Бүгін Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
ҚР ҰЭМ, 12 қараша. Бүгін Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң 5 институционалдық реформа шеңберінде 91 және 92-қадамдарды іске асыру мақсатында әзірленген және мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.
Заңның негізгі тұжырымдамалық бағыттары:
1. Премьер-Министрмен жасалатын меморандумдарда министрлер мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері үшін түйінді индикаторларды жыл сайын бекіту.
2. Стратегиялық бағыттарды, мақсаттар мен нысаналы индикаторларды қамтитын стратегиялық жоспардың жаңа форматын енгізу.
3. Нәтижелерге қол жеткізуге назар аудара отырып Парламентте бюджет жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті ұсыну.
4. Бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және бюджеттік бағдарламалары басшыларының жауапкершілігін енгізу.
Заңда Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.