2020 жылғы 3 қарашада "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (№ 371-VI) қол қойылды.
Бұдан бұрын қабылданған "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығын ескере отырып, Заңмен "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2020 жылы кепілдендірілген трансферт сомасын түзету бөлігінде өзгеріс енгізіледі.