Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 130-VI ҚРЗ.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция және оған Хаттама ратификацияланған.

      2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 130-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттама ратификацияланған.

      Конвенция:

      біріншіден, уағдаласушы мемлекеттердің арасында салық салу құқықтарын бөлу жолымен уағдаласушы мемлекеттердің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды жоюға мүмкіндік береді.

      екіншіден, инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Ирландия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге жол ашады;

      үшіншіден, екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселелерін шешуге көмектеседі.

      Конвенция салық қатынастарының салыстырмалы тұрақтылығына кепілдік береді, табыстарға қосарланған салық салуға жол бермейді және сол арқылы екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Осы Салық Конвенциясының екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретіндегі маңызды рөлін атап өту керек.

      Конвенцияның ережелері ұлттық заңнама алдында басымдығы бар.

      Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз