Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы Заңына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
"Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам" атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырманы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Заң кәсіподақтар қозғалысының ұйымдастырылу негізін айқындау, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау және әлеуметтік әріптестердегі кәсіподақтардың рөлін жоғарылату, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу мақсатында қабылданды.
Бұл міндеттерді іске асыру үшін:
қызметкерлер мүддесі өкілдігін білдіруде және келіссөздер жүргізуде кәсіподақтардың басым құқығын бекіту қаралған. Қолданыстағы тәжірибеде қызметкерлер өкілеттік берген жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар, кәсіподақтармен теңдей дәрежеде қызметкерлердің өкілдері бола алады.
әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың өкілеттіктерін ұлғайту және олардың функцияларын еңбек қатынастарын реттеу деңгейлері бойынша нақтылау мәселесі қаралып отыр.
Мысалы: Кәсіподақ қозғалысының республикалық деңгейінде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау, солар бойынша ұйғарымдар дайындау, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдерді болдырмау және олардың алдын алу нормалары қарастырылды.
Сондай-ақ, салалық комиссиялардың функциялары: тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау; саладағы еңбекақы төлеу жүйесінің негізгі принциптерін айқындау, салаға қажетті мамандықтарды анықтау және оларды даярлау мәселелері бойынша кеңейтілді.
бас, салалық және өңірлік келісімдердің орындалу міндеттілігі мен келісімдердің мазмұнын нақтылау белгіленіп отыр. Бұл үшін, заң жобасында бас, салалық және өңірлік келісімдердің орындалуы барлық атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлер мен олардың өкілдері тарапынан міндетті екендігін көздейтін өзгерістер енгізіледі.
Келісімдердің орындалу міндеттілігі кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестіктегі рөлін күшейтеді, өз мүдделерін әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде қорғау мүмкіндігін ұлғайтады;
кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік деңгейлері бойынша міндетті мүшелігі. Кәсіподақтардың қызметін әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде мүшелік принципімен құру ұсынылды.
Кәсіпорындарда жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің өкілі болып есептелінеді.
Жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметкерлердін мүдделерін өңірлік деңгейде қорғау үшін кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктеріне бірігуге құқылы, ал салалық деңгейінде қорғау үшін – салалық кәсіподақтарға мүше ұйым ретінде кіруге тиіс.
Өз кезегінде кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қызметкерлер мүдделерін республикалық деңгейінде қорғау үшін, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктеріне мүше ұйым ретінде кіруге тиіс.
Мүше ұйым өзі мүше болып табылатын кәсіптік бірлестіктің (кәсіподақтың) жарғысын мойындауға және сақтауға тиісті.
Сонымен бірге, заңға сәйкес:
Кәсіподақтар нақты бір кәсіподақ бірлестігінің мүшелік ұйымы болуға міндетті емес, оларға өз қалауы бойынша әртүрлі кәсіподақтарға енуіне, немесе өздігінше кәсіподақтар бірлестігін құруына болады.
ұйымдық көпшілдік құқығы шектемейтінін және бір кәсіподақтың үстемдігін белгілемейді. Мысалы, бір ұйымда бірнеше жергілікті кәсіподақтар құрылып және қызметін асыра алады, бұл басқа да әлеуметтік әріптестердің деңгейіне қатысты, бір салады – көп салалық кәсіподақтар, әкімшілік-өңірлік бірлікте - аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, республикада – республикалық кәсіподақтар бірлестіктері;
салалық кәсіподақтардың игемдігі сақталады. Нақтырақ айтқанда, қызметкерлерінің; сала ұйымдарының жалпы; құрылымдық бөлiмшелерi; ұйымдық мүшелері саны бойынша;
кәсiподақтар жарғыларын, құрылымын дербес әзірлеу және бекіту, қызметтің басым бағыттарын айқындау, кәсіподақ органдарын құру, қызметін ұйымдастыру, жиналыстар, конференциялар, съездер және басқа да іс-шараларды өткізу құқығы бекітіледі;
кәсіподақтар мүшелік ұйым ретінде құрылтайшы келісім шарт және жарғы негізінде қызмет атқаратын болады, сонымен қатар олар өзінің дербестігін және заңды түлға құқығы сақталатын болады.
Қауымдастық мүшелік принципі барлық кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейіндегі
іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру процесіне жүйелі қатысуына,
азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін шоғырлану негізінде қозғайтын өзекті мәселелер бойынша шешім қабылдауға,
қызметкерлердің кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерінің басшы органдарымен кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
Қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қайшы келмейді.
Заңның қабылдауына байланысты құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдардың туындауына әкеп соқтырмайды.