2020 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңына қол қойды (бұдан әрі – Хаттама).
Хаттамадан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделеді.
Нормативтердің мөлшері мүше бес мемлекеттер үшін айқындалған. Бұл ретте Қазақстан үшін норматив 6,955% болып табылады.
Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.