1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 22-VI ҚРЗ Заңымен ратификацияланған.
Хаттама Келісімге толықтырулар енгізуді көздейді, ол Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалатын тауарларды өткізу бойынша айналымдарға (операцияларға) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда - нөлдік мөлшерлеме бойынша КҚС салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады деп анықтайды.
Хаттаманың жеке бабында жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сату орнына байланысты қосылған құн салығын төлеудің нақты тәртібі айқындалды.
Теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларды болжамдамайды.