2015 жылғы 15 маусымда жасалған 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Бейресми аударма
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу
туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарттың (бұдан әрі-Шарт) 6-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Шарттың және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) атауындағы және мәтіні бойынша «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры» деген сөздер тиіс септікте «Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Шарттың 2-бабының 4-абзацындағы «қаржыландыру үшін пайдаланылады.» деген сөздер «қаржыландыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
«- әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін кіріс деңгейі төмен Қорға қатысушы мемлекеттерге гранттар беру үшін пайдаланылады.».
3. Шарттың 2-бабының 6-абзацы «қаражаты» деген сөзден кейін «әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Қордың таза үлесі есебінен гранттар беруді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
4. Шарттың 5-бабындағы «ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті» деген сөздер «Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Шарттың 6-бабы мынадай мазмұндағы 2-абзацпен толықтырылсын:
«Өзгерістер енгізу туралы хаттамалар күшіне енгеннен кейін осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.».
6. Ереженің 13-бабы 2-тармағының м) тармақшасының 4-абзацындағы «қарайды және бекітеді» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы жаңа 5-абзацпен толықтырылсын:
«- әлеуметтік салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін Қор қаражатынан гранттар беру тәртібін қарайды және қабылдайды;».
7. Ереженің 17-бабының 2-тармағындағы «ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық Комитетінің хатшылығы» деген сөздер «Еуразия даму банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
1. Осы Хаттаманы, оған осы ережені қолданбау туралы ескертпе жасаған Тарапты қоспағанда, Тараптар қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданады. Осы Хаттамаға басқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
Осы Хаттама Тараптар үшін Шарттың 6-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2. Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Шарттың 7-бабына сәйкес шешіледі.
2015 жылғы 15 маусымда орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Шарттың 5-бабында көрсетілген Депозитарийде сақталады, ол әрбір Тарапқа және Шартқа қосылған мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін
Ресей Тәжікстан Армения
Федерациясы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу
туралы хаттамаға АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама осы Хаттаманың 2-бабында белгіленген тәртіппен Армения Республикасы үшін күшіне енгенге дейін Армения Республикасы оны уақытша қолданбайды.
Армения Республикасының
Қаржы министрі Г.Г.Хачатрян
Осымен қоса берілетін мәтін 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың тең түпнұсқалы көшірмесі екеніне куәландырамын.
Ресей СIM Құқықтық департаменті
директорының орынбасары Д. Гончар
Осымен 2015 жылғы 15 маусымда жасалған 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Құжат айналымы
департаментінің
Құжаттарды редакциялау
және лингвистикалық сараптау
басқармасы басшысы Б. Ахметжанова
Бейресми аударма
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттама
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарт негізінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорына қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы (бұдан әрі — Қорға қатысушы мемлекеттер) бір тараптан және
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісімге сәйкес құрылған, халықаралық ұйым болып табылатын Еуразия даму банкі (бұдан әрі - Банк) екінші тараптан,
бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп атала отырып,
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабының 2-тармағына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Келісімнің атауындағы, кіріспесіндегі және мәтіні бойынша «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қоры» және «ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры» деген сөздер тиісті септікте «Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Келісімнің 1-бабы мынадай мазмұндағы жаңа 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Банк Қор туралы ережеге және Қор қолданатын басқа да құжаттарға сәйкес Қор Кеңесі хатшылығының функцияларын орындайды. Банк көрсетілген функцияларды орындау кезінде өзінің Қор Кеңесінің хатшылығы ретінде әрекет ететінін көрсетеді.».
3. Келісімнің 2-бабы 3-тармағының м) тармақшасындағы «кеңесі мен Қор Кеңесі хатшылығының» деген сөздер «кеңесінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. Келісімнің 6-бабы 1-тармағының 1-абзацы «Қор қаражатын басқарушының» деген сөздерден кейін «және Қор Кеңесі хатшылығының» деген сөздермен толықтырылсын.
5. Келісімнің 9-бабының 1-тармағындағы «ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті» деген сөздер «Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Келісімнің 9-бабының 2-тармағы «ресімделеді» деген сөзден кейін «, олар Депозитарий Қорға қатысушылардан және Банктен олардың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді. Өзгерістер енгізу туралы хаттамалар күшіне енгеннен кейін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
1. Осы Хаттаманы, оған осы ережені қолданбау туралы ескертпе жасаған Тарапты қоспағанда, Тараптар қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданады. Осы Хаттамаға басқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
Осы Хаттама Депозитарий Қорға қатысушылардан және Банктен оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Келісімнің 9-бабының 5-тармағына сәйкес шешіледі.
2015 жылғы 15 маусымда орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Келісімнің 9-бабының 1-тармағында көрсетілген Депозитарийде сақталады, ол Қорға қатысушы мемлекеттерге, Банкке, сондай-ақ Келісімге қосылған мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін
Ресей Тәжікстан Армения
Федерациясы үшін Республикасы үшін Республикасы үшін
Еуразия даму банкі үшін
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың
Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы хаттамаға АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама осы Хаттаманың 2-бабында белгіленген тәртіппен Армения Республикасы үшін күшіне енгенге дейін Армения Республикасы оны уақытша қолданбайды.
Армения Республикасының
Қаржы министрі Г.Г. Хачатрян
Осымен қоса берілетін мәтін 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың тең түпнұсқалы көшірмесі екеніне куәландырамын.
Ресей CIM Құқықтық департаменті
директорының орынбасары Д. Гончар
Осымен 2015 жылғы 15 маусымда жасалған 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Құжат айналымы
департаментінің
Құжаттарды редакциялау
және лингвистикалық сараптау
басқармасы басшысы Б. Ахметжанова