Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 146-VІ ҚРЗ.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз релизі

      Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Хаттама ратификацияланған.

      Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 146-VI ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификацияланған.

      Хаттама:

      біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді;

      екіншіден, резиденттікті растайтын құжаттарды тану рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Келісім салық қызметтеріне қолтаңбасы мен мөрін заңдастырмай резиденттікті растайтын түпнұсқадағы құжаттарды қабылдауға мүмкіндік беретін ережемен толықтырылды.

      үшіншіден, Хаттамаға оқитын мемлекетінде студенттерге гранттар, стипендиялар мен жалданып істейтін жұмыстан алатын сыйақылар бойынша жеңілдіктерге және шегерімдерге құқық беретін норма енгізу жолымен оқитындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

      Төртіншіден, келісім профессорларды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді шет мемлекетте 2 жыл бойында салық салудан босату жолымен екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

      Осы Хаттаманың екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретіндегі маңызды рөлін атап өткен жөн.

      Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның ережелерінің ұлттық заңнама алдында басымдығы бар.

      Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз