2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 158-V ҚРЗ

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге 2012 жылғы 5 желтоқсанда Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) практикалық іске асыру, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыру мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар осы Хаттамамен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бойынша осы Хаттамаға №№ 111-қосымшаларда қамтылған құжаттардың үлгі нысандарын бекітеді және оларды Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде қолданады.

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін талқылауға немесе қолдануға қатысты келіспеушіліктер консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.

3-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

4-бап

      Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол осы Хаттамаға қол қойылғаннан күннен бастап 15 күн ішінде барлық Тараптарға оның расталған көшірмелерін жібереді.

5-бап

      Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзіміне жасалады және Келісімнің 16-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

6-бап

      Осы Хаттама оған Келісімнің қатысушысы болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
      Қосылған мемлекет үшін осы Хаттама Келісімнің 18-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Депозитарий қосылған мемлекет үшін осы Хаттаманың күшіне енгені туралы барлық Тараптарды хабардар етеді.

7-бап

      Тараптардың әрқайсысы шығудың болжанып отырған күніне дейін кемінде 3 ай бұрын бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап 30 күн ішінде осы ниет туралы басқа Тараптарды хабардар етеді.
      Осы Хаттаманың қолданылуын тоқтату Келісімге сәйкес жүзеге асырылатын қызметті қозғамайды.

      2012 жылғы "5" желтоқсанда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының
      Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін

Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін

2005 жылғы 26 қазандағы       
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше   
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы    
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 1 қосымша               

№ 1 нысан

№______________
күні_______________

Көмек көрсету туралы сұрау

      ____________(Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметі 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге сәйкес
___________ (көмек сұралатын Тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметіне ______________(Сұратушы тараптың мемлекетінің аумағында болған төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты көмек көрсету туралы өтініш білдіреді.

Болған төтенше жағдай туралы ақпарат

Орны:
(төтенше жағдай болған жер көрсетіледі)

Уақыты:
(төтенше жағдай болған кездегі нақты жергілікті уақыт көрсетіледі)

Сипаты:
(төтенше жағдайдың түрі және оған тән сипаттық ерекшеліктері көрсетіледі)

Ауқымы:
(қаза тапқандар мен зардап шеккендердің, қираған ғимараттардың болжамды саны және төтенше жағдай туралы басқа ақпарат көрсетіледі)

Жай-күйі:
(төтенше жағдайдың даму үрдісі, төтенше жағдайдың қайталама факторының күтілетін-күтілмейтіні; Сұратушы тараптың қолданған іс-әрекеттері; төтенше жағдайды жою бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар көрсетіледі, сондай-ақ басқа Тараптар көрсеткен көмек туралы ақпарат беріледі)

Көмек басымдылықтары:
(Сұратушы тарап мұқтаж болып отырған көмек түрі (авариялық-құтқару немесе іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, ізгілік жүгін жеткізу), зардап шеккен халықтың арасында бөлу үшін қажетті қамтамасыз ету материалдарының тізбесі көрсетіледі)

Уәкілетті адамның лауазымы                       Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы          
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше       
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы     
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 2 қосымша                 

№ 2-нысан

№ _________

күні_________

Көмек көрсету туралы сұрауға жауап

__________________ (көмек сұралған Тараптың мемлекеті көрсетіледі) Үкіметі _________________ (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі)
Үкіметінің ______________(Сұратушы тарап мемлекетінің аумағында болған төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты көмек көрсету туралы сұратылған өтінішін қарап:
      1-нұсқа: авариялық-құтқару немесе басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін көмек көрсету жөніндегі топты жіберу, қамтамасыз ету материалдарын (тізбе) жіберу түрінде көмек көрсетуге (өтеусіз негізде немесе көмек көрсету бойынша шығыстарды өтеу арқылы) дайын (көмектің көлемі, оны ұсыну тәртібі немесе төтенше жағдайды жоюдағы көмектің сұрау салынатын өзге нысаны көрсетіледі);
      2-нұсқа: сұратылатын көмекті көрсетуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлайды.

Уәкілетті адамның лауазымы                       Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы           
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше      
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы     
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 3 қосымша                

№ 3 нысан

№ ________
күні ________

Төтенше жағдай туралы хабарлама

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 3-бабының 4-тармағына сәйкес _______________ аумағына (хабардар етілетін Тараптың мемлекеті көрсетіледі) өз әсерін тигізуі мүмкін ________________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) болғаны туралы хабарлаймыз.

Орын алған төтенше жағдай туралы ақпарат

Орны:
(төтенше жағдай болған жер көрсетіледі)

Уақыты:
(төтенше жағдай болған кездегі нақты жергілікті уақыт көрсетіледі)

Сипаты:
(төтенше жағдайдың түрі және оған тән сипаттық ерекшеліктер көрсетіледі)

Ауқымы:
(қаза тапқандар мен зардап шеккендердің, қираған ғимараттардың болжамды саны және төтенше жағдайдың салдары туралы басқа да ақпарат көрсетіледі)

Жай-күйі:
(төтенше жағдайдың даму үрдісі; төтенше жағдайдың қайталама факторларының күтілетін-күтілмейтіні; Сұратушы Тараптың қолданған іс-әрекеттері, төтенше жағдайды жою бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар көрсетіледі, сондай-ақ басқа Тараптар көрсеткен көмек туралы ақпарат беріледі)

Уәкілетті адамның лауазымы                         Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы           
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше       
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы     
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 4 қосымша                  

№ 4 нысан

№ _________
күні _________

Көмек көрсету жөніндегі топ жетекшісін
тағайындау туралы куәлік

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес (адамның тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері және лауазымы көрсетіледі) (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсетуге бара жатқан көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі болып табылатынын куәландырамыз.

Құзыретті органның уәкілетті
адамының лауазымы                             Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы           
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше       
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы      
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 5 қосымша                 

5 нысан

№ _________

күні _______

Көмек көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімі

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес ___________(Сұратушы тарап мемлекетінің немесе транзит мемлекетінің шекарасын кесіп өту болжанатын күн мен уақыт көрсетіледі)_______________ (халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункті көрсетіледі)
      мынадай құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топтың шекараны кесіп өтуі жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Рет №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Паспорт деректері





Құзыретті органның уәкілетті
адамының лауазымы                                     Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы           
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше        
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы      
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 6 қосымша                  

№ 6 нысан

№ _________

күні ______

Көмек көрсету жөніндегі топтың құрамы, жарақтарды, қамтамасыз ету материалдарын әкелу немесе әкету туралы хабарлама

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 9-бабының 2-тармағына сәйкес:
      1-нұсқа (әкелген кезде):_________ (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсету мақсатында мынадай құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топтың баратынын:
      2-нұсқа (әкеткен кезде):____________(Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсету нәтижелері бойынша мына құрамдағы көмек көрсету жөніндегі топтың баратынын хабарлайды:

Рет №

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Паспорт деректері





      Мына жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарының оңайлатылған түрде және басым тәртіппен кедендік ресімделуін қамтамасыз етуді сұраймыз.

Рет

Жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескерту






Құзыретті органның
уәкілетті адамының лауазымы                           Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы           
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше       
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы      
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 7 қосымша                  

№ 7 нысан

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттары бар медициналық препараттардың болуы туралы декларация

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 9-бабына сәйкес осы Декларацияда:
      1-нұсқа (әкелген кезде): ____________ (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты _______________ (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккен халқына жедел медициналық көмек көрсету мақсатында көмек көрсету жөніндегі топта құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай медициналық препараттардың/дәрілік заттардың бар екені мәлімделеді:
      2-нұсқа (әкеткен кезде): ______________ (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккен халқына жедел медициналық көмек көрсету нәтижелері бойынша көмек көрсету жөніндегі топта құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай медициналық препараттардың/дәрілік заттардың бар екені мәлімделеді:

Рет

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе






Күні ____________

Уәкілетті адамның лауазымы                        Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы         
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше     
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы    
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 8 қосымша                 

№ 8 нысан

Растаймын

______________________
(Сұратушы тараптың құзыретті
органы өкілінің қолы, тегі,
аты, әкесінің аты)

_________________________
(күні)        

Мөр орны

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттары бар дәрілік заттардың пайдаланылғаны туралы акт

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 9-бабының 6-тармағына сәйкес осы актімен (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсеткен кезде құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар мынадай медициналық препараттардың/дәрілік заттардың жұмсалғаны белгіленді:

Рет №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескерту






Күні ____________

Көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі                  Қолы

Көмек көрсету жөніндегі топтың дәрігері                   Қолы

2005 жылғы 26 қазандағы          
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше      
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы     
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 9 қосымша                 

№ 9-нысан

Жарақтардың жойылғаны немесе толық тұтынылғаны туралы акт

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 9-бабының 7-тармағына сәйкес осы актімен (төтенше жағдайдың түрі көрсетіледі) байланысты (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) зардап шеккендерге көмек көрсеткен кезде мынадай жарақтардың жойылғаны немесе толық тұтынылғаны белгіленді:

Рет №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескерту






Күні __________

Көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі                      Қолы

Сұратушы тараптың
құзыретті органының өкілі                                     Қолы

мөр орны

2005 жылғы 26 қазандағы          
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше     
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы   
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 10 қосымша                

№ 10 нысан

Қамтамасыз ету материалдарын қабылдау-тапсыру актісі

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 9-бабының 7-тармағына сәйкес осы актіде ______________ (төтенше жағдай түрі көрсетіледі) байланысты ______________ (Сұратушы тараптың мемлекеті көрсетіледі) көмек көрсеткен кезде Сұратушы тараптың уәкілетті өкіліне мынадай қамтамасыз ету материалдары тапсырылғаны белгіленді:

Рет №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескерту






Күні ____________

Ұсынушы тараптың
уәкілетті өкілі                                              Қолы

Сұратушы тараптың
уәкілетті өкілі                                              Қолы

мөр орны

2005 жылғы 26 қазандағы         
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше     
мемлекеттердің үкіметтері арасындағы    
Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде
өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттамаға
№ 11 қосымша                 

№ 11 нысан

Көмек ұсыну бойынша қаржылық шығыстар туралы акті

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімнің 11-бабының 3-тармағына сәйкес осы актімен  __________ № ____________ сұрауды орындау нәтижесінде ______________ (Ұсынушы тарап көрсетіледі) мынадай авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың орындалғанын белгілейді:

Рет №

Жұмыс түрі, жарақтарды пайдалану

Жұмсалған сағат саны

Шығыстар





      Жалпы шығыстар ______________ (еркін айырбасталатын валютадағы жиынтық сома көрсетіледі) құрады.

Күні ___________

Ұсынушы тараптың                        Сұратушы тараптың
құзыретті органы үшін                   құзыретті органы үшін

Тараптың банк деректемелері             Тараптың банк деректемелері

      Осымен қоса берілген құжаттың 2012 жылғы 5 желтоқсанда Бішкек қаласында орыс және қытый тілдерінде қол қойылған "2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттама" түпнұсқалық көшірмесі екенін  растаймын.
      Аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығында сақталады.

      Бас хатшының орынбасары               П. Додов

      2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттаманың орыс  тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

      Әкімшілік жұмыс департаменті
      Мемлекеттік тілді дамыту
      Басқармасының басшысы                      А. Кендірбекұлы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қытай тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады