2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2018 жылғы 23 маусымда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттама
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттер үкіметтері атынан,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге қосылады.
2-бап
Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім күшіне енген күнінен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
2018 жылғы 23 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - әрбір мемлекетке жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Осымен осы мәтіннің 2018 жылғы 23 шілдедегі Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың толық және төлнұсқа көшірмесі екенін куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасы Вице-Премьер-Министрі, Халықаралық экономикалық интеграция және реформа министрі В.В. Габриелян;
Беларус Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары В.С. Матюшевский;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі О.М. Панкратов;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары И.И. Шувалов.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Заң департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
2018 жылғы 23 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманың орыс тіліндегі мәтініне дәлме-дәл екенін растаймын.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы |
К. Байытов |