Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 387-VI ҚРЗ.

      2020 жылғы 25 тамызда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасыны
Президенті Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма
  ҚАРЫЗ НӨМІРІ 3940-KAZ
  ҚАРЫЗ НӨМІРІ 3941- KAZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ арасындағы 2020 жылғы 25 тамыздағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (Жай операциялар) (СОVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы)

  KAZ 54188

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      (2020 жылғы 22 желтоқсанда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2020 ж., N 6, 30-құжат)

(Жай операциялар)

      Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - "Қарыз алушы" деп аталатын) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - "АДБ" деп аталатын) арасындағы 2020 жылғы 25 тамыздағы Қарыз туралы келісім.

      Төмендегіні назарға ала отырып:

      (A) АДБ Қарыз алушыдан 2020 жылғы 5 маусымдағы даму саясаты туралы хатты (бұдан әрі - "Даму саясаты туралы хат") алды, онда осы Қарыз туралы келісімге (бұдан әрі - "Бағдарлама") 1-қосымшада сипатталғандай, 2019 коронавирустық инфекциясы пандемиясына (COVID-19) байланысты Қарыз алушының қарсы циклдік дамуға арналған шығыстарын қалыптастыратын белгілі бір міндеттер, саясат пен іс-қимылдар жазылған;

      (B) Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаттары үшін еурода номинацияланған екі жай қарыз бөлу туралы өтінішпен АДБ-ға жүгінді; және

      (C) АДБ осы Келісімде жазылған шарттар мен ережелерде Қарыз алушыға АДБ-ның жай капитал ресурстарынан қарыздар беруге келісімін білдірді;

      жоғарыда жазылғанды ескере отырып, осы Келісімнің тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:

І БАП Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар

      1.01-бөлім. 2017 жылғы 1 қаңтардағы Жай операциялар үшін Қарыз беру қағидаларының (бұдан әрі - Қарыз беру қағидалары деп аталатын) барлық ережесі осы арқылы аталған Қарыз туралы келісімге олар осы Келісімнің мәтінінде толығымен жазылғандай күшпен және қолданыспен, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылады деп есептеледі:

      (a) 2.01(кк) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      "Қарыз" (а) 1-қарыздың (Қарыз туралы келісімнің 1.02 (с) бөлімінде келтірілген анықтамаға сәйкес) және (b) 2-қарыздың (Қарыз туралы келісімнің 1.02 (d) бөлімінде келтірілген анықтамаға сәйкес) әрқайсысын білдіреді";

      (b) 2.01(II) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      "Қарыз шоты":

      (i) 1-қарызға катысты АДБ бухгалтерлік шоттарда Қарыз алушының атынан ашқан немесе ашатын, 1-қарыздың сомасы түскен немесе түсетін шотты білдіреді; және

      (ii) 2-қарызға қатысты АДБ бухгалтерлік шоттарда Қарыз алушының атынан ашқан немесе ашатын, 2-қарыздың сомасы түскен немесе түсетін шотты білдіреді;

      (c) 2.01(tt) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

      "Бағдарлама" деген термин Қарыз туралы келісімде сипатталғандай, ол үшін АДБ Қарыздар беруге келіскен бағдарламаны білдіреді және оның сипаттамасы АДБ мен Қарыз алушының арасындағы келісу бойынша уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін";

      (d) "Жоба" деген термин Қарыз беру қағидаларында аталатын барлық жерде "Бағдарлама" деген терминмен ауыстырылатын болады;

      (е) 2.01(vv) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды: "Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік" деген термин Қарыз туралы келісімде көзделгендей, Бағдарламаны орындауға жауапты ұйымды немесе ұйымдарды білдіреді.";

      (f) "Жоба бойынша атқарушы агенттік" деген термин Қарыз беру қағидаларында аталатын барлық жерде "Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік" деген терминмен ауыстырылады;

      (q) 6.01 (b) бөлім алып тасталды.

      1.02-бөлім. Қарыз беру қағидаларында анықтама берілген мына терминдер, егер мәнмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда оларда жазылған тиісті мағынаға ие болады. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын қосымша терминдердің төмендегідей мағынасы бар:

      (a) "Әріптестік қаржыландыру" Бағдарлама шеңберінде Қарыздар қаражатынан алынатын және осы Қарыз туралы келісімге 4-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген жергілікті валютадағы ақшалай қаражатты білдіреді;

      (b) "Депозиттік шот" осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның 3-тармағында көрсетілген шотты білдіреді;

      (c) "1-қарыз" осы Қарыз туралы келісімнің 2.01 (а) бөлімінде көзделген Қарызды білдіреді;

      (d) "2-қарыз" осы Қарыз туралы келісімнің 2.04 (а) бөлімінде көзделген Қарызды білдіреді;

      (е) "Қарыз қаражатын игеру жөніндегі анықтамалық" АДБ-ның Қарыз қаражатын игеру жөніндегі анықтамалығын білдіреді (2017 жылғы, кезең-кезеңмен енгізілген түзетулерімен);

      (f) "Қарыздар" 1-қарызды және 2-қарызды білдіреді;

      (q) "ҚМ" Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқық мирасқорын білдіреді;

      (һ) "ҚҰБ" Қазақстанның Ұлттық Банкін немесе оның кез келген құқық мирасқорын білдіреді;

      (і) "Даму саясаты туралы хат" осы Қарыз туралы келісімнің (А) Кіріспесінде көрсетілген даму саясаты туралы хатты білдіреді;

      (j) "Бағдарлама" осы Қарыз туралы келісімнің (А) Кіріспесінде айқындалғандай; және

      (к) "Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік" Қарыз беру қағидаларының мақсаттары үшін және мағынасына сәйкес Бағдарламаны іске асыруға жауапты Қаржы министрлігін немесе оның АДБ-ға қолайлы кез келген құқық мирасқорын білдіреді.

II БАП

Қарыздар

      2.01- бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның жай капитал ресурстарынан төрт жүз елу төрт миллион екі жүз тоқсан сегіз мың еуро (454298000 еуро) сомасына Қарыз беруге келіседі, оның үстіне бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес валютаны айырбастау шеңберінде кезең-кезеңмен айырбасталып отыруы мүмкін.

      (b) 1-қарыз жеті (7) жылдық негізгі өтеу кезеңін және осы бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті кезеңді болжайды.

      (c) Осы бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдікті кезең" деген термин осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшада жазылған өтеу графигіне сәйкес Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.

      2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға 1-қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасына әрбір пайыздық кезеңнің мөлшерлемесі бойынша кезең-кезеңмен:

      (a) Еурибор; және

      (b) Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес 0,10 % шегерілген, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес 0,60 % сомасына тең пайыздар төлейтін болады.

      2.03-бөлім. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін жылдық 0,15% мөлшерінде комиссия төлейді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен кезден бастап 1-қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңмен алынған сомаларды алып тастағанда) есепке жатқызылатын болады.

      2.04-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның жай капитал ресурстарынан төрт жүз елу төрт миллион екі жүз тоқсан сегіз мың еуро (454298000 еуро) сомасына Қарыз беруге келіседі, оның үстіне бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.15-бөлімінің ережелеріне сәйкес валютаны айырбастау шеңберінде кезең-кезеңмен айырбасталып отыруы мүмкін.

      (b) 2-қарыз екі (2) жылдық негізгі өтеу кезеңін және осы бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті кезеңді болжайды.

      (c) Осы бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдікті кезең" деген термин осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшада жазылған өтеу графигіне сәйкес Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.

      2.05-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға 2-қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасына әрбір пайыздық кезеңнің мөлшерлемесі бойынша кезең-кезеңмен:

      (a) Еурибор; және

      (b) Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес 0,10% шегерілген, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес 0,60% сомасына тең пайыздар төлейтін болады.

      2.06-бөлім. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін жылдық 0,15% мөлшерінде комиссия төлейді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен кезден бастап 2-қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңмен алынған сомаларды алып тастағанда) есепке жатқызылатын болады.

      2.07-бөлім. Қарыздар бойынша пайыздар мен өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 ақпаны мен 15 тамызында төленуге жатады.

      2.08-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Қарыз шотынан алынған 1-қарыздың және 2-қарыздың негізгі сомасын төлейді.

      2.09-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта 1-қарыз немесе 2-қарыз шарттарының төмендегідей кез келген айырбастауларын:

      (i) 1-қарыздың немесе 2-қарыздың бүкіл негізгі сомасының немесе оның алынған және өтелмеген, сол сияқты алынбаған кез келген бөлігінің валютасын бекітілген валютаға өзгертуді;

      (ii) 1-қарыздың немесе 2-қарыздың бүкіл негізгі сомасына, сол сияқты оның алынған және өтелмеген кез келген бөлігіне қолданылатын базалық пайыздық мөлшерлемені құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше өзгертуді; және

      (iii) 1-қарыздың немесе 2-қарыздың бүкіл негізгі сомасына, сол сияқты оның алынған және өтелмеген кез келген бөлігіне қолданылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге көрсетілген құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары не ең төменгі шамасын белгілеу жолымен лимиттерді белгілеуді сұратуға құқылы.

      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұрау салынған, АДБ мақұлдаған кез келген айырбастау Қарыз беру қағидаларының 2.01 (f) бөлімінің анықтамасы бойынша "Айырбастау" болып есептеледі және Қарыз беру қағидаларының V бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаманың ережелеріне сәйкес күшіне енуге тиіс.

III БАП Қарыздардың қаражатын пайдалану

      3.01-бөлім. Қарыз алушы Қарыздардың қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Бағдарлама бойынша шығындарды қаржыландыруға пайдалануды қамтамасыз етеді.

      3.02-бөлім. Қарыздардың қаражаты осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның ережелеріне сәйкес алынуға тиіс және осы қосымша уақыт өткен сайын АДБ мен Қарыз алушының арасындағы келісу бойынша өзгертілуі мүмкін.

      3.03-бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлімінің мақсаттарына орай 1-қарыз және 2-қарыз үшін, Қарыз шотынан қаражатты алу үшін 2021 жылғы 31 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ-ның арасында уақыт өткен сайын келісілуі мүмкін басқа күн жабу күні болып есептеледі.

IV БАП Ерекше жағдайлар

      4.01-бөлім. Қарыз алушы Бағдарламаның тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен және ұтымды қолданылатын әкімшілік, қаржылық, қоғамдық, әлеуметтік әдістерге және басқару әдістеріне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

      4.02-бөлім. Бағдарламаны іске асыру процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 4-қосымшада жазылған барлық міндеттемені орындайды не орындауды тапсырады.

      4.03-бөлім. Қарыз алушы Бағдарламаны іске асыруға қатысты өз ведомстволары мен ұйымдарының барлық іс-қимылының ұтымды әкімшілік әдістерге және рәсімдерге сәйкес жүргізілуін және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

      4.04-бөлім. Қарыз алушы Қарыз беру қағидаларының 7.01 және 7.04-бөлімдерінде көрсетілген есептілік пен ақпаратты беру шеңберінде АДБ тарапынан негізді түрде сұрау салынған (і) Әріптестік қаржыландыру мен оны пайдалануға; және (іі) Даму саясаты туралы хатта көзделген мақсаттарға қол жеткізілуін және іс-қимылдың орындалуын қоса алғанда, Бағдарламаны іске асыруға қатысты осындай барлық есептілік пен ақпаратты АДБ-ға береді не олардың берілуін қамтамасыз етеді.

V БАП Күшіне ену

      5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен соң тоқсан (90) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидаларының 10.04-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі.

VI БАП Өзге ережелер

      6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.

      6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлімінің мақсаттары үшін көрсетілген:

      Қарыз алушы үшін

      Қаржы министрлігі

      Қазақстан Республикасы

      010000, Нұр-Сұлтан,

      Мәңгілік Ел даңғылы, 8

      Факс: +7 (7172) 75 03 52

      АДБ үшін

      Asian Development bank

      6 ADB Avenue

      Mandaluyonq City

      1550 MetroManila

      Philippines

      Факс: (632) 636-2444

      (632) 636-2424

      Жоғарыда жазылғандарды растап, осы Келісімнің тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге жоғарыда көрсетілген күні және жылы тиісті қолтаңбалар қоюды және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жеткізуді қамтамасыз етті.

      Қазақстан Республикасы

      ЖАМАУБАЕВ ЕРҰЛАН КЕНЖЕБЕКҰЛЫ

      Қаржы министрі

      Азия Даму Банкі

      ГУЛНАР М. ХУСАИНОВА

      Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША Бағдарламаның сипаттамасы

      1. Бағдарламаның басты мақсаты COVID-19 пандемиясының денсаулыққа, кірістер мен экономикалық мүмкіндіктерге елеулі теріс әсерін жеңілдету жолымен жасалуын қоса алғанда, салықтық-бюджеттік ынталандыруды ұсыну болып табылады. Бағдарлама шеңберіне: (і) Қарыз алушының СОVID-19-ға қарсы денсаулық сақтау саясатының пандемияның таралуына қарсы күрес жөніндегі шараларын; (іі) кедей және осал топтарға және бизнес және жұмыспен қамтуды тұрақсыздандыруға әсерін жеңілдету үшін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды қалпына келтіру жөніндегі шараларды; және (ііі) Қарыз алушының экономикалық ынталандыру шараларын іске асыру кіреді. Бағдарламаның барынша егжей-тегжейлі сипаттамасы Даму саясаты туралы хатта қамтылған.

      2. Бағдарлама 2021 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталады деп күтіледі.

2-ҚОСЫМША Өтеу графигі

      1. Төмендегі графикте 1-қарыздың Негізгі борышын өтеу күндері және Негізгі борышты өтеудің әрбір күні төленуге жататын 1-қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы (кезекті жарна) көрсетілген. Егер 1-қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық көлемде игерілетін болса, Қарыз алушының Негізгі борышты өтеудің әрбір күнінде төлеуге жататын 1-қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні кезінде алынған және өтелмеген 1-қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) Негізгі борышты өтеудің әрбір күні үшін кезекті жарнаға көбейту арқылы айқындайтын болады, бұл ретте мұндай өтеу сомасы валюта конвертациялау қолданылатын, осы қосымшаның 5-тармағында көрсетілген кез келген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде өзгертілетін болады.

Төлем күні

Кезекті жарна
(%-бен көрсетілген)

15 Тамыз 2023

7.142857

15 Ақпан 2024

7.142857

15 Тамыз 2024

7.142857

15 Ақпан 2025

7.142857

15 Тамыз 2025

7.142857

15 Ақпан 2026

7.142857

15 Тамыз 2026

7.142857

15 Ақпан 2027

7.142857

15 Тамыз 2027

7.142857

15 Ақпан 2028

7.142857

15 Тамыз 2028

7.142857

15 Ақпан 2029

7.142857

15 Тамыз 2029

7.142857

15 Ақпан 2030

7.142859

Барлығы

100. 000 000

      2. Төмендегі кестеде 2-қарыздың Негізгі борышын өтеу күндері және Негізгі борышты өтеудің әрбір күні төленуге жататын 2-карыздың жалпы негізгі сомасының пайызы (кезекті жарна) көрсетілген. Егер 2-қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық көлемде игерілетін болса, Қарыз алушының Негізгі борышты өтеудің әрбір күнінде төлеуге жататын 2-қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні кезінде алынған және өтелмеген 2-қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) Негізгі борышты өтеудің әрбір күні үшін кезекті жарнаға көбейту арқылы айқындайтын болады, бұл ретте мұндай өтеу сомасы валюта конвертациялау қолданылатын осы қосымшаның 7-тармағында көрсетілген кез келген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде өзгертілетін болады.

Төлем күні

Кезекті жарна

(%-бен көрсетілген)

15 Тамыз 2023

25. 000 000

15 Ақпан 2024

25. 000 000

15 Тамыз 2024

25. 000 000

15 Ақпан 2025

25. 000 000

Барлығы

100. 000 000

      3. Егер 1-қарыз немесе 2-қарыз қаражаты Негізгі борышты өтеудің бірінші күніне дейін толық көлемде игерілмесе, онда Қарыз алушы Негізгі борышты өтеудің әрбір күні төлеуге жататын тиісінше жағдайда, 1-қарыздың немесе 2-қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:

      (a) Негізгі борышты өтеудің бірінші күні кезінде игерілуі тиіс, тиісінше жағдайда, 1-қарыздың немесе 2-қарыздың кез-келген қаражатын Қарыз алушы осы қосымшаның 1 немесе 2-тармағына сәйкес осындай күні алынған және өтелмеген соманы төлеуге тиіс болады;

      (b) Негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін жүргізілген кез келген қаражат алу осы қаражат алу күнінен кейін келетін Негізгі борышты өтеудің әрбір күні АДБ әрбір қаражат алу сомасын бөлшекке көбейту арқылы айқындаған сомада өтелуге жатады, алымы Негізгі борышты өтеудің (бастапқы кезекті жарна) жоғарыда аталған күні үшін осы қосымшаның 1-тармағындағы графикте көрсетілген бастапқы кезекті жарна болып табылады, ал бөлімі осы күнге немесе одан кейін келетін Негізгі борышты өтеудің күндері үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасы болып табылады, бұл ретте осы төлемдердің сомалары қажет болған кезде валюта конвертациялау қолданылатын осы қосымшаның 5-тармағында көрсетілген, кез келген сомаларды шегеру үшін өзгертілетін болады;

      4. Негізгі борышты өтеудің кез келген күні төлеуге жататын негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана Негізгі борышты өтеудің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде алынған қаражатты, қаражат алу күнінен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінде алынған және өтелмеген деп есептеу керек және бұл сома қаражат алу күнінен кейін Негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап Негізгі борышты өтеудің әрбір күнінде төленуге жатады.

      5. Осы қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, 1-қарыздың немесе 2-қарыздың барлық негізгі алынған сомаларының немесе оның кез келген бөлігінің валютасын бекітілген валютаға конвертациялау кезінде конвертациялау кезеңі ішінде Негізгі борышты өтеудің кез келген күнінде өтелуге жататын жоғарыда аталған бекітілген валютаға конвертацияланған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған конвертациялау алдында оны деноминациялау валютасындағы осы соманы не (і) жоғарыда аталған конвертациялауға жататын, валюталық хеджирлеуді транзакциялау шеңберінде АДБ-ға төленуге жататын, соманы көрсетілген бекітілген валютада көрсететін валюта айырбастау бағамына; не (іі) конвертациялау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша белгіленген мөлшерлемедегі валюта конвертациялау бағамының компонентіне көбейту арқылы айқындайтын болады.

      6. Егер 1-қарыздың және 2-қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңмен номинацияланатын болса, осы қосымшаның ережелері әрбір осындай сомалар үшін өтеудің жекелеген графигін әзірлеу мақсатында Қарыздың әрбір валютасында номинацияланған сомаларға жеке-жеке қолданылуға тиіс.

3-ҚОСЫМША

Қарыздар қаражатын алу

      1. Осы қосымшада көрсетілгенді қоспағанда немесе егер АДБ өзгеше келіспесе, Қарыздар қаражаты Қарыз қаражатын игеру жөніндегі анықтамалыққа сәйкес игерілетін болады.

      2. 1-қарыз үшін Қарыз шотынан немесе 2-қарыз үшін Қарыз шотынан қаражат алуға өтінімді, тиісінше жағдайда Қарыз алушы АДБ-ға жіберуге тиіс және ол АДБ талаптарын қанағаттандыратын нысанда орындалуға тиіс.

      3. (а) АДБ-ға 1-қарыз үшін Қарыз шотынан немесе 2-қарыз үшін Қарыз шотынан қаражат алуға арналған бірінші өтінімді бергенге дейін тиісінше жағдайда Қарыз алушы ҚҰБ-да тиісінше жағдайда 1-қарыз үшін Қарыз шотынан немесе 2-қарыз үшін Қарыз шотынан алынған барлық қаражат сақталатын шот (Депозиттік шот) тағайындайды. Депозиттік шот АДБ талаптарын қанағаттандыратын мерзімдерге және шарттарға сәйкес құрылады, басқарылады және жабылады.

      (b) Депозиттік шот бойынша жеке есептілік пен құжаттама АДБ үшін қолайлы қаржылық есептілік қағидаттарына сәйкес жүргізілуге тиіс. АДБ сұрау салуын алған кезде Қарыз алушы халықаралық аудит стандарттарына немесе АДБ үшін қолайлы олардың ұлттық баламасына сәйкес, біліктілігі, тәжірибесі мен өкілеттік шеңбері АДБ үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлардың осы Қарыздар қаражатына ғана қатысты депозиттік шоттың қаржылық есептілігінің аудиторлық тексеруін ұйымдастырады. Аудиторлық тексеруден өткен осындай қаржылық есептердің ағылшын тілінде куәландырылған көшірмелері дайындалғаннан кейін бірден, бірақ кез келген жағдайда АДБ сұрау салған күннен кейін 6 айдан кешіктірмей, АДБ-ға ұсынылуға тиіс.

      4. Қарыздардың ешбір қаражаты осы 3-қосымшаға толықтыруда көрсетілген атауларды қаржыландыру үшін алынбауға тиіс.

      5. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісім күшіне енгеннен кейін Қарыздар қаражатын ала алады.

      3- қосымшаға толықтыру

Ерекшеліктер (құқыққа сыйымсыз шығыстар) тізімі

      Қарыздар қаражатын алу төмендегіге қатысты жүргізілмейтін болады:

      (і) БҰҰ-ның Стандарттық халықаралық сауда сыныптамасының мына топтарына немесе кіші топтарына, 3-басылым (СХСС, 3-басылым) немесе АДБ-ның Қарыз алушыға хабарламасында көрсетілгендей СХСС-дағы одан әрі өзгерістерінде көзделген қандай да бір топқа не кіші топқа енгізілген тауарларға байланысты шығыстар:

Кесте: Құқыққа сыйымсыз баптар

Тарау

Тақырыбы

Баптар сипаттамасы

112


Алкогольдік ішімдіктер

121


Өңделмеген темекі; темекі өндірісінің қалдықтары

122


Өңделген темекі (темекі алмастырғыштарды қамтитын немесе қамтымайтын)

525


Радиоактивті және онымен байланысты материалдар

667


Меруерт, өңделмеген немесе өңделген, асыл және жартылай асыл тастар,

718

718.7

Ядролық реакторлар және олардың компоненттерін; ядролық реакторлар үшін радиация шығармайтын отын элементтері (картридждер)

728

728.43

Темекі дайындауға немесе өңдеуге арналған жабдық

897

897.3

Алтын, күміс немесе платина тобының металдарынан жасалған зергерлік бұйымдар (қолсағаттар мен қол- сағаттарға арналған корпустарды қоспағанда) және алтын немесе күміс бұйымдар (асыл тастарды қоса алғанда)

971


Ақшалай емес алтын (алтын кеніші мен концентраттарды қоспағанда)

      Дерек көзі: Біріккен Ұлттар Ұйымы.

      (ii) АДБ-ның кез келген қарыздары немесе гранттары шеңберінде қаржыландырылатын кез келген келісімшарттарды қоса алғанда, кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе агенттік тарапынан қаржыландыру жүргізілген немесе ол келісілген келісімшарттар негізінде жеткізілген тауарларға байланысты шығыстар;

      (iii) әскери немесе жартылай әскери мақсаттағы тауарлармен немесе сән-салтанат бұйымдарымен байланысты шығыстар;

      (іv) есірткіге жұмсалатын шығыстар;

      (v) өндіру, пайдалану немесе импорты Қарыз алушының заңнамасына немесе Қарыз алушы қосылған халықаралық келісімдерге сәйкес тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға шығыстар; және

      (vі) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қарыз алушы тыйым салған төлемдерге байланысты шығыстар.

4-ҚОСЫМША Бағдарламаны іске асыру және басқа да мәселелер

      Іске асыру тетіктері

      1. Қарыз алушы Бағдарламаның Атқарушы агенттігі арқылы Бағдарламаны іске асыру туралы мониторингі мен есептілікті ұсынуды қоса алғанда, Бағдарламаны іске асыруға жауапты болып табылады.

      Саяси диалог

      2. Қарыз алушы Бағдарламаның Атқарушы агенттігі арқылы АДБ-мен Бағдарламаны іске асыру уақытында туындаған проблемалар мен шектеулерді, сондай-ақ оларды жою мен жеңілдету жөніндегі тиісті шараларды дереу талқылайды.

      3. Қарыз алушы Бағдарламаның Атқарушы агенттігі арқылы АДБ-ны Бағдарламаны іске асыру үшін салдары болуы мүмкін көмек көрсету жөніндегі басқа көпжақты және екіжақты агенттіктермен іс-қимылдар саясатын талқылауға қатысты хабардар етеді және АДБ-ға олардан туындайтын іс-қимылдар саясаты жөніндегі барлық үсыныстарға түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Қарыз алушы кез келген осындай ұсыныстың түпкілікті бекітілгеніне және іске асырылғанына дейін АДБ-ның пікірін назарға алады.

      Әріптестік қаржыландыруды пайдалану

      4. Қарыз алушы Бағдарлама мақсаттарына сәйкес келетін белгілі бір бағдарламалар мен іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыру үшін Әріптестік қаржыландыруды пайдалануды қамтамасыз етеді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және басшылық әдістері

      5. Қарыз алушы (а) АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтауды қамтамасыз етеді (1998 жылдан бастап, тиісті күнге өзгерістерімен) және АДБ тікелей немесе өзінің агенттері арқылы Бағдарламаға қатысы бар сыбайлас жемқорлық, алаяқтық әрекеттер, сөз байласу немесе сөз байласуға мәжбүрлеудің кез келген мәлімделген жағдайларына тергеу жүргізу; және (b) кез келген осындай тергеу шеңберінде ынтымақтастық жүргізу құқығын өзінде қалдырады және осындай тергеудің қанағаттанарлық аяқталуы үшін барлық қажетті көмек көрсетеді деп таниды.

      Мониторинг және есептілік

      6. Қарыз алушы Бағдарламаның Атқарушы агенттігі арқылы мыналарды: (а) макроэкономикалық және қаржы секторларының жай-күйін; (b) Қарыз алушының СOVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі жоспары шеңберінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруды; (с) бюджеттің атқарылуын, қаражат шығыстары мен қозғалысын; және (d) медициналық шараларға, әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуды қалпына келтіру шараларына және экономикалық ынталандыру шараларына арналған шығыстарды қоса алғанда, қарсы циклдік даму шараларын қолдауға арналған шаралар мен республикалық бюджеттен жүргізілген шығыстарды; және (е) гендерлік индикаторлары бар әлеуметтік қолдау бағдарламаларының бенефициарларын қадағалауды (жынысы бойынша сараланған деректермен) қоса алғанда, мониторингті жүзеге асырады, күшіне енген күннен кейін 6 айға дейін тоқсан сайынғы есептерді ұсынады және Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде АДБ-мен диалогта болады.

      7. Қарыз алушы Бағдарламаның Атқарушы агенттігі арқылы АДБ-ға Қарызды жапқан күннен кейін 6 ай ішінде АДБ-мен келісілген индикаторларға негізделген Бағдарламаны іске асыру мәртебесін және күтілетін нәтижеге қол жеткізу бағасын қамтитын, бағдарламаның аяқталғаны туралы есеп ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Осымен 2020 жылғы 25 тамызда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Құжат айналымы
Департаментінің
Құжаттарды редакциялау
және лингвистикалық сараптау
басқармасы басшысы
Б.Ахметжанова

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады