Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 213-VІ ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      156-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:

      1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау;

      2) көрермендерге фильмнің жас санаты туралы белгiленген тәртіппен ақпарат бермеу;

      3) "18+" және "21+" жас санаттары бар фильмдерді прокаттау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;

      4) фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне фильмдер бойынша ақпарат бермеуі және (немесе) бұрмаланған ақпарат беруі;

      5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттарын сақтамау;

      6) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық –

      ескерту жасауға алып келеді.".

      2. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "үш айдан" деген сөздер "үш жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 293-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшасындағы "ұйым қолданады." деген сөздер "ұйым;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;

      5) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмнің құқық иеленушілері болып табылатын салық төлеушілер қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.

      4-2. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.

      Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарт немесе өзге де негіз бойынша ұлттық фильмді пайдалануға айрықша құқығы бар заңды тұлға ұлттық фильмнің құқық иеленушісі болып танылады.";

      3) 305-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мыналар есепке алынбайды:

      мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;

      осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері;

      осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері.";

      4) 394-бапта:

      бірінші бөлік 43) тармақшасындағы "көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "көрсетілетін қызметтерді;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:

      "44) фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың бірінші бөлігінің 44) тармақшасында көрсетілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.".

      3. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат):

      1) 1-баптың 1-2), 1-3), 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6) және 16-7) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 7-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) театр, музыка өнерін, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;";

      23-3), 31) және 32) тармақшалар алып тасталсын;

      3) 19-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.";

      4) 28, 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5 және 28-6-баптар алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады