Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 30 қарашадағы № 427-V ҚРЗ. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 23-VІ Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 29.11.2016 № 23-VІ Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2016 жыл – 2 479 726 312 мың теңге;
      2017 жыл – 2 400 000 000 мың теңге;
      2018 жыл – 2 400 000 000 мың теңге.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.03.2016 № 469-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.10.2016 № 14-VІ (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 – 2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 22, 132-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. НАЗАРБАЕВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады