Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 435-V ҚРЗ
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Жинақталған:
мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
баспасөз релизі
Мемлекет Басшысы 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.
Заң "Мемлекеттік сатып aлу туралы" заң жобасына басқа да заңнамалық актілерді сәйкестендіру мақсатында Парламент Мәжілісі депутаттарының заңнамалық бастамасы ретінде әзірленді.
Атап айтқанда, Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Білім туралы" заңдарға түзетулер енгізіледі.
Сонымен қатар, "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды" іске асыру шеңберінде заңда квазимемлекеттік сектор активтерін жекешелендіру және оларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша түзетулер топтамасы көзделеді.
Жекешелендіру мәселелеріне қатысты түзетулер сондай-ақ Бюджет Кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы", "Астық туралы", "Теміржол көлігі туралы", "Тұқым шаруашылығы туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздігі туралы", "Ұлттық әл-ауқат коры туралы" заңдарға енгізіледі.
Осылайша, заңмен 2 кодекске және 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жалпы алғанда, заңды қабылдау жағымды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әсерін тигізеді.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз