2003 жылғы 28 қарашада Мадридте қабылданған Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзету ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Шекарааралық су арналары мен
халықаралық көлдерді қорғау және
пайдалану туралы конвенция
тараптарының кеңесі
Конвенцияның 25 және 26-баптарына түзету
1. 2003 жылғы 28 қарашада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Швейцария Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы ұсынысы бойынша III/1 шешімін (MP.WAT/2003/4 қараңыз) қабылдау арқылы Конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетулер енгізді.
2. Осы шешім, түзетудің мәтінін қоса алғанда, төменде келтірілген қосымшада қамтылған.
GE.04-30053 (R) 190104 190104
ECE/MP.WAT/14
Қосымша
III/1 шешім
Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және
пайдалану туралы конвенцияға түзету
Тараптар Кеңесі
трансшекаралық су арналары мен халықаралық өзендерге іргелес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және су ресурстарын орнықты басқаруға ықпал ететініне және жалпы игілікке қызмет ететініне нық сенім білдіре отырып,
бүкіл әлемдегі өзен бассейндері шеңберінде ынтымақтастыққа ықпал етуге және әлемнің басқа өңірлерімен тәжірибе бөлісуге ниет білдіре отырып,
сондықтан да БҰҰ ЕЭК-нің басқа табиғат қорғау конвенцияларында көзделгендей (мысалы, Ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процесіне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияда және Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияда), сондай-ақ трансшекаралық суларға өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсерінен келтірілген залал үшін азаматтық жауапкершілік және өтем туралы хаттамаға сәйкес БҰҰ ЕЭК өңірі шегінен тыс орналасқан мемлекеттерге Конвенцияның Тараптары болуға мүмкіндік беруге ниет білдіре отырып,
1. Конвенцияға мынадай түзетулерді қабылдайды,
а) 25-бапта 2-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа тармақ қосылсын:
«3. 2-тармақта көрсетілмеген, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып табылатын кез келген басқа мемлекет Тараптар Кеңесінің келісімімен Конвенцияға қосыла алады. Мұндай мемлекет өзінің қосылу туралы құжатында оның Конвенцияға қосылуына Тараптар Кеңесінен келісім алынғаны туралы мәлімдейді және келісім алынған күнді көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелерінің тарапынан жасалған кез келген осындай қосылу туралы өтініш 2003 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша Конвенцияның Тараптары болып табылған барлық мемлекеттер мен ұйымдар үшін осы тармақ күшіне енгенге дейін Тараптар Кеңесінің келісімін алу нысанасы ретінде қарастырылмайды».
және тиісті түрде қалған тармақтардың нөмірленуі өзгертілсін;
b) 26-баптың 3-тармағындағы «23-бапта» деген сөздерден кейін «немесе 25-баптың 3-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
2. Конвенция Тараптарын өздерінің түзетулерді қабылдағаны туралы құжаттарын сақтауға мүмкіндігінше тез арада тапсыруға шақырады;
3. Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін кез келген мемлекетті немесе ұйымды жоғарыда аталған түзетуді бір мезгілде ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге табандылықпен шақырады;
4. БҰҰ ЕЭК өңірі шегінен тыс орналасқан, атап айтқанда онымен шектесетін мемлекеттерді Конвенцияға қосылуға және осы мақсатпен Тараптар Кеңесінің мақұлдауын сұратуға шақырады;
5. Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері – мүдделі мемлекеттерге оның кеңестеріне байқаушылар ретінде қатысуға және Конвенция жұмысының бағдарламасы аясындағы қызметке қатысуды ұсынады;
6. БҰҰ ЕЭК мүшелерімен – жағалаудағы мемлекеттермен әлі техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырмайтын және екіжақты немесе көпжақты келісімдер жасаспаған БҰҰ ЕЭК өңірімен шектесетін мемлекеттерге Конвенцияның II бөлімінің ережелеріне сәйкес мұны кідіріссіз жасауды ұсынады.
2012 жылғы 6 қараша
КУӘЛІК
Кімге қатысы бар, соларға
Қоса берілген құжат 2003 жылғы 28 қарашада ағылшын, орыс және француз тілдерінде Женевада қабылданған Шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26 баптарына түзетулердің түпнұсқа мәтінінің нақты көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Габриэль Гетше-Ванли,
Келіссімдік секция басшысы,
Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарма
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Конвенцияға түзетудің ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.