Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 15 ақпандағы № 5-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2020 ж., № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 75-құжаттар):

      1) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.";

      4-1 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.";

      "7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай:

      сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер);

      ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);

      нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру;

      2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу;

      4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну;

      5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;

      6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдасы нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады.

      Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.";

      3) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе

      1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу процестерін автоматтандыруға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе болып табылады.

      2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

      3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс.

      4. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге қол жетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі.

      Нотариустар және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті.

      5. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      7. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін.";

      4) мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-баптармен толықтырылсын:

      "4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мазмұны

      1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе:

      1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен;

      2) мұрагерлік істер тізілімінен;

      3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен;

      4) нотариаттық электрондық репозиторийден тұрады.

      Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде ақпараттық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      3. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.

      4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу

      1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуді нотариустар жүзеге асырады.

      Нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мынадай:

      1) нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті.

      Сенімхатты куәландыру немесе оның күшін жою бойынша нотариаттық әрекетті бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге сенімхаттың электрондық үлгісін (электрондық нұсқасын) енгізуге міндетті;

      2) мұрагерлік істі жүргізуге негіз болып табылатын өтініштер келіп түскен кезде мұраның ашылғаны туралы;

      3) өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді;

      4) осы Заңның 4-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтерді енгізуге міндетті.

      2. Нотариаттық әрекеттер жасалғаны туралы мәліметтерді нотариус бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміне дереу енгізеді.

      3. Мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мұрагерлік істер тізіліміне енгізеді.

      4-4-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді ұсыну

      1. Адамдар өзіне қатысты мынадай:

      1) куәландырылған сенімхат (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні және уақыты туралы мәліметтер);

      2) ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);

      3) нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді өтеусіз негізде алуға құқылы.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылған және нотариаттық әрекетті жасауға немесе нотариаттық құжаттың жарамдылығын тексеруге қажетті мәліметтер нотариустарға олардың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы берілген сұрау салулары бойынша ұсынылады.

      Өзіне қатысты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылатын мәліметтер сұратылып отырған адамға сұрау салу фактісі туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 7-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.";

      6) 7-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "айналысуға" деген сөз "айналысу құқығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 7-2-баптың 1-тармағындағы "айналысуға" деген сөз "айналысу құқығына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 8-баптың 1-тармағындағы "нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер" деген сөздер "жекеше нотариусқа нотариаттық әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 10-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) осы Заңның 19 және 46-баптарында көзделген шектеулер сақталмаған;":

      3-тармақта:

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      үшінші сөйлем "Тоқтата тұруға себеп болған" деген сөздерден кейін ", осы баптың 2-тармағында көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын қайта бастау нотариустың өтініші бойынша лицензиардың шешімі негізінде күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiм лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы нотариус, нотариаттық палата хабардар етіледі.

      6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкін.";

      7-тармақтағы "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада" деген сөздер "Қағидаларда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 15-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөліктегі "нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын" деген сөздер "нотариаттық құпияны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "Нотариус" деген сөзден кейін "нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 17-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) консультация беруді жүзеге асыруға;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақшадағы "(тағайындалуға) құқылы." деген сөздер "(тағайындалуға);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы.";

      12) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Консультация беру

      Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға:

      1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады.";

      13) 18-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариус:";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге;

      3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;";

      7) тармақшадағы "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада" деген сөздер "Қағидаларда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      14) 21-бапта:

      3-тармақтағы ", сондай-ақ 54-бапта" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "нотариаттық iс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде" деген сөздер "нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде (оның ішінде нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 22-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы";

      1-тармақтағы "мен жеке бланкілері" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Электрондық құжаттармен нотариаттық әрекеттер жасауды және мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізуді нотариус электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.";

      16) 24-1-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "Тәртіптік комиссия" деген сөздер "Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланатын, кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар кемінде төрт нотариус, сондай-ақ әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

      Нотариус нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Тәртіптік комиссия" деген сөздер "Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариусты лицензиясынан айыру туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтағы "тәртіптік комиссия" деген сөздер "нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Тәртіптік комиссия" деген сөздер "Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.";

      17) мынадай мазмұндағы 24-2 және 24-3-баптармен толықтырылсын:

      "24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы

      1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтап қорытады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Республикалық нотариаттық палатаның съезі сайлайтын және оған есеп беретін Республикалық нотариаттық палатаның тәуелсіз органы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палатаның ұсынуы бойынша – кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар төрт нотариус, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі.

      Нотариус Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымды қарау кезінде шағымды жіберген адамды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өзіне қатысты шағым қаралатын мүшесін өз отырысына шақыруға міндетті.

      Шағымды қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, аталған адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.

      3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының:

      1) шағымды қанағаттандырусыз, ал нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;

      2) нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға;

      3) істі нотариаттық палатаның тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, құқықты деп есептеледі.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.

      4. Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорыту Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылады.

      24-3-бап. Тәртіптік теріс қылықтар

      1. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдануға негіз болып табылады.

      2. Нотариустың өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, Республикалық нотариаттық палата органдары, нотариаттық палаталар шешімдерінің талаптарын бұзуы тәртіптік теріс қылық деп танылады.

      3. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.";

      18) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.";

      19) 26-3-баптың 3-тармағындағы "екі жылдан аспайтын" деген сөздер "төрт жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 27-бапта:

      1-тармақта:

      3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;";

      "6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды;";

      мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) жасалған нотариаттық әрекеттерді есепке алуды жүргізеді;

      12) өзінің интернет-ресурсында:

      нотариаттық палаталар мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін;

      Нотариустың әдеп кодексін;

      нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

      нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы, нотариаттық палатаның басқармасы қабылдаған шешімдерді;

      нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

      нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

      нотариаттық палатаның қызметі туралы есептерді;

      нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.";

      1-1-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      21) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2 және 28-3-баптармен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Республикалық нотариаттық палатаның органдары

      1. Мыналар Республикалық нотариаттық палатаның органдары болып табылады:

      1) жоғары орган – Республикалық нотариаттық палатаның съезі;

      2) атқарушы орган – Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы;

      3) бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.

      Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы құрылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген жағдайларда Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның съезі қабылдайтын ережелер негізінде жұмыс істейтін ғылыми-консультациялық кеңес және басқа да органдар құрылуы мүмкін.

      28-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның съезі

      1. Республикалық нотариаттық палатаның съезі төрт жылда кемінде бір рет шақырылады. Егер Республикалық нотариаттық палата съезінің жұмысына Республикалық нотариаттық палата мүшелерінің кемінде төрттен үшінен сайланған делегаттар қатысса, ол құқықты деп есептеледі.

      2. Республикалық нотариаттық палата съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) Республикалық нотариаттық палата басқармасының орналасатын жерін айқындау;

      3) Республикалық нотариаттық палатаның басқарма мүшелерін лауазымға сайлау және одан босату;

      4) Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      5) Республикалық нотариаттық палата ревизиялық комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының мүшелері мен төрағасын лауазымға сайлау және одан босату;

      7) нотариаттық палаталардан делегаттардың Республикалық нотариаттық палатаның съезіне өкілдік ету нормаларын бекіту;

      8) Нотариустың әдеп кодексін бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      9) ревизиялық комиссияның Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебін бекіту;

      10) Республикалық нотариаттық палата съезінің регламентін бекіту;

      11) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      28-3-бап. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы

      1. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы Республикалық нотариаттық палатаның алқалы атқарушы органы болып табылады.

      2. Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы:

      1) Республикалық нотариаттық палатаның қызметін қамтамасыз етеді;

      2) Республикалық нотариаттық палата съезі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      3) осы Заңның 28-2-бабына сәйкес Республикалық нотариаттық палата съезінің бекітуіне жататын құжаттарды әзірлейді;

      4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;

      6) Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының қызметі туралы ережені бекітеді;

      7) нотариустардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды;

      8) нотариаттық палаталардың өз қызметі, нотариустардың нотариаттық қызметі туралы есептерін жартыжылдықтар бойынша жинақтап қорытады;

      9) нотариаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) нотариаттық қызметті жүзеге асыру сапасы туралы зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

      11) нотариаттық палаталарды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымтастырады;

      12) Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында:

      нотариаттық қызметпен айналысатын нотариустардың тізімін, сондай-ақ нотариаттық палаталар нотариустарының жаңартылған күйдегі тізімдерін;

      Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілерін;

      Нотариустың әдеп кодексін;

      нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені;

      Республикалық нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті;

      Республикалық нотариаттық палата басқармасының құрамы туралы мәліметтерді;

      Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды;

      нотариаттың іс-шаралары мен оқиғаларын;

      және Республикалық нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады;

      13) Республикалық нотариаттық палатаның съезін шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;

      14) өз құзыреті шегінде сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық нотариаттық палатаның мүлкіне билік етеді;

      15) Республикалық нотариаттық палата басқармасының регламентін бекітеді;

      16) Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      3. Республикалық нотариаттық палата басқармасының шешімдері оның отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.";

      22) 29-баптың 2-тармағының 6-1) тармақшасы алып тасталсын;

      23) 30-1-бапта:

      1-тармақта:

      22-1) тармақшаның екінші бөлігіндегі "7) және 8) тармақшаларында" деген сөздер "6) және 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3) және 23-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-1) құпия өсиеті бар конвертті ашқан және құпия өсиетті жария еткен кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      23-2) құпия өсиетті қабылдау туралы куәлікті берген кезде – 1 айлық есептік көрсеткіш;

      23-3) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,2 айлық есептік көрсеткіш;

      23-4) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 айлық есептік көрсеткіш;

      заңды тұлғалар үшін – 0,2 айлық есептік көрсеткіш;";

      1-1-тармақтағы "немесе тиісті қаулы шығарған" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Консультация беруді жүзеге асыру үшін нотариустың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.";

      24) 32-баптың 5-1) және 12) тармақшалары алып тасталсын;

      25) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырады;

      21) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырады.";

      26) 42-баптың 2-тармағындағы "жасауды өтінген азаматтың жеке куәлiгi немесе паспорты" деген сөздер "жасауға өтініш білдірушінің жеке басты куәландыратын құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 44-баптың 3-тармағындағы "әлде бiр өзге себептер" деген сөздер "сауатсыздығы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      "44-1-бап. Нотариаттық әрекеттерді электрондық нысанда жасау

      Нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адамның өтінуі бойынша нотариус нотариаттық құжатты электрондық нысанда дайындау арқылы нотариаттық әрекет жасай алады.

      Егер электрондық нысандағы нотариаттық құжатқа нотариаттық әрекет жасауға жүгінген адам қол қоюға тиіс болған жағдайда, адам құжатты нотариустың қатысуымен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға немесе оған цифрлық қолтаңбаға арналған графикалық планшеттің көмегімен қол қоюға міндетті.

      Электрондық нысанда дайындалған нотариаттық құжаттағы куәландыру жазбасы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.";

      29) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Нотариустар нотариаттық әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық құжаттарды қабылдайды.";

      30) 46-баптың 1-тармағы "олардың атынан" деген сөздерден кейін ", нотариус көмекшілерінің, тағылымдамадан өтушілерінің атына және олардың атынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      31) 47-баптың 1-тармағы "куәландыру кезiнде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру және нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      32) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Нотариаттық әрекеттерді тіркеу

      1. Нотариус жасайтын барлық нотариаттық әрекеттер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеледі.

      Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық әрекеттер нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркеледі.

      Осы Заңның 35 және 36-баптарында аталған лауазымды адамдар нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімінде тіркей алады.

      2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе әрбір нотариаттық әрекет бойынша бірегей нөмір береді, ол құжаттың қағаз нұсқасында көрсетілуге тиіс.";

      33) 54-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      34) 92-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.";

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "немесе тиісті қаулы" деген сөздер алып тасталсын;

      35) 92-6-бапта:

      тақырыптағы "немесе тиісті қаулының" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақта:

      "немесе тиісті қаулы шығарғаннан кейін" деген сөздер алып тасталсын;

      "олардың" деген сөз "оның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-1-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "немесе тиісті қаулының" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының" деген сөздер "Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған немесе тиісті қаулыны шығарған" деген сөздер "көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 92-7-бапта:

      тақырыптағы "өндіріп алушыға" деген сөздер алып тасталсын:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.";

      2-тармақ "берілген" деген сөзден кейін "немесе жіберілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 92-8-бапта:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "немесе тиісті қаулының" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "немесе тиісті қаулының" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "немесе тиісті қаулының" деген сөздер алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      үшінші бөліктегі "немесе тиісті қаулы борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға" деген сөздер "борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 17-тарау мынадай мазмұндағы 99-1 және 99-2-баптармен толықтырылсын:

      "99-1-бап. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру

      Электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариус дайындаған электрондық құжат мазмұнының нотариусқа ұсынылған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған электрондық құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей заңды күші болады.

      Электрондық құжаттың қарапайым жазбаша нысанда жасалған мәмілелерге, жеке басты куәландыратын құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар электрондық нысанда берген құжаттарға қатысты қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыруға жол берілмейді.

      Электрондық құжатты оның қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру үшін дайындауды нотариус қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық түрін дайындау және оны нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландыру жолымен жүзеге асырады.

      99-2-бап. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру

      Қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру нотариусқа ұсынылған электрондық құжат мазмұнының нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың мазмұнына сәйкестігін растауды білдіреді. Нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың нотариус бірдейлігін куәландырған электрондық құжатпен бірдей заңды күші болады.

      Нотариусқа ұсынылған электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылуға тиіс. Құжатты берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге және оның тиесілілігі расталуға тиіс.".

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1-баптың 21-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 14) тармақшасының екінші абзацын, 15) тармақшасын, 23) тармақшасының жетінші – он екінші абзацтарын, 25), 28), 29), 31), 32), 33), 38) тармақшаларын;

      2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы жиырма сегізінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және жеке сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады