БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 9 қарашадағы Ресейге мемлекеттік сапары шеңберінде 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттамаға қол қойылды.
"Құрманғазы" жобасы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен РФ арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге (бұдан әрі-Келісім) және 2002 жылғы 13 мамырдағы оған Хаттамаға (2006 жылғы 25 қаңтардағы өзгерістермен) сәйкес жүзеге асырылады, онда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының олардың уәкілетті ұйымдары атынан тең қатысуы күтілуде.
ҚР Үкіметі мен уәкілетті ұйымдар арасындағы келісімді және Хаттаманы іске асыру мақсатында 2005 ж. 06.07. № 1787 Каспий теңізінде орналасқан "Құрманғазы" құрылымы бойынша өнімді бөлу туралы Келісім (бұдан әрі – ӨБК) жасалды.
"Құрманғазы" құрылымы шегінде барлау кезеңі ішінде көмірсутек шикізатының шоғыры анықталмауына, ал оған іргелес орналасқан учаскелерде барлау жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты уәкілетті ұйымдар барлау жүргізу үшін келісімшарттық аумақты ұлғайту туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар "Құрманғазы" құрылымына жете барлау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті ұйымдар Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Хаттамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасады.
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы Келісім Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 14 қарашадағы N 356 Заңымен ратификацияланғанын назарға ала отырып, қолданыстағы Хаттама ратификациялауға жатады.
Қосымша хаттаманы ратификациялағаннан кейін құзыретті орган "Құрманғазы" жобасы бойынша уәкілетті ұйыммен келіссөздер бастайды. Біріншісі – "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС (бұдан әрі – КМТ) келісімшарттық міндеттемелерді сақтай отырып, барлық келісімшарттық аумақта барлау кезеңін ұзарту, екіншісі – келісімшарттық аумақты кеңейтуді көздейді.
Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Мемлекет басшысы "1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттаманы ратификациялау туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 200-VI Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.