Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 199-VІ ҚРЗ.

"Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы бойынша пресс-релиз

      2018 жылдың 8 желтоқсанында мемлекет басшысы "Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Көрсетілген халықаралық келісімдерді ратификациялаудың мақсаты (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ассамблеясының 38-ші сессиясының шешімін жүзеге асыру болып табылады.

      Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы 1970 жылғы Гаага конвенцияны және оны толықтыратын 2010 жылғы Бейжің хаттамасы әуе кемелерді заңсыз басып алуға байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті айқындауға және осындай қылмыстарға өзінің юрисдикциясын белгілеуге бағытталған.

      Осы халықаралық келісім шарттарда қылмыстық әрекеттерге қатысушы сыбайластың әртүрлі нысандары қарастырылған. Осылайша, қылмысты жасауға талпынған, оны ұйымдастыратын, серіктес ретінде қатысатын, басқа адамға жауапкершіліктен қашуына әдейі көмектессе, бір немесе бірнеше адаммен қылмыс жасауға сөз байласса, қылмыс жасайтын сыбайлас тұлғалар болып табылады.

      Бейжің хаттамасы әуе кемесін заңсыз басып алу актілерінің тізімін кеңейтеді. Атап айтқанда, әуе кемелерін аэронавигациялық жүйелеріне араласу және кибер-шабуылдар қолдану арқылы бақылау жүзеге асырылады. Егер тұлға, осындай қылмысты жасауға қатер төндірсе, ол қылмыс деп есептеледі.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама осы актілер үшін жауапкершілікті нормалары көздейді.

      Қазақстан Республикасы әуе көлігіндегі терроризмге қарсы күресте оның барлық формалары мен көріністерінде әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық шараларын үнемі қолдайды.

      Заңды қабылдау Қазақстан Республикасы тарапынан қосымша шығындар мен міндеттемелерді қажет етпейді.

      Қандай да бір негативті құқықтық және әлеуметтік салдар болмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз