2016 жылғы 17 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы
келісім
(2017 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 5, 74-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды, сондай-ақ олардың арасында әртүрлі салаларда, оның ішінде заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуінің және болуының қолданыстағы тәртібін бұза отырып, өз мемлекеттерінің аумағында жүрген адамдарды қайтару, қабылдау және беру тәртібін айқындайтын, Тараптар келіскен қағидаттар мен нормаларды қолданысқа енгізу көші-қон процестерін реттеудің маңызды құрамдас бөлігі, заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі үлес болып табылатынына сенімді бола отырып,
Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасына сәйкес оның аумағындағы немесе оның аумағы арқылы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың заңсыз көші-қоны үшін жауаптылықты белгілеу бойынша Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының егеменді құқығын құрметтей отырып,
осы Келісім халықаралық құқық бойынша, атап айтқанда 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, 1951 жылғы 28 шілдедегі Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияда және 1967 жылғы 31 қаңтардағы Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамада, 1984 жылғы 10 желтоқсандағы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияда бекітілген халықаралық құқық нормаларын қоса алғанда, Тараптар мемлекеттерінің құқықтарына, міндеттемелері мен жауаптылығына нұқсан келтірмейтінін атап көрсете отырып,
Тараптар мемлекеттерінің көші-қон саласындағы олардың заңнамасын үйлестіруге мүдделілігінің өскенін атай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімде пайдаланылатын анықтамалар мынаны білдіреді:
1) "реадмиссия" - шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша сұрау салушы мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, осы мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды осы Келісімде көзделген тәртіппен, шарттарда және мақсаттарда сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының беруі және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының қабылдауы;
2) "сұрау салушы Тарап" - осы Келісімге сәйкес мемлекеттің орталық құзыретті органы адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберетін Тарап;
3) "сұрау салынатын Тарап" - осы Келісімге сәйкес мемлекетінің орталық құзыретті органының атына адамның реадмиссиясы немесе транзиті туралы сұрау салу жіберілген Тарап;
4) "үшінші мемлекеттердің азаматтары" - Тараптар мемлекеттерінің азаматтығы жоқ және осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің азаматтығына тиесілі адамдар;
5) "азаматтығы жоқ адамдар" - осы Келісімнің 2-бабы 1-тармағының әрекеті қолданылатын, басқа Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін бір Тарап мемлекетінің азаматтығын жоғалтқан адамдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын және үшінші мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемелері жоқ адамдар;
6) "құзыретті органдар" - Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыруға қатысатын органдары;
7) "орталық құзыретті органдар" - осы Келісімді іске асыру бойынша негізгі міндеттер жүктелетін Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары;
8) "мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті" - Тараптар мемлекетінің заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы немесе Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті;
9) "дербес деректер" - осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат;
10) "Атқару хаттамасы" - осы Келісімді іске асыру тәртібі туралы хаттама;
11) "транзит" - үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жүру жолында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы сұрау салушы Тарап мемлекетінен межелі мемлекетке өтуі.
2-бап
Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы
1. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету және болу мәселелері бойынша заңнамасын бұза отырып, осы мемлекеттің аумағына келген немесе онда тұрып жатқан адамдарды, егер осы адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтары болып табылатыны анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша қабылдайды.
2. Қажет болған жағдайда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары берілетін адамдарға олардың осы мемлекеттің аумағына келуі үшін қажетті құжаттарды береді.
3. Адамда Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтығы бар екенін айқындауға негіз болатын құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында келтірілген.
Тараптар осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дереу хабардар етеді.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттардың бірде-біреуі ұсынылмаса, Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары оның азаматтығы туралы мәліметтер алу мақсатында сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесу өткізу туралы уағдаласады. Әңгімелесуді өткізу рәсімі Атқару хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Егер берген адамның реадмиссиясы үшін осы баптың 1-тармағында көзделген негіздердің жоқ екені анықталса, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы оны берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде берген адамды кері қабылдайды. Мұндай жағдайда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына осы адамға қатысты өзінде бар материалдарды береді.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы
1. Бір Тараптың орталық құзыретті органы, егер үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағынан тікелей сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келгені және сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келу шарттары мен қағидаларын сақтамағаны немесе одан әрі орындамағаны құжаттамалық түрде дәлелденген жағдайда, екінші Тараптың орталық құзыретті органының өтінішхаты бойынша осындай адамдарды өз мемлекетінің аумағына қабылдайды.
Осы баптың 1-тармағын қолдануда қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда, Тараптар үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін әрбір жеке алынған жағдайда өзара тығыз іс-қимыл жасайды.
2. Егер үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам:
1) сұрау салушы Тарап мемлекеті қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес визасыз тәртіппен сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңды негіздерде келсе;
2) сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына тікелей келер алдында сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы халықаралық әуежайдың транзиттік аймағында ғана болса;
3) егер мынадай:
- осы адамның Сұрау салынатын Тарап берген және қолданылу мерзімі неғұрлым ұзақ визасы немесе болуға немесе тұруға рұқсаты болған;
- сұрау салушы Тарап берген виза немесе тұруға рұқсат жалған құжаттардың көмегімен алынған жағдайларды қоспағанда, Тараптардың бірі үшінші мемлекеттің азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға өз мемлекетінің аумағына келгенге дейін немесе келгеннен кейін виза немесе тұруға рұқсат берген болса, осы баптың 1-тармағында көзделген реадмиссия бойынша міндеттеме қолданылмайды.
3. Реадмиссия туралы сұрау салуға оң жауап алынған соң сұрау салушы Тарап реадмиссияға жататын адамға қолданылу мерзімі кемінде 30 күнді құрайтын, сұрау салынатын Тарап мойындайтын шығу құжатын береді.
4. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің болуын көрсететін құжаттар тізбесі Атқару хаттамасында келтірілген.
Тараптар осы Келісім мен Атқару хаттамасы күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы осындай құжаттардың үлгілерімен алмасады. Кейіннен Тараптардың әрқайсысы осындай құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа хабарлайды.
4-бап
Реадмиссия туралы сұрау салу
1. Осы Келісімде көзделген шарттардың бірінің негізінде реадмиссияға жататын адамды беру үшін сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына реадмиссия туралы сұрау салуды жібереді.
2. Егер реадмиссияға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің жарамды ұлттық паспорты бар болған жағдайда, реадмиссия туралы сұрау салуды жіберу талап етілмейді. Мұндай адамдарды беру Атқару хаттамасының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары осы Келісімде көзделген, адамды беру үшін қажетті шарттардың жоқ екенін анықтаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осы адамның реадмиссиясы туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оны қабылдауға келісімін береді немесе оны қабылдаудан уәжді бас тартады.
4. Адамның реадмиссиясы туралы сұрау салуға уақтылы жауап беру үшін кедергі келтіретін заңды немесе нақты сипаттағы мән-жайлар болған кезде жауап беру мерзімі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының уәжді өтініші негізінде күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін ұзартылады.
5-бап
Адамдарды беру және қабылдау мерзімдері
1. Егер Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, сұрау салынатын Тарап реадмиссияға келісім берген адамдарды беру сұрау салушы Тарап осындай келісімді алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.
2. Егер көрсетілген беруді жүзеге асыруға объективті түрде кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы себебінен реадмиссияға жататын адам сұрау салынатын Тарапқа берілмейтін болса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін.
3. Оған қатысты сұрау салынатын Тарап реадмиссияға келісім берген адамды беру мүмкін болмағанда, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
6-бап
Транзит
1. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары үшінші мемлекет транзит мемлекеті немесе межелі мемлекет болып табылатындығына қарамастан, осы тармақта көрсетілген адамдарға үшінші мемлекеттің аумағына келетініне кепілдік берсе, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы реадмиссия тәртібімен үшінші мемлекеттерге берілетін үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзитіне рұқсат береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Егер Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары әрбір нақты жағдайда өзгеше уағдаласпаса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салу адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына транзит мақсатында келуі болжанған күнге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жіберіледі.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзиті туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде транзитке келісім береді немесе транзитті жүзеге асырудан уәжді түрде бас тартады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың транзитін жүзеге асыру кезінде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының өтініші бойынша мүмкіндігінше көмек көрсетеді.
6. Егер:
1) межелі мемлекетте немесе басқа транзит мемлекетінде мұндай адамның азаптауларға, қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерге немесе жазалауға ұшырату, өлім жазасына немесе нәсілдік, діни белгілеріне, ұлттық тиесілігіне, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау қаупі болса;
2) мұндай адамның сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуы ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халық денсаулығын сақтау тұрғысынан қалаусыз болған жағдайларда, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамды транзиттеуден бас тартуы мүмкін.
7. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағына келген соң оларға қатысты осы баптың 6-тармағында көзделген мән-жайлар белгіленген болса, сондай-ақ егер басқа транзит мемлекетінің немесе межелі мемлекеттің аумағына келуіне бұдан әрі кепілдік берілген деп санауға болмаса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары транзиттік жол жүруге берілген рұқсатқа қарамастан, ол адамдарды сұрау салушы Тарап мемлекетінің құзыретті органдарына қайтаруы мүмкін.
8. Тараптар үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзит жағдайларын шектеу бойынша өзара негізде шаралар қабылдайды, олар азаматтық мемлекеттеріне немесе тұрақты түру мемлекеттеріне тікелей қайтарылуы мүмкін.
9. Тараптар үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың транзитін көбінесе әуе және теміржол көлігімен жүзеге асырады.
7-бап
Дербес деректерді қорғау
1. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты алмасатын немесе бір-біріне беретін дербес деректері әр Тарап мемлекетінің дербес деректерді қорғау туралы заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптардың әрқайсысының мемлекетінде қорғалуға тиіс.
2. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары мынадай шарттарды сақтай отырып, дербес деректермен алмасады:
1) дербес деректер тек осы Келісімнің мақсаттары үшін ғана пайдаланылады;
2) Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімге сәйкес алынатын дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және дербес деректерді берген Тарап мемлекетінің құзыретті органдарының жазбаша келісімімен болғанды қоспағанда, оларды үшінші тарапқа бермейді және осындай деректерді берген Тарап мемлекетінің құзыретті органдарын олардың қалай пайдаланылғаны туралы хабардар етеді;
3) Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары дербес деректерді жоғалтудан, санкцияланбаған қолжетімділіктен, өзгертуден немесе жария етуден қорғауды қамтамасыз етеді.
8-бап
Шығыстар
1. Егер шығыстарды осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағында және 3-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші адамдар төлей алмайтын жағдайда, реадмиссияға және көрсетілген адамдарды сұрау салынатын Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін олармен ықтимал ілесіп жүруге байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
2. Егер шығыстарды осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар дербес немесе үшінші адамдар төлей алмаған жағдайда, көрсетілген адамдардың транзитіне және ықтимал ілесіп жүруге, сондай-ақ оларды ықтимал қайтаруға байланысты шығыстарды сұрау салушы Тарап көтереді.
3. Осы Келісімнің 2-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдарды және сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін олармен ықтимал ілесіп жүруге байланысты шығыстарды әрекеті немесе әрекетсіздігі реадмиссия үшін негіздер болмаған адамды беруге әкелген Тарап көтереді.
9-бап
Атқару хаттамасы
Тараптар:
1) Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына және олардың арасында өкілеттіктерді бөлуге;
2) реадмиссия немесе транзит туралы сұрау салудың мазмұнына және оны жіберу тәртібіне;
3) әңгімелесу өткізуге;
4) реадмиссия немесе транзит рәсімдеріне;
5) адамдарды ілесіп жүру арқылы, оның ішінде үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиті жағдайында беру шарттарына;
6) осы Келісімді орындаумен байланысты өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібіне қатысты қағидаларды қамтитын Атқару хаттамасын жасасады.
10-бап
Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау
1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті қорғауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге немесе халықтың денсаулығын сақтауға байланысты себептер бойынша осы Келісімнің қолданылуын ішінара немесе толық тоқтата тұруы мүмкін.
2. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы бір Тарап осындай шешімнің іске асырылуы басталғанға дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабарлайды.
11-бап
Дауларды шешу
1. Тараптар арасындағы қарым-қатынастарда туындайтын және осы Келісімді іске асыруға немесе түсіндіруге байланысты барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
2. Консультациялар мен келіссөздерді жүзеге асыру тәртібі Тараптардың уағдаластығы бойынша айқындалады.
12-бап
Басқа халықаралық шарттарға қатыстылығы
1. Осы Келісім өз мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
2. Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардың негізінде қандай да бір адамды қайтаруға кедергі келтірмейді.
13-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы баптың 2-тармағы сақтала отырып, осы Келісім Тараптардың Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2. Осы Келісімнің 3-бабының ережелері осы Келісім күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл өткеннен кейін қолданыла бастайды. Осы үш жылдық кезең ішінде көрсетілген ережелер Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы реадмиссия туралы халықаралық шарттар жасасқан үшінші мемлекеттердің азаматтарына және сол үшінші мемлекеттердің азаматтығы жоқ адамдарына ғана қатысты қолданылады.
3. Тараптар өзара келісу бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
4. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның қолданылуы бір Тарап оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін тоқтатылады.
5. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, Тараптар ол қолданылған кезеңде туындаған міндеттемелерді реттейді.
Астана қаласында 2016 жылғы 17 қазанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару
хаттамасы
(2017 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 5, 75-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
2016 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыруға байланысты мәселелерді барынша толық реттеуге екіжақты ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құзыретті органдар
1. Мыналар:
Қазақстан тарапынан:
орталық құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
құзыретті органдар - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қырғыз тарапынан:
орталық құзыретті орган - Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігі;
құзыретті органдар - Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты құзыретті органдар болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құзыретті органдарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
3. Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында орталық құзыретті органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасасады.
4. Осы Атқару хаттамасын іске асыру мақсатында орталық құзыретті органдар ол күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне жазбаша нысанда өздерінің байланыс деректерін хабарлайды.
5. Орталық құзыретті органдар өздерінің байланыс деректерінің өзгергені туралы бір-біріне жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
2-бап
Азаматтықтың бар болуының дәлелдемелері
1. Қазақстан Республикасы азаматтығының бар болуы мынадай құжаттармен расталады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
4) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
5) теңізшінің куәлігі;
6) Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік.
2. Қырғыз Республикасы азаматтығының бар болуы мынадай құжаттармен расталады:
1) дипломатиялық паспорт;
2) қызметтік паспорт;
3) 1994 жылғы үлгідегі Қырғыз Республикасы азаматының паспорты;
4) 2004 жылғы үлгідегі Қырғыз Республикасы азаматының паспорты (ID-card);
5) 2004 және 2006 жылдардағы үлгідегі Қырғыз Республикасы азаматының жалпы азаматтық паспорты;
6) әскери қызметшінің жеке куәлігі (әскери билеті);
7) Қырғыз Республикасының азаматтығына тиесілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік;
8) Қырғыз Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.
3. Мынадай:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары берген өзге құжаттар;
4) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
5) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәлердің жазбаша түсіндірмелері;
6) мемлекеттік органдардың құзыретті лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
7) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған жағдайда адамда Қазақстан Республикасының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.
4. Мынадай:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттар;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелері;
3) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қырғыз Республикасының тиісті мемлекеттік органдары берген өзге құжаттар;
4) реадмиссияға жататын адам толтырған, осы Атқару хаттамасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
5) тиісті құзыретті органдар заңды негіздерде алған куәлердің жазбаша түсіндірмелері;
6) мемлекеттік органдардың құзыретті лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
7) реадмиссияға жататын адаммен әңгімелесудің оң нәтижелері бар болған жағдайда адамда Қырғыз Республикасының азаматтығы бар деп ұйғаруға негіз болады.
3-бап
Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар болуының дәлелдемелері
1. Мынадай құжаттар:
1) жеке басты куәландыратын және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқық беретін кез келген құжат түріндегі Тараптар мемлекеттерінің тиісті өкілетті органдарының келу (кету) белгісі;
2) жалған немесе жасанды құжаттағы Тараптар мемлекеттері өкілетті органдарының келу (кету) белгісі;
3) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға арналған жарамды рұқсат;
4) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, жарамды босқын куәлігі;
5) сұрау салынатын Тарап мемлекеті берген, босқынның жарамды жол жүру құжаты;
6) сұрау салынатын Тарап мемлекетінде тұруға құқық беретін белгісі бар, үшінші мемлекет азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат (Тараптар мойындайтын, шетелдіктің тұруға арналған ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі) үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар болуының дәлелдемесі болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды Тараптар қосымша формальдылықсыз таниды.
3. Мынадай құжаттар:
1) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұруға рұқсат, босқын куәлігі және жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн бұрын өтіп кеткен босқынның жол жүру құжаты;
2) сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында сұрау салушы Тарап мемлекетінің өкілетті органдары берген, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен виза;
3) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жазбаша түсіндірмелері;
4) реадмиссияға жататын адамнан заңды негіздерде алынған жазбаша түсіндірмелер;
5) куәлердің жазбаша түсіндірмелері үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар болуының жанама дәлелдемесі болып табылады.
4. Егер сұрау салынатын Тарап осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды жоққа шығармаса, олар үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіз ретінде танылады.
4-бап
Өзге құжаттар
1. Егер сұрау салушы Тараптың пікірі бойынша осы Атқару хаттамасының 2 және 3-баптарында көзделмеген өзге құжаттар реадмиссияға жататын адамның азаматтық тиесілігін айқындау не үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы үшін негіздерді белгілеу үшін елеулі маңызға ие болса, онда мұндай құжаттар да реадмиссия туралы сұрау салуға қоса берілуі мүмкін.
2. Реадмиссия туралы сұрау салуды қарау кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды назарға алу мүмкіндігі туралы мәселені сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы шешеді.
5-бап
Әңгімелесу
1. Келісімнің 2-бабының 4-тармағына сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекеті орталық құзыретті органының сұрау салуы бойынша Келісімнің 2-бабының 1-тармағында көрсетілген адаммен әңгімелесу өткізу бойынша негізгі міндет сұрау салынатын Тарап мемлекеті орталық құзыретті органының сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі өкіліне жүктеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сұрау салынатын Тарап мемлекеті орталық құзыретті органының өкілі болмағанда, әңгімелесуді сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің қызметкері өткізеді.
3. Әңгімелесу сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органының өкілі не осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетіндегі сұрау салынатын Тарап мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі осы Атқару хаттамасына 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған, әңгімелесу өткізу туралы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімде өткізілуге тиіс.
4. Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдарымен келісіледі.
6-бап
Реадмиссия туралы сұрау салудың мазмұны және оны жіберу тәртібі, сондай-ақ оған жауап жіберу тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған реадмиссия туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық пошта немесе факс сияқты техникалық байланыс құралдарының көмегімен жібереді.
2. Тараптар мемлекеттері азаматтарының реадмиссиясы туралы сұрау салуға реадмиссияға жататын адамда сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтығы бар екендігін растайтын не азаматтығы бар деп ұйғаруға негіздің болуын көздейтін осы Атқару хаттамасының 2 және 4-баптарында көрсетілген, сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
3. Үшінші мемлекеттер азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың реадмиссиясы туралы сұрау салуға олардың бар болуы көрсетілген адамдардың реадмиссиясы үшін негіздердің бар болуын растайтын не болмаса негіздер бар деп ұйғаруға негіз болатын, осы Атқару хаттамасының 3 және 4-баптарында көрсетілген сұрау салушы Тараптың қарамағында бар құжаттар қоса беріледі.
4. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы реадмиссия туралы сұрау салудың "Б" бөлігінде реадмиссияға жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
5. Реадмиссия туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына Келісімнің 4-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық пошта немесе факс сияқты техникалық байланыс құралдарының көмегімен жібереді.
7-бап
Транзит туралы сұрау салуды жіберу және оған жауап беру тәртібі
1. Осы Атқару хаттамасына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған транзит туралы сұрау салуды сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына Келісімнің 6-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық пошта немесе факс сияқты техникалық байланыс құралдарының көмегімен жібереді.
2. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы транзит туралы сұрау салудың "Б" бөлігінде транзитке жататын адамның аса қауіптілігі және денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.
3. Транзит туралы сұрау салуға жауапты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына Келісімнің 6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық пошта немесе факс сияқты техникалық байланыс құралдарының көмегімен жібереді.
8-бап
Реадмиссияға немесе транзитке жататын адамға ілесіп жүру
1. Ілесіп жүру арқылы адамның реадмиссиясы немесе транзиті қажет болған жағдайларда сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына ілесіп жүретін адамдардың аттарын, тектері мен лауазымдарын, олардың паспорттарының түрін, нөмірін, берілген күні мен жарамдылық мерзімін, сондай-ақ олардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуының болжамды мерзімін хабарлайды.
2. Ілесіп жүретін адамдар сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның заңнамасын сақтауға міндетті.
3. Ілесіп жүретін адамдар азаматтық киімде болуы тиіс, сондай-ақ олардың өзімен бірге жарамды паспорттары мен реадмиссияға немесе транзитке қатысты келісілген уағдаластықты куәландыратын құжаттары болуға тиіс.
4. Ілесіп жүретін адамдар өздерімен бірге қаруды және сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында шектелген немесе айналымнан алынған өзге де заттарды алып жүре алмайды.
5. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары ілесіп жүретін адамдардың сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында болуын қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер бойынша бір-бірімен өзара іс-қимыл жасасады. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдары қажет болған кезде ілесіп жүретін адамдарға мүмкіндігінше жәрдем көрсетеді.
9-бап
Реадмиссия немесе транзит рәсімі
1. Адамдардың реадмиссиясы немесе транзиті Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
2. Реадмиссия немесе транзит күні мен уақыты, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдаланылатын Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері әрбір нақты жағдайда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдарының өзара келісімі бойынша белгіленеді.
3. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы реадмиссияға немесе транзитке жататын адамды беру жоспарланған күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына осы баптың 2-тармағында көзделген осындай берудің шарттары туралы хабарлайды.
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей, сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органына беру шарттарының қолайлылығы туралы хабарлайды.
5. Егер сұрау салушы Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы ұсынған беру шарттары сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органы үшін қолайсыз болған жағдайда, берудің басқа шарттары мүмкіндігінше қысқа мерзімде келісілуге тиіс.
10-бап
Тілі
Келісімнің және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асыру мақсатында осы Атқару хаттамасына 1-4-қосымшаларда көзделген құжаттарды Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары орыс тілінде ресімдейді.
11-бап
Шығыстар
1. Сұрау салынатын Тараптың реадмиссияны немесе транзитті жүзеге асыру кезінде жұмсаған шығыстарын сұрау салушы Тарап екі тарапқа қолайлы валютада, Келісімнің 8-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жұмсалған шығындарды растайтын қаржылық құжаттары қоса берілген жұмсалған шығыстар туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтейді.
2. Келісімнің 2-бабының 5-тармағында көрсетілген адамдарды беру кезінде бір Тараптың жұмсаған шығыстарын Келісімнің 8-бабының 3-тармағына сәйкес екінші Тарап жұмсалған шығындарды растайтын қаржылық құжаттар қоса берілген жұмсалған шығыстар туралы хабарламаны өзінің алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде екі Тарап үшін тиімді валютада өтейді.
12-бап
Қосымшалар
Осы Атқару хаттамасына 1-4-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
13-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Атқару хаттамасы Келісіммен бір уақытта күшіне енеді және өз қолданысын тоқтатады.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Атқару хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Астана қаласында 2016 жылғы 17 қазанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
2016 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 1-қосымша |
2016 жылғы 17 қазандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімге сәйкес реадмиссияға жататын адамның
ӨТІНІШІ
1. Толық аты, тегі (тегінің астын сызып көрсету керек)__________________________________
________________________________________________________________________________
2. Бұрынғы тегі (егер өзгерткен болса)________________________________________________
3. Туған күні мен жері_____________________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаты (№, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі)______
________________________________________________________________________________
5. Азаматтығы___________________________________________________________________
6. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағында тұратын жақын туыстары туралы
мәліметтер______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің аумағындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы______
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келген күні______________________________
________________________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келу тәсілі_______________________________
10. Сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына келу мақсаты___________________________
11. Өзге де мәліметтер_____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтініш иесінің қолы
20 _____ жылғы " " ____________
Өтініш толтырылған жер___________________________________________________________
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы
2016 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 2-қосымша |
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
мемлекеттік елтаңбасы
_________________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы) _________________________________
(орны мен күні)
Нөмірі______________________________
Кімге_______________________________
(Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы)
2016 жылғы 17 қазандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 5-бабына сәйкес әңгімелесуді өткізу туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: 1. Толық аты, тегі (тегінің астын сызып көрсету керек) _____________________________________________________________ 2. Бұрынғы тегі (егер өзгерткен болса)____________________________ _____________________________________________________________ 3. Туған күні мен жері__________________________________________ _____________________________________________________________ |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және
басқалары)______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары
немесе лақап аттары)______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі____________________________________________________________
7. Отбасы жағдайы:_______________________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ (тұрмысқа шықпаған) ажырасқан тұл (жесір)
Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Балаларының (егер бар болса) аттары және жасы және олардың тұратын жерлері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
8. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
11. Денсаулық жағдайы (мысалы, ерекше медициналық күтімнің ықтимал қажеттілігін
көрсету, жұқпалы аурудың атауы)___________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
12. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (мысалы, қылмыс жасағаны үшін күдікті,
агрессиялық мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
13. Адамның қолында бар құжаттары:
а)
______________________________________ _________________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
______________________________________ _________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
б) ____________________________________ _________________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
______________________________________ _________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
в)

Б. Ескертпе
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Әңгімелесу өткізілген орын________________________________________________________
Cұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы_________________________________
М.О.
2016 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 3-қосымша |
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
мемлекеттік елтаңбасы
_________________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы) _________________________________
(орны мен күні)
Нөмірі______________________________
Кімге_______________________________
(Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы)
2016 жылғы 17 қазандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес реадмиссия туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: 1. Толық аты, тегі (тегінің астын сызып көрсету керек) _____________________________________________________________ 2. Бұрынғы тегі (егер өзгерткен болса)____________________________ _____________________________________________________________ 3. Туған күні мен жері__________________________________________ _____________________________________________________________ |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және
басқалары)______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары
немесе лақап аттары)______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі____________________________________________________________
7. Тұруға берілген ықтиярхаттар, уақытша тұруға арналған рұқсаттар немесе визалар туралы
мәліметтер______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
8. Отбасы жағдайы:_______________________________________________________________
үйленген (тұрмыста) бойдақ (тұрмысқа шықпаған) ажырасқан тұл (жесір)
Жұбайының (зайыбының) аты (егер үйленген, тұрмыста болса) және оның тұратын жері
________________________________________________________________________________
Балаларының (егер бар болса) аттары және жасы және олардың тұратын жерлері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Сұрау салушы Тарап мемлекетінде соңғы тұрған жері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Сұрау салынатын Тарап мемлекетіндегі соңғы мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
11. Жүріп-тұру бағыттары туралы мәліметтер
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
12. Адамның сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келгені немесе болғаны
туралы шешім қабылдаудың негізі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (мысалы, ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету, жұқпалы
аурудың атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (мысалы, қылмыс жасағаны үшін күдікті, агрессиялық
мінез-құлыққа бейімділігі және басқасы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
В. Азаматтық тиесілігінің қоса берілетін дәлелдемелері
1. Азаматтық тиесілігін растайтын құжаттар:
а) ____________________________________ _________________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
______________________________________ _________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
б) ____________________________________ _________________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
______________________________________ _________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
в) ____________________________________ _________________________________
(құжат түрі) (берген күні және орны)
______________________________________ _________________________________
(құжат берген орган) (мерзімі өткен күні)
2. Азаматтық тиесілігін болжауға негіз беретін құжаттар
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Г. Ескертпе
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Cұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы_________________________________
М.О.
2016 жылғы 17 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасына 4-қосымша |
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
мемлекеттік елтаңбасы
_________________________________
(Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы) _________________________________
(орны мен күні)
Нөмірі______________________________
Кімге_______________________________
(Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органының атауы)
2016 жылғы 17 қазандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасының 7-бабына сәйкес транзит туралы сұрау салу
А. Дербес деректер: 1. Толық аты, тегі (тегінің астын сызып көрсету керек) _____________________________________________________________ 2. Бұрынғы тегі (егер өзгерткен болса)____________________________ _____________________________________________________________ 3. Туған күні мен жері__________________________________________ _____________________________________________________________ |
|
4. Жынысы және сыртқы келбетінің сипаттамасы (бойы, көзінің түсі, айрықша белгілері және
басқалары)______________________________________________________________________I 5. Сондай-ақ танымал (адам пайдаланатын, танымал болған бұрынғы аттары, өзге де аттары
немесе лақап аттары)______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
6. Азаматтығы мен тілі____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Жол жүру құжатының түрі мен нөмірі_____________________________________________
________________________________________________________________________________
Б. Берілетін адамға қатысты ерекше мән-жайлар
1. Денсаулық жағдайы (мысалы, ерекше медициналық күтім қажеттілігін көрсету, жұқпалы
аурудың атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Адамның аса қауіптілігі туралы белгі (мысалы, қылмыс жасағаны үшін күдікті, агрессиялық
мінез-құлыққа бейімділігі)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
В. Транзиттік операция
1. Межелі мемлекет_______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
2. Басқа да ықтимал транзит мемлекеттері____________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Мемлекеттік шекараны болжамды кесу орны, күні, уақыты және ықтимал ілесіп жүру_____
________________________________________________________________________________
4. Маршруты және транзитпен жүріп өту уақыты______________
________________________________________________________________________________
Г. Ескертпе
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Басқа транзит мемлекетінің және (немесе) межелі мемлекеттің адамды қабылдауына кепілдік
берілген.
Сұрау салушы Тарап мемлекетінің
орталық құзыретті органы өкілінің қолы_____________________________
М.О.______________________________