РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заң 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына;".
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне сәйкес, оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып айқындайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.";
2) 12-бап мынадай мазмұндағы 32-1) және 43-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-1) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;";
"43-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
3) 43-бапта:
7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.";
9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация беретін мынадай құжаттар:";
4) 44-1-бапта:
2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын интернет-ресурста деректерді апта сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы белгіленген үлгідегі өтiнiшті бередi. Бұл ретте өтінішке міндетті түрде өтініштің қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда келісу үшін жер учаскесін таңдау актісі алынған күн көрсетіледі.";
4-тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.";
"Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі.
Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді.";
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келіседі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі.";
8-тармақтың төртінші, бесінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, ал жер-кадастрлық кітап пен жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қол қойған уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі.";
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі жер-кадастрлық жоспармен қоса және уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жіберіледі.";
5) 49-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.";
6) 148-баптың 1-тармағында:
1) тармақша "тиісті органдарға" деген сөздерден кейін "немесе Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "жер пайдаланушыларға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 152-баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";
8) 153-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "электрондық түрде" деген сөздер "электрондық нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке:";
9) 158-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, Мемлекеттік корпорация және лауазымды адамдар жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз етуге мiндеттi.";
10) 162-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.".
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжаттар; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 68-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушілер (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы;";
2) 71-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингтеуге жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.";
3) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеуші (салық агенті) осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.";
4) 76-баптың 2-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынуға құқылы.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.";
5) 156-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;";
6) 406-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:";
"Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осындай тiркелген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:";
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:";
"Құқықтарын мемлекеттiк тiркеу ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан кейiн жүргiзiлген, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган мұндай тiркеу жылынан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалатын құн тұрғынжайдың жаңадан салынған салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж бойынша салық базасы болып табылады:";
6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.";
"8. Тұрғын үйдiң салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесi, гараж тұрғынжайдың бiр бөлiгi болып табылған жағдайда, салық базасы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектiлерiнiң жиынтық құны ретiнде айқындалады.";
7) 557-баптың 3-тармағы 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.";
8) 584-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы:
салық есептілігі үшін – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;";
9) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы; салық органдары ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаттары үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сұрау салуды беруге құқылы.".
4. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат):
11-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық пошта алмасу орындарында, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.".
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
1) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не ол "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.";
2) 190-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес беріледі.".
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны 342-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
"342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар";
2) 91-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес мәлiметтердi ұсынуы – ";
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген, зейнетақыларды толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы – ";
сегізінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;";
3) 92-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердi төлемеуi –";
төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;";
4) мынадай мазмұндағы 342-1-баппен толықтырылсын:
"342-1-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылықтар
Мыналарға:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруға;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді қамтитын, жерлердің сапасын есепке алуға, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуге;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
4) жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын айқындауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
5) қағаз жеткізгіштерде және электрондық нысанда жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өңдеуге және жүргізуге;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
8) жер кадастры кітабын және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
10) жер-кадастрлық жоспарын дайындауға;
11) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
12) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға байланысты мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы бұзушылық –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 647-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 710-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "342" деген цифрлардан кейін ", 342-1" деген цифрлармен толықтырылсын.
7. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) 3-бапта:
2-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі.";
"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындауға өтінішті жәрдемақыға құқығы бар өтініш беруші тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға береді.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш берушіге жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру
Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.";
4) 5-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.";
5) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінан уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомасы мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін біржолғы төленеді.";
6) 10-баптың 1-1-тармағындағы "Орталықтан" деген сөз "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.";
8) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.";
9) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
Азаматтарға жасына байланысты жәрдемақылар зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.".
8. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
3-баптың 3-тармағының 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;".
9. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;";
4), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;";
"8) уәкілетті орган – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) 3-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) Мемлекеттік корпорация;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен басқа да мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.";
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
"3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
4) 5-баптың тақырыбы, 1, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.";
"3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.";
"5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi.";
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.";
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып өтініш берушіге қайтарылады.";
"5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
6) 9-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнан жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы
Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнан жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.";
7) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мiндеттерi";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкестігін тек формальды белгiлер бойынша тексередi.";
8) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация құжаттар қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжделген бас тартуды жібереді.";
9) 13-бапта:
1-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;";
"6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.";
10) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.";
11) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру) және тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатуды тiркейдi.";
12) 17-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.";
13) 18-баптың 2-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кез келген адамның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның немесе Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.";
14) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.";
15) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.".
10. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
16-2-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.".
11. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
"18) архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару – архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
19) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкiметтiң" құрылымын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік құрылымын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;";
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы жүзеге асырады.
3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.
4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.".
12. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
"3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
Орталық атқарушы орган:
1) жәрдемақылар тағайындау, төлеу тәртібін және оларды тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
3) алушыларға жәрдемақылардың уақтылы төленуін қамтамасыз етеді;
4) ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) жәрдемақылар төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттілікті және оны төлеу графиктерін қалыптастырады және жәрдемақылар төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді орталық атқарушы органға жібереді;
7) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган мен орталық атқарушы органға береді.";
3) 5-баптың 2 және 2-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның 4-бабында аталған адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.";
"2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.".
13. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) 5-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті жәрдемақы алуға құқығы бар адам Мемлекеттік корпорацияға береді.
3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасалған күн болып есептеледі.";
3) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.";
4) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жәрдемақылар төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы алушылардың банк шоттарына ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.".
14. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерді қоспағанда, мемлекеттік органдар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жүргізеді.
6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды және оларды ұсыну бойынша талаптарды қысқарту (болғызбау) жөніндегі шаралар қабылдайды.
Әкімшілік рәсімдерді орындау процесінде қағаз жеткізгіштегі құжаттар пайдаланылған жағдайда, мемлекеттік органдар қағаз жеткізгіштегі құжаттарды электрондық құжаттар нысанына аудару жөніндегі шаралар қабылдайды.".
15. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы қызметі
1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, ірге қабаттың, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.".
16. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне де өтініш жасайды.";
2) 4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.";
3) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмекті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.".
17. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
1) 3-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;";
2) 18-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.".
18. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат):
13-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құжаттар "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.".
19. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
5) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақшадағы "әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-1) тармақшадағы "әлеуметтік төлемдер тағайындау" деген сөздер "міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы "әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн" деген сөздер "міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы – асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар – төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;";
мынадай мазмұндағы 20-1) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;";
"24) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.";
2) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.";
"9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.";
3) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік корпорацияның:";
1) тармақшадағы "әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қорға" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік корпорация:";
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;";
"3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;";
6) тармақшадағы "әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер "Қорға" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;";
10) тармақшадағы "әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;
2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды;
4) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды;
5) әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қажеттіліктерді, олардың графиктерін қалыптастыруды және Қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттар қажеттілігі туралы өтінім жіберуді;
6) уәкілетті органға және Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпарат беруді;
7) құжаттар қабылдау, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасауды;
8) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
9) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;
10) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
11) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";
5) 11-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Қордың және Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 12-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
12-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу тәртібін айқындайды;
12-5) Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
6) 12-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияға еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда (егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;";
1-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) төлеушiден, Мемлекеттік корпорациядан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аудару мен есепке жатқызудың толықтығы және уақтылығы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау және оны алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;";
4) тармақшадағы "әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен" деген сөздер "Қордың және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияны хабардар етуге міндетті.";
7) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мемлекеттік корпорациядан сұратуға және тегiн алуға;";
8) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей Қорға әлеуметтiк аударымдарды төлейдi.";
9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару
Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, төлеушінің банк шотына банктік үш күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін, төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударылуға жатады.";
10) 20-бапта:
1-тармақта:
"өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша", "әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
"халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды Қорға береді.
3. Қор құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.";
4-тармақтағы "Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер "Қордың" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде Қор өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде тағайындау немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды және бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, бұл жөнінде Мемлекеттік корпорация арқылы өтiнiш берушiге жазбаша нысанда хабарлайды.
Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.";
6-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы "әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздер "Қорға" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнан уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.";
11) 21-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.";
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап;";
"3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.";
12) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі және 7-тармағындағы "әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға", "әлеуметтiк төлемдерді тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер тиісінше "Қорға", "Қор" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 23-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемдердің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімпұл есебіне жазылады.";
15) 29-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Мемлекеттік корпорациядан қаржы қозғалысы туралы ақпарат алуға;";
6) тармақшадағы "жүзеге асыруға құқығы бар." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;
8) уәкілетті мемлекеттік органдар мен әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы тиісті ақпаратты сұрату жолымен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруге;
9) Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар ашуға құқығы бар.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;";
4) тармақшасындағы "атқаруға міндетті." деген сөздер "атқаруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын қамтамасыз етуге;
6) әлеуметтік төлемдер тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.";
16) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.".
20. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.".
21. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
11) тармақша алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
"3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша жәрдемақылар тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) балалы отбасыларға жәрдеамақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттіліктерді және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.";
3) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Мемлекеттік корпорацияға – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға – балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тағайындау үшін өтініш жасаған күні есептеледі.";
4) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себебін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде – бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.".
22. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) 18-баптың тақырыбы, 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау";
"2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.";
"5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";
3) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге де есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
4) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бастапқы және кейінгі объектілерге бұрын туындаған құқықтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру кезінде тіркеуші орган құқық иеленушіден жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспортты ұсынуды талап етуге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды Мемлекеттік корпорация өтеусіз жүзеге асырады.".
23. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-тармақтың 25) тармақшасындағы "багаж тасымалын жүзеге асыру;" деген сөздер "багаж тасымалын іске асыру саласында жүзеге асырады." деген сөздермен ауыстырылып, 22) және 26) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;".
24. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы баптың 4-тармағына сәйкес орналастырылуы және жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етіледі.";
2) 18-баптың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "бір терезе" қағидаты бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;".
25. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
1) 1-баптың 6), 10) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;";
"10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;";
"18) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;";
3) 5-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.";
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;";
5) 9-бапта:
2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
12) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;";
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
12-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді алуға құқылы;";
6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
5) Мемлекеттік корпорацияның қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
7) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.";
7) 10-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;";
8) 11-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;";
9) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
"11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру
1. Мемлекеттік корпорация "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.
Өзге тұлғаларға бірыңғай провайдердің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.
3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
4. Мемлекеттік корпорация:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
10) 14-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;
4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.";
11) 17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды көздейді.";
12) 18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Мемлекеттік корпорация арқылы;";
13) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті алушыда болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасынан жасалған құжаттың электрондық көшірмесін куәландырады.
6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.";
14) 21-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар тұрақты түрде өздерінің ақпараттық жүйелеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарын жаңартылған күйде ұстап тұруға міндетті.";
15) 23-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, көрсетілетін қызметті берушілер және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде оларға қажетті түсініктемелермен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу беруге міндетті.";
16) 25-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;";
17) 29-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті ақпаратты орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінен, Мемлекеттік корпорациядан осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы.";
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпаратты;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.".
26. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Субъект "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушы кабинеті арқылы, сондай-ақ субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік номері арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жөнелту жолымен дербес деректердi жинауға, өңдеуге келісім беруге құқылы.";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі дербес деректерді үшінші тұлғалар "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен берілген субъектінің келісімі болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу жолымен немесе қысқа мәтіндік хабар жөнелту жолымен ала алады.".
27. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 1-бапта:
12) тармақшадағы "уәкiлеттi ұйымнан төленетін" деген сөздер "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын, 16) тармақшадағы "уәкілетті ұйымнан" деген сөздер "жасына байланысты зейнетақы төлемдері" деген сөздермен ауыстырылсын, 17) тармақшадағы "уәкiлеттi ұйымнан" деген сөздер "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын және 39) тармақшадағы "уәкiлеттi ұйымнан төленетiн мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және зейнетақы төлемдерiн" деген сөздер "мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) 4-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.";
3) 7-бапта:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн жыл сайын арттыру тәртiбiн айқындайды;
3) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;
4) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;";
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
6-2) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
6-4) Мемлекеттік корпорацияның статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-5) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
8) және 9-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорацияға салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
"9-6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;";
4) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру тәртібі";
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар басталған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік беріледі.
Зейнеткерлік жасқа толған зейнеткерлерге еңбек сiңiрген жылдары үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн қайта тағайындату құқығы берiледi.";
6) 10-бапта:
тақырып және 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар азаматтар санаттары
1. Зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";
7) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау";
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:";
2-тармақтың үшінші абзацындағы және 3-тармақтағы "Орталықтан төленетiн" деген сөздер "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.";
6 және 7-тармақтардағы "Орталықтан төленетiн" және "Орталықтан" деген сөздер тиісінше "Жасына байланысты", "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.";
9) 13-баптың тақырыбы және 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:";
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:";
10) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.";
11) 14-1 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындату үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган өтініш берілген күннен бастап жүргізеді.
4. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
15-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
"Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған кірісті қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық кірістің мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгiленедi.
3. "Байқоңыр" кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық кірістің мөлшерi жұмыс берушi беретiн кіріс туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгiленедi.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге уәкілетті орган белгілеген, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін кірістің 75 пайызынан аспайды.
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, прокуратураның, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспауға тиіс.";
12) 16-баптың тақырыбы мен 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн кірісті айқындау";
"3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";
13) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш жасау тәртiбi
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есепке жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен кірісін растайтын құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияға берiледi.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде жәрдем көрсетуге міндетті.
18-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері – жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган Мемлекеттік корпорация арқылы бас тартудың себептерін жазбаша уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды қайтаруға міндетті.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";
14) 20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыреті";
бірінші абзац, 1), 7), 8), 9), 10), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;";
"7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыруды;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорларын толтыруды және жаңартып отыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;";
"13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорлардың пайдаланушылары болып табылатын орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарының, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыруды;
14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;";
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруды;
16-2) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға, біржолғы және өзге де төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, оларды жүзеге асыру графиктерін қалыптастыруды және бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді орталық атқарушы органға жіберуді;
16-3) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпараттар беруді;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық атқарушы органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.";
15) 21 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайларды ескере отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасар алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінан уақытында алынбаған, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.";
16) 24-баптың 7-тармағының бірінші абзацы және 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:";
"6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей;";
17) 28-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.";
"6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға мiндеттi.";
18) 30-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың өзінің таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген график бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.";
3-тармақ алып тасталсын;
19) 31-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әйелдер 50 жасқа толғанда;";
20) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;";
21) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға электрондық хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап, салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.";
22) 39-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.";
23) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.";
24) 57-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3-5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Мемлекеттік корпорацияға – салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру және алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуын есептеу үшiн, сондай-ақ салымшының (алушының) өтініші негізінде не оның өкілінің нотариат куәландырған сенімхаты бойынша немесе соттың шешімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;";
11) тармақшадағы "аудиторлық ұйымдарға;" деген сөздер "аудиторлық ұйымдарға берілуі мүмкін." деген сөздермен ауыстырылып, 12) тармақша алып тасталсын;
25) 59-баптың 4-тармағындағы "Орталыққа" деген сөз "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 64-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.";
27) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.".
28. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 27-1-тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;";
3) 21-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынуға;";
4) 25-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін тиісті рұқсат беру органына немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.";
5) 26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Мұндай жағдайда, рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдау кезінде берген рұқсат алуға арналған тиісті өтініштің қабылданғанын растайтын құжат – осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асырудың заңдылығын растау болып табылады.";
6) 34-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.";
7) 48-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші орналасқан жеріне қарамастан Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауға құқылы.
3. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.".
29. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат):
1) 1-бапта:
5-тармақтың 47) тармақшасының үшінші абзацындағы "халыққа қызмет көрсету орталығы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның он жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.";
5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасындағы жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
12) тармақшаның тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;";
13) тармақшаның жиырма бірінші және жиырма жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:";
"6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;";
15) тармақшаның он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.";
17) тармақшаның үшінші және он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нақты төлем жасалған және қызметкер кіріс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.";
"6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы агенттердiң банк шоттарынан осы сомаларды есептен шығаратын күнi аударуға мiндеттi.";
23) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;";
26) тармақшаның жиырма төртінші және отызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне қосу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотының ашылғаны туралы электрондық хабарлама жібереді.";
"9. Агенттердің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жеке зейнетақы шотының, шартты зейнетақы шотының бар екенін растауды Мемлекеттік корпорациядан алуға құқығы бар.";
28) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның, Мемлекеттік корпорацияның, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне тыйым салуға немесе оларға өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.";
32) тармақшаның төртінші, бесінші және он үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация шартты зейнетақы шоттарының құпия болуына кепiлдiк бередi.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар оларды жария етуге құқылы емес.";
"6) Мемлекеттік корпорацияға – жұмыс беруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін;";
2) 2-бапта:
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы "Орталықтан" деген сөз "жасына байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықтан" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациядан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |