«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 106-V Заңына баспасөз хабарламасы
2013 жылғы 21 маусым күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 106-V Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды.
Заң азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру саласында тұтас мемлекеттік саясат қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Заңда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының қабылдануына байланысты қолданыстағы заңнама сәйкестікке келтірілді.
Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы, шаруашылық серіктестіктер туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы, банкроттық туралы, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы, ақша төлемі мен аударымы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы, аудиторлық қызмет туралы, сақтандыру қызметі туралы, коммерциялық емес ұйымдар туралы, почта туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы, сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы, лицензиялау туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы, 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізілді.
Екінші бапта Заңды қолданысқа енгізу мерзімі мен енгізу тәртібі айқындалады.
Қабылданған Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы емес және әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша шығын талап етпейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі