Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 12 шілдедегі № 92-VI ҚРЗ.

      2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама

      (2017 жылғы 14 тамызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 5, 65-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 74, сондай-ақ "Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын ескере отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары ("жол картасы") туралы" 2014 жылғы 10 қазандағы № 75 (бұдан әрі - Жол карталары) шешімдерін орындау маңыздылығын тани отырып,

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді.

      2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып:

      - Қазақстан тарапынан - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган;

      - Қырғыз тарапынан - еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.07.2017 № 93-VI Заңы.

2-бап

      Көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамамен бекітілген тәртіппен мынадай нысандарда беріледі: ақша қаражаты, жабдықтар, тауарлар, оқыту және қызметтер көрсету.

3-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы реттейді.

4-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Хаттаманың ажырамас бөліктері болып табылады.

5-бап

      Осы Хаттаманың, Келісімнің және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.

      Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.

      2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Техникалық жәрдем
көрсету туралы хаттамаға
қосымша

Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР 12.07.2017 № 93-VI Заңы.

Іс-шаралардың атауы

Сома, АҚШ доллары

1.

Кедендік әкімшілендіру саласында өткізу пункттерін салу, жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру

3 286 800

2.

Техникалық реттеу саласында сынақ зертханаларын және басқа да объектілерді жаңғырту, толық жарақтандыру, реконструкциялау, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 662 149

3.

Көлік инфрақұрылымы саласында Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің жанындағы "Кырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын жарақтандыру

577 840

4.

Ақпараттық өзара іс-қимыл саласында Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Бірыңғай терезе орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын жарақтандыру

1 698 700

5.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігінің жанындағы өртке қарсы зертхананы толық жарақтандыру

749 621

6.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің сынақ зертханасын (орталықтарын) толық жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

1 863 523

7.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында санитариялық-карантиндік пунктерді және басқа да объектілерді жаңғырту, жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 199 463

8.

Фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласында өткізу пункттерін және басқа да объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

22 000 000

Жиыны:

41 038 096

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады