Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз ic-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 15 наурыздағы № 473-V ҚРЗ

«Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар
қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес
туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 473-V Заңына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 473-V Заңымен Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттамасы ратификацияланды.
      2003 жылы Қазақстан Республикасы Римде 1988 жылғы 10 наурызда жасалған Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға қосылған.
      2005 жылдың 14 қазанында Лондонда осы Хаттамаға өзгерістер енгізілді.
      Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған террористік іс-әрекеттердің алдын алу және жолын кесу, қылмыскерлерді жазадан бұлтартпауды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық үшін халықаралық-құқықтық негізін құру Хаттамаға 2005 жылғы хаттаманың мақсаты болып табылады.
      Заңды қабылдау халықаралық терроризмге қарсы күресте Қазақстанның шет елдермен тәжірибелік іс-қимылдың тиімділігін арттыруды, Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында орналасқан теңіз кемелерінің және жасанды құрылыстардың қауіпсіздігіне құқықтық кепілдіктерді күшейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз