Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 15 маусымдағы № 345-VI ҚРЗ.

      2019 жылғы 6 маусымда Санкт-Петербургте жасалған Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылатын Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы (бұдан әрі - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) және Еуразиялық экономикалық одақ, бір тараптан және Қытай Халық Республикасы (ҚХР), басқа тараптан,

      Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың саудасына жәрдемдесу және сауда рәсімдерін оңайлату, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық мүдделерін қорғау, кедендік ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу қажеттігін түсіне отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы тұрақты ақпарат алмасу арқылы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттар мен актілерді, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын және ҚХР-дың заңнамасын бұзушылықтарды болғызбауға, анықтауға және олардың жолын кесуге ұмтыла отырып,

      кедендік рәсімдерді оңайлатуға, кедендік операциялардың жасалуын және халықаралық тасымалдың өткізілетін тауарлары мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізілуін жеделдетуге ықпал етуге ниеттене отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақ пен "Бір белдеу, Бір жол" бастамасын өзара ұштастыру, ҚХР, Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропа арасында халықаралық логистикалық арналар құру жөніндегі күш-жігерді қолдай отырып,

      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "Тараптардың заңнамасы" - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және ҚХР-дың халықаралық шарттары, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілер;

      "ақпарат" - осы Келісімге сәйкес электрондық түрде берілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер;

      "межелі ел" - тауарды әкелуге арналған кедендік құжаттар ресімделетін ел (өңір);

      "жөнелту елі" - тауарды әкетуге арналған кедендік құжаттар ресімделетін ел (өңір);

      "транзит елі" - тауарды транзиттік тасымалдауға арналған кедендік құжаттар ресімделетін ел (өңір);

      "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы" - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары, сондай-ақ олардың шегінен тыс орналасқан, өздеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы болатын жасанды аралдар, құрылысжайлар, қондырғылар және өзге де объектілер;

      "ҚХР-дың кедендік аумағы" - ҚХР-дың кеден заңнамасы қолданылатын аумақ;

      "тауар" - Тараптардың кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын және Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін кез келген тауарлар;

      "халықаралық тасымалдағы көлік құралдары" - Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы тауарларды өткізу жүзеге асырылатын теміржол көлік құралдарын, әуе кемелерін қоса алғанда, кемелердің, жерүсті көлік құралдарының әртүрлі типтері.

2-бап Келісімнің мақсаты

      Осы Келісімнің мақсаты Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу бойынша мыналарды:

      Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларға, сондай-ақ транзитпен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың жасалуын жеделдетуді;

      ақпарат алмасу барысында алынған халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы деректерді тәуекелдерді басқару және кедендік бақылаудың нысандарын жетілдіру саласындағы тиімділікті арттыру үшін пайдалануды;

      Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік аумақтарына әлеуетті қауіпті, өткізілуіне тыйым салынған және шектелген тауарларды кедендік бақылаудан жалтара отырып әкелуге байланысты тәуекелдерді және Тараптардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мүдделерін қозғайтын басқа да тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.

3-бап Келісімнің нысаны

      1. Осы Келісімді іске асыру шеңберінде Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың және ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы автомобиль, теміржол, әуе, су (теңіз және өзен) көлігінің түрлерімен және халықаралық тасымалдағы көлік құралдарымен өткізілетін тауарлар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

      2. Ақпарат алмасу осы Келісімнің ережелері ескеріле отырып, өз мемлекеттерінің заңнамасы негізінде кеден ісі саласындағы мемлекеттік саясатты, нормативтік актілерді іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ кеден ісі саласындағы бақылау мен қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚХР-дың Бас кеден басқармасы арасында жасалатын жекелеген хаттамаларға сәйкес Тараптардың техникалық дайындыққа қол жеткізу шамасына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылып отырады. Аталған хаттамалардың біріншісіне осы Келісім күшіне енген күннен бастап 18 ай өткеннен кешіктірілмей қол қойылуға тиіс.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген хаттамаларда осы баптың 5-7-тармақтарын, осы Келісімге № 1 қосымшаны және Тараптар айқындаған өлшемшарттарды ескере отырып, өздеріне қатысты ақпарат алмасу жүзеге асырылатын халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің көлемі мен құрамы, оның ішінде тауарларды өткізу бағыттары мен оларды тасымалдау тәсілдері, тауарлардың кодтары, өткізу пункттері, сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттары (мәліметтердің құрамы мен форматы, пайдаланылатын сыныптауыштар мен анықтамалықтар, алмасу тәртібі мен регламенті, алмасу тәсілдері, ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру схемасы, ақпарат алмасу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар) айқындалуға тиіс.

      Берілетін мәліметтердің құрамы мен форматы халықаралық стандарттарды, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа экономикалық комиссиясының деректерді электрондық алмасу саласындағы ұсынымдарын ескере отырып айқындалады.

      4. Тараптар осы баптың 5 - 7-тармақтарын және осы Келісімге № 2 қосымшаны ескере отырып, алмасуға жататын мәліметтердің көлемі мен құрамын кеңейтуге ұмтылатын болады.

      5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден:

      ҚХР-ға;

      ҚХР-дың кедендік аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге (өңірлерге) әкетілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты ҚХР-ға береді.

      6. ҚХР:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге (өңірлерге) ҚХР-дан әкетілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге береді.

      7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен ҚХР техникалық дайындыққа қол жеткізген кезде үшінші елдерден (өңірлерден):

      ҚХР-дың кедендік аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы ҚХР-ға;

      Еуразиялық экономикалық одақтың және ҚХР-дың кедендік аумақтары арқылы үшінші елдерге (өңірлерге) транзитпен өтетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасатын болады.

      8. Осы Келісімді іске асыру шеңберінде жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде алып өтетін, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жолданатын тауарлар туралы ақпарат алмасу жүзеге асырылмайды.

      9. Осы Келісімді іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына және ҚХР-дың заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны (мемлекеттік сырларды) құрайтын мәліметтерге жататын ақпаратты алмасу жүзеге асырылмайды.

4-бап Өзара іс-қимыл тетігі

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден орталық кеден органдары осы Келісім шеңберінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдар болып табылады.

      2. ҚХР-дан ҚХР-дың Бас кеден басқармасы осы Келісім шеңберінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Келісім ережелерінің іске асырылуын үйлестіруді және Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып осы Келісімнің ережелерін ескере келе, ақпарат алмасудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

      4. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жөнелту елінің немесе транзит елінің кеден органдары ретінде әрекет еткен жағдайда, тиісті уәкілетті органдар халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты ҚХР-дың уәкілетті органына беру үшін осындай ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне береді.

      5. Егер ҚХР-дың кеден органдары жөнелту елінің немесе транзит елінің кеден органдары ретінде әрекет еткен жағдайда, ҚХР-дың уәкілетті органы халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін осындай ақпаратты Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне береді.

5-бап Ақпарат алмасу

      1. Осы Келісімді іске асыру шеңберінде алмасуға жататын халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат кедендік құжаттардан алынған мәліметтердің негізінде қалыптастырылады.

      Мұндай ақпарат алмасу тұрақты негізде электрондық түрде жүзеге асырылады.

      2. Ақпарат алмасу орыс немесе қытай тілінде жүзеге асырылады.

      Жекелеген деректемелер жөніндегі мәліметтер латын әліпбиі пайдаланыла отырып ұсынылуы мүмкін.

      Кодталған түрде берілетін ақпаратты беру кезінде, халықаралық стандарттар негізінде әзірленген сыныптауыштар мен анықтамалықтар пайдаланылады.

      3. Осы Келісімді іске асыру шеңберінде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар өздерінің ақпараттық жүйелерін жаңғыртады және ақпарат алмасуға дайындық бойынша барлық қажетті техникалық жұмыстарды күні бұрын жүргізеді.

6-бап Ақпаратты қорғау және пайдалану

      1. Осы Келісім шеңберінде алынған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар мұндай ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізуін шектейді, сондай-ақ оның бақылаусыз таратылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен ҚХР-дың осы Келісім шеңберінде ақпарат алмасуды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдары осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты тек қана кедендік мақсаттар үшін пайдаланады және олар осындай ақпаратты берген уәкілетті органның жазбаша келісуінсіз әкімшілік және қылмыстық процестерде, сондай-ақ сот талқылауларында дәлелдеме ретінде пайдаланыла алмайды.

      3. ҚХР-дың уәкілетті органынан ақпарат алған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және бұл үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оған ұқсас ақпаратқа қатысты қолданылатын шаралар мен тәсілдерге ұқсас келетін, ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау тәсілдерін пайдаланады.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан ақпарат алған ҚХР-дың уәкілетті органы алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және бұл үшін ҚХР-дың заңнамасына сәйкес оған ұқсас ақпаратқа қатысты қолданылатын шаралар мен тәсілдерге ұқсас келетін, ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау тәсілдерін пайдаланады.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия мен ҚХР-дың уәкілетті органы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен ҚХР-дың уәкілетті органының тиісті ақпараттық жүйелері арасында ақпаратты беру кезінде оның қорғалуын қамтамасыз етеді.

7-бап Келісімді іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл

      1. Тараптар жылына бір рет осы Келісімді іске асыру мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізеді.

      Қажет болған кезде Тараптар консультациялар жасау жолымен қосымша жұмыс кездесулерін өткізуді келісе алады.

      2. Осы Келісімді іске асыру мәселелері бойынша хат-хабар жазысу орыс немесе қытай тілінде жүргізіледі.

8-бап Келіспеушіліктерді шешу

      Осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

9-бап Келісімге өзгерістер енгізу

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.

10-бап Келісімге қосылу және одан шығу

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше жаңа мемлекет оның осы Келісімге қосылуы бойынша осы Келісімнің Тараптары мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай жаңа мемлекет арасындағы келіссөздер жолымен қол жеткізілген Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге қосылады. Мұндай қосылу осы Келісімге қосымша хаттама жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кез келген мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруге кандидат мәртебесін алғаны туралы және мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылғаны туралы ҚХР-ды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақтан шыққаны туралы ҚХР-ды дереу жазбаша нысанда хабардар етеді.

11-бап Келісімнің күшіне енуі

      Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен ҚХР-дың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді. Осы хабарламаларды алмасу Еуразиялық экономикалық комиссия мен ҚХР арасында жүзеге асырылады.

12-бап Келісімнің қолданысын тоқтату

      Тараптардың кез келгені басқа Тарапқа тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы. Келісім осындай хабарламаны басқа Тарап алған күннен бастап 6 ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      2019 жылғы 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы орыс және қытай тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.

      Армения Республикасы үшін Қытай Халық Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін
      Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін
      Еуразиялық экономикалық одақ үшін

  Еуразиялық экономикалық одақ
пен Қытай Халық
Республикасының кедендік
шекаралары арқылы өткізілетін
халықаралық тасымалдағы
тауарлар мен көлік құралдары
жөнінде ақпарат алмасу туралы
келісімге
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді іске асырудың бастапқы кезеңінде алмасуға жататын ақпараттың құрамы

Атауы

Сипаттамасы

1. Тауар партиясы туралы ақпарат

1. Тауар партиясының бірегей нөмірі

тауарларға арналған декларацияның нөмірі

2. Тауарлар атауларының жалпы саны

тауар партиясындағы тауарлар атауларының саны (цифрлық мәні)

2. Тауарларды тасымалдайтын немесе осы тауарларды тасымалдауға бастамашы болып отырған тұлғалар туралы ақпарат

1. Тауарларды жөнелтуші

жөнелтушінің елінің (өңірінің) коды. Тараптың заңнамасына сәйкес берілген жөнелтушінің коды (тауарларды экспорттау (әкету) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

2. Тауарларды алушы

алушының елінің (өңірінің) коды. Тараптың заңнамасына сәйкес берілген алушының коды (тауарларды импорттау (әкелу) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

3. Тауарларды тасымалдаушы (толтырылуы міндетті емес)

тауарларды тасымалдаушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

3. Кедендік аумақтан шығару кезінде тауарлар салынған халықаралық тасымалдың көлік құралы (көлік құралдары) туралы ақпарат

1. Халықаралық тасымалдың көлік құралының нөмірі

тауарлар автомобиль көлігімен тасымалданған кезде - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының тіркеу нөмірлері;
тауарлар теміржол көлігімен тасымалданған кезде - теміржол вагондарының (платформалардың, цистерналардың және т.с.с.) нөмірлері;
тауарлар теңіз (өзен) көлігімен тасымалданған кезде - кемелердің атаулары;
тауарлар әуе көлігімен тасымалданған кезде - рейстердің нөмірлері

2. Халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің коды

халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің), ал егер тасымалда халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы пайдаланылса - халықаралық тасымалдың басқа көлік құралын (басқа көлік құралдарын) қозғалтуға алып келетін халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің) коды

3. Контейнерлердің нөмірлері

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері

4. Тіркемелердің нөмірлері (толтырылуы міндетті емес)

тіркемелердің, жартылай тіркемелердің және басқалардың нөмірлері (автомобиль көлігі үшін)

5. Халықаралық тасымалдың көлік құралы түрінің коды

10 - теңіз (өзен) көлігі;
20 - теміржол көлігі;
30-31, 32-кодтарымен көрсетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарын қоспағанда, автожол көлігі;
31 - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы (жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар сүйрегіш);
32 - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы (тіркемесі (тіркемелері) және жартылай тіркемесі (жартылай тіркемелері) бар сүйрегіш;
40 - әуе көлігі

6. Кету күні

тауарлардың кету күні

7. Кедендік пломбаның нөмірі (толтырылуы міндетті емес)

кедендік пломбаның сәйкестендіру нөмірі

4. Тауарлар туралы ақпарат

1. Тауардың коды

Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі бойынша тауарды сыныптау коды (кемінде 6 таңба)

2. Тауарлардың сипаттамасы

тауарлардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауы) және тауар белгілері, маркалары, модельдері, артикулдары, сұрыптары, стандарттары және өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер, сондай-ақ декларацияланатын тауардың сандық және сапалық құрамы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда)

3. Тауардың бағасы

тауардың декларацияда көрсетілген бағасы

4. Шарт бағасы валютасының коды

ISO 4217 сыныптаушысына сәйкес

5. Жүк орындарының жалпы саны

кедендік құжаттарға сәйкес декларацияланатын тауарлардың жүк орындарының саны көрсетіледі

6. Тауардың брутто салмағы (кг)

тауардың жалпы массасы

7. Тауардың нетто салмағы (кг)

декларацияланатын тауардың қандай да бір қаптамасы ескерілмеген массасы

8. Қаптамалардың сипаттамасы

саны және түрі

9. Тауарлар шығарылған елдің коды

тауарлар шығарылған елдің (өңірдің) коды

5. Тауарға ілеспе, көлік және өзге құжаттар туралы ақпарат

1. Беру шартының коды, географиялық пункттің атауы

сыртқы сауда шартында көрсетілген беру шарттарының сыныптауышына сәйкес беру шарттары туралы мәліметтер (Іnсоtеrms 2000 және Іnсоtеrms 2010) және географиялық пункттің атауы

2. Сыртқы сауда шартының нөмірі

декларацияда көрсетілген сыртқы сауда шартының нөмірі

3. Көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері мен күндері

  Еуразиялық экономикалық одақ
пен Қытай Халық
Республикасының кедендік
шекаралары арқылы өткізілетін
халықаралық тасымалдағы
тауарлар мен көлік құралдары
жөнінде ақпарат алмасу туралы
келісімге
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмаcу туралы келісімді кезең-кезеңімен іске асыру кезінде және техникалық дайындыққа қол жеткізген сайын Тараптар алмасуға ұмтылатын ақпараттың құрамы
(бағытына байланысты)

Атауы

Сипаттамасы

I. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ҚХР-ға әкету кезінде және ҚХР Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкету кезінде ұсынатын халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпараттың құрамы

1. Тауар партиясы туралы ақпарат

1. Тауар партиясының бірегей нөмірі

тауарларға арналған декларацияның нөмірі

2. Тауарлар атауларының жалпы саны

тауар партиясындағы тауарлар атауларының саны (цифрлық мәні)

3. Тауарларды жөнелтуші елдің коды

тауарларды жөнелтуші елдің (өңірдің) коды

4. Тауарлардың межелі елінің коды

тауарлардың межелі елінің (өңірінің) коды

2. Тауарларды тасымалдайтын немесе осы тауарларды тасымалдауға бастамашы болып отырған тұлғалар туралы ақпарат

1. Тауарларды жөнелтуші

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген жөнелтушінің коды (тауарларды экспорттау (әкету) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

2. Тауарларды жөнелтушінің мекенжайы

жөнелтушінің елінің (өңірінің) коды.
Жөнелтушінің орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

3. Тауарларды алушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген алушының коды (тауарларды импорттау (әкелу) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

4. Тауарларды алушының мекенжайы

алушының елінің (өңірінің) коды.
Алушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

5. Тауарларды тасымалдаушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген тасымалдаушының коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды тасымалдаушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

6. Тауарларды тасымалдаушының мекенжайы (толтырылуы міндетті емес)

тасымалдаушының елінің (өңірінің) коды. Тауарларды тасымалдаушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

7. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

3. Кедендік аумақтан шығару кезінде тауарлар салынған халықаралық тасымалдың көлік құралы (көлік құралдары) туралы ақпарат

1. Халықаралық тасымалдың көлік құралының нөмірі

тауарлар автомобиль көлігімен тасымалданған кезде - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының тіркеу нөмірлері;
тауарлар теміржол көлігімен тасымалданған кезде - теміржол вагондарының (платформалардың, цистерналардың және т.с.с.) нөмірлері;
тауарлар теңіз (өзен) көлігімен тасымалданған кезде - кемелердің атаулары;
тауарлар әуе көлігімен тасымалданған кезде - рейстердің нөмірлері

2. Контейнерлердің нөмірлері

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері

3. Тіркемелердің нөмірлері (толтырылуы міндетті емес)

тіркемелердің, жартылай тіркемелердің және басқалардың нөмірлері (автомобиль көлігі үшін)

4. Халықаралық тасымалдың көлік құралы түрінің коды

10 - теңіз (өзен) көлігі;
20 - теміржол көлігі;
30-31, 32-кодтарымен көрсетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарын қоспағанда, автожол көлігі;
31 - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы (жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар сүйрегіш);
32 - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы (тіркемесі) тіркемелері және жартылай тіркемесі (жартылай тіркемелері) бар сүйрегіш);
40 - әуе көлігі

5. Халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің КОДЫ

халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің), ал егер тасымалда халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы пайдаланылса - халықаралық тасымалдың басқа көлік құралын (басқа көлік құралдарын) қозғалтуға алып келетін халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің) коды

6. Кету күні

тауарларды әкету күні

7. Кедендік пломбаның нөмірі (толтырылуы міндетті емес)

кедендік пломбаның сәйкестендіру нөмірі

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

4. Тауарлар туралы ақпарат

1. Тауардың реттік нөмірі

цифрлық мәні

2. Тауардың коды

Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі бойынша тауарды сыныптау коды (кемінде 6 таңба)

3. Тауарлардың сипаттамасы

тауарлардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауы) және тауар белгілері, маркалары, модельдері, артикулдары, сұрыптары, стандарттары және өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер, сондай-ақ декларацияланатын тауардың сандық және сапалық құрамы туралы мәліметтер (бар болған жағдайда)

4. Тауарларды өндіруші туралы мәліметтер

өндіруші туралы мәліметтер (ол туралы мәліметтер бар болған жағдайда)

5. Тауарлар шығарылған елдің коды

тауарлар шығарылған елдің (өңірдің) коды

6. Тауардың бағасы

тауардың декларацияда көрсетілген бағасы

7. Шарт бағасы валютасының коды

ISO 4217 сыныптауышына сәйкес

8. Жүк орындарының жалпы саны

кедендік құжаттарға сәйкес декларацияланатын тауарлардың жүк орындарының саны

9. Тауардың брутто салмағы (кг)

тауардың жалпы массасы

10. Тауардың нетто салмағы (кг)

декларацияланатын тауардың қандай да бір қаптамасы ескерілмеген массасы

11. Қаптама түрінің коды

№ 21 UN/CEFACT ұсынымына сәйкес цифрлық мәні

12. Қаптамалардың сипаттамасы

саны және түрі

13. Мәлімделетін кедендік рәсімнің (кедендік режимнің) коды

кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделетін кедендік рәсімнің екі таңбалы коды

14. Алдындағы кедендік рәсімнің (кедендік режимнің) коды

егер декларацияланатын тауарлар бұрын өзге кедендік рәсіммен орналастырылса, кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің екі таңбалы коды

15. Қосымша өлшем бірлігінің коды

өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес цифрлық мәні

16. Тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны

тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (цифрлық мәні)

17. Тауардың статистикалық құны

тауардың математикалық қағидалар бойынша үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектелген, АҚШ долларындағы статистикалық құны

18. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

5. Тауарға ілеспе, көлік және өзге құжаттар туралы ақпарат

1. Беру шартының коды, географиялық пункттің атауы

сыртқы сауда шартында көрсетілген беру шарттарының сыныптауышына сәйкес беру шарттары туралы мәліметтер (Іncoterms 2000 және Іncoterms 2010) және географиялық пункттің атауы

2. Тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар туралы мәліметтер

коммерциялық құжаттардың (сыртқы сауда шарты, тауарларға төлем және жеткізу шоты, шот-фактура (инвойс), шот-проформа (проформа- инвойс) және басқалары) нөмірлері мен күндері

3. Көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері мен күндері

4. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

II. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ҚХР-дың кедендік аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге әкету кезінде және ҚХР Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге әкету кезінде ұсынатын халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдары туралы ақпараттың құрамы

1. Тауар партиясы туралы ақпарат

1. Тауар партиясының бірегей нөмірі

тауарларға арналған декларацияның нөмірі

2. Тауарлар атауларының жалпы саны

тауар партиясындағы тауарлар атауларының саны (цифрлық мәні)

3. Тауарларды жөнелтуші елдің коды

тауарларды жөнелтуші елдің (өңірдің) коды

4. Тауарлардың межелі елінің коды

тауарлардың межелі елінің (өңірінің) коды

2. Тауарларды тасымалдайтын немесе осы тауарларды тасымалдауға бастамашы болып отырған тұлғалар туралы ақпарат

1. Тауарларды жөнелтуші

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген жөнелтушінің коды (тауарларды экспорттау (әкету) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

2. Тауарларды жөнелтушінің мекенжайы

жөнелтушінің елінің (өңірінің) коды.
Жөнелтушінің орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

3. Тауарларды алушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген алушының коды (тауарларды импорттау (әкелу) кезінде көрсетіледі).
Кедендік құжаттарда тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

4. Тауарларды алушының мекенжайы

алушының елінің (өңірінің) коды.
Алушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

5. Тауарларды тасымалдаушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген тасымалдаушының коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды тасымалдаушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

6. Тауарларды тасымалдаушының мекенжайы (толтырылуы міндетті емес)

тасымалдаушының елінің (өңірінің) коды.
Тауарларды тасымалдаушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

7. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

3. Кедендік аумақтан шығару кезінде тауарлар салынған халықаралық тасымалдың көлік құралы (көлік құралдары) туралы ақпарат

1. Халықаралық тасымалдың көлік құралының нөмірі

тауарлар автомобиль көлігімен тасымалданған кезде - халықаралық тасымалдың көлік құралдарының тіркеу нөмірлері;
тауарлар теміржол көлігімен тасымалданған кезде - теміржол вагондарының (платформалардың, цистерналардың және т.с.с.) нөмірлері;
тауарлар теңіз (өзен) көлігімен тасымалданған кезде - кемелердің атаулары;
тауарлар әуе көлігімен тасымалданған кезде - рейстердің нөмірлері

2. Контейнерлердің нөмірлері

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері

3. Тіркемелердің нөмірлері (толтырылуы міндетті емес)

тіркемелердің, жартылай тіркемелердің нөмірлері (автомобиль көлігі үшін)

4. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы түрінің коды

10 - теңіз (өзен) көлігі;
20 - теміржол көлігі;
30-31, 32-кодтарымен көрсетілген халықаралық тасымалдағы көлік құралдарын қоспағанда, автожол көлігі;
31 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар сүйрегіш);
32 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (тіркемесі (тіркемелері) және жартылай тіркемесі (жартылай тіркемелері) бар сүйрегіш;
40 - әуе көлігі

5. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы тіркелген елдің коды

халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің), ал егер тасымалда халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы пайдаланылса халықаралық тасымалдың басқа көлік құралын (басқа көлік құралдарын) қозғалтуға алып келетін халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің) коды

6. Кету күні

тауарларды әкету күні

7. Кедендік пломбаның нөмірі (толтырылуы міндетті емес)

кедендік пломбаның сәйкестендіру нөмірі

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

4. Тауарлар туралы ақпарат

1. Тауардың реттік нөмірі

цифрлық мәні

2. Тауардың коды

Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі бойынша тауарды сыныптау коды (кемінде 6 таңба)

3. Тауарлардың сипаттамасы

тауарлардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атауы) және тауар белгілері, маркалары, модельдері, артикулдары, сұрыптары, стандарттары және өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер, сондай-ақ декларацияланатын тауардың сандық және сапалық құрамы туралы мәліметтер

4. Тауарларды өндіруші туралы мәліметтер

өндіруші туралы мәліметтер (ол туралы мәліметтер бар болған жағдайда)

5. Тауарлар шығарылған елдің коды

тауарлар шығарылған елдің (өңірдің) коды

6. Тауардың бағасы

тауардың декларацияда көрсетілген бағасы

7. Шарт бағасы валютасының коды

ISO 4217 сыныптауышына сәйкес

8. Жүк орындарының жалпы саны

кедендік құжаттарға сәйкес декларацияланатын тауарлардың жүк орындарының саны

9. Тауардың брутто салмағы (кг)

тауардың жалпы массасы

10. Тауардың нетто салмағы (кг)

декларацияланатын тауардың қандай да бір қаптамасы ескерілмеген салмағы

11. Қаптама түрінің коды

№ 21 UN/CEFACT Ұсынымына сәйкес цифрлық мәні

12. Қаптамалардың сипаттамасы

саны және түрі

13. Мәлімделетін кедендік рәсімнің (кедендік режимнің) коды

кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделетін кедендік рәсімнің екі таңбалы коды

14. Алдыңғы кедендік рәсімнің (кедендік режимнің) коды

егер декларацияланатын тауарлар бұдан бұрын өзге кедендік рәсіммен орналастырылған болса, кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес алдыңғы кедендік рәсімнің екі таңбалы коды

15. Қосымша өлшем бірлігінің коды

өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес цифрлық мәні

16. Тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны

тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (цифрлық мәні)

17. Тауардың статистикалық құны

тауарлардың математикалық ережелер бойынша үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектелген АҚШ долларымен есептелген статистикалық құны

18. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

5. Тауарға ілеспе, көлік және өзге құжаттары туралы ақпарат

1. Беру шартының коды, географиялық пункттің атауы

сыртқы сауда шартында көрсетілген беру шарттарын сыныптауышына сәйкес жеткізу шарттары туралы мәліметтер (Іncoterms 2000 және Іncoterms 2010) және географиялық пункттің атауы

2. Тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар туралы мәліметтер

коммерциялық құжаттардың нөмірлері мен күндері (сыртқы сауда шарты, тауарларға ақы төлеу және жеткізу шоты, шот-фактура (инвойс), шот-проформа (проформа-инвойс) және басқалары)

3. Көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері мен күндері

4. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

III. Еуразиялық экономикалық одақтың және ҚХР-дың кедендік аумақтары арқылы үшінші мемлекеттерден үшінші мемлекеттерге транзитпен өтетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпараттың құрамы

1. Тауар партиясы туралы ақпарат

1. Тауар партиясының бірегей нөмірі

тауарларға арналған декларацияның нөмірі

2. Тауарларды жөнелтуші елдің коды

тауарларды жөнелтуші елдің (өңірдің) коды

3. Тауарлардың межелі елдің коды

тауарлардың межелі елінің (өңірінің) коды

2. Тауарларды тасымалдайтын немесе осы тауарларды тасымалдауға бастамашы болып отырған тұлғалар туралы ақпарат

1. Тауарларды жөнелтуші

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген жөнелтушінің коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

2. Тауарларды жөнелтушінің мекенжайы

жөнелтушінің елінің (өңірінің) коды. Жөнелтушінің орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

3. Тауарларды алушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген алушының коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

4. Тауарларды алушының мекенжайы

алушының елінің (өңірінің) коды.
Алушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

5. Тауарларды тасымалдаушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген тасымалдаушы коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды тасымалдаушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

6. Тауарларды тасымалдаушының мекенжайы (толтырылуы міндетті емес)

тасымалдаушының елінің (өңірінің) коды.
Тауарларды тасымалдаушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

7. Жүргізуші туралы мәліметтер

жүргізушінің тегі, аты және әкесінің аты

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

3. Кедендік аумақтан шығару кезінде тауарлар салынған халықаралық тасымалдың көлік құралы (көлік құралдары) туралы ақпарат

1. Халықаралық тасымалдағы көлік құралының нөмірі

тауарлар автомобиль көлігімен тасымалданған кезде - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының тіркеу нөмірлері (егер тауарлар автокөлік құралдарының құрамымен тасымалданса, халықаралық тасымалдағы барлық көлік құралдары); тауарлар теміржол көлігімен тасымалданған кезде - теміржол вагондарының (жартылай вагондардың, платформалардың, цистерналардың және т.с.с.) нөмірлері; тауарлар контейнерлермен тасымалданған кезде, егер транзиттік декларацияны беру кезінде жартылай вагондардың, платформалардың нөмірлері туралы мәліметтер болмаса, контейнерлердің нөмірлері туралы мәліметтерді көрсетуге жол беріледі; тауарлар теңіз (өзен) көлігімен тасымалданған кезде - кемелердің атауы; тауарлар әуе көлігімен тасымалданған кезде - рейстердің нөмірлері

2. Контейнерлердің нөмірлері

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері

3. Тіркемелердің нөмірлері (толтырылуы міндетті емес)

Тіркемелердің, жартылай тіркемелердің және басқалардың нөмірлері (автомобиль көлігі үшін)

4. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы түрінің коды

10 - теңіз (өзен) көлігі;
20 - теміржол көлігі;
30-31, 32-кодтарымен көрсетілген халықаралық тасымалдағы көлік құралдарын қоспағанда, автожол көлігі;
31 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар сүйрегіш);
32 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (тіркемесі (тіркемелері) және жартылай тіркемесі (жартылай тіркемелері) бар сүйрегіш;
40 - әуе көлігі

5. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы тіркелген елдің коды

халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің), ал егер тасымалда халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы пайдаланылса - халықаралық тасымалдың басқа көлік құралын (басқа көлік құралдарын) қозғалтуға алып келетін халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің) коды

6. Кету күні

тауарларды әкету күні

7. Кедендік пломбаның нөмірі (толтырылуы міндетті емес)

кедендік пломбаның сәйкестендіру нөмірі

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

4. Тауарлар туралы ақпарат

1. Тауардың реттік нөмірі

цифрлық мәні

2. Тауардың коды

Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі бойынша тауарды сыныптау коды (кемінде 6 таңба)

3. Тауарлардың сипаттамасы

коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес сипаттамасы

4. Тауардың бағасы

тауардың декларацияда көрсетілген бағасы

5. Шарт бағасы валютасының коды

ISO 4217 сыныптауышына сәйкес

6. Жүк орындарының жалпы саны

қаптамасы бар тауарлар үшін көрсетіледі

7. Тауардың брутто салмағы, не тауар көлемі (кг)

айналымға түскенге дейін тауардың өзгермеуін қамтамасыз ету үшін қажетті қаптаманың барлық түрлерін қоса алғанда, килограмдармен көрсетілген тауардың жалпы массасы

8. Тауарлардың барлығы

транзиттік декларациядағы тауарлар атауларының жалпы саны

9. Қаптама түрінің коды

№ 21 UN/CEFACT ұсынымына сәйкес цифрлық мәні

10. Қаптамалардың сипаттамасы

саны және түрі

11. Қосымша өлшем бірлігінің коды

өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес цифрлық мәні

12. Тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны

тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (цифрлық мәні)

13. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

5. Тауарға ілеспе, көлік және өзге құжаттары туралы ақпарат

1. Тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар туралы мәліметтер

тауарлардың құнын растайтын коммерциялық құжаттардың нөмірлері мен күндері

2. Көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері мен күндері

3. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

IV. Үшінші мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ҚХР-дың кедендік аумағы арқылы және үшінші мемлекеттерден ҚХР-ға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпараттың құрамы

1. Тауар партиясы туралы ақпарат

1. Тауар партиясының бірегей нөмірі

тауарларға арналған декларацияның нөмірі

2. Тауарларды жөнелтуші елдің коды

тауарларды жөнелтуші елдің (өңірдің) коды

3. Тауарлардың межелі елінің коды

тауарлардың межелі елінің (өңірінің) коды

2. Тауарларды тасымалдайтын немесе осы тауарларды тасымалдауға бастамашы болып отырған тұлғалар туралы ақпарат

1. Тауарларды жөнелтуші

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген жөнелтушінің коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

2. Тауарларды жөнелтушінің мекенжайы

жөнелтушінің елінің (өңірінің) коды.
Жөнелтушінің орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

3. Тауарларды алушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген алушының коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

4. Тауарларды алушының мекенжайы

алушының елінің (өңірінің) коды.
Алушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

5. Тауарларды тасымалдаушы

Тараптың заңнамасына сәйкес берілген тасымалдаушының коды.
Кедендік құжаттарда тауарларды тасымалдаушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер

6. Тауарларды тасымалдаушының мекенжайы (толтырылуы міндетті емес)

тасымалдаушының елінің (өңірінің) коды. Тасымалдаушының орналасқан жері (елдің қысқаша атауы, әкімшілік-аумақтық бірлік, елді мекен, көше, үйдің (корпустың, құрылыстың), пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірі)

7. Жүргізуші туралы мәліметтер

жүргізушінің тегі, аты және әкесінің аты

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

3. Кедендік аумақтан шығару кезінде тауарлар салынған халықаралық тасымалдың көлік құралы (көлік құралдары) туралы ақпарат

1. Халықаралық тасымалдағы көлік құралының нөмірі

тауарлар автомобиль көлігімен тасымалданған кезде - көлік құралдарының тіркеу нөмірлері (егер тауарлар автокөлік құралдарының құрамымен тасымалданса, халықаралық тасымалдағы барлық көлік құралдары); тауарлар теміржол көлігімен тасымалданған кезде - теміржол вагондарының (жартылай вагондардың, платформалардың, цистерналардың және т.с.с.) нөмірлері; тауарлар контейнерлермен тасымалданған кезде, егер транзиттік декларацияны беру кезінде жартылай вагондардың, платформалардың нөмірлері туралы мәліметтер болмаса, контейнерлердің нөмірлері туралы мәліметтерді көрсетуге жол беріледі; тауарлар теңіз (өзен) көлігімен тасымалданған кезде - кемелердің атауы; тауарлар әуе көлігімен тасымалданған кезде - рейстердің нөмірлері

2. Контейнерлердің нөмірлері

контейнерлердің сәйкестендіру нөмірлері

3. Тіркемелердің нөмірлері (толтырылуы міндетті емес)

Тіркемелердің, жартылай тіркемелердің және басқалардың нөмірлері (автомобиль көлігі үшін)

4. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы түрінің коды

10 - теңіз (өзен) көлігі;
20 - теміржол көлігі;
30-31, 32-кодтарымен көрсетілген халықаралық тасымалдағы көлік құралдарын қоспағанда, автожол көлігі;
31 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (жартылай тіркемесі немесе тіркемесі бар сүйрегіш);
32 - халықаралық тасымалдағы көлік құралдарының құрамы (тіркемесі (тіркемелері) және жартылай тіркемесі (жартылай тіркемелері) бар сүйрегіш;
40 - әуе көлігі

5. Халықаралық тасымалдағы көлік құралы тіркелген елдің коды

халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің), ал егер тасымалда халықаралық тасымалдың көлік құралдарының құрамы пайдаланылса - халықаралық тасымалдың басқа көлік құралын (басқа көлік құралдарын) қозғалтуға алып келетін халықаралық тасымалдың көлік құралы тіркелген елдің (өңірдің) коды

6. Кету күні

тауарларды әкету күні

7. Кедендік пломбаның нөмірі (толтырылуы міндетті емес)

кедендік пломбаның сәйкестендіру нөмірі

8. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

4. Тауарлар туралы ақпарат

1. Тауардың реттік нөмірі

цифрлық мәні

2. Тауардың коды

Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі бойынша сыныптау коды (кемінде 6 таңба)

3. Тауарлардың сипаттамасы

коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға сәйкес сипаттамасы

4. Тауардың бағасы

тауардың декларацияда көрсетілген бағасы

5. Шарт бағасы валютасының коды

ISO 4217 сыныптауышына сәйкес

6. Жүк орындарының жалпы саны

қаптамасы бар тауарлар үшін көрсетіледі

7. Тауардың брутто салмағы, не тауар көлемі (кг)

айналымға түскенге дейін тауардың өзгермеуін қамтамасыз ету үшін қажетті қаптаманың барлық түрлерін қоса алғанда, килограмдармен көрсетілген тауардың жалпы массасы

8. Тауарлардың барлығы

транзиттік декларациядағы тауарлар атауларының жалпы саны

9. Қаптама түрінің коды

№ 21 UN/CEFACT Ұсынымына сәйкес цифрлық мәні

10. Қаптамалардың сипаттамасы

саны және түрі

11. Қосымша өлшем бірлігінің коды

өлшем бірліктерінің сыныптауышына сәйкес цифрлық мәні

12. Тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны

тауарлардың қосымша өлшем бірліктеріндегі саны (цифрлық мәні)

13. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

5. Тауарға ілеспе, көлік және өзге құжаттары туралы ақпарат

1. Тасымалданатын тауарларға арналған коммерциялық құжаттар туралы мәліметтер

тауарлардың құнын растайтын коммерциялық құжаттардың нөмірлері мен күндері

2. Көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірлері мен күндері

3. Анықтамалық мәліметтер

кез келген қосымша ақпарат

      Осымен аталған мәтін Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде 2019 жылғы 6 маусымда қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімінің толық және түпнұсқалық көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-премьер-министрі М.Г. Григорян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.В. Петришенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайылов;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Ж.П. Разаков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары - Ресей Федерациясының Қаржы министрі А.Г. Силуанов;

      Еуразиялық экономикалық одақ үшін - Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының төрағасы Т.С. Саркисян;

      Қытай Халық Республикасы үшін - Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі И. Ван.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
      Құқықтық департаментінің
      директоры В.И. Тараскин

      Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы бірінші
      вице-министрі Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады