Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 тамыздағы № 344-V ҚРЗ

      2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы
КЕЛІСІМ

(2015 жылғы 25 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2015 ж., № 5, 52-құжат)

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      өз мемлекеттерінің арасындағы көршілес, әріптестік қарым-қатынастарды, олардың арасында әр түрлі салада, оның ішінде заңсыз көші-қонға және трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      Тараптардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуінің жүрген және болудың тәртібін бұза отырып, өз мемлекеттерінің аумағында адамдарды қайтару, қабылдау және беру тәртібін айқындайтын келісілген қағидаттары мен нормаларын қолданысқа енгізу көші-қон процестерін реттеудің маңызды ажырамас бөлігі, сондай-ақ заңсыз көші-қонға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі үлес болып табылатынына сенімді бола отырып,
      Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оның аумағындағы немесе оның аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін жауапкершілік белгілеу бойынша Тараптардың әрбір мемлекеттерінің егеменді құқығын құрметтей отырып,
      осы Келісім 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпы декларациясы және басқа да халықаралық шарттар бойынша, халықаралық құқық нормаларын қоса атап айтқанда, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындар мәртебесіне қатысты хаттамада, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенцияда, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген Тарап мемлекеттерінің құқықтарын, жауапкершілігі мен міндеттемелерін кемсітпейтіндігін атап өте отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
      «реадмиссия» - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша осы мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, осы мемлекеттің аумағына кірген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда сұрау салынатын Тарап Мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;
      «сұрау салушы Тарап» - реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу жіберетін Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы;
      «сұрау салынатын Тарап» - Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы атына реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
      «үшінші мемлекеттің азаматтары» - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы жоқ және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;
      «азаматтығы жоқ адамдар» - осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының әрекеті қолданылатын, басқа Тарап мемлекетінің аумағына кіргеннен кейін бір Тарап мемлекетінің азаматтығын жоғалтқан адамдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиісті дәлелдемелері жоқ адамдар;
      «құзыретті органдар» - осы Келісімді іске асыруға қатысатын Тараптар мемлекеттерінің органдары;
      «орталық құзыретті орган» - осы Келісімді іске асыру бойынша негізгі міндеттер жүктелетін әрбір Тарап мемлекетінің органы;
      «мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті» - олардың құрлықтағы шекараларынан, оның ішінде халықаралық әуежайлардан өту үшін әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген Ресей Федерациясының немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті;
      «дербес деректер» - осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;
      «Атқару хаттамасы» - осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы Атқару хаттамасы;
      «транзит» - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы жүру жолында сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке өтуін білдіреді.

2-бап
Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы

      1. Егер олар сұрау салынатын Тараптың азаматтары болып табылатыны не болмаса сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін азаматтығын жоғалтқаны және басқа мемлекеттің азаматтығын алмағаны анықталса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша осы мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, сұрау салатын Тараптың аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды қабылдайды.
      2. Қажет болған жағдайда Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырылатын адамдарға әрекет ету мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайтын олардың осы мемлекеттің аумағына келуі үшін қажетті құжаттарды береді.
      3. Адамда сұрау салынатын Тарап мемлекеті азаматтығының бар екенін айқындауға негізі болатын құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында беріледі.
      Осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар бойынша осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы басқа Тарапқа хабарлайды.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардың бірде біреуі ұсынылмайтын болса, Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары оның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады.
      5. Егер адамның реадмиссиясы үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің жоқ екені анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері тапсырған адамды қайта қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына оның қарамағындағы осы адамға қатысты материалдарды береді.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары берген тұруға жарамды рұқсаты бар болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды беру Атқару хаттамасының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ
адамдардың реадмиссиясы

      1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында жүрген үшінші мемлекеті азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның, егер мұндай адамның:
      шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша сұрау салушы Тарап мемлекетінің заңнамасын бұза отырып, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келгені;
      реадмиссия туралы сұрау салу жіберген сәтте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұру немесе болуы үшін заңды негіздері бар екені туралы дәлелдемелері ұсынылса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
      2. Егер үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам:
      қатысушы сұрау салушы Тарап болып табылатын мемлекет халықаралық шартқа сәйкес визасыз тәртіпте сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңды негіздерде келсе;
      сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына тікелей келер алдында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы халықаралық әуежайдың транзиттік аймағында ғана болса, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссия бойынша міндеттеме қолданылмайды.
      3. Егер үшінші мемлекеттің азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаты және мұндай адамның азаматтық немесе тұрақты тұру мемлекетінің құзыретті органының осындай құжатты беру мүмкіндігі болмаса, онда реадмиссия туралы сұрау салуға оң жауап алынған соң сұрау салушы Тарап мұндай адамға мерзімі кемінде 30 күнтізбелік күнді құрайтын сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуі үшін қажетті құжатты береді.
      Тараптар осы Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде дипломатиялық арналар бойынша осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа хабарлайды.
      4. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің болуын көрсететін құжаттар тізбесі Орындау хаттамасында беріледі.
      Тараптар осы Келісім мен Орындау хаттамасы күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа хабарлайды.
      5. Егер оның реадмиссиясы үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жоқ екені анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өздері тапсырған адамды қайта қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына оның қарамағындағы осы адамға қатысты материалдарды береді.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің уәкілдік берілген органдары берген тұруға арналған жарамды рұқсаты бар болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді. Мұндай адамды беру Орындау хаттамасының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

4-бап
Реадмиссия туралы сұрауларды жіберу және қарау мерзімдері

      1. Үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға қатысты сұрауды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің тікелей орталық құзыретті органына мұндай адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында заңсыз келуі немесе заңсыз болуы фактісін және (немесе) оның жеке басын анықтаған күннен бастап 180 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жолдайды.
      2. Егер Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары бұл адамды беру үшін осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көзделген қажетті шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органдары адамды реадмиссиялау туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде оны қабылдауға келісімін береді немесе оны қабылдаудан дәлелді бас тартады. Реадмиссия туралы сұрау салуға уақтылы жауап беру үшін кедергі келтіретін заңды немесе нақты сипаттағы мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының дәлелді өтініші негізінде күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартылады.

5-бап
Адамдарды беру және қабылдау мерзімдері

      1. Егер Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, сұрау салынатын Тарап реадмиссиялауға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
      2. Егер адамдарды беруге объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен онда аталған адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына берілмейтін болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бұл туралы тиісті жазбаша хабарлама жолданады.
      3. Оған қатысты сұрау салынатын Тарап реадмиссияға келісім берген адамды беру мүмкін болмағанда, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына дереу тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

6-бап
Транзит

      1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатындығына қарамастан, осы тармақта көрсетілген адамдарға үшінші мемлекеттің аумағына кедергісіз келуі ұсынылатынына кепіл берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекеті құзыретті органының сұрау салуы бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы реадмиссия тәртібімен үшінші мемлекеттерге берілетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Егер Тараптар мемлекетінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаластыққа қол жеткізбесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы алдын ала, бірақ адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келуінің болжанған күніне күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей жібереді.
      4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы адамдардың транзиті туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде транзитке келісім береді немесе транзитті жүзеге асырудан дәлелді түрде бас тартады.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өтініші бойынша барынша көмек көрсетеді.
      6. Егер:
      межелі мемлекетте немесе басқа транзит мемлекетінде үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға азаптауларға, қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне ұшырайтынына, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни, ұлттық тиесілік белгілері, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік ортаға немесе саяси нанымы бойынша қудалау қаупі болса;
      мұндай адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекеттінің аумағында болуы ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халық денсаулығы тұрғысынан қолайсыз болған сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды транзиттеуден бас тартуы мүмкін.
      7. Егер олар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына кірген соң оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелер белгіленген болса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағына кедергісіз келуіне кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.
      8. Тараптар олардың азаматтық мемлекеттеріне немесе тұрақты тұру мемлекеттеріне тікелей қайтарылуы мүмкін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит оқиғаларына шектеу қою бойынша екіжақты негізде шаралар қабылдайды.
      9. Тараптар үшінші мемлекеттердің және азаматтығы жоқ адамдардың транзитін тек әуе көлігімен жүзеге асырады.

7-бап
Дербес деректерді қорғау

      1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректер оның заңнамасына және Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес әрбір Тарап мемлекетінде қорғалуға тиіс.
      2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана дербес деректерді алмасады және олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

8-бап
Шығыстар

      1. Егер шығыстарды көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші тараптар төлей алмайтын жағдайда, реадмиссияға және осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағында және 3-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарды сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесіп жүруге байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
      2. Егер шығыстарды көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші тараптар төлей алмаған жағдайда, осы Келісімнің 6-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитіне және ықтимал ілесіп жүруге, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
      3. Осы Келісімнің 2-бабының 5-тармағында және 3-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдарды беруге және сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін оларға ықтимал ілесіп жүруге байланысты шығыстарды, реадмиссия үшін негізі болмаған әрекеті немесе әрекетсіздігі адамды беруге әкелген Тарап көтереді.

9-бап
Атқару хаттамасы

      Тараптар:
      құзыретті органдарға және олардың арасында өкілеттіктерді бөлуге;
      реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салу мазмұнына және оны жолдау тәртібіне;
      әңгімелесулер өткізуге;
      реадмиссия немесе транзит рәсімдеріне;
      үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды ілесіп барып, адамдарды беру шарттарына;
      осы Келісімді орындаумен байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты ережелерді қамтитын Атқару хаттамасын жасайды.

10-бап
Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру және жаңғырту

      1. Әрбір Тарап ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету немесе халықтың денсаулығын сақтауға байланысты себептер бойынша осы Келісімнің қолданылуын ішінара немесе толық тоқтата тұруы мүмкін.
      2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы бір Тарап осындай шешімнің іске асырылуының басталуына дейін 72 сағаттан кешіктірмей екінші Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша жазбаша түрде хабарлайды.

11-бап
Ынтымақтастық қағидаттары

      1. Тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда туындайтын және осы Келісімді іске асыруға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер консультациялар және олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
      2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өзара уағдаластық бойынша осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сарапшылардың жұмыс кездесулері мен консультацияларын өткізе алады.

12-бап
Басқа халықаралық шарттарға ара қатынасы

      1. Осы Келісім өз мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      2. Осы Келісімде өзге формальды немесе формальды емес уағдаластықтар негізінде осы немесе өзге адамды қайтаруға ешнәрсе кедергі болмайды.

13-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы баптың 2-тармағы сақтала отырып, осы Келісім Тараптардың Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар бойынша соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      2. Осы Келісімнің 3-бабының ережелері осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 3 жыл өткеннен кейін қолданыла бастайды. Осы 3 жыл кезеңі ішінде көрсетілген ережелер тек Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтарына және сол үшінші мемлекеттердің азаматтығы жоқ адамдарына ғана қатысты қолданылады.
      3. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын және тиісті хаттамамен ресімделген өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      4. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданылуы бір Тарап оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы басқа Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткеннен кейін тоқтатылады.
      5. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптар оның қолданылған кезеңінде туындаған міндеттемелерді реттейді.

      2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іскер асыру
тәртібі туралы атқару хаттамасы

      Бұдан әрі Тараптар аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      2012 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді реттеуге екіжақты ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Құзыретті органдар

      1. Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар:
      Қазақстан Республикасынан:
      орталық құзыретті орган - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      құзыретті органдар - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
      Ресей Федерациясынан:
      орталық құзыретті орган - Федералдық көші-қон қызметі;
      құзыретті органдар Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі және Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
      3. Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары бір-бірімен тікелей өзара әрекет етеді.
      4. Осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары оның күшіне енген күнінен бастап дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жазбаша нысанда байланыс деректерін күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлайды.
      5. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-біріне жазбаша нысанда дереу хабарлайды.

2-бап
Азаматтығы болуын дәлелдеу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай құжаттармен:
      Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен;
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен;
      шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхаты;
      азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты;
      Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
      босқын куәлігі;
      теңізшінің паспорты;
      шетелдік паспорт;
      қайта оралуға арналған куәлікпен расталады;
      баланың туу туралы куәлігімен (ата-анасының біреуінің паспортында жазба болған жағдайда).
      2. Ресей Федерациясының азаматтығы мынадай құжаттармен:
      Ресей Федерациясы азаматының паспортымен;
      Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспортымен;
      дипломаттық паспортпен;
      қызметтік паспортпен;
      дипломаттық паспортпен, қызметтік паспортпен, Ресей Федерациясынан тыс жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспортымен және оларға балалары туралы енгізілген мәліметтерімен бірге, соның ішінде балалардың Ресей Федерациясы азаматының болуын растау үшін лауазымды адамның қолымен және құзыретті органның тиісті мөрімен расталған Ресей Федерациясы азаматының паспортымен;
      теңізшінің паспортымен (теңізшінің жеке куәлігімен);
      Ресей Федерациясының азаматтығы туралы қосымша беті бар әскери қызметкердің жеке куәлігімен (әскери билетімен);
      Ресей Федерациясына келуге (қайтып оралуға) арналған куәлікпен;
      Ресей Федерациясының азаматтығы туралы қосымша беті бар туу туралы куәлікпен;
      ата-анасының, ата-анасының біреуінің немесе бір ата-анасының ресей азаматтығы туралы енгізілген мәліметтермен бірге туу туралы куәлікпен;
      Ресей Федерациясының азаматтығын растайтын белгісі бар туу туралы куәлікпен расталады.
      3. Мынадай:
      осы баптың 1-тармағында көрсетілген жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
      осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері немесе телнұсқалары;
      реадмиссиялауға жататын адам толтырған осы Атқару хаттамасына 1-қосымшада көзделген нысандағы өтініш;
      тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері;
      мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
      реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған жағдайда адамда Қазақстан Республикасының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.
      4. Мынадай:
      осы баптың 2-тармағында көрсетілген жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
      осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері немесе телнұсқалары;
      Ресей Федерациясының азаматтығына тиесілігі туралы қосымша беті бар КСРО азаматының паспорты;
      1992 жылғы 6 ақпанда қоса алғандағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша Ресей Федерациясының аумағында тіркелгені туралы мөртабаны бар КСРО азаматының паспорты;
      осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттармен қатар Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдары берген өзге де құжаттар;
      реадмиссиялауға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
      тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері;
      мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
      реадмиссиялауға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған жағдайда адамда Ресей Федерациясының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.

3-бап
Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ
адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің болуын дәлелдеу

      1. Мынадай құжаттар:
      жеке басты куәландыратын және шекарадан өтуге құқық беретін кез келген құжат түріндегі Тараптар мемлекеттерінің тиісті өкілетті органдарының келу (кету) белгісі;
      жалған немесе жасанды нысанды құжаттағы Тараптар мемлекеттері өкілетті органдарының келу (кету) белгісі;
      сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға жарамды рұқсат;
      сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген босқынның жарамды куәлігі;
      сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген босқынның жарамды жол жүру құжаты;
      сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіздерді дәлелдеу болып табылады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша рәсімдерсіз таниды.
      3. Мынадай құжаттар:
      сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға рұқсат, босқын куәлігі және босқынның жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күн бұрын өтіп кеткен жол жүру құжаты;
      сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында сұрау салушы Тарап мемлекетінің өкілетті органдары берген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен виза;
      мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
      реадмиссиялауға жататын адамнан заңды негіздерде алынған жазбаша түсіндірмелер;
      куәгерлердің жазбаша түсіндірмелері үшінші мемлекеттердің азаматын және азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялау үшін негіздердің бар болуын жанама дәлелдеу болып табылады.
      4. Егер сұрау салынатын Тарап оларды жоққа шығармаса, осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау үшін негіз ретінде танылады.

4-бап
Өзге құжаттар

      1. Егер сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша осы Атқару хаттамасының 2 және 3-баптарында көзделмеген өзге құжаттар реадмиссиялауға жататын адамның азаматтық тиесілігін айқындау не болмаса үшінші мемлекеттің азаматы мен азаматтығы жоқ адамды реадмиссиялау үшін негіздерді белгілеу үшін елеулі маңызға ие болса, онда мұндай құжаттар реадмиссия туралы сұрау салуға қоса берілуі мүмкін.
      2. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы шешеді.

5-бап
Әңгімелесу

      1. Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекеті орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгімелесу өткізу бойынша негізгі міндет сұрау салушы Тарап мемлекетінің сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі орталық құзыретті органның өкіліне жүктеледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сұрау салынатын Тарап мемлекеті орталық құзыретті органының өкілі болмағанда, әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекеменің қызметкері өткізеді.
      3. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының өкілі не (осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда) сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Орындау хаттамасының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған, әңгімелесу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
      4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарымен келісіледі.

6-бап
Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу
тәртібі, сондай-ақ оған жауап жіберу тәртібі

      1. Осы Атқару хаттамасының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына пошта байланысы немесе курьер арқылы жібереді.
      2. Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын реадмиссиялау туралы сұрау салуға реадмиссиялауға жататын адамда сұрау салатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екендігін растайтын не болмаса азаматтығы бар деп ұйғаруға негіздің болуын көздейтін осы Атқару хаттамасының 2 және 4-баптарында көрсетілген сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
      3. Үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды реадмиссиялау туралы сұрау салуға олардың бар болуы көрсетілген адамдарды реадмиссиялау үшін негіздердің бар екенін растайтын немесе болмаса реадмиссиялау үшін негіздер бар деп ұйғаруға негіз беретін, осы Атқару хаттамасының 3 және 4-баптарында көрсетілген сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
      4. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы реадмиссиялау туралы сұрау салудың «Б» тармағында реадмиссиялауға жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулығының жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
      5. Реадмиссиялау туралы сұрау салуға жауап сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органымен пошта байланысы немесе курьер арқылы, қажет болған жағдайда техникалық құралдардың көмегімен жазбаша нысанда Келісімнің 4-бабының 2-тармақшасында белгіленген мерзімде жібереді.

7-бап
Транзит туралы сұрау салуды жолдау және оған жауап беру тәртібі

      1. Осы Атқару хаттамасының 4-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған транзиттеу туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы Келісімнің 6-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде сұрау салынушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына пошта байланысы немесе курьер арқылы жолдайды.
      2. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы транзиттеу туралы сұрау салудың «Б» тармағында транзиттеуге жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулығының жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
      3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына транзиттеу туралы сұрау салудың жауабын Келісімнің 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы пошта байланысымен немесе курьер арқылы және қажет болған кезде ақпаратты қосымша техникалық құралдардың көмегімен жазбаша нысанда жібереді.

8-бап
Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамға ілесіп жүру

      1. Адамға ілесіп жүрумен реадмиссиялау немесе транзиттеу қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына ілесіп жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен жарамдылық мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімдерін хабарлайды.
      2. Ілесіп жүретін адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның заңнамасын сақтауға міндетті.
      3. Ілесіп жүретін адамдар азаматтық киімде болуы тиіс, сондай-ақ олардың өзімен бірге жарамды паспорттары мен реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластықты растайтын құжаттары болуы тиіс.
      4. Ілесіп жүретін адамдар қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектеу қойылған немесе айналымнан алынған өзге де заттарды өздерімен бірге алып жүре алмайды.
      5. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ілесіп жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етумен байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде ілесіп жүретін адамдарға барынша көмек көрсетеді.

9-бап
Реадмиссия немесе транзит рәсімі

      1. Адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің барлығында жүзеге асырылады.
      2. Реадмиссия немесе транзит күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттері құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша белгіленеді.
      3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы реадмиссиялауға жататын адамды беру жоспарланған күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына осындай берудің шарттары туралы хабарлайды.
      Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осындай ақпаратты алған күннен бастап 4 жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына беру шарттарының тиімділігі туралы хабарлайды.
      4. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы үшін тиімсіз болған жағдайда, басқа беру шарттары барынша қысқа мерзімде келісілуге тиіс.

10-бап
Тілі

      Келісімнің ережелерін және осы Атқару хаттамасын іске асыру Мақсатында осы Атқару хаттамасына 1234-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.

11-бап
Шығыстар

      1. Сұрау салынатын Тараптың реадмиссияны немесе транзитті жүзеге асыруда жұмсаған шығыстарын сұрау салушы Тарап екі тарапқа тиімді валютада, Келісімнің 8-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған шығындарды растайтын қаржылық құжаттары қоса берілген жасалған шығыстар туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде төлейді.
      2. Келісімнің 2-бабы 5-тармағында және 3-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдарды беру кезінде бір Тараптың жұмсаған шығыстарын Келісімнің 8-бабы 3-тармағына сәйкес екінші Тарап жұмсалған шығындарды растайтын қаржылық құжаттар қоса берілген жұмсалған шығыстар туралы хабарламаны өзінің алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде екі Тарап үшін тиімді валютада төлейді.

12-бап
Қосымшалар

      Осы Атқару хаттамасына 1234-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

13-бап
Қорытынды ережелер

      1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір уақытта күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей заңды күші бар.
      Осы Атқару хаттамасын түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының      Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін

20 __ жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы  
келісімді іске асыру тәртібі  
туралы атқару хаттамасына   
1-қосымша          

20 __ жылғы «___» ___________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге сәйкес
реадмиссияға жататын адамның
ӨТІНІШІ

1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) _______________________
_____________________________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаты __________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұратын жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы тұрғылықты жерінің
мекенжайы ___________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кірген күні
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру тәсілі
_____________________________________________________________________
10. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына кіру мақсаты
_____________________________________________________________________
11. Өзге де мәліметтер ______________________________________________

Жеке қолы

20 __ жылғы «___» _________

Өтініш толтырылған жер
___________________________

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық
құзыретті органы өкілінің қолы _____________
__________________
__________________

20 __ жылғы «___» ____________ 
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы  
келісімді іске асыру тәртібі 
туралы атқару хаттамасына   
2-қосымша          

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы

_________________________________________       ____________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық          (орны мен күні)
   құзыретті органының атауы)

Нөмірі ________________________________
Кімге  ________________________________
       (Атқару хаттамасының 5-бабының
      3-тармағына сәйкес органның атауы)

20 __ жылғы «____» _______________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру
тәртібі туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес
әңгімелесу өткізу туралы сұрау салу

А. Дербес деректер:
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) _____________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________
_____________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________
_____________________________________________________

Сурет

4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары)
____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

6. Азаматтығы мен тілі
____________________________________________________________________
7. Отбасы жағдайы:__________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір)
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Балаларының (егер болса) аттары және жасы және олардың тұратын жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы _____________
_____________________________________________________________________
10. Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер __________________________
_____________________________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Адамның қолында бар құжаттары:

_________________________________        ____________________________
           (құжат түрі)                     (берген күні және орны)

_________________________________        ____________________________
      (құжатты берген орган)          (жарамдылық мерзімі өткен күні)

Б. Ескертпе

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Әңгімелесу өткізілген орын __________________________________________

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы
__________________

М.О.

20 __ жылғы «___» ____________ 
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы
келісімді іске асыру тәртібі
туралы атқару хаттамасына
3-қосымша        

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы

_______________________________         _____________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық     (орны мен күні)
құзыретті органының атауы)

Нөмірі _______________________________
Кімге ________________________________
     (Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің
     орталық құзыретті органының атауы)

20 __ жылғы «___» ________________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру
тәртібі туралы атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес реадмиссия
туралы сұрау салу

А. Дербес деректер
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) _____________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________
_____________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________
_____________________________________________________

Сурет

4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары)
_____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары __________________________
_____________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Берілген тұруға ықтиярхаттар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар
немесе визалар туралы мәліметтер ____________________________________
8. Отбасы жағдайы:___________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ ажырасқан тұл ер адам (жесір)
Жұбайының аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Балаларының (егер болса) аттары және жасы және олардың тұратын жерлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз кіргені
немесе онда болғаны туралы шешім қабылдаудың негізі _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар

1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету,
жұқпалы аурудың атауы және басқасы) _________________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасағаны үшін
күдікті, агрессиялық мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

В. Азаматтық тиесілілігінің қоса берілетін дәлелдемелері

1. Азаматтық тиесілілігін растайтын құжаттар:

_________________________________       _____________________________
           (құжат түрі)                     (берген күні мен орны)

_________________________________       _____________________________
      (құжатты берген орган)         (жарамдылық мерзімі өтетін күні)

2. Азаматтық тиесілілігін болжауға негіз беретін құжаттар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Г. Ескертпе

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы
___________________________

      М.О.

20 __ жылғы «___» ____________ 
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы реадмиссия туралы
келісімді іске асыру тәртібі
туралы атқару хаттамасына
4-қосымша        

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің елтаңбасы

_______________________________         _____________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің              (орны мен күні)
орталық құзыретті органының атауы)

Нөмірі _______________________________
Кімге ________________________________
    (Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің
     орталық құзыретті органының атауы)

20 __ жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру
тәртібі туралы атқару хаттамасының 7-бабына сәйкес транзит
туралы сұрау салу

А. Дербес деректер
1. Толық аты (тегінің астын сызып көрсетіңіз) _____________________________________________________
2. Тұрмысқа дейінгі тегі ____________________________
_____________________________________________________
3. Туған күні мен жері ______________________________
_____________________________________________________

Сурет

4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі,
айрықша белгілері және басқалары) ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы
аттары, өзге де аттары немесе лақап аттары) _________________________
____________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі ______________________________________________
7. Жол жүру құжатының түрі мен нөмірі _______________________________
_____________________________________________________________________

Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар

1. Денсаулық жағдайы (ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету,
жұқпалы аурудың атауы және басқасы) _________________________________
_____________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (қылмыс жасағаны үшін
күдікті, агрессиялық мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

В. Транзиттік операция

1. Межелі мемлекет __________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері ____________________________
_____________________________________________________________________
3. Мемлекеттік шекараны болжамды кесіп өту орны, күні, уақыты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Еріп жүретін адамдар туралы мәліметтер: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Г. Ескертпе

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басқа транзит мемлекетінің және (немесе) межелі мемлекеттің адамды
қабылдауына кепілдік берілген

Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы
_______________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады