Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 18 ақпандағы № 303-VІ ҚРЗ.

БАСПА-РЕЛИЗ

      2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті "Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы" 3аңға қол қойды.

      Конвенцияның мақсаты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экстремизмнің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ осы салада құқықтық көмек көрсету мәселелерінде өзара іс-қимыл механизмін бекіту болып табылады.

      Қазақстанның Конвенцияға қосылуы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді және мемлекет бюджетінен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, сондай-ақ жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасы ҰҚК

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз