"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2020 жылғы 2 маусымдағы № 339-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Конституциялық заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 83-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2017 ж., № 12, 33-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Парламенттік оппозиция Парламент Мәжілісінің Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға құқылы.";

      2) 34-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Саяси партиялар фракцияларының басшыларына, ал олар болмаған жағдайда не олардың уәкілеттік беруі бойынша саяси партиялар фракцияларының өкілдеріне Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдау мен өзге де іс-шараларда сөз сөйлеу құқығына кепілдік беріледі.";

      3) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:

      "34-1-бап. Парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция

      1. Парламенттік көпшілік – Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.

      2. Парламенттік оппозиция – Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін және парламенттік көпшілікке кірмейтін, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) қоғамдық-саяси мәселелер бойынша парламенттік көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.

      Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.

      3. Парламенттік оппозиция осы Конституциялық заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады