Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз Инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 154-V Заңы.

      2013 жылғы 18 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз Инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


      ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2967-KAZ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      мен

      АЗИЯ ДАМУ БАНКІ

      арасындағы

      ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      (Жай операциялар)

      (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы

      [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба)

      Күні 2013 жылғы 18 маусым

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі "АДБ" деп аталатын) арасындағы 2013 жылғы 18 маусымдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.

      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      (А) 2011 жылғы 7 сәуірдегі Қарыз алушы мен АДБ арасындағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің негізінде АДБ ОАӨЭЫ 2 Дәліз (Маңғыстау облысының учаскелері) инвестициялық бағдарламасы ("Инвестициялық бағдарлама") шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға мультитранштық қаржыландырудың тетігін беруге келісті;

      (В) Қарыз алушы 2012 жылғы 28 қарашадағы қарыз бойынша келіссөздер хаттамасы арқылы толықтырғандай, 2012 жылғы 30 қазандағы қаржыландыруға кезеңдік сұрау салу негізінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған Жобаны іске асыру үшін қарыз беру туралы өтінішпен АДБ-ға жүгінді; және

      (С) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта жазылған шарттармен АДБ-ның жай капитал ресурстарынан қарыз беруге келiсті;

      Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, осы Келісімнің тараптары мыналар туралы уағдаласты:

I БАП
Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар

      1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Жай капитал ресурстарынан бөлінетін Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру қағидаларының (бұдан әрі Қарыз беру қағидалары деп аталатын) барлық ережелері осы Қарыз туралы келісімге олар осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:

      (а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

Резервке қойғаны үшін комиссия; Кредит

      (а) Қарыз алушы Қарыздың талап етілмеген сомасы бойынша резервке қойғаны үшін Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме мен шарттар бойынша комиссия төлеуге міндеттенеді.

      (b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша кредит беруге міндеттенеді, бұл ретте мұндай кредит Қарыз мерзімінің соңына дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қатысты кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.

      (b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      Өтем. (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін, АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред арасындағы айырманы (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде Қарыз алушы пайыздарды төлеуге міндеттенетін, талап етілмеген (іі) қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады.

      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мәні түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін (іі) қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады. АДБ Қарыз алушы үшін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде оның төлеуіне жататын пайыздарға өтем сомасын қолдануға міндеттенеді.

      (с) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      Қосымша сома.(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің ұлғаятыны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын талап етілмеген қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың мөлшері жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмеген қарызға (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (і) талап етілмеген (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, көтеріңкі тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді.

      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жартыжылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл қосымша соманың (і) мөлшері (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.

      1.02-бөлім. Қарыз беру қағидаларында анықтама берілген мына терминдер, егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда оларда жазылған тиісті мағынаға ие болады. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын қосымша терминдердің төмендегідей мәні бар:

      (а) "ОАӨЭЫ" Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастығын білдіреді;

      (b) "ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі" Стамбулдан басталатын Түркия және Әзербайжанда Баку және Маңғыстау облысында Ақтау порттары мен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының аумақтары арқылы Қытай Халық Республикасында Льяньюньган, Тианджин мен Шанхай порттарына өтетін көлік дәлізін білдіреді;

      (с) "Консалтингтік көрсетілетін қызметтерді тарту жөніндегі нұсқама" Азия даму банкі мен оның Қарыз алушыларының консультанттарды пайдалануы жөніндегі нұсқаманы (2010 жыл, кезең сайын енгізілген түзетулерiмен) білдіреді;

      (d) "Консалтингтік көрсетілетін қызметтер" осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшаның 3(b) тармағында сипатталғандай Қарыз қаражатынан қаржыландырылып көрсетілетін қызметтерді білдіреді;

      (е) "ҚОБНҚ" инвестициялық бағдарламаға арналып дайындалған Қоршаған ортаны бағалау жөніндегі негіздемелік құжатты, оның ішінде Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сілтеме жасау арқылы оған енгізілетін өзгерістерді білдіреді;

      (f) "ҚОӘБ" Жоба шеңберінде қоршаған ортаға әсер етуін бағалауды, оның ішінде ҚОБНҚ-да жазылған және АДБ түсіндірген талаптарға сәйкес Қарыз алушы дайындаған және ұсынған, оған енгізілетін өзгерістерді білдіредi;

      (g) "ҚОБЖ" Қоршаған ортаға әсер етуін бағалауға (ҚОӘБ) енгiзiлген қоршаған ортаны басқару жоспарын бiлдiредi;

      (h) "Қоршаған орта жөніндегі қорғау шаралары" ҚШС-ның V тарауында, 1-қосымшасында және 4-қосымшасында (егер қолдануға болса) жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;

      (i) "Тетік" инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін АДБ-ның Қарыз алушыға беретін мультитранштық қаржыландырудың тетігін білдіреді;

      (j) "ТӘН" Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Қарыз алушы мен АДБ-ның тиісті рәсімдеріне сәйкес кезең сайын енгізілетін өзгерістері бар инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі Тетікті әкімшілендіру жөніндегі нұсқаманы білдіреді;

      (k) "ҚНК" 2011 жылғы 7 сәуірдегі АДБ мен Қарыз алушы арасындағы Тетікке қатысты Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімді (түзетулерімен және өзгерістерімен) білдіреді;

      (l) "Инвестициялық бағдарлама" ОАӨЭЫ 2 Дәліз (Маңғыстау облысындағы жол учаскелерін) Инвестициялық бағдарламасын білдіреді;

      (m) "Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясат" ҚШС-ның V тарауында, 2-қосымшасында және 4-қосымшасында (егер қолдануға болса) жазылған қағидаттар мен талаптарды білдіреді;

      (n) "Км" – төменде айқындалғандай жобалық жолдағы нұсқаушыда нақты километрмен белгіленген жерді білдіреді, ал "км" километрді білдіреді;

      (o) "ЖСҚНҚ" Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сілтеме жасау арқылы енгізілген кез келген өзгерістерді қоса алғанда, инвестициялық бағдарлама шеңберінде жерлерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжатты білдіреді;

      (p) "ЖСҚЖ" ЖСҚНҚ-да жазылған және АДБ түсіндірген талаптарға сәйкес Қарыз алушы жасаған және ұсынған, оған енгізілетін кез келген өзгерістерді қоса алғанда, Жоба шеңберіндегі Жерлерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;

      (q) "Қарыз қаражатының төлемдері жөніндегі анықтамалық" АДБ-ның қарыз қаражатының төлемдері жөніндегі (2012 жылғы, кезең сайынғы түзетулері бар) анықтамалығын бiлдiредi;

      (r) "ККМ" Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;

      (s) "Облыс" Қарыз алушының аумақтық-әкімшілік бірлігін білдіреді.

      (t) "ҚҚС" Тетікке сәйкес әрбір қарызды алу үшін Қарыз алушы ұсынған немесе ұсынуға жататын қаржыландыруға кезеңдік сұрау салуды, ал осы Қарыз туралы келісім шеңберінде Қарыз алушы Жобаның мақсаттары үшін 2012 жылғы 28 қарашадағы қарыз бойынша келіссөздер хаттамасымен енгізген түзетулер мен өзгерістерді ескере отырып, 2012 жылғы 30 қазандағы кезеңдік сұрау салуды білдіреді;

      (u) "Сатып алу жөніндегі нұсқама" АДБ-ның сатып алу жөніндегі (2010 жылғы, кезең сайынғы түзетулері бар) нұсқамасын білдіреді;

      (v) "Сатып алу жоспары" Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып алу жөніндегі нұсқамаға, Консультациялық қызметтер көрсетуді тарту жөніндегі нұсқамаға және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес кезең сайынғы өзгерістері бар 2012 жылғы 16 қарашадағы Жоба шеңберінде сатып алу жоспарын білдіреді;

      (w) "Жоба жөніндегі атқарушы агенттік" Қарыз беру қағидаларының мақсаттары үшін және оларды айқындау шеңберінде Жобаның орындалуына жауапты ККМ-ны білдіреді;

      (x) "Жобалық объектілер" салынуы немесе берілуі Жоба бойынша айқындалған объектілерді білдіреді;

      (у) "Жобалық жол" Жобаға сәйкес, осы Қарыз туралы келiсiмге 1-қосымшаның 3(a) тармақшасында егжей-тегжейлi сипаттауға сәйкес алдағы уақытта реконструкцияланатын жол учаскесін бiлдiредi;

      (z) "Қорғау шаралары мониторингі жөніндегі есеп" кез келген түзеу және алдын алу іс-қимылдарын қоса алғанда, онда ҚОБЖ мен ЖСҚЖ-ны іске асыру мен олардың сәйкестігі (егер қолдануға болса) нәтижелерін сипаттайтын, Қарыз алушы дайындаған және АДБ-ға ұсынған әрбір есепті білдіреді;

      (aa) "ҚШС" Қорғау шаралары жөніндегі саясатты (2009 жылғы) білдіреді; және

      (bb) "Жұмыстар" консультациялық қызметтер көрсетуді қоспағанда, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Жобаға қатысы бар бірыңғай міндеттеменің не "пайдалануға дайын" құрылысты салуға келісімшарттың бір бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылысты немесе азаматтық-құрылыс жұмыстарын білдіреді.

II БАП
Қарыз

      2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның жай капиталды ресурстарынан үш жүз жетпіс бір миллион үш жүз мың АҚШ доллары (371 300 000 АҚШ доллары) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес айырбастау шеңберінде кезең сайын айырбасталып отыруы мүмкін.

      (b) Қарызды негізгі өтеу кезеңі 15 жылға және осы Бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдік кезеңіне болжанады.

      (с) Жоғарыда (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдік кезеңі" деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасында жазылған өтеу кестесіне сәйкес қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.

      2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына

      (а) ЛИБОР; және

      (b) Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес жылына 0.20% кредитті шегере отырып, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес жылына 0.60% сомасына тең әрбір пайыздық кезең мөлшерлемесі бойынша кезең сайын пайыздар төлеуге міндеттенеді.

      2.03-бөлім. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін жыл сайын 0,15% сомасында комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен кезден бастап қарыздың толық сомасына (кезең сайын алынатын соманы шегергенде) есептеледі.

      2.04-бөлім. Қарыз бойынша пайыздар мен басқа да төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 сәуірі мен 15 қазанында төленуге тиіс.

      2.05-бөлім. Қарыз алушы, осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының ережелеріне сәйкес, Қарыз шотынан талап етілген қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.

      2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта қарыздың төмендегідей кез келген айырбасталуын:

      (і) қарыз валютасының бекітілген валютаға қарыз сомасынан толық немесе ішінара, талап етілген немесе талап етілмеген өзгертуді;

      (іі) қарыздың толық немесе ішінара талап етілген немесе талап етілмеген негізгі сомасына қолданылатын базалық пайыздық мөлшерлемені құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше өзгертуді; және

      (ііі) қарыздың толық немесе ішінара талап етілген немесе талап етілмеген негізгі сомасына қолданылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге пайыздық мөлшерлеменің тіркелген ең жоғарғы деңгейін немесе кез келген көрсетілген құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен лимиттер белгілеуді сұратуға құқылы.

      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес, АДБ мақұлдаған айырбастау туралы кез келген сұрау салуды Қарыз беру қағидаларының 2.01(6) бөлігіндегі анықтама бойынша "Айырбастау" деп және ол Қарыз беру қағидаларының V бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеген жөн.

III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01-бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.

      3.02-бөлім. Барлық қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес бөлінуге және алынуға тиіс, бұл ретте осы Қосымшаны Қарыз алушы мен АДБ-ның арасындағы келісім бойынша кезең сайын өзгертіп отыруға жол беріледі.

      3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 4–қосымшасында қолданылатын ережелерге сәйкес шығыстардың барлық баптарындағы сатып алуды жүргізеді немесе жүргізілуін ұйымдастырады. АДБ мұндай баптардың барлығында Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдер шеңберінде айтарлықтай дәрежеде сатып алынбаған не келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ-ның талаптарын қанағаттандырмайтын жағдайда, келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.

      3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеге келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстардың барлық баптары Жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      3.05-бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражатты алу үшін 2017 жылғы 31 қазан не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілуі мүмкін осындай басқа күн жабу күні болып есептеледі.

IV БАП
Ерекше жағдайлар

      4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаның орындалуын тиісті жауапкершілікпен әрі тиімділікпен және ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және құқықтық практикаға, сондай-ақ даму практикасына сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      (b) Жобаны іске асыру және Жобалау объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында жазылған барлық міндеттемелерді орындауға не олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      4.02-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жобалау объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қарыз қаражатына қосымша қажетті құралдарды, объектілерді, көрсетілетін қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      4.03-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру процесінде АДБ үшін қолайлы, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына сай келетін дәрежеде және мерзімдер мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді жалдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      (b) Қарыз алушы Жобаны Қарыз алушы мен АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалық шешімдерге, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы осы жоспарларды, жобалық шешімдерді, жұмыс ерекшеліктері мен кестелерін, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін егжей-тегжейлі дәрежесіне қарай кейіннен жасалған кез келген елеулі өзгерістерді олар дайындалғаннан кейін дереу беруге немесе олардың берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жобалау объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттерінің Қарыз алушы қолданатын заңнамаға және ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілетініне және үйлестірілетініне көз жеткізуге міндеттенеді.

      4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген шоттар мен есептіліктер жүргізуге; (іі) жоба бойынша АДБ үшін қолайлы бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес жылдық қаржылық есептілік әзірлеуге; (iii) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы аудиттің халықаралық стандарттарына немесе АДБ-ға қолайлы ұлттық стандарттарға сәйкес АДБ-ның талаптарына сай келетін тәуелсіз аудиторлардың қаржылық есептілігінің жыл сайынғы аудитін жүргізіп отыруға міндеттенеді; (іv) әрбір осындай аудит шеңберінде аудиторлар есеп (оның ішінде қарыз қаражатын пайдалану туралы аудиторлық қорытындыны) және басшылыққа (егер тексеру барысында жобаларға ішкі бақылауда кемшіліктер анықталған болса, ондай кемшіліктер баяндалатын) хат әзірлеуге тиіс; және (v) әрбір тиісті фискальдық жыл аяқталған кезден бастап алты ай өткеннен кейінгі мерзімнен кешіктірмей аудиттен өткен қаржылық есептердің көшірмелерін, аудиторлардың есебін және басшылыққа ағылшын тілінде хатты беруге; сондай-ақ АДБ-ның мерзімді негізделген талабы бойынша осы құжаттарға және аудитке қатысы бар басқа да ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.

      (b) АДБ жоба бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті және қаржылық есептілік туралы аудитордың қорытындысын алған күннен бастап 30 күн ішінде оларды АДБ-ның веб-сайтында жариялай отырып, ашуға міндеттенеді;

      (с) Қарыз алушы АДБ-ның талап етуі бойынша, Қарыз алушының Жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін жоғарыда көрсетілген (а) (iii) кіші бөліміне сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен бірге талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгеге келіспесе, кез келген осындай талқылау Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізілу шартымен, АДБ-ның сұрау салуы бойынша, аудиторлардың кез келген өкіліне осындай талқылауға қатысуға өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.

      4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ның өкілдеріне Жоба мен Жобалау объектілерін, сондай-ақ кез келген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялауға мүмкіндік беруге міндеттенеді.

      4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жобалау объектілерінің ұтымды инженерлік, қаржылық және коммерциялық практикаға, даму практикасына, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылуын, қызмет көрсетілуін және жөнделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

V БАП
Күшіне енуі

      5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен соң тоқсан (90) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидаларының 10.04-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні болып есептеледі.

VI БАП
Өзге де ережелер

      6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінде жазылған мақсаттары үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.

      6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлімінде жазылған мақсаттары үшін көрсетіліп отыр:

      Қарыз алушы үшін

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Астана, 010000

      Жеңіс даңғылы, 11

      Факс

      +7 (7172) 71 77 85

      АДБ үшін

      Asian Development Bank

      6 ADB Avenue

      Mandaluyong City

      1550 Metro Manila

      Philippines

      Факс:

      (632) 636-2444

      (632) 636-2448.

      ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы Келісімнің тараптары өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы осы Қарыз туралы келісімге тиісті қолдардың қойылуын және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күн мен жылда жеткізуді қамтамасыз етті.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      ________________________

      [Уәкілетті өкіл]

      ________________________

      АЗИЯ ДАМУ БАНКІ

      ________________________

      [Уәкілетті өкіл]

1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

      1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты көлік қатынасы мен оның тиімділігін, сондай-ақ мынадай іс-шаралар: (а) жолдарды дамыту (Маңғыстау облысында ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі 790 км-ге жуық жол учаскесін реконструкциялау), (b) жобаларды жоспарлау, басқару және активтерді басқару саласындағы әлеуетті нығайту, және (с) шекара маңындағы инфрақұрылым мен объектілерді жетілдіру есебінен институционалдық тиімділігін арттыру болып табылады.

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде Жоба Маңғыстау облысында көлік қатынасы мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

      3. Жоба өзіне мыналарды:

      (а) Шетпе елді мекені мен Ақтау қаласының арасындағы ұзақтығы 170 км-ге жуық (632,3 Км-ден 802 Км-ге дейін) жол учаскесін реконструкциялау; және

      (b) құрылысты қадағалау құрамдастарын қамтиды;

      бұлар қаржыландыруға арналған мерзімдік сұрау салуда егжей-тегжейлі ұсынылған.

      4. Жоба 2017 жылғы 30 сәуірге аяқталады деп күтілуде.

2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 2 Дәлізінің (Маңғыстау облысындағы учаскелер) автожолдары бойынша
инвестициялық бағдарламасы – 2-жоба)

      1. Төмендегі кестеде қарыздың негізгі сомасын төлеу күндері және қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніндегі төленуге тиіс қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінде толық көлемде алынған болса, онда қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнінде талап етілетін және талап етілмейтін Қарыздың жалпы негізгі сомасына; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы айқындалады, мұндай өтеу сомасы валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігі бойынша өзгертілетін болады.

Төлем күні

Кезекті жарна

(%-ға шаққанда)

2018 жылғы 15 сәуір

3.333333

2018 жылғы 15 қазан

3.333333

2019 жылғы 15 сәуір

3.333333

2019 жылғы 15 қазан

3.333333

2020 жылғы 15 сәуір

3.333333

2020 жылғы 15 қазан

3.333333

2021 жылғы 15 сәуір

3.333333

2021 жылғы 15 қазан

3.333333

2022 жылғы 15 сәуір

3.333333

2022 жылғы 15 қазан

3.333333

2023 жылғы 15 сәуір

3.333333

2023 жылғы 15 қазан

3.333333

2024 жылғы 15 сәуір

3.333333

2024 жылғы 15 қазан

3.333333

2025 жылғы 15 сәуір

3.333333

2025 жылғы 15 қазан

3.333333

2026 жылғы 15 сәуір

3.333333

2026 жылғы 15 қазан

3.333333

2027 жылғы 15 сәуір

3.333333

2027 жылғы 15 қазан

3.333333

2028 жылғы 15 сәуір

3.333333

2028 жылғы 15 қазан

3.333333

2029 жылғы 15 сәуір

3.333333

2029 жылғы 15 қазан

3.333333

2030 жылғы 15 сәуір

3.333333

2030 жылғы 15 қазан

3.333333

2031 жылғы 15 сәуір

3.333333

2031 жылғы 15 қазан

3.333333

2032 жылғы 15 сәуір

3.333333

2032 жылғы 15 қазан

3.333343

Жиыны

100.000.000


      2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінде толық көлемде талап етілмеген болса, негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің әрбір күніне қарыздың Қарыз алушы төлеуге тиіс негізгі сомасы мынадай түрде айқындалады:

      (а) Қарыз алушы негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінде қарыздың кез келген қаражаты талап етілуге тиіс дәрежеде осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күні талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.

      (b) Негізгі қарызды өтеу үшін төлемнің бірінші күнінен кейін жүргізілген кез келген қаражат алу негізгі қарызды (бастапқы Кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін әрбір алу сомасын, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген Бастапқы кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнінен кейін түсетін негізгі қарызды өтеу төлемінің әрбір күнінде өтелуге тиіс және бөлгіші осы күні және одан кейін түсетін негізгі қарызды өтеу үшін төлемдер күндері үшін барлық қалған Бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, осы төлем сомалары, валютаны Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде өзгеретін болады.

      3. Негізгі қарызды өтеу үшін кез келген негізгі өтеу күндері төленуге тиіс, төлем күндерінің кез келгеніне дейінгі күнтізбелік екі айдың ішінде тек қана негізгі соманы есептеу мақсатында жүргізілген қаражат алуларды қаражат алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу үшін төленетін төлемнің екінші күні талап етілген және талап етілмеген деп есептеген жөн және қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап, осы сома негізгі қарызды өтеу үшін төлем төленетін әрбір күніне төленуге тиіс.

      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға Айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталық хеджирлеу транзакциясы шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын негізгі соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқамаға сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген мөлшерлеме валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындалады.

      5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең сайын номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы сомалардың әрқайсысы үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуға тиіс.

3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу

      Жалпы ережелер

      1. Осы Қосымшадағы кестеде (бұдан әрі "Кесте" деп аталады) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Шығыс баптарының санаттары, сондай-ақ әрбір осындай Санат үшін қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы Қосымшада "Санат" деген ұғым Кестенің Санатына жатады).

      Қарыз шотынан қаражат алу үшін негіздеме

      2. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, шығыс баптарының әрқайсысы Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

      Қайта бөлу

      3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге қарамастан,

      (а) егер кез келген санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен, (і) басқа Санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті деңгейде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы Санат үшін бұдан кейінгі алулар барлық шығыстар өтелгенге дейін осы шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайтуға; және

      (b) егер қандай да бір Санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы қандай да бір басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

      Қарызды төлеу рәсімі

      4. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз қаражатын төлеу жөніндегі анықтамалығына сәйкес төленуге жатады.

  3-қосымшаға толықтыру

КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ

(ОАӨЭЫ 2 Дәлізінің (Маңғыстау облысындағы учаскелер) автожолдары бойынша

инвестициялық бағдарлама 2-жоба)

САНАТЫ

АДБ-ның ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ

Нөмірі

Атауы

АДБ-ны қаржыландыру үшін бөлінген жалпы сома

(АҚШ доллары) санаты

Қарыз шотынан алу үшін негіз

1

Жұмыстар

333 300 000



Шығындардың жалпы сұратылатын сомасының 100 пайызы*

2

Консалтингтік көрсетілетін қызметтер

4 700 000



Шығындардың жалпы сұратылатын сомасының 100 пайызы*

3

Бөлінбеген қаражат

33 300 000







Жиыны

371 300 000






      * Қарыз алушының аумағында алынатын қосылған құн салығын есепке алмағанда.

4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консалтингтік қызметтерді сатып алу

      Жалпы ережелер

      1. Жұмыстар мен консалтингтік қызметтерді сатып алу Сатып алу жөніндегі нұсқамаға және Консультанттарды тарту жөніндегі нұсқамаға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылауға жатады.

      2. Осы Қосымшада қолданылатын және осы Қарыз туралы келісімде басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқамада және (немесе) Консультанттарды тарту жөніндегі нұсқамада айқындалады.

      Жұмыстарды сатып алу

      3. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, жұмыстар халықаралық конкурстық сауда-саттық негізінде сатып алынатын болады.

      4. Басқа шарттардан өзге, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға жатады. Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана өзгертуге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.

      Келісімшартты беру жөніндегі шарттар

      5. Қарыз алушы:

      (a) аяқталған ҚОӘБ-ні Қарыз алушының тиісті органдары мақұлдамайынша; және

      (b) Қарыз алушы жұмыстарға арналған келісімшарттарға ҚОБЖ-ның тиісті ережелерін енгізбейінше, қоршаған ортаға әсерін тигізетін жұмыстарға келісімшарттар бермеуге тиіс.

      6. Қарыз алушы жұмыс жобасы негізінде түпкілікті ЖСҚЖ-ны дайындағанша және оны АДБ-ға ұсынғанша және осындай ЖСҚЖ-ға АДБ-ның мақұлдауын алғанша Қарыз алушы мәжбүрлеп қоныс аударуды қамтитын жұмыстарға келісімшарттар жасаспауға тиіс.

      Консалтингтік қызметтер

      7. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы консалтингтік қызметтерді іріктеу және тарту кезінде сапа мен бағаның ара қатынасы негізінде іріктеу әдісін пайдаланатын болады.

      Өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтар

      8. (а) Қарыз алушы сатып алынған Жұмыстардың (не жеке не басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқығын бұзбауын немесе шектемеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді;

      (b) Қарыз алушы Жұмыстарды сатып алу жөніндегі барлық келісімшарттардың бәрінде тиісті ұсынымдар, кепілдіктер және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігердің немесе өнім берушінің тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді.

      9. Қарыз алушы консультанттармен АДБ қаржыландыратын келісімшарттардың барлығында тиісті растаулар, кепілдіктер және егер қажет болса, консультанттардың тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді, бұл ретте ұсынылатын консалтингтік көрсетілетін қызметтердің үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын немесе талап ету құқығын бұзбайтынына немесе шектемейтініне көз жеткізу қажет.

      АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы

      10. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше ескерілмесе және Сатып алу жоспарында көрсетілмесе, халықаралық конкурстық рәсімдерге сәйкес сатып алынатын барлық келісімшарттар және консалтингтік көрсетілетін қызметтер жөніндегі келісімшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.

      11. Жұмыстарды орындауға арналған, АДБ-ға танысу үшін алдын ала берілуге тиіс келісімшартқа қатысты Қарыз алушы келісімшарттың талаптары бойынша кез келген өзгерістерге немесе бас тартуға, оның ішінде:

      (а) келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтауға белгіленген мерзімнің 1 ай кезеңге немесе одан да көпке ұзарту немесе қарыз шотынан қаражатты алу үшін жабылу күнін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыруға;

      (b) бастапқы бағаның жалпы ұлғаю сомасының 5%-дан асыруға (күмән тудырмау үшін мұндай ұлғайтуда осы келісімшарт бойынша алдыңғы барлық өзгерістер ескерілуге тиіс) АДБ-ның алдын ала мақұлдауын алады.

      12. Жұмыстарды орындауға арналған, АДБ-ға танысу үшін берілетін келісімшарт болған жағдайда АДБ келісімшартқа қажетті өзгерістерді енгізу немесе келісімшарттан бас тарту туралы мәселені қарайды және қысқа мерзімде, бірақ қажетті құжатты алғаннан кейінгі 1 айдан кешіктірмей Қарыз алушыға жауап береді.

      13. Қарыз алушы мерзімдерді ұзарту, келісімшарттардың ережелерін өзгерту мен олардан ауытқу (өзгерістерді қоса алғанда) бойынша барлық құжаттардың көшірмелерін АДБ-ға келісімшартқа түзетулер енгізілгеннен кейінгі 1 ай ішінде береді.

5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау; қаржылық мәселелер

      Іске асыру тәртібі

      1. Қарыз алушы мен ККМ Жобаның ТӘН-де жазылған белгілі бір іс-шараларға сәйкес іске асырылуына кепілдік беруге міндетті. ТӘН-дегі кейінгі кез келген өзгерістер Қарыз алушы мен АДБ мұндай өзгерістерді бекіткенінен кейін ғана күшіне енеді. ТӘН мен осы Қарыз туралы келісім арасындағы кез келген сәйкессіздіктер жағдайында осы Қарыз туралы келісімнің ережелері басымдылық күшке ие болады.

      Қоршаған орта

      2. Қарыз алушы ККМ-ге Жобаны және барлық жобалау объектілерін дайындаудың, жобалаудың, салудың, іске асырудың, пайдалану мен пайдаланудан шығарудың: Қарыз алушының (а) қоршаған ортамен, денсаулықпен және қауiпсiздiкпен байланысты қолданылатын барлық заңдары мен нормативтiк актілеріне, (b) Қоршаған орта жөніндегі қорғау шараларына, (с) ҚОБНҚ-ға және (d) ҚОӘБ мен ҚОБЖ-да жазылған барлық шаралар мен талаптарға және Қорғау шараларының мониторингі жөніндегі есепте жазылған кез келген түзету немесе алдын алу

      іс-қимылдарына сәйкес болуына кепілдік беруді тапсыруға тиіс.

      Жер сатып алу және мәжбүрлеп қоныс аудару

      3. Қарыз алушы жергілікті атқарушы органдар мен ККМ-ге Жоба мен жобалау объектілері үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлу жолақтары жұмыстарға арналған тиісті келісімшарттағы келісілген кестеге сәйкес келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қолжетімді және барлық сатып алынған жерлер мен қоныс аудару жөніндегі іс-шаралардың мыналарға: (а) жер сатып алу мен мәжбүрлеп қоныс аударуға байланысты Қарыз алушының барлық қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне, (b) Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясатқа, (с) ЖСҚНҚ-ға; сондай-ақ (d) ЖСҚЖ-да жазылған барлық шаралар мен талаптарға, сондай-ақ Қорғау шараларының мониторингі жөніндегі есептерде жазылған кез келген түзету және алдын алу шараларына сәйкес жүзеге асырылуына көз жеткізуді тапсырады.

      4. Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясаттың, ЖСҚНҚ немесе ЖСҚЖ-ның қолданылуына шектеу қоймастан Қарыз алушы жергілікті атқарушы органдар мен ККМ-ге:

      (а) өтемақылар немесе басқа ЖСҚЖ-ға сәйкес төлемдер зардап шеккендерге берілгенше; сондай-ақ

      (b) жиынтық табыс бағдарламасы мен тіршілік үшін қаражат ЖСҚЖ-ға сәйкес жасалғанша, Жобаға байланысты не жан басының не экономикалық қоныс аударудың орын алмауын қамтамасыз етуді тапсырады.

      Жергілікті халық

      5. Қарыз алушы жергілікті атқарушы органдарға және ККМ-ге ҚШС-ны түсінуде Жобаның жергілікті халыққа қандай да бір әсер етпейтініне кепілдік беруді тапсыруға тиіс. Егер осындай әсер ету орын алған болса, онда Қарыз алушы ККМ-ге және ККМ-нің жергілікті халыққа және ҚШС-ға байланысты қолданылатын Қарыз алушының барлық заңдары мен қағидаларына сәйкес жергілікті халық жөніндегі жоспарды дайындауды, жария етуді және іске асыруды тапсыруға тиіс.

      Қорғау шараларының талаптарын іске асыру бойынша адам және қаржы ресурстары

      6. Қарыз алушы ҚОБЖ мен ЖСҚЖ-ны толығымен жүзеге асыру үшін қажетті бюджет және адам ресурстарының болуын қамтамасыз етеді.

      Жұмыстарды орындауға арналған тендерлік құжаттама мен келісімшарттардағы қорғау шараларына қатысты ережелер

      7. Қарыз алушы ККМ-ге жұмыстарға арналған барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттарда мердігерлерді:

      (a) ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да жазылған, мердігерге қатысы бар шаралар мен қорғау шараларының мониторингі жөніндегі есепте жазылған кез келген түзету және алдын-алу іс-қимылдарын сақтауға;

      (b) экологиялық және әлеуметтік қорғау жөніндегі барлық шараларға бюджет қаражатын беруге;

      (c) ККМ-ге Жобаны салу, іске асыру немесе пайдалану процесінде туындайтын және ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да қаралмаған, экологияға, қоныс аударуға немесе жергілікті халыққа және әсерлерге байланысты күтпеген кез келген тәуекелдер туралы жазбаша хабарлама беруге;

      (d) жолдардың, ауыл шаруашылығы жерлерінің және басқа да инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы құжаттаманы тиісінше тіркелуін материалдарды тасымалдау мен құрылыс басталмай тұрып қамтамасыз етуге;

      (е) құрылыс аяқталғаннан кейін жолдарды, жергілікті инфрақұрылым объектілері мен ауыл шаруашылығы жерлерін, ең болмағанда жоба басталғанға дейін олардың болған жай-күйін қалпына келтіруге міндеттейтін ережелерді қамтитынына кепілдік беруді тапсыруға тиіс.

      Қорғау шараларының мониторингі мен есептілік

      8. Қарыз алушы ККМ-ге мыналарды орындауды:

      (a) АДБ-ға (i) құрылыс кезеңінде жарты жылда бір рет және (ii) Жобалық жолды пайдаланудың алғашқы 3 жылы ішінде жыл сайын қорғау шараларының мониторингі жөніндегі есептерді ұсынуды және ұсынылғаннан кейін осындай есептердегі тиісті ақпаратты дереу мүдделері қозғалған тұлғаларға жария етуді;

      (b) Егер құрылысты немесе Жобаны іске асыру кезінде ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да көзделмеген әлеуметтік тәуекелдер және/немесе қоршаған орта мен оған әсерге қатысты тәуекелдер туындаса, оқиғаның егжей-тегжейлі сипаттамасы мен түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсына отырып, мұндай тәуекелдердің туындауы мен әсері туралы АДБ-ны уақтылы хабардар ету қажеттігін;

      (c) Жобаның мониторингі нәтижесінде алынған ақпаратты растау, сондай-ақ тәуелсіз мамандар орындайтын тексеру жөніндегі кез келген қызметті жүргізуге жәрдемдесу үшін Инвестициялық бағдарламаның бірінші жобасы (№ 2728 Қарыз) шеңберінде Қарыз алушының АДБ үшін қолайлы білікті және тәжірибелі мамандарды таңдауын және тартуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ

      (d) ҚОБЖ-да немесе ЖСҚЖ-да жазылған шаралар мен талаптардың сақталуын кез келген іс жүзіндегі немесе ықтимал бұзушылықтар туралы мұндай бұзушылық туралы белгілі болғаннан кейін дереу хабарлауды тапсырады.

      Тыйым салынған инвестициялар тізімі

      9. Қарыз алушы Қарыздың ешқандай қаражаты ҚШС-ның 5-қосымшасында көзделген тыйым салынған инвестициялық қызмет тізіміне енгізілген қандай да бір қызметті қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуге тиіс.

      Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау

      10. Қарыз алушы тапсырады, ал ККМ жұмыстарды орындауға арналған барлық келісімшарттарда (а) Қарыз алушының қолданыстағы еңбек заңнамасы мен нормативтік құжаттарын мердігердің сақтауын; (b) әйелдер мен жергілікті халықты, оның ішінде Жобаны іске асыру ауданында тұратын халықтың осал топтары өкілдерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді; (с) құрылыс жұмыстарын орындайтын жұмыскерлерді жұмыс алаңдарындағы техникалық қауіпсіздік туралы ақпаратпен таныстыруды; (d) бірдей жұмыс орындайтын ерлер мен әйелдерге еңбекке теңдей ақы төлеуді; (е) қауіпсіз еңбек жағдайларын және ерлер мен әйелдер үшін қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жалпы пайдаланатын бөлек орындарды, сондай-ақ (f) балалар еңбегін пайдаланбауды қамтамасыз ететін ерекше ережелердің қамтылуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушы ККМ-ге Жобаны іске асыруда мүмкін болатын әлеуметтік сипаттағы барлық ықпал етулердің мониторингін жүргізуді және осы мониторинг нәтижелерін жарты жылда бір рет АДБ-ға ұсынуды қамтамасыз етуді тапсырады.

      Бірлесіп қаржыландыру

      11. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде Жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті бірлесіп қаржылардырудың барлық қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстардың ККМ-ге уақтылы берілуіне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ Жобаны іске асыру үшін қаржыландыру бойынша барлық өзгертілген қажеттілікті өзінің жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізетініне көз жеткізуге міндеттенеді.

      Басқару және сыбайлас жемқорлықпен күрес

      12. Қарыз алушы мен ККМ: (а) АДБ-ның сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) ұстануға міндеттенеді және АДБ-ның тікелей өзі не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге; және (б) толыққанды ынтымақтастыққа және осындай кез келген тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін қажетті деңгейде қолдау көрсету үшін кез келген мұндай тексерулерге жәрдемдесуге құқылы екендігімен келіседі.

      13. Қарыз алушы ККМ-ге АДБ-ның барлық мердігерлердің, өнім берушілердің, консультанттардың, сондай-ақ Жобаға қатысы бар өзге де қызмет берушілердің жазбалары мен шоттарына аудит жүргізу және тексеру жүргізу құқығын айқындайтын ережелерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі АДБ үшін қолайлы ережелердің тендерлік құжаттар мен келісімшарттарға енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырады.

      Құрылыстың сапасы

      14. Қарыз алушы ККМ-ге Жобаның қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалаудың, сапаны бақылаудың және Жобаны басқарудың қолданылатын стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырады.

      Жол жүрісі қауіпсіздігі

      15. Қарыз алушы ККМ-ге (а) жұмыстарды орындауға арналған барлық келісімшарттарда мердігердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтау міндеттемесінің қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырады; және (b) жол жобасын пайдалану барысында жол оқиғаларының жиілігі мен жүру қарқынының мониторингін жүргізеді.

      Пайдалану және қызмет көрсету

      16. Қарыз алушы Жобалық жолдың тиісінше пайдаланылуын және Жоба аяқталғаннан кейін оған тиісінше қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады