РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., Заң-149 № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 65-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер»;
68-баптың, 8-бөлімнің, 30-тараудың, 151, 152, 153, 154 және 155-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау»;
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар»;
«30-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлау»;
«151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер
152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
154-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау»;
«155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу»;
155-3-баптың тақырыбындағы «сүйемелдеу» деген сөз «қолдау» деген сөзбен ауыстырылып, 155-4-баптың тақырыбы алып тасталсын;
156-баптың, 31-тараудың, 158 және 230-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау негіздері»;
«31-тарау. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
«158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру»;
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеу»;
мынадай мазмұндағы 243-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«243-1-бап. 2014, 2015 қаржы жылдарына арналған бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау ерекшеліктері»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, мемлекеттің активтерін құруға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
17) бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:
«29-3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;»;
30) және 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс – тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;
30-1) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптаманың қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да қорытындылары негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;»;
мынадай мазмұндағы 33-1) және 57-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
«57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және концессиялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
3) 4-баптың 6) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
«14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
4) 32-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен және (немесе) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтиже көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
5-2. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы – бюджеттік бағдарламаның басшысы бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
5) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға
бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылады.»;
6) 44-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
7) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) мыналар:
жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғанда жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау кезінде жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына қосымша енгізілген іс-шаралар қоса беріледі.
Шығыстардың бағыттары мен оларды қаржыландырудың ең төмен көлемдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстық бюджеттен,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген сома мен төленген сома арасындағы айырма өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
8) 46-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.»;
9) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;»;
10) 54-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
11) 55-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
12) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға;»;
13) 58-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
14) 62-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен» деген сөздер «жергілікті бюджеттен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
15) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Операциялық жоспар бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста стратегиялық жоспарға сәйкес мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-шараларын, мемлекеттік органның бекітілген мақсаттарына, міндеттеріне және олардың қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі осы іс-шаралардың жауапты орындаушылары мен оларды жүзеге асыру мерзімдерін қамтитын құжатты білдіреді.»;
16) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға
арналған лимиттер
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар елдің (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үш жылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Мақұлданған лимиттер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін,
жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
17) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
3. Осы бапта көрсетілген құжаттардың нәтижелеріне бағалау жүргізілген жағдайда, бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
18) 67-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің, жаңа бастамаларға арналған лимиттердің негізінде және шегінде жасалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік инвестициялық жобалар мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
19) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе
стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен
толықтырулардың жобаларын, бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік
өтінімдерді қарау
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан;
4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді.
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджеттік комиссия қарайды. Тиісті бюджеттік комиссия осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.
6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың пысықталған жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.»;
20) 74-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасындағы «стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттік бағдарламалар әкімшілері» деген сөздер «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»;
22) 76-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.»;
23) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;»;
24) 84-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бюджеттік бағдарламалар;»;
25) 88-бапта:
1-тармақ 8) тармақшадағы «байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі – сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау шоты) ұлттық валютаға қайта айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар ақшаларын есепке жазуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақшаны бір мемлекеттік мекеменің кодынан басқа мемлекеттік мекеменің кодына аударуға жол берілмейді.»;
26) 89-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты гранттар бойынша халықаралық шартта айтылған, екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда шетел валютасында ашылатын, үкіметтік сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты;
3) ұлттық (шетелдік) валютада төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шот;»;
27) 91-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына және сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджетке шетел валютасында түсетін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарына шетел валютасында есепке жазған түсімдер қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазылуға тиіс.»;
28) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ұсынуға жол берілмейді.»;
29) 99-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың қайта айырбастау шотына қайта айырбасталған ұлттық валютадағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына арналған шотқа қайта айырбасталған шетел валютасындағы ақшаны мемлекеттік мекеме бес жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.
Ұлттық немесе шетел валютасындағы пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған ақша көрсетілген мерзім өткен соң ақшасы ұлттық немесе шетел валютасына қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы шетел валютасында кейіннен қалпына келтіре отырып айырбасталуға тиіс.»;
30) 104-бапта:
4-тармақ 5) тармақшадағы «сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.» деген сөздер «сомаларын қайтаруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген шығыстардың жекелеген бағыттарына белгіленген және төленген сома арасындағы айырма соманы қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына пайдаланылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
31) 105-бап «үшін» деген сөзден кейін «, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көзделген;»;
33) 113-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламалары нәтижелері көрсеткіштерінің өзара байланысының болуын және оларға қол жеткізілу дәрежесін талдауды;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) стратегиялық жоспарлардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланысының болуын талдауды;»;
34) 124-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті;»;
35) 126-баптың 2-тармағының үшінші абзацындағы «уәкілеттік берген органдарға;» деген сөздер «уәкілеттік берген органдарға ұсынады.» деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзац алып тасталсын;
36) 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен;»;
37) 131-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен;»;
38) 141-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық бюджет қаражатының, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауды қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
39) 142-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) сәйкес шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;»;
40) 143-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
41) 144-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
9-4) объектіге бару құқығымен нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
42) 8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және концессиялық жобалар»;
43) 30-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«30-тарау. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды жоспарлау
151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және концессиялық
жобалар туралы жалпы ережелер
1. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бюджеттiк инвестициялар;
2) концессиялық жобалар.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
3. Мыналар:
1) бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi ретіндегі меншік түрі бойынша критерий;
2) пайда алушылар бойынша, егер экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың субъектiлерi болып табылса – республикалық, егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса – жергiлiктi ретіндегі критерий республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері болып табылады.
4. Бюджеттiк инвестицияларды және концессиялық жобаларды республикалық ретінде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердің бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлердің негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттiк инвестицияларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
8. Бюджеттік инвестициялар:
1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, ақпараттық жүйелерді енгізуге және дамытуға;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуға бағытталуы мүмкін.
9. Іске асыру көзі мен тәсілін айқындау критерийлері:
1) бюджеттік инвестицияларды немесе концессиялық жобаларды іске асыруда артықшылықты таңдау критерийі жекеше сектордың, квазимемлекеттік сектордың субъектілері немесе мемлекеттік орган (бюджеттік бағдарлама әкімшісі) арасындағы инвестицияларды іске асыру және басқару тиімділігінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;
2) қаржыландыру тетіктері бойынша критерий пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланатын іс-шараның мүмкіндіктері негізге алына отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.
10. Мыналар:
1) республикалық бюджет;
2) жергілікті бюджет бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көздері болып табылады.
11. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:
1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру;
2) бюджеттік инвестициялық жобаны бюджеттік кредиттеу;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;
4) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу;
5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.
12. Мемлекеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру тетіктері бюджеттік инвестициялар көздерін және мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қамтиды.
13. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджет жобасына енгізіледі.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, бюджеттік инвестициялар нақтылау немесе түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асып кететін жағдайда, бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге арналған бюджетке белгіленген тәртіппен нақтылау жүргізу жолымен жаңа бастамаларға бюджеттік бағдарлама шығыстары есебінен ұлғайтылады.
Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, онда қалған сома бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлінеді не бюджетті белгіленген тәртіппен түзету не нақтылау жолымен алып тасталады.
14. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
1. Инвестициялық ұсыныстарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.
6. Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;
2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.
2. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін жетіспейтін құжаттаманы ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде техникалық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
4. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады.
Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобаларды қарау және іріктеу инвестициялық ұсынысты қарау кезеңінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді.
7. Осы Кодекстің 151-баптың 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін:
бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысының болуы негіз болып табылады.
8. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады, олардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
10. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалардан өтуге жатады.
11. Осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
12. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың негізінде жүргізіледі, сондай-ақ ол бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау болып табылады.
13. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
14. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
15. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындайды.
16. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің, сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамаларын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
17. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар дайындайды.
18. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
19. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама жүргізуді талап етеді.
20. Экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
21. Бюджеттік инвестициялық жобаларды, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін, сондай-ақ сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
154-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк
инвестицияларды жоспарлау
1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;
2) қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджетті әзірлеу сатысында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іріктеу.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
Заңды тұлғаны дамыту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.
Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржылық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
Бюджеттік комиссияның қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесін бекітуге жол берілмейді.
3. Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде көрсетілген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк топтамасын иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады.
Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың осы әкiмшiлерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың жоспарлануын, негiздемесін және iске асырылуын, осы Кодекске сәйкес олар бойынша есептiлiкті, мониторингті және олардың нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етедi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган, осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұсынысы мен экономикалық қорытынды негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді.
5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын, аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын, осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық қорытындысы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде дайындалады.
10. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
11. Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
12. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар жөніндегі экономикалық қорытындының нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді.
13. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;
2) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) концессия шартын жасасу.
155-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
1. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары немесе жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессиялық ұсыныстарға талдау жүргізу және оларды пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады, олардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық
құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге не түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді.
7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық жобаның концессиялық ұсыныста қамтылған маркетингтік, қаржылық-экономикалық параметрлері ескеріліп, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау
1. Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің тізбесін қалыптастырады, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергілікті концессиялық жобаларды консультациялық қолдауға қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
156-бап. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді
қабылдау үшін негіздер
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою жолымен жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) болған жағдайда келіссөздер хаттамасының;
2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстарының;
3) бюджеттік комиссияның мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы ұсыныстарының болуы мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
44) 31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-тарау. Бюджеттік инвестициялар мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру»;
45) 157-баптың 10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
46) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру
1. Концессиялық жобалар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.
2. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады.
3. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
47) 159-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
48) 160-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
49) 162-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауын республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен концедент жүзеге асырады.»;
50) 163-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимиттерін белгiлеу;»;
51) 165-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік
концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен концедент жүзеге асырады.»;
52) 187-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарауын қамтиды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы экономикалық сараптаманың қорытындысы ескеріле отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттiк кредиттеудiң экономикалық сараптамасын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады;»;
«4) бюджеттік комиссияның бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына енгізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауын қамтиды.»;
53) 229-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессиялық өтінімге сараптаманың оң қорытындысының болуы;»;
54) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың
көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды
iрiктеу
Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн концессиялық жобаларды iрiктеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
55) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-1-баппен толықтырылсын:
«243-1-бап. 2014, 2015 қаржы жылдарына арналған
бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау
ерекшеліктері
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер 2014 қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау кезінде қалыптастырылмайды.
2015 қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту және нақтылау кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемдері бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.».
2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат):
27-баптың 1-тармағының 1-5) тармақшасы алып тасталсын.
3. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар):
1) 1-бапта:
8) тармақшадағы «концессияны жүзеге асыру бойынша шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар жиынтығы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;»;
«11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негiздеме) – маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;
12) концессиялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;»;
22) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) тiзбе – орта мерзімдік кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн тiзбесi.»;
2) 8-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді;
4-1) пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;»;
«6-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу қағидаларын бекітеді;»;
3) 9-бапта:
1) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;»;
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тізбені қалыптастырады және бекітеді;»;
«5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;
7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;»;
4) 10-баптың 4) және 7-1) тармақшалары алып тасталсын;
5) 12-баптың 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін жүзеге асырады және концессиялық жобаның іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;»;
«8) қажет болған жағдайда, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады;»;
6) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындайды;»;
7) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауға тиіс.»;
8) 15-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган концессиялық ұсыныстарды талдау және пысықтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.»;
5-2, 5-3 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
5-3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
6. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық
құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық жобаның концессиялық ұсыныста қамтылған маркетингтік, қаржылық-экономикалық параметрлері ескеріле отырып, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.
5. Концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға сараптама жүргізу үшін жібереді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
7. Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімдерге сараптаманың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.»;
10) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiзбенi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
Тiзбе Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жатады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
11) 17-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттама мен концессиялық ұсынысты;
2-2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда концессиялық ұсынысты;»;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін;»;
14) тармақшадағы «рәсімдерді;» деген сөз «рәсімдерді қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 15) тармақша алып тасталсын;
12) 18-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының кемiнде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.
Тікелей концессиялық жобаны іске асыруға тартылатын меншікті капитал, әлеуетті концессионерге тиесілі ақша мен өзге де активтер меншікті қаражат деп түсініледі;»;
5) тармақша алып тасталсын;
3-2-тармақтағы «2), 3) және 5)» деген сөздер «1), 2), 3) және 4)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келуін концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.»;
13) 18-1-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты шеңберінде концессия объектiсiн құру (реконструкциялау) құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.»;
14) 20-бапта:
1-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жібереді.»;
бесінші, алтыншы және жетінші бөліктердегі «консультациялық сүйемелдеу» деген сөздер «консультациялық қолдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер конкурс үшiншi рет өткiзiлiп отырған және конкурсқа қатысуға тек бiр конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайда, комиссия осы өтiнiмдi осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешiмiмен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып танылады.»;
15) 20-1-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада:
жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;»;
2) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi;
комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы;».
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз).
2-бап.
Осы Заң:
1) 2004 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағы 43) тармақшасының алпыс сегізінші және тоқсан төртінші абзацтарын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацын, 14) тармақшасының төртінші абзацын, 43) тармақшасының бір жүз бірінші – бір жүз отыз екінші абзацтарын, 2 және 3-тармақтарын;
3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 14) тармақшасының екінші абзацын, 35), 36), 37) тармақшаларын және 39) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
4) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын;
5) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 33) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев