттар көрсететін қызметтер |
3,140,000 |
85 % |
(5) Жобаның 5-бөлiгi бойынша консультанттар көрсететін қызметтер |
52,004,000 |
85 % |
(6) Жобаның 4-бөлiгi бойынша тауарлар |
900,000 |
85 % |
(7) Бөлiнбеген шығыстар |
180,524,000 |
|
ЖАЛПЫ СОМАСЫ |
2,125,000,000 |
4. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның IV бөлімінің B тармағының 2-тармақшасында Жобаның жабылу күнін ұзарту мақсатында өзгеріс енгізіледі, ол мынадай редакцияда жазылады:
«2. Жабылу күні – 2015 жылғы 30 маусым.».
5. Жобаны қайта құрылымдау нәтижесінде негізгі көрсеткіштердің өзгерістерін көрсету үшін Қарыз туралы келісімге № 2 толықтыру хат, өнімділік мониторингінің көрсеткіштері өзгертілуі тиіс. Қайта қаралған № 2 толықтыру хат осы хабарламаға қоса берілген. Егер Сіз өзгерістермен келісетін болсаңыз, толықтыру хатқа күнін көрсетіп, қол қоюыңызды және оны Дүниежүзілік банктің Астанадағы кеңсесіне қайтаруыңызды сұраймын.
Осында келтірілген өзгерістерді қоспағанда, Қарыз туралы келісімнің басқа ережелерінің бәрі түзетусіз және ратификацияланған болып, толық күшінде және қолданыста қалады.
Мархабат етіңіз, осы Келісім хатқа қол қою, күнін көрсету және бізге қайтару арқылы Қарыз алушының атынан жоғарыда көрсетілген өзгерістермен Өзіңіздің келісетініңізді растаңыз. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер Банк Сіз қол қойған осы хатты және Банкті қанағаттандыратын, Қазақстан Республикасының атынан осы келісім-хаттың орындалуы мен берілуі Қарыз туралы келісімге қолданылатын Жалпы Талаптардың 9.01 және 9.02-бөлімдеріне сәйкес қажетті барлық мемлекеттік рәсімдермен тиісінше шешілгенін немесе ратификацияланғанын білдіретін қорытындыны алғаннан кейін күшіне енеді.
Ізгі ниетпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
Шебнем Аккая
Өңірлік директордың міндетін атқарушы
Еуропа және Орталық Азия өңірі
Орталық Азияның Өңірлік кеңсесі
РАСТАЛДЫ ЖӘНЕ КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Кім:
Уәкілетті өкіл
Лауазымы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Күні: 2012 жылғы 12 қазан
Осымен Астана қаласында 2012 жылғы 12 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім хаттың осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадр жұмыстарын үйлестіру
және бақылау департаментінің
Басқарма бастығы Б. Ахметжанова
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісім-хаттың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.