2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 187-V ҚРЗ

      2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы 2013 жылғы 31 мамырда Минскіде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА

Ресми
куәландырылған
мәтіні

2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі «Шарттың Тараптары» деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тараптары бір жағынан және Өзбекстан Республикасы екінші жағынан
      бұдан әрі «Шарт» деп аталатын, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың мақсаттарын, қағидаттарын және терминдерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен осы Хаттама күшіне енген күннен бастап Шарттың барлық ережелері Шарт Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастарда осы Хаттамада көзделген талаптар ескеріле отырып қолданылады.

2-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Шарттың 2 және 3-баптарының ережелерін қолдану мақсаттары үшін:
      а) Шарттың 2-бабының ережелері Шарттың 1-қосымшасына сілтеме жасалған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары деп осы Хаттаманың 1-қосымшасы түсініледі;
      б) Шарттың 3-бабы 2-тармағының ережелері Шарттың 2-қосымшасына сілтеме жасалған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары деп осы Хаттаманың 2-қосымшасы түсініледі.
      2. Өзбекстан Республикасы ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты:
      а) Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы Шарттың 2-бабының 8-тармағы мен 17-бабын қолдануға қатысты мұндай Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын дауларды реттеу үшін Шарттың 19-бабының ережелерін пайдаланбайтын болады;
      б) Шартты Өзбекстан Республикасы мен Шарттың Тараптары арасындағы саудаға қолдану мақсаттары үшін Шарттың 5-бабындағы ГАТТ 1994 III бабына сілтеме, мұндай шарттар болған жағдайда, Өзбекстан Республикасының Шарт Тараптарымен екіжақты халықаралық шарттарының ұқсас ережелеріне сілтеме ретінде түсініледі;
      в) Өзбекстан Республикасы Шарттың 10-бабының ережелерімен байланысты емес, бұл ретте Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасында шығарылған тауарларға қатысты Шарттың 9-бабында көзделген шараларды қолдану құқығын сақтайды;
      г) Өзбекстан Республикасы Шарттың 11-бабы бірінші абзацының және 12-бабының ережелерімен байланысты емес. Өзбекстан Республикасы Шарт Тараптарының тауарларына және мұндай тауарларды өндіру процестеріне ұлттық режим немесе барынша қолайлы режим негізінде осы режимдердің қайсысы Шарттың мүдделі Тарапының тауарлар өндірушісі және/немесе экспорттаушысы үшін барынша қолайлы болып табылатындығына байланысты техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолданатын болады;
      д) Өзбекстан Республикасы төлем теңгерімінің тепе-теңдігі елеулі түрі бұзылған жағдайда және Өзбекстан Республикасының сыртқы қаржыландыруына байланысты елеулі қиындықтар болған жағдайда Шарттың 14-бабы 1-тармағының ережелерімен байланысты емес;
      е) Шарттың ережелерін іске асыру кезінде Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулы мәселелер Шарттың тиісті Тарапы мен Өзбекстан Республикасының екіжақты келіссөздері негізінде шешілетін болады;
      ж) Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасына қатысты 2-баптың 8-тармағының5-баптың10-баптың11-баптың бірінші абзацының, 12-баптың, 14-баптың 1-тармағының және 17-баптың ережелерімен байланысты емес.
      3. Шарттың 4-бабының ережелеріне қарамастан, Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саудада 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары қолданылады. Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара уағдаластық бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары жөніндегі өзге де көпжақты немесе екіжақты шарттар қолданылуы мүмкін.

3-бап

      Осы Хаттамаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

4-бап

      1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы осы Хаттама бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қолданады.
      2. Өзбекстан Республикасы ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты, осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар дау тараптары арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген күннен кейін осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар Шарттың 19-бабында көзделген тәртіппен шешіледі.

5-бап

      Осы Хаттаманың барлық Тараптарының өзара жазбаша келісімі бойынша оған осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін тиісті хаттамалармен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Хаттамаға ескертулер жасауға жол берілмейді.

7-бап

      1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Өзбекстан Республикасы мен кемінде Шарттың екі Тарапының орындағаны туралы хабарламаларды депозитарий алған күннен бастан 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама Өзбекстан Республикасы мен Шарттың кез келген басқа Тарапына қатысты осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай Тараптың орындағаны туралы тиісті хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

8-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін ол Шарттың Тарапы болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен қосылуы үшін ашық.
      Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастан күшіне енеді.
      2013 жылы 31 мамырда бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа дана ТМД-ның Атқарушы комитетінде сақталады, Атқарушы комитет оның куәландырылған көшірмесін Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жолдайды.

      Әзербайжан Республикасы үшін      Ресей Федерациясы үшін

      Армения Республикасы үшін         Тәжікстан Республикасы үшін

      Беларусь Республикасы үшін        Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін       Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін          Украина үшін

      Молдова Республикасы үшін

2011 жылғы 18 қазандағы
Еркін сауда аймағы туралы
шартты оның Тараптары  
мен Өзбекстан Республикасы
арасында қолдану туралы
хаттамаға      
      1-қосымша      

І. Хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар импортына қатысты қолданылатын кедендік баждар

      1. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан
Республикасы, Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағынан
шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
      Армения Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағынан шығарылатын сигареттер (СЭҚ ТН 2402 20 900 коды) импортына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталатын кедендік баждарды 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 1-қосымшасында келтірілген мөлшерлемелер бойынша қолданады.
      2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасының, Беларусь
Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының,
Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан
Республикасының, Украинаның кедендік аумақтарынан шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.

II. Хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар экспортына қатысты қолданылатын кедендік баждар

      1. Армения Республикасы мен Молдова Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
      Қырғыз Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды өзара негізде қолдану құқығын өзіне қалдырады.
      Тәжікстан Республикасы, егер Өзбекстан Республикасы Тәжікстан Республикасымен өзара саудада экспорттық кедендік баждарды қолданған жағдайда Өзбекстан Республикасына қатысты экспорттық кедендік баждарды өзара негізде қолдану құқығын өзіне қалдырады.
      Беларусь Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды
Позициялардың атауы

Кедендік баж
мөлшерлемесі

1205
Рапстың немесе кользаның тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

1 000 кг үшін 100 еуро

2709 00, 2710 11 2710 19 490 0, 2710 19 510-2710 99 000 0, 2711 12-2711 19 000 0, 2712, 2713, 2902 20 000 0-2902 43 000 0
Шикі мұнай және мұнай өнімдері

Ресей Федерациясында қолданылатынмен бірдей арнайы формула. Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге Беларусь Республикасының аумағынан әкету кезінде қолданылады.

3104
Калий тыңайтқыштары

1 000 кг үшін 75 еуро

4101, 4103
Өңделмеген тері

1 000 кг үшін 500 еуро

4104, 4106
Иленген былғары немесе былғарылық краст

10%, бірақ 1 000 кг үшін 90 еуродан кем емес

4401 10 000 9
Отындық сүрек

1 текше м. үшін 100  еуро

4403 10 000 1, 4403 10 000 2, 4403 91 100 0, 4403 91 900 0, 4403 92 100 0, 4403 92 900 0
Өңделмеген орман материалдары

1 текше м. үшін 100 еуро

4404 20 000 0
Жапырақ тұқымдас сүрек

1 текше м. үшін 100 еуро

4407 91 150 0, 4407 91 310 0, 4407 91 390 0, 4407 91 900 0, 4407 92 000 0, 4407 93 100 0, 4407 93 500 0, 4407 93 900 0
Өңделген орман материалдары

1 текше м. үшін 100 еуро

      Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының кеден аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды
Позициялардың атауы

Кедендік баж
мөлшерлемесі

1201 00
Соя бұршақтары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 еуродан кем емес

1205
Рапстың немесе кользаның тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған 

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 еуродан кем емес

1206 00
Күнбағыстың тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 еуродан кем емес

2709 00 900 2, 2709 00 900 8
Шикі мұнай

Арнайы формула

2710 11 110 0 - 2710 11 9009
Жеңіл дистилляттар және өнімдер

Баж салығы мөлшерлемесінің көлемі келесі формула бойынша есептеледі:
ӘКБМ = Kx(Ц-138,6), мұндағы ӘКБМ - әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесі;
К - 50 % есептеу формуласында пайдаланылатын және төменде көрсетілген  кестеге сәйкес түзету коэфициентіне көбейтілген орташа арифметикалық 0,35 және 0,4 коэфициенттерінің мағынасы;
Ц - мониторинг кезеңінде қалыптасқан шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы
 

2710 19 110 0 - 2710 19 290 0
Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін, 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлену үшін; басқа да мақсаттар үшін

2710 19 410 0 - 2710 19 490 0
Ауыр дистилляттар: газойлдар

2710 19 510 1, 2710 19 510 9, ауыр дистиллятты сұйық отыннан өзге, 2710 19 550 1, 2710 19 550 9
Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

2710 19 550 9
Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

2710 19 610 1 - 2710 19 690 9
Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

2713 20 000 0 - 2713 90 900 0
Мұнай битумы

2710 19 310 0 - 2710 19 350 0
Ауыр дистилляттар: газойлдар

Мұнайдан өңделген тауарларға әкетілетін кедендік баждың бекітілген мөлшерлемесі, мұнай шикізатының әлемдік нарықтағы ай сайынғы баға мониторингін есепке ала отырып, орташа нарықтық баға деректері негізінде тоқсан сайын түзетіледі

2711 21 000 0
Табиғи газ

30 %

2711 29 000 0
Басқа газдар

5 %

2705 00 000 0
Тас көмірлі, сулы, генераторлық газ және ұқсас газдар

5 %

4101
Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың өңделмеген (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа
тәсілмен өңделген консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген терілері

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 еуродан кем емес

4102
Осы топтың 1в ескертпесінде алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың өңделмеген (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа тәсілмен консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген терілері

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 еуродан кем емес

4103
Осы топқа 1б немесе 1в ескертпесінде алып тасталғандардан басқа, өңделмеген (буланған немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа тәсілмен консервіленген, бірақ иленбеген, пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген басқа терілер

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 еуродан кем емес

5101
Кардпен немесе тарақпен түтілмеген жүн

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 еуродан кем емес

5102
Кардпен немесе тарақпен түтілмеген жануарлардың биязы немесе қылшықты қылы

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 еуродан кем емес

5103
Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ жұлынып алынған шикізатты қоспағанда, жүннің немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 еуродан кем емес

5104 00 000 0
Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жұлынып алынған шикізат

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 еуродан кем емес

7204
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қара металдардың қайта балқытуға арналған құймалары (шихталық құймалар)

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 еуродан кем емес

7302
Теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдар:
рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, бұрма рельстер, тұйық қиылыс айқаспалары, бұрма штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілгекті рельс бұрандалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектер

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 еуродан кем емес

7404 00
Мыс қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 330 еуродан кем емес

7601
7601 10 000 0 алынған СЭҚ ТН кодымен жіктеленетін алюмо-берилий лигатурасынан өзге өңделмеген алюминий

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7602 00
Алюминий қалдықтары мен сынықтары

15%, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7603
Алюминий ұнтақтары мен қабыршықтары

15%, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7604 10 100 0
Легирленбеген алюминийден жасалған алюминий шыбықтар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7604 29 100 0
Алюминий құймаларынан жасалған басқа да шыбықтар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7605 Алюминий сымы

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7606
Ені 0,2 мм-ден астам алюминийден жасалған тақталар, табақтар, белдіктер немесе ленталар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7607
Ені (негізін есепке алмағанда) 0,2 мм-ден аспайтын (негізсіз немесе негізімен) қағаздан, картоннан, пластмассадан немесе ұқсас материалдардан жасалған алюминий фольгасы

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7608
Алюминийден жасалған құбырлар және түтіктер

15%, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7609 00 000 0
Алюминий құбырларға немесе түтіктерге арналған фитингтер (мысалы, жалғастырғыштар, иіндер, ернемектер)

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7610
Алюминий металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер және олардың бөліктері, мұнаралар, керегеторлы діңгектер, шатырларға арналған аражабындар, құрылыс фермалары, есіктер, терезелер және олардың рамалары, есіктерге арналған табалдырықтар, балюстрадалар, тіреуіштер және колонналар); металл конструкцияларында пайдалануға арналған алюминийден жасалған беттер, шыбықтар, профильдер, құбырлар және ұқсас бұйымдар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

761100 000 0
Кез келген заттарға арналған (сығымдалған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л-ден астам, қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз резервуарлар, цистерналар, бактар және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7612
Кез келген заттарға арналған (сығымдалған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л-ден аспайтын қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз күбілер, атанақтар, банкілер, жәшіктер және алюминийден жасалған (қатты немесе майыспалы түтік түріндегі сыйымдылықтарды қоса алғанда) ұқсас сыйымдылықтар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7613 00 000 0
Сығымдалған немесе сұйылтылған газдарға арналған алюминий сыйымдылықтар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7614
Электрлік оқшаулаусыз алюминийден жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7615
Алюминийден жасалған асхана, ас үй бұйымдары немесе тұрмыстық қажеттілікке арналған өзге де бұйымдар және олардың бөліктері; алюминийден жасалған, ас үй ыдыстарын жууға арналған жөке, тазалауға немесе жалтыратуға арналған жөкешіктер, қолғаптар және ұқсас бұйымдар; алюминийден жасалған санитарлық-техникалық жабдық жэне оның бөліктері.

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

7616
Алюминийден жасалған өзге де бұйымдар

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 еуродан кем емес

8607
Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 еуродан кем емес

Түзетілетін коэффициенттері бар кесте

СЭҚ ТН бойынша тауар жіктемесі

Түзетілетін коэффициент

К

2710 11 110 0-2710 11900 9

1,2

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 1,2 = 0,225

2710 19 110 0-2710 19 290 0

2710 19 410 0-2710 19 490 0

2710 19 510 1-2710 19 550 9

2710 19 610 1-2710 19 690 9

0,8

0,5 х (0,35+ 0,4) / 2 x 0,8 = 0,15

2710 19 310 0-2710 19 350 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15

2713 20 000 0-2713 90 900 0

0,8

0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 x 0,8  = 0,15

Қазақстан Республикасы тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспортқа арналған ренталық салықты қолданады.

      Ресей Федерациясы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша кедендік баждарды қолданады:

СЭҚ ТН коды Позициялар атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

0302 35 900 0
Көк немесе кәдімгі тунец

5 %

0303
0304 тауар позициясының балық сүбесі мен балық етін қоспағанда, мұздатылған балық

5 %

0306
Сауыттағы немесе сауытсыз, тірі, жаңадан ауланған, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы шаян тектестер

10 %

1201 00
Соя бұршақтары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 еуродан кем емес

1205
Рапстың немесе кользаның тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 еуродан кем емес

1206 00
Күнбағыс тұқымдары, ұсақталған немесе ұсақталмаған

20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 еуродан кем емес

1207 50
Қыша тұқымдары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 25 еуродан кем емес

1605
Дайын немесе консервіленген шаян тектестер, моллюскалар және өзге де су омыртқасыздары

5 %

2207, 2208
Этил спирті

6,5 %

2503 00
Сублимирленген, тұндырылған немесе коллоидтталған күкүрттен басқа, күкірттің басқа барлық түрлері

6,5 %

2510
Табиғи кальций фосфаты, табиғи алюминий-кальций фосфаты және фосфатты бор

6,5 %

2519
Табиғи магний карбонаты (магнезит); балқытылған магнезия; кесектендірудің алдында қосылатын, құрамында басқа оксидтің шағын мөлшері бар қайта күйдірілген (агломерирленген) магнезия;
қоспалары бар немесе қоспалары жоқ басқа да магний оксиді

6,5 %

2523
Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанындағы портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер

6,5 %

2524
Асбест

3%

2601
Күйдірілген пиритті қоса алғанда, кендер және темір концентраттары

6,5 %

2613
Молибден кендері және концентраттары

6,5 %

2615
Цирконий кендері және концентраттары

6,5 %

2620 19
Қара металдар өндірісінің өзге де қалдықтары

6,5 %

2704 00
Таскөмірдің, лигниттің немесе шымтезектің коксы немесе жартылай коксы, ретортты көмір

6,5 %

2705 00 000 0
Мұнай газдары мен басқа да газ тәрізді көмірсутегілерден өзге, таскөмірлі, сулы, генераторлық газ

5 %

2706 00 000 0
Таскөмірлі, қоңыркөмірлі, шымтезекті шайырлар және «қалпына келтірілген» шайырларды қоса алғанда, сусызданған немесе сусызданбаған, ішінара ректификацияланған немесе ректификацияланбаған өзге де минералдық шайырлар

5 %

2707
Майлар және таскөмірлі шайырдың жоғары температурада айдалатын басқа өнімдері; хош иісті құрамдық бөліктердің массасы хош иіссіз массасынан артатын ұқсас өнімдер

5 %

2707 10 Бензол

Ерекше формула

2707 20 Толуол

Ерекше формула

2707 30 Ксилол

Ерекше формула

2708
Таскөмірлі шайырдан немесе өзге де минералды шайырлардан алынған пек және пекті кокс

5 %

2709 00
Битуминоздық жыныстардан алынған шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері

Әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасына қарай арнайы формула бойынша

2710 11
Жеңіл дистилляттар және өнімдер

Ерекше формула

2710 19
Орташа дистилляттар

Ерекше формула

2710 91, 2710 99
Пайдаланылған мұнай өнімдері

Ерекше формула

2711 11
Табиғи сұйылтылған газ

1 000 кг үшін 40 еуро

2711 12 Пропан

Ерекше формула

2711 13 Бутан

Ерекше формула

2711 14 000 0
Этилен, пропилен, бутилен және бутадиен

Ерекше формула

2711 19 000 0
Басқалары

Ерекше формула

271121000 0
Газ тәрізді күйдегі табиғи газ

30 % (Украина үшін арнайы формула бойынша қолданылады)

271129 000 0
Басқа газ тәрізді күйдегі газдар

5 %

2712 10 Мұнай вазелині

Ерекше формула

2712 20
Құрамында 0,75 мас. % кем майы бар парафин:

Ерекше формула

2712 90 310 0
Қайта өңдеудің ерекше процестері үшін

Ерекше формула

2712 90 330 0
2712 90 310 0 кіші қосалқы позицияларда көрсетілген басқа процестердегі химиялық түрленулер үшін

Ерекше формула

2712 90 390 0
Басқа да мақсаттар үшін

Ерекше формула

Басқалары:


2712 90 910 0
1-алкендер қоспасы, құрамы 80 мас. % немесе одан асатын 1-алкендердің ұзын көмірсутекті тізбесінің 24 көміртегі атомынан немесе одан асатын, бірақ көміртегінің 28 атомынан аспайтын 1-алкендер қоспасы

Ерекше формула

2712 90 990 0
Басқалары

Ерекше формула

2713 11000 0
Кальцинирленбеген мұнай коксы

Ерекше формула

2713 20 000 0
Мұнай битумы

Ерекше формула

2713 90
Битуминоздық жыныстардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеудің басқа да қалдықтары

Ерекше формула

2714 90 000 0
Битум және табиғи асфальт, асфальтиттер мен асфальтты жыныстар

5 %

2715 00 000 0
Табиғи асфальттың, табиғи битумның, мұнай битумының, минералды шайыр немесе минералды шайыр пекінің негізіндегі битумды қоспалар (мысалы, битум мастикалары, жол жабындарына арналған асфальтты қоспалар)

5 %

2825
Гидразин және гидроксиламин және олардың органикалық емес тұздары; басқа органикалық емес негіздер;басқа металлдардың тотықтары, гидрооксидтері және пероксидтері:

6,5 %

2902 20
Бензол

Ерекше формула

2902 30
Толуол

Ерекше формула

2902 41 000 0
о-ксилол

Ерекше формула

2902 42 000 0
м-ксилол

Ерекше формула

2902 43 000 0
п-ксилол

Ерекше формула

2905 13 000 0
Бутан-1-ол (спирт н-бутилді)

6,5 %

3104, 3105
Минералды немесе химиялық тыңайтқыш

5 %

3901, 3902
Бастапқы нысандардағы этилен, пропилен немесе өзге де олефиндер полимерлері

6,5 %

4101, 4102, 4103
Өңделмеген терілер

1 000 кг үшін 500 еуро

4104, 4105, 4107
Ірі қара малдың терісінен, қойдың терісінен немесе қозының терісінен алынған, иленген былғары немесе былғарылық краст; иленгеннен кейін немесе былғарылық краст түрінде қосымша өңделген былғары

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 90 еуродан кем, емес

4401
Бөрене, шөркелер, бұтақтар, шөпшек бумалары түріндегі немесе осыған ұқсас түрдегі отындық сүрек; сүректік жоңқа немесе жаңқа, берене, брикеттер, түйіршік немесе осыған ұқсас түрдегі агломерирленбеген немесе агломерирленген үгінділер мен сүректік қалдықтар және сынықтар

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4403
Өңделмеген, қабығы мен жұқа сүрек қабаты алынған немесе алынбаған немесе тұрпайы бөренеленген немесе бөренеленбеген ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4406
Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4407
Өн бойымен араланған немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм-ден асатын шет жақ қосылыстары бар немесе жоқ ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4408 90
Қаптамаға арналған (қабатты сүректі бөлу арқылы алынғандарды қоса алғанда), жапсырылған фанера немесе осыған ұқсас қабатты сүрекке арналған табақтар және өн бойына араланған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, сүректердің басқа түрлерінен (қылқанды және тропикалық тұқымдардан өзге түрлерден) жасалған қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын шет жақ қосылыстары бар немесе жоқ өзге ағаш материалдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4409, 4410, 4412, 4413, 4418, 4421
Профилденген погонаж түріндегі кесілмелі материалдары, сүрек-жаңқалық және сүрек-талшықтық, жапсырылған фанера, блоктар, тақталар, бөрене немесе профилденген нысандағы тығыздалған сүрек, құрылыстық және ұсташылық бұйымдары, басқа да ағаш бұйымдары

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

4701
Сүректік масса

10 %

4703
Еритін сұрыптардан өзге, натрондық немесе сульфаттық сүректік целлюлоза

10 %

4703 21
Қылқан жапырақты тұқымдардан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған

10 %, бірақ 1 000 кг үшін 40 евродан кем емес

4704
Еритін сұрыптардан өзге, сульфиттік, сүректік целлюлоза

10%

4704 21
Қылқан жапырақты тұқымдардан алынған жартылай ағартылған немесе ағартылған

5 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес

4706,4707
Регенерацияланған қағаздан немесе картоннан (макулатурадан және қалдықтардан) немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан алынған талшықты масса; регенерацияланған қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)

10 %

4801
Орамдардағы немесе табақтардағы газет қағазы

5 %

4802, 4804, 4805, 4808,4811, 4814, 4817, 4818, 4819, 4820, 4823 Қағаз және картон, қағаз массадан, қағаз немесе картоннан жасалған бұйым

10 %

7102, 7103, 7104, 7105, 7107, 7109, 7110, 7111, 7112
Асыл немесе жартылай асыл тастар, бағалы металдар, бағалы металдармен жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар

6,5 %

7204, 7302 10 900 0
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихта құймалары); пайдаланылған рельстер

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 еуродан кем емес

7401, 7402, 7403
Мысты штейн; цементтелген мыс (тұндырылған мыс), тазартылмаған мыс; электрлік тазартуға арналған мыс анодтары, тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары

10 %

7404
Мыс қалдықтары мен сынықтары

50 %, бірақ 1 000 кг үшін 420 еуродан кем емес

7405
Мыс негізінде жасалған лигатуралар

10%

7501, 7502
Никельді штейн, никельдің оксид агломераттары және никель металлургиясының басқа да аралық өнімдері; өңделмеген никель

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес

7503
Никельдің қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 750 еуродан кем емес

7601
Өңделмеген алюминий

5%

7602
Алюминийдің қалдықтары мен сынықтары

50 %, бірақ 1 000 кг үшін 380 еуродан кем емес

7802
Қорғасынның қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 105 еуродан кем емес

7901
Өңделмеген мырыш

5%

7902
Мырыштың қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 180 еуродан кем емес

8001, 8002
Өңделмеген қалайы; қалайының қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8101 94, 8101 97, 8102 94, 8102 97, 8103 20, 8103 30
Өңделмеген вольфрам, вольфрамның қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген молибден, молибденнің қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген тантал, танталдың қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8105 30
Кобальттың қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 1 200 еуродан кем емес

8106, 8107
Висмут және оның қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалған бұйымдар; кадмий және оның қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалған бұйымдар

6,5 %

8108 20
Өңделмеген титан, ұнтақтар

6,5 %

8108 30
Титанның қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 000 кг үшін 225 еуродан кем емес

8109 30, 8110 20, 8111 00, 8112 13, 8112 21, 8112 22, 8112 29, 8112 92 200 1, 8112 92 200 9, 8112 52
Цирконийдің қалдықтары мен сынықтары; сүрмелер, марганец және оның қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалған бұйымдар; бериллийдің қалдықтары мен сынықтары; хром; германийдің қалдықтары мен сынықтары; ванадийдің қалдықтары мен сынықтары; таллийдің қалдықтары мен сынықтары; ниобияның (колумбийдің), ренийдің, галлийдің, индийдің қалдықтары мен сынықтары

6,5 %

8607 19
Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы составының бөліктері: осьтері, дөңгелектері және олардың бөлшектері

15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 еуродан кем емес

      Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:

СЭҚ ТН коды Позициялардың атауы

Кедендік баж мөлшерлемесі

1206 00 99 00
Күнбағыс тұқымдары, ұсақталған және ұсақталмаған

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап баж мөлшерлемесі (16 %) жыл сайын 10 % пайыз көрсеткішіне дейін 1 пайыздық тармаққа азаяды

7202 99 80 00
Феррохромникель және басқа ферроқорытпалар

Украинаның ДСҰ-ға мүше болу жылына сәйкес кедендік құн пайызындағы әкету (экспорттық) бажының мөлшерлемесі: бірінші - 30 %, екінші - 27 %, үшінші - 24 %, төртінші - 24 %, бесінші - 21 %, алтыншы - 18 %, жетінші - 15 % (2010 және 2011 жылдар - 24 %)

7204 21
Легирлинген болаттың, тот баспайтын болаттың қалдықтары мен сынықтары

7204 29 00 00
Легирлинген болаттың қалдықтары мен сынықтары және басқалар

7204 50 00 00
Легирлинген болаттан қайта балқыту үшін алынған құйма қалдықтары (шихталық құймалар)

7218 10 00 00
Құймалар мен басқа бастапқы нысандардағы тот баспайтын болат

7401 00 00 00
Мыс штейні; цементтелген мыс (тұндырылған)

7402 00 00 00
Тазартылмаған мыс; электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары

7403 12 00 00
Тазартылған мыстан жасалған сым (ваербарстар) өндіруге арналған құйма дайындамалар

7403 13 00 00
Тазартылған мыстан жасалған билеттер

7403 19 00 00
Басқа тазартылған мыс

7403 21 00 00
Мыс пен мырыш (латундер) негізіндегі қорышалар

7403 22 00 00
Мыс пен қалайы (қола) негізіндегі қорытпалар

7403 29 00 00
Мыстан жасалған (7405 тауарлық позицияның лигатурларын қоспағанда) басқа да қорытпалар

7404 00
Мыстың қалдықтары мен сынықтары

7405 00 00 00
Мыс негізіндегі лигатурлар

7406
Мыс ұнтақтары мен қабыршақтары

7415 29 00 00
Шығыршықтардан басқа (серіппелі шығыршықтарды қоса алғанда), мыстан жасалған басқа да бұрамасыз бұйымдар

7415 39 00 00
Мыстан жасалған басқа да бұрамалы бұйымдар (ағашқа арналған бұрама шегелерді, басқа да бұрандаларды, бұрандар мен тегірлерды қоспағанда)

7418 19 90 00
Мыстан жасалған шаруашылық бұйымдар мен олардың өзге де бөліктері

7419
Басқа мыс бұйымдары

7419 99 10 00
Мата (шексіз ленталарды қоса алғанда), көлденең қимасының мөлшері 6 мм-ден аспайтын мыс сымды торлар және торшалар;
кесіліп тартылған мыс табақ Мыс сымнан жасалған торлар және торшалар

7503 00
Никель қалдықтары мен сынықтары

7602 00
Алюминий қалдықтары мен сынықтары

7802 00 00 00
Қорғасын қалдықтары мен сынықтары

7902 00 00 00
Мырыш қалдықтары мен сынықтары

8002 00 00 00
Қалайы қалдықтары мен сынықтары

810197 00 00
Вольфрам қалдықтары мен сынықтары

8105 30 00 00
Кобальтты штейн мен кобальт металлургиясының басқа да аралық өнімдері; кобальт және қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда, кобальттан жасалған бұйымдар: кобальтты штейн мен кобальт металлургиясының басқа да аралық өнімдері; өңделмеген кобальт; қалдықтар мен сынықтар; ұнтақтар: қалдықтар мен сынықтар

8108 30 00 00
Титанның қалдықтары мен сынықтары

8113 00 40 00
Металлокерамика және оның қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, металлокерамикадан жасалған бұйымдар

      2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасы мен Молдова Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
      Өзбекстан Республикасы Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Ресей Федерациясына, Тәжікстан Республикасына, Украинаға экспорттау кезінде тауарлардың шектеулі тізіміне өзара негізде кедендік баждарды қолдану құқығын өзіне қалдырады.

2011 жылғы 18 қазандағы  
Еркін сауда аймағы туралы 
шартты оның Тараптары мен  
Өзбекстан Республикасы арасында
қолдану туралы Хаттамаға  
2-қосымша       

Шарттың 3-бабына сәйкес күші жойылуға жататын тыйым салулар мен сандық шектеулер (квоталау)

Қырғыз Республикасы
Импортты/экспортты квоталау және оған тыйым салу

Алкоголь өнімі: арақ және ерекше арақ, ликер-арақ бұйымдары, шарап материалдары, шарап, көпіршікті шарап, шампан, шарап сусындары, коньяк, бренди, кальвадос, сыра, өзге де күшті алкоголь ішімдіктері, өзге де әлсіз алкогольді ішімдіктері (коды СЭҚ ТН 2203-2208)

Коньяк пен шампан өндірісіне арналған коньяк спирті мен шарап материалдарының импортын қоспағанда, алкоголь өнімінің, сыраны қоса алғанда, импортын квоталау.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қырғыз Республикасының 2007 жылғы 9 шілдедегі № 98 Заңы.
ДСҰ-ға мүше болып мемлекеттердің алкоголь табылмайтын өнімдерінің импортына қолданылады.

Квотаның көлемі мен квоталау тәртібі «Қырғыз Республикасына әкелінетін алкоголь өнімін квоталау және импорттық квотаны айқындау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі № 227 қаулысымен белгіленген.
Күшін жою күні - 2015 жылғы 1 қаңтар

Өзбекстан Республикасы
Экспортқа тыйым салулар және шектеулер


Қысқаша атауы

СЭҚ ТН коды

Күші жойылған күн

1.

Тірі жануарлар (мал, құс)

0101-0105, 0106 19 100 00, 0106 39 100 00

Өзбекстан Республикасы ДСҰ-ға қосылғанға немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы екі күннің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты

2.

Ет және тағамдық қосымша ет өнімдері

0201-0210

3.

Астық тұқымдастар: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық

10

4.

Ұн, жарма

110100-1106

5.

Өсімдік майлары

1507, 1512 (151211 1000, 1512 21 1000), 1516 техникалық қоспағанда)

6.

Қант

1701-1702

7.

Нан-тоқаш өнімдері (өздері пісірген ұннан жасалған бұйымдардан, пирожныйдан, печеньеден басқа)

1905

8.

Былғары шикізаты (стандарттық емесін қоса алғанда), тері-үлбірлік, оның ішінде қаракөл шикізаты (стандарттық емесін қоса алғанда)

4101-4103, 4301-4302

9.

Тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары. Тазартылмаған жібек (ширатылмаған). Жібек қалдықтары (тарқатуға жарамсыз пілләларды, піллә жіптерінің қалдықтары мен қобыратылған қалдықтарды қоса алғанда)

5001 00 000 0
5002 00 000 0
5003 00 000 0

10.

Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары

7404 00, 7602 00,
7802 00 000 0,
7902 00 000 0,
8002 00 000 0,
8101 97 000 0,
8102 97 000 0,
8103 30 000 0,
8104 20 000 0,
8105 30 000 0,
8106 00 100 0,
8107 30 000 0,
8108 30 000 0,
8109 30 000 0,
8110 20 000 0,
8111 00 190 0,
8112 13 000 0,
8112 22 000 0,
8112 92 210 0


11.

Айтарлықтай көркемдік, тарихи, ғылыми немесе өзге де мәдени құндылықты білдіретін өнер туындылары, көне заттар (суреттер, мүсіндер және басқалары)

97


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады