1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 28 ақпандағы № 141-VІ ҚРЗ.

"1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Yкіметi арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы"
Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз релизі

      Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және оған Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Әзербайжан Республикасының Yкіметi арасындағы Хаттама ратификацияланған.

      Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 141-VI ҚРЗ Заңымен 1996 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Әзербайжан Республикасының Yкіметi арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Хаттама ратификацияланған.

      Хаттама:

      біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға

      екіншіден, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін тepic пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға.

      Осы Хаттаманың екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретіндегі маңызды рөлін атап өткен жөн.

      Хаттама Конвенцияның ажырамас белгі болып табылады және оның ережелерінің ұлттық заңнама алдында басымдығы бар.

      Хаттаманы icкe асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз