2019 жылғы 25 қазанда Мәскеуде жасалған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
БІР ТАРАПТАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН ОҒАН МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ЕКІНШІ ТАРАПТАН СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЕРКІН САУДА ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі "ЕАЭО" деп аталады) пен Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер" деп аталады) және екінші тараптан Сербия Республикасы (бұдан әрі "Сербия" деп аталады):
Сербия Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында бұрын орнатылған, еркін сауданы қамтамасыз ететін өзара қарым-қатынастарға НЕГІЗДЕЛЕ ОТЫРЫП;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Сербия арасында өзара мүдделілік білдіретін салаларда өзара сауда ынтымақтастығы мен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге ҰМТЫЛА ОТЫРЫП;
өзінің сауда қатынастары мен экономикалық қатынастардың негізі ретінде нарықтық экономика қағидаттарына бейілді екенін және өзінің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Сербия арасындағы өзара тиімді сауда қатынастары мен экономикалық қатынастарды дамытуға белсене қатысу және оларды кеңейтуге ықпал ету ниетін РАСТАЙ ОТЫРЫП;
ЕАЭО құқығына, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және Сербияның заңнамасына, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі "ДСҰ" деп аталады) қағидаларына сәйкес тауарлар мен капиталды еркін өткізу үшін қажетті жағдайлар ЖАСАЙ ОТЫРЫП;
ДСҰ-ға ойдағыдай кіруге өзінің дайын екенін және оны толық қолдайтынын БІЛДІРЕ ОТЫРЫП және ЕАЭО-ның, Беларусь Республикасының және Сербияның ДСҰ-ға мүше болуы олардың көпжақты сауда жүйесіне интеграциясын тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын және осы Келісімнің Тараптары арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыратынын мойындай отырып;
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
1-бап Жалпы ережелер
Бір тараптан бірлесіп немесе жеке әрекет ететін, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттан (бұдан әрі "ЕАЭО туралы шарт" деп аталады) туындайтын тиісті құзыреті шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ЕАЭО және екінші тараптан Сербия (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады) осы Келісімнің Тараптары болып табылады.
Тараптар, бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия арасында еркін сауда режимін белгілеу мақсатында осы Келісімнің ережелеріне және ДСҰ қағидаларына, атап айтқанда, 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (бұдан әрі "1994 жылғы ГАТТ" деп аталады) XXIV бабына сәйкес өзара сауданы ырықтандырады.
2-бап Мақсаттар
Осы Келісімнің қағидаттары мен қағидалары ескеріле отырып, барынша егжей-тегжейлі айқындалған мақсаттары:
- тараптардың экономикалық дамуын жеделдету және өндіріс тұрақтылығы мен қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында өзара еркін сауда мен экономикалық өзара қарым-қатынастарды кеңейту және дамыту;
- осы Келісімді имплементтеу мен қолдану және оны бірлесіп әкімшілендіру бойынша тиімді рәсімдерді жасау болып табылады.
3-бап Басқа халықаралық келісімдермен арақатынасы
1. Осы Келісім мен 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің (бұдан әрі "ДСҰ келісімі" деп аталады) ережесі арасында алшақтық болған жағдайда, ДСҰ келісімінің осы ережесі осындай алшақтық бөлігінде артықшылықты күшке ие болады.
2.Осы Баптың 1-тармағында аталған алшақтық болған жағдайда, Тараптар өзара қолайлы шешім әзірлеу мақсатында дереу консультациялар жүргізеді.
4-бап Еркін сауда режимі
1. Тараптар, егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, Тараптардың біреуінің аумағынан шығарылатын тауарларды әкелуге қатысты немесе олардың әкелінуіне байланысты кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы әсері бар кез келген алымдарды қолданбайды.
2. Осы Бапта ешнәрсе де Тараптың кез келген уақыт кезеңінде кез келген тауарларды әкелуге:
a) осы Келісімнің 8-бабының ережелеріне сәйкес ұқсас отандық тауарларға қатысты алынатын ішкі салыққа баламалы алым;
b) Тараптың заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Келісімнің 18-бабына, 19-бабына және 21-бабына сәйкес алынатын кез келген баж;
c) Осы Келісімнің 6-бабына сәйкес қолданылатын төлемдер немесе көрсетілген қызметтердің құнына мөлшерлес өзге де алымдар салуына кедергі келтірмейді.
3. Кедендік баждар мен кедендік баждарға баламалы кез келген алымдар осы Келісімге "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Сербия Республикасының кедендік аумағына импорттау кезінде еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын тауарлардың тізбесі" деген № 1 қосымшада және "Сербия Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импорттау кезінде еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын тауарлардың тізбесі" деген № 2 қосымшада көрсетілген тауарларға қолданылады. Мұндай кедендік баждар мен алымдар 1994 жылғы ГАТТ-тың I бабында айқындалған барынша қолайлылық режимінің қолданылу шарттарына сәйкес қолданылады.
4. Экспорттық баждарды қолдану Тараптардың заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және олардың ДСҰ келісімі шеңберіндегі тиісті міндеттемелеріне сәйкес реттеледі.
5-бап Барынша қолайлылық режимі
1994 жылғы ГАТТ-тың I бабы және оған түсіндірме ескертулер, сондай-ақ ДСҰ келісіміне сәйкес қолданылатын, кез келген ерекшеліктер, алып қоюлар және 1994 жылғы ГАТТ-тың I бабында көзделген режимді ұсыну міндеттемесінен уақытша босатулар осы Келісімге инкорпораңияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды.
6-бап Төлемдер және алымдар
Әрбір Тарап тауарларды әкелуге немесе әкетуге немесе олардың әкелінуіне немесе әкетілуіне байланысты салынатын барлық алымдар мен төлемдердің 1994 жылғы ГАТТ-тың VIII бабына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Осы мақсатта 1994 жылғы ГАТТ-тың VIII бабы және оған түсіндірме ескертулер, сондай-ақ Қосымша ережелер осы Келісімге инкорпорацияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды.
7-бап Тыйымдар, сандық шектеулер және соған ұқсас іс-қимыл шаралары
Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, Тараптар өзара саудадағы тауарларды әкелуге және әкетуге қатысты 1994 жылғы ГАТТ-тың XI бабына сай келетін және 1994 жылғы ГАТТ-тың XIII бабына сәйкес тыйымдарды, сандық шектеулерді немесе баламалы әсері бар өзге де шараларды қолдана алады.
8-бап Ұлттық режим
Әрбір Тарап 1994 жылғы ГАТТ-тың III бабына сәйкес екінші Тараптың тауарларына қатысты ұлттық режим беруге міндеттенеді. Бұл мақсатта 1994 жылғы ГАТТ-тың III бабы және оған түсіндірме ескертулер осы Келісімге инкорпораңияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды.
9-бап Саудадағы техникалық кедергілер
1. Тараптар өздерінің тиісті жүйелерінің өзара түсіністігін жақсарту және өздерінің арасындағы саудада кез келген техникалық кедергілердің туындауын болғызбау мақсатында стандарттар, техникалық регламенттер, метрология, нарықты қадағалау және аккредиттеуді, сынауды және сертификаттауды қоса алғанда, сәйкестікті бағалау рәсімдері бойынша ынтымақтасуға және ақпарат алмасуға міндеттенеді.
2. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар өздерінің стандарттау, техникалық регламенттер, метрология, нарықты қадағалау және аккредиттеуді, сынауды және сертификаттауды қоса алғанда, сәйкестікті бағалау рәсімдері үшін жауапты құзыретті органдары немесе мекемелері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге міндеттенеді.
3. Тараптар сауданы оңайлату үшін нақты тауарлардың немесе тауарлар топтарының сәйкестігін бағалау рәсімдерінің нәтижелерін өзара тануды қоса алғанда, өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы келісімдерге қол қою мақсатында келіссөздерге бастамашылық жасай алады.
4. Өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау шарттары мен әдістерін Тараптардың жауапты органдары немесе мекемелері импорттаушы Тараптың заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ДСҰ келісіміне 1А қосымшада қамтылған Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес айқындайды.
5. Тараптар, егер Тараптардың қайсыбірі екінші Тарап саудада артық кедергіні жоғары ықтималдық дәрежесімен жасайтын немесе жасаған шараны қолданысқа енгізді деп есептесе, өзара қолайлы шешім әзірлеу мақсатында Бірлескен комитет шеңберінде техникалық консультациялар жүргізуге міндеттенеді. Техникалық консультациялар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша кез келген тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.
10-бап Санитариялық және фитосанитариялық шаралар
1. Тараптар өздерінің санитариялық жэне фитосанитариялық шараларын үйлестірген кезде ДСҰ келісіміне 1А қосымшада қамтылған Санитариялық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі ДСҰ келісіміне сәйкес санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы тиісті заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға міндеттенеді.
2. Тараптар санитариялық және фитосанитариялық шаралардың Тараптар арасындағы саудаға теріс салдарын барынша азайту үшін оларды әзірлеуге, қабылдауға және/немесе қолдануға бағытталған қосымша уағдаластықтарға қол жеткізе алады.
3. Әрбір Тарап екінші Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша өзара саудада туындаған немесе туындауы мүмкін, санитариялық және фитосанитариялық шараларға қатысты кез келген мәселе бойынша тиісті мерзімде ақпарат беруге міндеттенеді.
4. Тараптар, егер Тараптардың қайсыбірі екінші Тарап саудада артық кедергіні жоғары ықтималдық дәрежесімен жасайтын немесе жасаған шараны қолданысқа енгізді деп есептесе, өзара қолайлы шешім әзірлеу мақсатында Бірлескен комитет шеңберінде техникалық консультациялар жүргізуге міндеттенеді. Техникалық консультациялар Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша кез келген тәсілдермен жүргізілуі мүмкін.
11-бап Тауарлардың шығу тегі
Тауарлардың шығу тегі осы Келісімге "Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидалары" деген № 3 қосымшада қамтылған Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидалары негізінде айқындалады.
12-бап Тауарлар транзиті
1994 жылғы ГАТТ-тың V бабы осы Келісімге инкорпорацияланады және оның ажырамас бөлігін құрайды.
13-бап Жалпы ерекшеліктер
1. Мұндай шаралардың бірдей шарттар басым болатын Тараптар арасында жүгенсіз немесе ақталмайтын кемсітушілік қүралы немесе халықаралық сауданы жасырын шектеу бола алатындай түрде қолданылмау шартымен, осы Келісімде ешнәрсе де кез келген Тараптың:
a) қоғамдық моральды қорғауға қажетті;
b) адамның өмірін немесе денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғауға қажетті;
c) алтынды және күмісті әкелуге немесе әкетуге қатысты;
d) кеден заңнамасының, 1994 жылғы ГАТТ-тың II бабының 4-тармағына және XVII бабына сәйкес қолданылатын монополиялар туралы қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге, патенттерді, тауар белгілерін және авторлық құқықтарды қорғауға және жаңылысуға алып келетін практикалардың алдын алуға жататындарды қоса алғанда, 1994 жылғы ГАТТ-тың ережелеріне қайшы келмейтін заңдарға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкестікті қамтамасыз етуге қажетті;
е) қамауға алынғандар өндірген тауарларға жататын;
f) көркемдік, тарихи немесе археологиялық құндылығы бар ұлттық қазынаны қорғау үшін қолданылатын;
g) егер мұндай шаралар ішкі өндірісті немесе тұтынуды шектеумен бір мезгілде жүргізілсе, сарқылатын табиғи ресурстарды консервациялауға жататын;
һ) ДСҰ-ның қарауына ұсынылған және осы ұйым бас тартпаған немесе қарауға ұсынылған және бас тартылмаған өлшемшарттарға сәйкес келетін тауарлар туралы үкіметаралық келісім бойынша міндеттемелерді орындау үшін қабылданатын;
і) мұндай шектеулердің экспортты кеңейтуге немесе осы отандық өнеркәсіпті қорғауға жәрдемдеспеуі және 1994 жылғы ГАТТ-тың кемсітпеушілікке қатысты ережелерінен ауытқымауы шартымен, үкімет жүзеге асыратын тұрақтандыру жоспарының бір бөлігі ретінде мұндай материалдардың ішкі бағасы әлемдік бағаға қарағанда, неғұрлым төмен деңгейде сақталған кезеңдер ішінде отандық өңдеуші өнеркәсіпті осындай материалдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етуге қажетті отандық материалдардың экспортын шектеуге байланысты;
j) кез келген осындай шаралардың өзіне сәйкес осы Келісім Тараптары осындай тауарлардың халықаралық берілімдерінде әділ үлеске құқығы болады және осы Келісімнің басқа ережелерімен үйлеспейтін кез келген осындай шаралар өздерін қолдануға себеп болған шарттар жойылған соң өз қолданысын тоқтатады деген қағидатпен үйлесімді болу шартымен, тұтас немесе нақты өңір үшін тапшы болып табылатын тауарларды сатып алу немесе бөлу үшін елеулі шараларды қабылдауына немесе қолдануына кедергі келтіретіндей болып түсіндірілмеуге тиіс.
2. Тараптар осы Бапқа сәйкес қабылданған шаралар туралы және олардың қолданысын тоқтату туралы мүмкіндігіне қарай бір-біріне хабарлауға міндеттенеді.
14-бап Қауіпсіздік пайымдары түрғысынан ерекшеліктер
Осы Келісімде ешнәрсе де:
a) кез келген Тарапқа ол ашылуы өз қауіпсіздігінің елеулі мүдделеріне қайшы келеді деп есептейтін қандай да бір ақпаратты беруге қойылатын талап ретінде; немесе
b) кез келген Тараптың ол:
i) ыдырайтын материалдарға немесе солардан өндірілетін материалдарға қатысты;
ii) қару-жарақ, оқ-дәрілер және әскери мақсаттағы өнім саудасына, ондай-ақ қарулы күштерді жабдықтау мақсаттары үшін тікелей немесе жанама түрде жүзеге асырылатын басқа да тауарлар мен материалдар саудасына қатысты;
iii) соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы басқа да төтенше мән-жайларда қолданылатын, өз қауіпсіздігінің елеулі мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін осындай іс-қимылдар жасауына кедергі келтіретіндей; немесе
c) кез келген Тараптың бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау үшін өзінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша міндеттемелерін орындау тұрғысынан кез келген іс-қимыл жасауына кедергі келтіретіндей болып түсіндірілмеуге тиіс.
15-бап Төлем теңгерімін қорғау мақсатындағы шектеулер
1. Егер Тараптардың қайсыбірі төлем теңгеріміне байланысты елеулі қиындықтар мен сыртқы қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатса немесе соның қаупіне ұшыраса, ол 1994 жылғы ГАТТ-тың XII бабына және 1994 жылғы ГАТТ-тың Төлем теңгерімі туралы ережелер жөніндегі уағдаластығына сәйкес импортты шектеу жөніндегі шараларды қолданысқа енгізе алады. Мұндай шектеу шаралары Халықаралық валюта Қоры Келісімінің Баптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Тиісті Тарап төлем теңгерімін қамтамасыз ету-үшін осындай шараларды қолданысқа енгізу ниеті туралы және оларды іске асыру және күшін жою графигі туралы екінші Тарапқа дереу хабардар етуге міндеттенеді.
3. 1-тармақта аталған шектеу шаралары қабылданған немесе күшінде қалған жағдайда, Бірлескен комитет консультацияларды уақтылы жүргізуге тиіс. Мұндай консультациялар барысында тиісті Тараптың төлем теңгерімінің жай-күйі және өзгелерінен басқа мынадай:
(a) төлем теңгеріміне байланысты қиындықтардың сипаты мен мәні;
(b) шектеулердің екінші Тараптың экономикасы үшін ықтимал салдары; және
(c) Тарапқа қолжетімді баламалы түзету шаралары факторларын назарға ала отырып, осы Бапқа сәйкес қабылданған немесе күшінде қалатын шектеу шаралары бағалануға тиіс.
Консультациялар барысында кез келген шектеу шараларының 1994 жылғы ГАТТ-тың XII бабына сәйкестігі мәселелері қаралуға тиіс.
16-бап Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін зияткерлік меншік 1967 жылғы 14 шілдеде қол қойылған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі "ДЗМҰ" деп аталады) Конвенциясының 2-бабында айқындалғандай зияткерлік меншікті білдіреді.
2. Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңызды екенін мойындайды және өздері тараптары болып табылатын зияткерлік меншік жөніндегі халықаралық келісімдердің барабар және тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. ДСҰ келісіміне 1С қосымшадағы Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге (бұдан әрі "ТРИПС келісімі" деп аталады) қатысушы болып табылатын Тараптар осындай келісімде белгіленген өз міндеттемелерін растайды. ТРИПС келісімінің тарапы болып табылмайтын Тараптар ТРИПС келісімінің қағидаттарын ұстануға тиіс.
3. Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтарына қатысты ТРИПС келісімінің 3 және 5-баптарында көзделген ережелер мен ерекшеліктерге сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты өздерінің азаматтарына қатысты өзі қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді қолдануға тиіс.
4. Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтарына қатысты ТРИПС келісімінің ережелеріне, атап айтқанда, осы келісімнің 4 және 5-баптарына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты кез келген басқа елдің азаматтарына қатысты өзі қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режимді қолдануға тиіс.
5. Тараптар осы Келісімде қамтылатын зияткерлік меншік құқықтарының кез келген бұзылуы жағдайында тиімді шараларды қолдануға кепілдік беру үшін өздерінің тиісті заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде ТРИПС келісімінің 41 - 50-баптарында көзделген деңгейде зріяткерлік меншік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ережелердің болуын қамтамасыз етуге ұмтылуға тиіс. Әрбір Тарап өзінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10бис бабына сәйкес жосықсыз бәсекелестіктен тиімді қорғауға кепілдік береді.
6. Тараптар зияткерлік меншікке байланысты мәселелер бойынша ынтымақтасуға міндеттенеді. Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша олар осындай мәселелер бойынша, атап айтқанда, зияткерлік меншік құқықтарын үйлестіру, әкімшілендіру және талап ету жөніндегі қазіргі немесе болашақ халықаралық конвенцияларга қатысты іс-қимылдарға және ДСҰ, ДЗМҰ сияқты халықаралық ұйымдардағы, сондай-ақ Тараптардың үшінші тараптармен зияткерлік меншік мәселелері бойынша қарым-қатынастарына қатысы бар іс- қимылдарға қатысты сарапшылар кеңестерін өткізуге тиіс.
7. Сауда жағдайларына әсер ететін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында проблемалар туындаған жағдайда, Бірлескен комитетте Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында техникалық консультациялар ұйымдастырылуға тиіс. Техникалық консультациялар Тараптардың озара уағдаластығы бойынша кез келген тәісілдермен жүргізілуі мүмкін.
17-бап Мемлекеттік сауда кәсіпорындары
Әрбір Тарап өзінің мемлекеттік сауда кәсіпорындары қызметінің осы құжат арқылы осы Келісімге инкорпорацияланатын және оның ажырамас бөлігін құрайтын 1994 жылғы ГАТТ-тың XVII бабына, оған түсіндірме ескертулерге және 1994 жылғы ГАТТ-тың XVII бабын түсіндіру туралы уағдаластыкқа сәйкестігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
18-бап Демпингке қарсы және өтемақы шаралары
1. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың осы Келісімнің осы Бабына, 20-бабына және 22-бабына сәйкес демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануына кедергі келтірмейді.
2. Тараптар осы Баптың, 20-баптың және 22-баптың, сондай-ақ осы Келісімге № 4 қосымшаның (Демпингке қарсы тергеп-тексерулердегі қалыпты құнды айқындау туралы ереже) ережелерін ескере отырып, 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабының, 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабын қолдану жөніндегі келісімнің (бұдан әрі - Демпингке қарсы келісім), ДСҰ Келісіміне 1А қосымшада қамтылған Субсидиялар және өтемақы шаралары жөніндегі келісімнің (бұдан әрі - СӨШ жөніндегі келісім) ережелеріне сәйкес демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданады.
3. Демпингке қарсы тергеп-тексерулерді және қайта қарауларды қоса алғанда, кез келген кейінгі демпингке қарсы рәсімдерді жүргізу мақсаттары үшін Сербия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді жеке-жеке қарайды және тұтас, ЕАЭО-дан импортқа қатысты демпингке қарсы шараларды қолданбайды.
4. ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің өндірушілері үшін ЕАЭО деңгейінде ұсынылған СОШ жөніндегі келісімнің 2-бабының түсінігінде өзіндік ерекшелікті болып табылатын, 1994 жылғы ГАТТ-тың XVI бабының және СӨШ жөніндегі келісімнің 1-бабының түсінігіндегі субсидиялар болған және мұндай субсидиялар өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу барысында талданатын жағдайларды қоспағанда, өтемақы тергеп-тексерулерін және қайта қарауларды қоса алғанда, кез келген кейінгі өтемақы рәсімдерін жүргізу мақсаттары үшін Сербия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді жеке-жеке қарайды және тұтас, ЕАЭО-дан импортқа қатысты өтемақы шараларын қолданбайды.
5. Демпингке қарсы тергеп-тексеруді немесе өтемақы тергеп-тексеруін бастау мүмкіндігін қарайтын Тарап тергеп-тексеру жүргізу басталар күнге дейін он бес (15) күннен кешіктірмей екінші Тарапты тергеп-тексеру жүргізу туралы өтінішті алғаны жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
19-бап Жаһандық арнайы қорғау шаралары
1. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың осы Келісімнің осы Бабына, 20-бабына және 22-бабына сәйкес жаһандық арнайы қорғау шараларын қолдануына кедергі келтірмейді.
2. Тараптар осы Келісімнің осы Бабының, 20-бабының және 22-бабының ережелерін ескере отырып, 1994 жылғы ГАТТ-тың XIX бабының ережелеріне және ДСҰ келісіміне 1А қосымшада қамтылған Арнайы қорғау шаралары жөніндегі келісімге (бұдан әрі - АҚШ жөніндегі келісім) сәйкес жаһандық арнайы қорғау шараларын қолданады.
3. Жаһандық арнайы қорғау тергеп-тексерулерін жүргізу және шараларды, сондай-ақ қайта қарауларды қоса алғанда, кез келген кейінгі рәсімдерді қолдану мақсатында Сербия ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді тұтас, ЕАЭО ретінде емес, жеке-жеке қарайды. Осы ереже Сербияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің әрқайсысы үшін жеке арнайы қорғау тергеп-тексеруін бастау міндеттемесі ретінде қаралмауға тиіс.
4. Жаһандық арнайы қорғау шарасын қолдануға ниеттенген Тарап дереу екінші Тарапқа тергеп-тексерудің басталуына, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша алдын ала және түпкілікті қорытындыларға қатысты барлық қажетті ақпаратгы қамтитын жазбаша хабарлама жібереді.
20-бап Консультациялар
Тараптардың кез келгенінің жазбаша сұрау салуы бойынша Тараптар демпингке қарсы, өтемақы және жаһандық арнайы қорғау шараларын қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар жүргізе алады. Консультациялар мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ осындай жазбаша сұрау салу алынғаннан кейін отыз (30) күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Мұндай консультациялар Тараптардың демпингке қарсы тергеп-тексерулерге, өтемақы тергеп-тексерулеріне және арнайы қорғау тергеп-тексерулеріне бастамашылық жасауына кедергі келтірмейді және осындай тергеп-тексерулер жүргізуді қиындатпайды.
21-бап Екіжақты қорғау шаралары
1. Егер осы Келісімге сәйкес кедендік баждарды төмендету немесе алып тастау нәтижесінде осы Келісімге "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Сербия Республикасының кедендік аумағына импорттау кезінде еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын тауарлардың тізбесі" деген №1 қосымшаға және "Сербия Республикасынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік аумағына импорттау кезінде еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын тауарлардың тізбесі" деген № 2 қосымшаға сәйкес тарифтік квота белгіленген тауарларды қоспағанда, бір Тараптан шығарылатын қандай да бір тауардың екінші Тарап аумағына импорты оның отандық өндірісіне абсолюттік мәнде немесе салыстырмалы мәнде осындай өскен мөлшерде және бұл импорттаушы Тарапта ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды өндіретін экономика саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің елеулі себебі болып табылатын осындай шарттарда жүзеге асырылатын болса, онда импорттаушы Тарап осы Баптың ережелеріне сәйкес елеулі залалды немесе оны келтіру қаупін болғызбауға немесе жоюға қажетті мөлшерде екіжақты қорғау шарасын қолдана алады.
2. Екіжақты қорғау шарасы өскен импорттың елеулі залалдың не оны келтіру қаупінің елеулі себебі болып табылғанына дәлелдемелер болған кезде ғана қолданылады.
3. Осы Бапқа сәйкес екіжақты қорғау шарасын қысқа мерзімде қолдануға ниеттенген Тарап қысқа мерзімде және кез келген жағдайда екіжақты қорғау шарасын қолдану алдындағы рәсім басталғанға дейін бұл туралы екінші Тарапты хабардар етеді және барлық қажетті ақпаратты және консультацияларға сұрау салуды береді. Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша Тараптар өзара қолайлы шешім әзірлеу үшін дереу консультациялар жүргізеді. Егер сұрау салу алынғаннан кейін отыз (30) күн ішінде өзара қолайлы шешім әзірленбесе, онда импорттаушы Тарап екіжақты қорғау шарасын қолдану алдындағы рәсімді бастай алады.
4. Кідірту кейіннен жою қиын болатын залалға әкеп соқтыратындай шиеленіскен жағдайларда, Тарап екінші Тараптан шығарылатын тауардың өскен импорты экономика саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің елеулі себебі болып табылғанына айқын дәлелдемелер бар екені туралы алдын ала айқындау негізінде рәсім басталғаннан кейін екіжақты алдын ала қорғау шарасын қолдана алады.
Шараны қолданатын Тарап қысқа мерзімде және кез келген жағдайда екіжақты алдын ала қорғау шарасын қолданғанға дейін екінші Тарапты хабардар етеді және консультацияларға мүмкіндік береді. Хабарламада барлық қажетті ақпарат, оның ішінде екінші Тараптан шығарылатын тауардың өскен импорты елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің елеулі себебі болып табылғанына дәлелдемелер, тауардың және ұсынылатын алдын ала шараның толық сипаттамасы, сондай-ақ оны енгізудің ұсынылатын күні және күтілетін қолдану мерзімі қамтылуға тиіс.
Тараптың осы тармаққа сәйкес хабарлама алынғаннан кейін отыз (30) күн ішінде жіберілген сұрау салуы бойынша Тараптар өзара қолайлы шешім әзірлеу үшін дереу консультациялар жүргізеді. Осы консультациялар Тараптардың екіжақты алдын ала қорғау шарасын қолдануына кедергі келтірмейді. Кез келген екіжақты алдын ала қорғау шарасының қолданыс мерзімі бір жүз сексен (180) күннен аспауға тиіс.
Тарап тиісті тауарға кедендік баждың қолданылатын мөлшерлемесін екіжақты алдын ала қорғау шарасын қолданысқа енгізу кезінде қолданылатын барынша қолайлылық режимі шеңберіндегі кедендік баждың қолданыстағы мөлшерлемесінен аспайтын, қажетті деңгейге дейін арттыру нысанында ғана қолдана алады.
Егер рәсім түпкілікті екіжақты қорғау шарасын қолданбай тоқтатылса, шараны қолданатын Тарап қысқа мерзімде кез келген екіжақты алдын ала қорғау шарасының қолданысы нәтижесінде төленген баждарды өтейді. Мұндай жағдайда екіжақты алдын ала қорғау шарасын қолданған Тарап екіжақты алдын ала қорғау шарасын енгізгенге дейін қолданылған кедендік баж мөлшерлемесін қолданады және рәсім тоқтатылғаннан кейін 2 жыл ішінде сол тауарға қатысты рәсімді бастамайды.
Кез келген екіжақты алдын ала қорғау шарасының қолданыс мерзімі осы Баптың 9-тармағында сипатталған шараның қолданыс мерзімінің бір бөлігі ретінде есептеледі.
5. Осы Бапқа сәйкес түпкілікті екіжақты қорғау шарасын қолдануға ниеттенген қысқа мерзімде және кез келген жағдайда түпкілікті екіжақты қорғау шарасы енгізілгенге дейін Тарап бұл туралы екінші Тарапты хабардар етеді және консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді. Хабарламада барлық қажетті ақпарат, оның ішінде екінші Тараптан шығарылатын тауардың өскен импорты елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің елеулі себебі болып табылғанына дәлелдемелер, тауардың және ұсынылатын түпкілікті екіжақты қорғау шарасының егжей-тегжейлі сипаттамасы, осы Баптың 7-тармағында көрсетілген өтемақы туралы ақпарат, оны енгізудің болжамды күні, күтілетін қолданылу мерзімі және бар болған жағдайда, оны біртіндеп тоқтату графигі қамтылуға тиіс.
Осы Баптың 6-тармағына сәйкес тарифтік квотаны бөлу мақсаттары үшін Сербия хабарламаға екінші тараптан шығарылатын тауар импортының көлемдері, осы импорттың өсу қарқыны, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет үшін жеке-жеке айқындалған импорттың үлестері туралы ақпаратты, сондай-ақ ЕАЭО үшін тарифтік квотаның мөлшерін, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында квотаішілік жеке көлемдерді алдын ала болуді және бар болған жағдайда, Сербия экономикасының саласына әсер етуі мүмкін кез келген басқа факторларды енгізеді.
Осы тармаққа сәйкес хабарламаны алғаннан кейін отыз (30) күн ішінде жіберілген экспорттаушы Тараптың сұрау салуы бойынша Тараптар өтемақыны қоса алғанда, өзара қолайлы шешім әзірлеу үшін дереу консультациялар жүргізеді. Өзара қолайлы шешімге қол жеткізілген жағдайда, осы шешім жазбаша нысанда ресімделеді және Келісім Тараптары үшін міндетті болып табылады. Егер Тараптар сұрау салу алынған кезден бастап отыз (30) күн ішінде өзара қолайлы шешім таппаса, импорттаушы Тарап түпкілікті екіжақты қорғау шарасын қолдана алады.
6. Осы Баптың 1-тармағында айқындалған шарттар орындалған жағдайда, импорттаушы Тарап түпкілікті екіжақты қорғау шарасын тарифтік квота нысанында ғана қолдана алады.
Осы Баптың мақсатында "тарифтік квота" осы Келісімнің 4-бабына сәйкес ұсынылатын еркін сауда режимі шеңберінде импортқа рұқсат етілген, Тараптардың бірінің аумағынан шығарылатын тауардың белгіленген санын білдіреді.
Тарифтік квотадан тыс импортталатын тауарлар үшін кедендік баждың қолданылатын мөлшерлемесі түпкілікті екіжақты қорғау шарасын енгізу кезінде қолданылатын барынша қолайлылық режимі шеңберіндегі кедендік баждың қолданыстағы мөлшерлемесінен аспайтын, қажетті деңгейге дейін ұлғайтылады.
Шара бір Тараптан шығарылатын тауардың шараны қолданатын Тарап аумағына импортының мөлшерін статистикалық деректер бар соңғы үш жылдағы импорттың орташа көлемі қабылданатын алдыңғы кезеңнің деңгейінен төмен қысқартпауға тиіс. Деңгей осы Келісім күшіне енген күннің алдындағы кезең үшін Тараптан тауардың барлық импорты және осы Келісім күшіне енген күннен кейінгі кезең үшін осы Келісімнің 4-бабына сәйкес еркін сауда режимі қолданылатын тауар импорты негізінде айқындалады.
Екіжақты қорғау шараларын қолдану мақсатында Сербия осы тармаққа сәйкес ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін тарифтік квотаның квотаішілік жеке көлемдерін (бұдан әрі - жеке квота) бөлуді және әкімшілендіруді жүзеге асырады.
Сербия ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет үшін жеке квоталарды мынаның негізінде бөледі:
а) статистикалық деректер қолжетімді соңғы үш репрезентативті жыл ішінде ЕАЭО-ға мүше экспорттаушы мемлекеттен импорт болмаған жағдайда немесе егер оның импортының көлемі бүкіл ЕАЭО-дан импорттың жалпы көлемінің 5%-нан аспайтын болса, ЕАЭО-ға мүше осы мемлекетке бөлінген жеке квота ЕАЭО үшін белгіленген тарифтік квотаның кемінде 5%-ын құрауға тиіс;
b) ЕАЭО үшін белгіленген тарифтік квотаның қалған көлемін Сербия осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген кезең үшін оның ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерден тауар импортына пропорционал түрде ЕАЭО-ға мүше осы мемлекеттерге бөледі;
с) егер Сербия екінші Тараптан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің тауарды беруге және тарифтік квотаны бөлуге мүдделі емес екені туралы ақпарат алған жағдайда, Сербия ЕАЭО-ға мүше осы мемлекетке болінген жеке тарифтік квотаны осы абзацтың (b) тармақшасында ЕАЭО үшін белгіленген тарифтік квотаның қалған көлеміне енгізеді.
ЕАЭО осы Баптың 5-тармағына сәйкес жүргізілетін консультацияларда, бірақ осы Баптың 5-тармағына сәйкес консультацияға сұрау салу алынғаннан кейін жиырма бес (25) күннен кешіктірмей, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін жеке квоталарды қайта бөлуге қатысты ұсыныстар бере алады. Сербия осы ұсыныстарға сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін жеке квоталарды қайта бөледі.
7. Өзіне қатысты шара қолданылуы мүмкін Тарапқа саудаға әсер етуге елеулі дәрежеде баламалы мөлшерде және/немесе осы Тараптан импортқа қатысты екіжақты қорғау шарасын қолданудан күтілетін қосымша баждарға елеулі дәрежеде баламалы мөлшерде басқаға беру нысанында өтемақы ұсынылуға тиіс.
Тарап осы Баптың 5-тармағында көрсетілген консультацияларға сұрау салу алынған кезден бастап отыз (30) күн ішінде өзара қолайлы шешімді іздестіру мақсаттары үшін берілген ақпаратты зерделейді. Мұндай шешім болмаған кезде импорттаушы Тарап проблеманы шешу үшін екіжақты қорғау шарасын қолдана алады және өзара қолайлы шешім болмаған кезде өзіне қатысты екіжақты қорғау шарасы қолданылатын Тарап өтемақы шарасын қолдана алады.
Екінші Тарап өтемақы шарасы қолданылғанға дейін қысқа мерзімде, кемінде отыз (30) күн бұрын өтемақы шарасы туралы хабардар етіледі.
Өтемақы шарасы, әдетте, саудаға әсер етуге елеулі дәрежеде баламалы мөлшерде және/немесе екіжақты қорғау шарасын қолданудан күтілетін қосымша баждарға елеулі дәрежеде баламалы мөлшерде басқаға беруді тоқтата тұру нысанында қолданылады.
Өтемақы шарасы саудаға елеулі дәрежеде баламалы әсер етуге қол жеткізу үшін қажетті ең аз мерзім ішінде және кез келген жағдайда осы Баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған екіжақты қорғау шарасының қолданылу мерзімі ішінде ғана қолданылады. Өтемақыны немесе өтемақы шараларын айқындаған кезде екіжақты алдын ала қорғау шаралары ескеріледі.
8. Екіжақты қорғау шарасын енгізу алдындағы рәсім басталған күнінен бастап тоғыз (9) ай ішінде аяқталуға тиіс.
9. Екіжақты қорғау шарасы екі (2) жылдан аспайтын мерзімге қолданылады. Екіжақты қорғау шарасының қолданылу мерзімі елеулі залалды немесе осындай залал қаупін жою немесе болғызбау және экономика саласын өзгеру үстіндегі экономикалық жағдайларға бейімдеу қажеттігінің дәлелдемелері болған кезде бір жылға ұзартылуы мүмкін. Тарап бұрын қолданылған осындай шараның қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде сол бір тауарға қатысты екіжақты қорғау шарасын қайталап қолданбайды.
10. Екіжақты қорғау шарасы бір тауарға қатысты екі реттен артық қолданыла алмайды.
11. Екіжақты қорғау шарасының қолданылуы аяқталғаннан кейін кедендік баж мөлшерлемесі, егер шара енгізілмеген болса, шараның қолданылуы аяқталатын күні қолданыста болатын деңгейде белгіленеді.
12. Екіжақты қорғау шарасы осы Келісім күшіне енген кезден бастап алғашқы алты (6) ай ішінде қолданылмайды.
13. Өзара саудада бірде бір Тарап сол бір тауарға қатысты бір мезгілде екіжақты қорғау шарасын және жаһандық арнайы қорғау шарасын қолданбайды.
22-бап Ақпарат алмасу
1. Осы Келісімнің 18 - 22-баптарының қолданылу аясына кіретін мәселелер бойынша Тараптар арасындағы кез келген ресми байланыстар және құжаттама алмасу Тараптардың құзыретті органдары арасында жүзеге асырылады.
2. Тараптар 21-баптың 3, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес жазбаша нысанда хабарламалар мен сұрау салулар бар ресми хаттар жіберілетін күні хабарламалармен және сұрау салулармен электрондық алмасуды жүзеге асырады.
3. Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап отыз (30) күн ішінде тергеп- тексеру жүргізетін органдарды қоса алғанда, құзыретті органдардың атаулары мен байланыс деректері туралы ақпарат алмасады. Тараптар тергеп-тексеру жүргізетін органдарды қоса алғанда, құзыретті органдарға қатысты кез келген өзгерістер туралы бір-бірін қысқа мерзімде хабардар етеді.
23-бап Дауларды шешу
Тараптар арасындағы, осы Келісімді түсіндіруден және/немесе қолданудан туындайтын кез келген дау осы Келісімге "Дауларды шешу" деген №5 қосымшада белгіленген қағидалар мен рәсімдерге сәйкес шешіледі.
24-бап Транспаренттілік және ақпарат алмасу
1. Әрбір Тарап өзінің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Келісімнің қолданылу аясына кіретін кез келген мәселелер бойынша өзінің жалпы қолданылатын заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ өзінің тиісті халықаралық келісімдерінің уақтылы жариялануын, олардың ең кеш дегенде күшіне енген кезден бастап немесе өзгеше түрде еркін қол жеткізу үшін, оның ішінде мүмкіндігінше электрондық нысанда орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Барынша мүмкін болуына қарай, әрбір Тарап екінші Тарапты Тараптың пікірі бойынша осы Келісімді қолдануға немесе екінші Тараптың осы Келісім шеңберіндегі мүдделеріне елеулі әсер етуі мүмкін кез келген шаралар жөнінде хабардар етеді.
25-бап Электрондық коммерция
Тараптар өздері арасындағы сауда үшін электрондық коммерцияның өсіп келе жатқан маңыздылығын мойындайды. Осы Келісімнің тауарлар саудасына қатысты ережелерін қолдау мақсатында Тараптар өзара пайда үшін электрондық коммерция саласында ынтымақтасатын болады.
26-бап Құпия ақпарат
Әрбір Тарап өзінің заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес екінші Тарап осы Келісім шеңберінде құпия ақпарат ретінде берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Осы Келісімде ешнәрсе де Тарапты ашылуы заңнаманы қолдануға кедергі келтіруі мүмкін немесе өзінің заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен тыйым салынған немесе шектелген немесе өзгеше түрде қоғамдық мүдделерге қайшы келуі немесе жекелеген, жекешелік немесе мемлекеттік кәсіпорындардың (кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің) заңды мүдделеріне қысым келтіруі мүмкін ақпаратты беруге немесе оған қол жеткізуге рұқсат беруге міндеттемейді.
27-бап Қосымшалар
Осы Келісімге қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігін білдіреді.
28-бап Бірлескен комитет
1. Тараптар осы құжат арқылы біреуі Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі ұсынған, ал екіншісі Сербия Үкіметінен Министр немесе ол тағайындаған өкілдер деңгейіндегі екі өкіл бірлесіп басқаратын, әрбір Тараптың өкілдерін қамтитын Бірлескен комитетті құрады. Осы мақсат үшін қажетті өкілеттіктері бар аға лауазымды адамдар Тараптар атынан өкілдік етеді.
2. Тараптар Бірлескен комитеттің отырысы өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік отыз (30) күн бүрын бір-біріне ондағы өз өкілдері туралы мәліметтерді хабарлайды.
3. Бірлескен комитеттің міндеттерінде:
a) осы Келісімді қолдануға және оның қолданысына байланысты барлық мәселелерді мониторингтеу мен зерделеу;
b) Тараптар арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарау;
c) осы Келісімге кез келген түзетулерді зерделеу және Тараптардың қарауына ұсыну; және
d) осы Келісімнің қолданылу саласы мен мақсаттары шеңберінде өзіне Тараптар берген, осы Келісімнің шеңберіндегі кез келген мәселеге байланысты өзге де іс-қимылдарды орындау қамтылады.
4. Бірлескен комитет өз функцияларын орындау мақсатында тұрақты не аd һос кіші комитеттерді немесе жұмыс топтарын тұрақты түрде құра алады және оларға нақты мәселелер бойынша міндеттерді орындауды тапсыра алады.
5. Бірлескен Комитеттің барлық шешімдері мен ұсынымдары Тараптардың консенсусы негізінде қабылданады.
6. Бірлескен комитеттің отырыстарын, әдетте, Тараптар арасында өзге уағдаластық болмаса, әрбір Тарап кезекпен екі жылда кемінде бір рет өткізеді.
Арнаулы сессиялар кез келген Тараптың сұрау салуы бойынша да өткізілуі мүмкін. Мұндай сессиялар, Тараптар арасында өзге уағдаластық болмаса, мүмкіндігіне қарай тиісті сұрау салу алынған күннен бастап отыз (30) күн ішінде сұрау салған Тараптың аумағында өткізілуге тиіс.
Тараптар Бірлескен комитеттің Жұмыс регламентін келісуге және оны Бірлескен комитеттің бірінші отырысында бекітуге міндеттенеді.
29-бап Байланыс пункттері
1. Осы Келісімді тиімді имплементтеуді қамтамасыз ету және осы Келісім шеңберіндегі кез келген мәселе бойынша Тараптар арасындағы коммуникацияны оңайлату мақсатында әрбір Тарап осы Келісім күшіне енген кезден бастап бір (1) ай ішінде байланыс пунктін немесе байланыс пункттерін тағайындайды және олар туралы екінші Тарапқа хабарлайды. Тараптар өздерінің байланыс пункттері туралы мәліметтерге қатысты кез келген өзгерістер туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.
2. Мыналар:
a) екінші Тараптан сұрақтарды немесе сұрау салуларды алу;
b) осы тармақтың а) тармақшасында аталған сұрақтарға немесе сұрау салуларға мүмкін болатын жерде Тараптардың басқа құзыретті органдарымен ынтымақтаса отырып жауап жіберу әрбір Тараптың байланыс пунктінің функциялары болып табылады;
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтары Тараптың бизнес өкілдерінің екінші Тараптың құзыретті органдарымен кез келген тікелей байланыстар орнатуын болғызбауға немесе шектеуге тиіс емес.
4. Тараптың сұрау салуы бойынша екінші тараптың байланыс пункті немесе байланыс пункттері Тараптар арасындағы саудаға ықпал етуі мүмкін мәселеге жауапты тиісті органды немесе лауазымды адамды айқындайды және тиісті коммуникацияны оңайлату жөнінде қажетті жәрдем көрсетеді.
30-бап Қолданылу, шығу және қолданылуын тоқтату шарттары
1. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалды.
2. Әрбір Тарап осы Келісімді бұзу ниеті туралы екінші Тарапты хабардар ету арқылы осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы. Осы Келісім екінші Тарап тиісті хабарлама алған айдан кейінгі жетінші айдың бірінші күні өзінің қолданысын тоқтатады.
3. Осы Келісім ЕАЭО туралы шарттан шығатын ЕАЭО-ға мүше кез келген мемлекет үшін өз қолданысын тоқтатады. ЕАЭО туралы шарттан шығатын ЕАЭО-ға мүше кез келген мемлекет, ipso facto өзінің ЕАЭО туралы шарттан шығуы күшіне енген күнге ұқсас күннен бастап осы Келісімнің тарапы болуын тоқтатады. ЕАЭО осындай шығу күшіне енген күнге дейін алты (6) ай бұрын кез келген осындай шығу туралы Сербияны жазбаша түрде хабардар етуге міндеттенеді.
31-бап Өзгерістер
1. Осы Келісімге және оған Қосымшаларға Тараптардың өзара жазбаша келісуі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
2. Барлық өзгерістер осы Келісімнің ажырамас болігін құрайды және осы Келісімнің 33-бабына сәйкес күшіне енетін жеке хаттамалар түрінде ресімделеді.
3. Егер ДСҰ келісімінің немесе екі Тарап қатысушысы болып табылатын және осы Келісімге инкорпорацияланған кез келген басқа Келісімнің кез келген ережесіне өзгерістер енгізілсе, Тараптар осы Келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі туралы консультациялар жүргізеді.
32-бап ЕАЭО-ға мүше жаңа мемлекеттің Келісімге қосылуы
1. ЕАЭО-ға мүше кез келген жаңа мемлекет қосылу шарттары бойынша келіссөздер жүргізу арқылы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге қосылады. Мұндай қосылу осы Келісімге қосымша хаттамамен ресімделеді.
2. ЕАЭО кез келген үшінші тараптың ЕАЭО-ға мүше болуға кандидат елдің мәртебесін алғаны туралы, сондай-ақ ЕАЭО-ға кез келген қосылу туралы Сербияны жазбаша түрде кідіріссіз хабардар етуге міндеттенеді.
33-бап Күшіне ену
Осы Келісім ЕАЭО-ның, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және Сербияның Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рэсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап алпыс (60) күннен кейін күшіне еңеді. Хабарламалар алмасу Еуразиялық экономикалық комиссия мен Сербия Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында жүзеге асырылады.
ОСЫНЫ РАСТАУ ҮШІН бұған қажетті барлық өкілеттіктері бар төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
___________жылғы_____ ______________қаласында ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Еуразиялық экономикалық одақ үшін |
Сербия Республикасы үшін |
1ҚОСЫМША |
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНА ИМПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ЕРКІН САУДА РЕЖИМІНЕН АЛЫП ҚОЮ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
1. "СЭҚ ТН коды" және "Сипаттамасы" 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Сербия Республикасының тауар кодына және оған сәйкес келетін тауар номенклатурасының сипаттамасына жатады.
2. "Ерекше шарт" еркін сауда режимінен алып қоюға немесе белгіленген тарифтік квоталар көлемінде кедендік әкелу баждарын төлемей импорттауға жататын тауардың шығарылған жерін білдіреді.
СЭҚ ТН коды / Ерекше шарт | Сипаттамасы | ||
1701 99 10 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | Ақ қант | ||
2207 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | 80 көлемдік % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; кез келген концентрациядағы денатуратталған этил спирті және өзге де спирт тұнбалары | ||
2208 20 12, 2208 20 14, 2208 20 26, 2208 20 27, 2208 20 40, 2208 20 62, 2208 20 64, 2208 20 86, 2208 20 87, 2208 30, 2208 40, 2208 50, 2208 60 91, 2208 60 99, 2208 70, 2208 90 11, 2208 90 19, 2208 90 41, 2208 90 45, 2208 90 48, 2208 90 54, 2208 90 71, 2208 90 75, 2208 90 77, 2208 90 78, 2208 90 91,2208 90 99 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | 80 көлемдік %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары, ликерлер және өзге де спиртті ішімдіктер | ||
СЭҚ ТН коды / Ерекше шарт | Сипаттамасы | ||
2402 10, 2402 90 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | Сигаралар, түптері кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар | ||
4012 90-нан басқа, 4012 | Қалпына келтірілген немесе қолданыста болған пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар | ||
8701 10, 8701 20 10, 8701 30 00, 8701 91 10 10, 8701 91 90, 8701 92 10 11, 8701 92 10 19, 8701 93 10 10, 8701 93 90, 8701 94 10 10 (90 кВт-тан жоғары қуаттан басқа), 8701 94 90, 8701 95 10 10, 8701 95 90 (Ресей Федерациясынан шығарылатын тауарлар) | Тракторлар (СЭҚ ТРІ 8709 тауар позициясының тракторларын қоспағанда), жаңа | ||
8701 20 90, 8701 91 10 90, 8701 92 10 90, 8701 93 10 90, 8701 94 10 90, 8701 95 10 90 | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларын қоспағанда), бұрын қолданыста болған | ||
8702 10 19, 8702 10 99, 8702 20 10 90, 8702 20 90 90, 8702 30 10 90, 8702 30 90 90, 8702 40 00 00-ден, 8702 90 19, 8702 90 39, 8702 90 90 00-ден | Жүргізушіні қоса алғанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болған | ||
8703 | Жеңіл автомобильдер және жүк- жолаушы автомобиль-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | ||
8704 21 10, 8704 21 31, 8704 21 91, 8704 22 10,8704 22 91,8704 31 10, 8704 31 31,8704 31 91, 8704 32 10, 8704 32 91 (Ресей Федерациясынан шығарылатын тауарлар) | Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, жаңа | ||
8704 21 39, 8704 21 99, 8704 22 99, 8704 23 99, 8704 31 39, 8704 31 99, 8704 32 99 | Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болған |
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНА ИМПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ТАРИФТІК КВОТАЛАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
1. Мынадай тарифтік квоталар осы Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа кейбір мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарларға қатысты қолданылады. Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарларға Сербия Республикасының кедендік аумағына бажсыз әкелу режимі ұсынылады.
2. Сербия Республикасы осы Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарлар үшін белгіленген көлемде кедендік әкелу баждарын төлемей импорттау мүмкіндігін ұсынады.
3. Осы Қосымшаға сәйкес белгіленген көлемдерден асып түсетін көлемдерде тауарларды импорттау кезінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері Сербия Республикасының заңнамасына және осы Келісімнің 5-бабының ережелеріне сәйкес қолданылады.
СЭҚ ТН коды / Ерекше шарт | Сипаттамасы | Тарифтік квотаның көлемі |
0406 30 31, 0406 30 39, 0406 30 90 (Армения Республикасынан, Қазақстан Республикасынан және Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | Балқытылған сырлар, ұсақталмаған немесе ұнтақталмаған | Жылына 100 тонна |
2208 20 29, 2208 20 89 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | Жүзім шарабын немесе жүзімнің сығындыларын дистилляциялау нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері | Жылына 50 000 литр таза спирт |
2402 20 (Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан немесе Қырғыз Республикасынан шығарылатын тауарлар) | Құрамында темекі бар сигареттер | Жылына 2 000 000 мың дана |
2-ҚОСЫМША |
СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНА ИМПОРТТАУ КЕЗІН ДЕ ЕРКІН САУДА РЕЖИМІНЕН АЛЫП ҚОЮ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
1. "СЭҚ ТН коды" және "Сипаттамасы" 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасындағы тауар кодына және оның тиісті сипаттамасына жатады.
2. Еуразиялық экономикалық одақ осы Қосымшаға сәйкес белгіленген тарифтік квоталар көлемінде Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлар үшін кедендік әкелу баждарын төлемей импорттау мүмкіндігін ұсынады.
СЭҚ ТН коды | Сипаттамасы | |
0207 | 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құстарының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған | |
0406 30 100 0-ден басқа, 0406 30 | Балқытылған сыр, ұсатылмаған немесе ұнтақталмаған | |
1701 99 100 | Ақ қант | |
2204 10 | Көбікті шараптар | |
2207 | 80 көлемдік % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; кез келген концентрациядағы денатуратталған этил спирті және өзге де спирт тұнбалары | |
2208 20 120 0, 2208 20 140 0, 2208 20 260 0, 2208 20 270 0, 2208 20 400 0, 2208 20 620 0, 2208 20 640 0, 2208 20 860 0, 2208 20 870 0, 2208 30, 2208 40, 2208 50, 2208 60, 2208 70, 2208 90 110 0, 2208 90 190 0, 2208 90 410 0, 2208 90 450 0, 2208 90 540 0, 2208 90 560, 2208 90 690, 2208 90 750 0, 2208 90 770, 2208 90 780, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0 | 80 көлемдік %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары, ликерлер және өзге де спиртті ішімдіктер | |
СЭҚ ТН коды | Сипаттамасы | |
2402 10, 2402 90 | Сигаралар, түптері қиылған сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар | |
4012, ехсері 4012 90 | Қалпына келтірілген немесе қолданыста болған пневматикалық резеңке шиналар мен шендер | |
5205 | Құрамында 85 мас. % немесе одан көп мақта талшықтары бар мақта иірімжіп (тігін жіптерінен басқа), бөлшек сауда үшін өлшеп оралмаған | |
5208 | Беттік тығыздығы 200 г/ м2 аспайтын, құрамында 85 мас. % немесе одан көп мақта талшықтары бар мақта маталар | |
5209 | Беттік тығыздығы 200 г / м2 асатын, құрамында 85 мас. % немесе одан көп мақта талшықтары бар мақта маталар | |
5210 | Беттік тығыздығы 200 г / м2 аспайтын, құрамында мақта талшықтары 85 мас. % аз, негізінен немесе тек қана химиялық талшықтармен араласқан мақта маталар | |
5211 | Беттік тығыздығы 200 г / м2 асатын, қүрамында мақта талшықтары 85 мас. % аз, негізінен немесе тек қана химиялық талшықтармен араласқан мақта маталар | |
5212 | Өзге де мақта маталар | |
58 | Арнайы маталар; тафтингтік тоқыма материалдар; шілтерлер; гобелендер; әрлеу материалдары; кестелер | |
8414 30, 8414 30 200 1-ден басқа, 8414 30 810 1,8414 30 890 1 | Тоңазытқыш жабдықта пайдаланылатын компрессорлар | |
8701 | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларын қоспағанда) | |
8702 10 19, 8702 10 99, 8702 20 19, 8702 20 99, 8702 30 19, 8702 30 99, 8702 40- тан, 8702 90 19, 8702 90 39, 8702 90 80-нен | Жүргізушіні қоса алғанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болған | |
8703 | Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобиль-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | |
СЭҚ ТН коды | Сипаттамасы | |
8704 21 390, 8704 21 990, 8704 22 990, 8704 23 990, 8704 31 390, 8704 31 990, 8704 32 990 | Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болған |
СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНА ИМПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ТАРИФТІК КВОТАЛАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
1. Осы Қосымшаға сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты мынадай тарифтік квоталар қолданылады.
2. Еуразиялық экономикалық одақ осы Қосымшаға сәйкес Сербия Республикасынан шығарылатын тауарлар үшін белгіленген көлемдерде кедендік әкелу баждарын төлемей импорттау мүмкіндігін ұсынады.
3. Тауарлардың импорты кезінде осы Қосымшаға сәйкес белгіленгеннен асып түсетін көлемдерде қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасына, оған мүше мемлекеттердің заңнамасына және осы Келісімнің 5-бабының ережелеріне сәйкес қолданылады.
4. Еуразиялық экономикалық одақ СЭҚ ТН-нің 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1, 0406 90 990 9-кодтарымен сыныпталатын жұқа ұсақталған хош иісті шөптер қоса отырып дайындалған Глар сыры, Буттерказе және қой немесе ешкі сүтінен алынған сыр үшін кедендік әкелу баждарын төлемей импорттауға мүмкіндік береді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 8-бағанында "Glarus cheese with herbs" немесе "Buttercase cheese" немесе "Cheese made of goat’s or sheep’s milk" деген белгі жасалған жағдайда осы тауарлар үшін кедендік баждар төлемей импорттау мүмкіндігі беріледі.
СЭҚ ТН коды | Сипаттамасы | Тарифтік квота көлемі |
0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1,0406 90 990 9 | Өзге де сырлар | Жылына 400 тонна |
2208 20 290 0, 2208 20 890 0 | Жүзім шарабын немесе жүзімнің сықпасын дистилляңиялау нәтижесінде алынған спирт тұнбалары, өзгелері | Жылына 35 000 литр таза спирт |
2402 20 | Құрамында темекі бар сигареттер | Жылына 2 000 000 мың дана |
3-ҚОСЫМША |
ТАУАРЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІН АЙҚЫНДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1-бап Қамту
Осы Қосымшада көзделген Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидалары осы Келісімге сәйкес тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін қолданылады.
2-бап Ұғымдар мен анықтамалар
Осы Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларында пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
a) "верификациялаушы орган" - тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды және тауардың шығу тегі туралы декларацияларды берудің негізділігін, онда қамтылатын мәліметтердің анықтығын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ дайындаушылардың осы Қағидаларда көзделген тауарлардың шығу тегі өлшемшарттарын орындауын тексеруді жүзеге асыруға Тарап уәкілеттік берген құзыретті мемлекеттік орган;
b) "Үйлестірілген жүйе" - 1983 жылғы 14 маусымдағы Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияда айқындалған Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің қолданыстағы редакциясы;
c) "жүк жөнелтуші" - өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес тауарларды тасымалдаушыға берген немесе беруге ниет білдірген, тауар-көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген тұлға;
d) "жүк алушы" - өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес тасымалдаушыдан тауарларды қабылдаған немесе қабылдауға ниет білдірген тауар-көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетілген тұлға;
е) "тауардың шығу тегі туралы декларация" - тауарға қатысы бар және дайындаушы, экспорттаушы немесе жүк жөнелтуші жасаған тауардың шығу тегі туралы мәлімдемені қамтитын коммерциялық немесе кез келген басқа құжат;
f) "өтініш беруші" - тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшін экспорттаушы Тараптың уәкілетті органына жүгінген, тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауарлар туралы мәліметтердің анықтығын растаушы және оған жауапты тұлға. Тауарларды дайындаушы, экспорттаушы немесе жүк жөнелтуші, сондай-ақ олардың уәкілетті өкілдері өтініш беруші бола алады;
g) "дайындау (өндіру)" - мақсаты тауар алу болып табылатын өндірістік немесе технологиялық операциялардың кез келген түрлерін орындау;
һ) "импорттаушы" - сыртқы сауда шартының (мәміленің) тарапы болып табылатын, экспорттаушыдан тауарды сатып алатын тұлға;
і) "жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарты" - тауарлардың шығу тегі өлшемшарттарының бірі, оған сәйкес тауар оны өндіруге екі немесе одан көп мемлекет қатысқан кезде аумағында тауар соңғы елеулі өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған мемлекеттен шығарылған болып есептеледі;
j) "материал" - тауарды өндіру үшін пайдаланылатын кез келген ингредиент, шикізат, құрамдас немесе деталь;
k) "шетелде шығарылатын материал" - осы Қағидаларға сәйкес шығарылатын ретінде қаралмайтын материал немесе шығу тегі белгісіз материал;
l) "партия" - бір жүк алушының атына бір жүк жөнелтушіден бір немесе бірнеше тауар-көлік (тасымалдау) қүұжаттары бойынша бір мезгілде жөнелтілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошта жүкқұжаты бойынша жіберілетін не шекараны кесіп өтетін бір адам багаж ретінде алып өтетін тауарлар;
m) "Тауардың өзгермейтіндігі туралы сертификат" - транзит елінің кеден органдары беретін, тауарлардың кедендік бақылауда болғанын және оның аумағында өзгертілмегенін немесе қайта өңдеуге ұшырағанын (тауардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған операцияларды қоспағанда) куәландыратын құжат;
n) "тауардың шығу тегі туралы сертификат" - уәкілетті орган берген және тауардың шығу тегін куәландыратын құжат;
o) "кедендік құн" - 1994 жылғы ГАТТ-тың VII бабын қолдану туралы келісімде белгіленген ережелерге сәйкес айқындалған құн;
р) "тауар" - кедендік шекара арқылы өткізілетін кез келген өнім, оның ішінде жылу, электр өнімі, энергияның өзге де түрлері және көлік құралдары (жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын қоспағанда), тіпті, егер ол материал ретінде басқа өндірістік операцияда одан әрі пайдалануға арналған болса да;
q) "үшінші тарап" - осы Келісімнің Тарапы болып табылмайтын мемлекеттің кедендік аумағы;
r) "уәкілетті орган" - тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беруге (куәландыруға) Тарап уәкілеттік берген орган (ұйым);
s) "франко-зауыт бағасы" - осы тауардың экспорты кезінде өтелетін немесе өтелуі мүмкін ішкі салықтар сомасын қоспағанда, "Инкотермс" сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық қағидаларына сәйкес "франко-зауыт" берілім шарттарында төлеуге жататын тауардың бағасы. Бұл баға сату алдында тауарды соңғы рет өңдеуге (қайта өндеуге) ұшыратқан өндірушіге төленетін баға болуға тиіс;
t) "экспорттаушы" - импорттаушыға тауар сататын сыртқы сауда шартының (мәміленің) тарапы болып табылатын тұлға.
3-бап
Тауарлардың шығу тегінің өлшемшарттары
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін, егер тауарлар:
a) осы Қағидалардың 4-бабына сәйкес осындай Тарапта толық алынса немесе өндірілсе; немесе
b) шет елде шығарылатын материалдар пайдаланыла отырып, Тарапта өндірілсе жэне осы Қағидалардың 5-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттарының талаптарын қанағаттандыратын болса;
c) осы Қағидалардың 6-бабының ережелерін ескере отырып, бір немесе бірнеше Тарапта осы Тараптардан шығарылатын материалдардан ғана өндірілген болса, осы Тараптан шығарылатын тауарлар деп есептеледі.
4-бап
Толық алынған немесе өндірілген тауарлар
Мынадай тауарлар Тарапта толық алынған немесе өндірілген тауарлар ретінде қаралуға тиіс:
1) Тараптың жер қойнауынан, оның аумағында, оның аумақтық теңізінде немесе оның түбінде өндірілген не Тараптың аумағында атмосфералық ауаны өңдеу нәтижесінде алынған пайдалы қазбалар, минералдық өнімдер және өзге де табиғи ресурстар;
2) Тарапта өсірілген және (немесе) жиналған өсімдіктең алынған өнім;
3) Тарапта төлдеген және өсірілген тірі жануарлар;
4) Тарапта тірі жануарлардан алынған өнім;
5) Тарапта аң аулау және балық аулау кәсіпшілігі нәтижесінде алынған өнім;
6) осы Тарапта тіркелген және оның туын көтеріп жүзетін кемелер Тараптың аумақтық теңізінің шегінен тыс жерлерде аулаған теңіз балық аулау кәсіпшілігі өнімі және теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі;
7) қайта өңдеуші кеменің бортында осы баптың 6) тармақшасында көрсетілген өнімдерден ғана өндірілген, Тараптан шығарылатын өнім, бұл ретте мұндай қайта өңдеуші кеме осы Тарапта тіркелуі және оның туын көтеріп жүзуі шарт;
8) Тараптың аумақтық теңізінің шегінен тыс жерлерде теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім, бұл ретте аталған Тараптың осы теңіз түбін немесе осы теңіз қойнауларын игеруге айрықша құқықтары болуы шарт;
9) қайта өңдеу немесе тұтыну жөніндегі өндірістік немесе өзге де операциялар нәтижесінде Тарапта алынған қалдықтар мен сынықтар (кейінгі шикізат), бұл ретте мұндай өнімдер тек шикізат етіп қайта өңдеу үшін жарамды болуы шарт;
10) Тарапқа тиесілі не ол жалдаған (жалға алған) ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған өнім;
11) осы баптың 1 - 10) тармақшаларында көрсетілген өнімдерден Тарапта дайындалған тауарлар.
5-бап Жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарты
1. Егер осы процесте пайдаланылған шет елде шығарылатын материалдардың құны экспортталатын тауар құнының елу (50) пайызынан аспайтын болса, тауар Тарапта жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған болып есептеледі.
2. Өңдеу (қайта өңдеу) процесінде пайдаланылған шет елде шығарылатын материалдардың құны оларды өңдеу (қайта өңдеу) жүзеге асырылатын Тарапқа әкелу кезіндегі олардың кедендік құны ретінде айқындалады.
Тараптың заңнамасына сәйкес материалдардың кедендік құнын белгілеу мүмкін болмаған немесе мұндай тауарлардың шығу тегі белгісіз болған жағдайда, материалдардың құны оларды өңдеу (қайта өңдеу) жүзеге асырылатын Тараптың аумағында осы материалдар үшін төленген, бірінші белгіленген баға мөлшерінде айқындалады.
Тараптан экспортталатын тауардың құны "франко-зауыт" бағасының шарттарымен айқындалады.
6-бап Шығу тегінің кумуляциясы
Осы Қағидалардың 3-бабының "б" тармақшасының ережелеріне қарамастан, бір Тараптан шығарылатын, екінші Тарапта тауарды дайындау процесінде материалдар ретінде пайдаланылатын тауарлар немесе материалдар осы Қағидалардың 7-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, оларды қайта өңдеу жөніндегі соңғы операциялар жасалған Тараптан шығарылған ретінде қаралуға тиіс. Осындай материалдардың шығу тегі уәкілетті орган берген СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталады.
7-бап Жеткіліксіз өңдеу (қайта өңдеу)
1. Мынадай операциялар жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшартына сай келмейді:
1) тауарды сақтау және (немесе) тасу кезінде оның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар;
2) тауарды сатуға және (немесе) тасуға дайындау жөніндегі операциялар (партияларды бөліктерге бөлу, жөнелтілімдерді қалыптастыру, сұрыптау, қайта қаптау), қаптаманы бөлшектеу және жинау жөніндегі операциялар;
3) жуу, тазалау, шаңын, майын, бояуын немесе басқа жабындарын кетіру;
4) кездемені үтіктеу немесе сығымдау (талшықтар мен иірімжіптің кез келген түрлері, талшықтар мен иірімжіптің кез келген түрлерінен жасалған тоқыма материалдары және олардан жасалған бұйымдар);
5) маймен немесе басқа да заттармен бояу, жылтырату, лактау, оларды жағу (сіңіру);
6) дәнді дақылдардың және күріштің қабығын аршу, ішінара немесе толығымен ағарту, тегістеу және жылтырату;
7) мұздату, мұзын еріту;
8) қантты бояу, өсіру, араластыру, оның ішінде өзге материалдармен араластыру немесе кесек қантты қалыптастыру жөніндегі операциялар;
9) жемістердің, көкөністердің және жаңғақтардың қабығын аршу, дәндерін, сүйектерін, қабығын алу және оларды бөлу;
10) алынған тауардың бастапқы құрамдастарынан айтарлықтай ерекшеленуіне алып келмейтін қайрау, ұнтақтау немесе кесу;
11) елек немесе тор арқылы елеу, сұрыптау, сыныптау, іріктеп алу, іріктеу (оның ішінде бұйымдар жиынтығын жасау);
12) банкілерге, сауыттарға, қаптарға, жәшіктерғе, қораптарға құйып-салу, өлшеп-орау және қаптау бойынша басқа да операциялар;
13) қарапайым жинау операциялары немесе тауарларды бөліктерге бөлшектеу;
14) тауарға немесе оның қаптамасына гравировка салу, сауда маркаларын, логотиптерді, заттаңбаларды және басқа да сондай айырым белгілерін салу немесе мөрін басу;
15) алынған өнімнің бастапқы құрауыштарынын айтарлықтай ерекшеленуіне алып келмейтін тауарларды (құрамдастарын) араластыру;
16) малды сою;
17) етті, балықты бөлу (сұрыптау);
18) тауарды мақсаты бойынша қолдану (пайдалану);
19) жоғарыда көрсетілген екі немесе одан да көп операциялардың комоинациясы.
2. Егер тауарға қатысты жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшартын орындауға осы Баптың 1-тармағында санамаланған операцияларды жүзеге асыру есебінен ғана қол жеткізілген болса, аталған тауар осы операциялар орындалған Тараптан шығарылатын болып есептелмейді.
3. Осы Баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін қарапайым операция деп жүзеге асырылуы үшін арнайы машықты (дағдыларды), сондай-ақ осы операция үшін арнайы арналған машиналарды, аспаптарды немесе жабдықтарды қолдану талап етілмейтін операция түсініледі.
8-бап Тауарлардың шығу тегін айқындаудың ерекше жағдайлары
1. Машиналармен, жабдықпен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен бірге пайдалануға арналған құрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен құралдар, егер мұндай құрылғылар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен құралдар көрсетілген машиналармен, жабдықпен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен бірге жиынтықта және техникалық құжаттарға сәйкес, әдетте, осытауарлармен қоса берілетін мөлшерде әкелінсе және пайдаланылса, машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары шыққан Тараптан шығарылатын болып есептеледі.
2. Үйлестірілген жүйені интерпретациялаудың 5-негізгі қағидасына сәйкес қаптама тауардан бөлек декларациялауға жататын жағдайларды қоспағанда, тауар әкелінетін қаптама тауардың өзі шыққан Тараптан шығарылатын болып есептеледі. Бұл жағдайда қаптаманың шығу тегі тауардың шығу тегінен бөлек айқындалады.
3. Егер тауар әкелінетін қаптама тауардың өзі шыққан Тараптан шығарылатын болып есептелсе, тауардың шығу тегін айқындау үшін тауар бөлшек саудада өткізілетін қаптама ғана есепке алынады.
4. Шығу тегін айқындау кезінде бөлшектелген немесе жиналмаған түрдегі тауарлар, сондай-ақ өндірістік немесе көліктік жағдайларға байланысты бір партиямен тиеп-жөнелту мүмкін болмағандықтан, бөліктермен берілетін, үйіп тасылатын тауарлар, бір экспорттаушы бір келісімшарт шеңберінде бір импорттаушының атына барлық құрамдастарды бір елден жеткізіп берген, сондай-ақ импорттаушы Тараптың кеден заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды орындаған жағдайда, декларанттың қалауы бойынша бірыңғай тауар ретінде қаралуы мүмкін.
5. Тауардың шығу тегін айқындау кезінде оны өндіру немесе қайта өңдеу үіттін пайдаланылатын жылу және электр энергиясының, машиналардың, жабдықтар мен құралдардың, түпкі тауардың құрамына енгізілмеген, бірақ оны өндіру кезінде пайдаланылуы өндірістік процестің бір бөлігі ретінде ұсынылуы мүмкін кез келген басқа тауарлардың шығу тегі есепке алынбайды.
6. Үйлестірілген жүйені интерпретациялаудың 3-негізгі қағидасына сәйкес жиынтық ретінде сыныпталатын тауарлар, егер жиынтықтан тұратын барлық құрамдастар шығарылатын материалдар болып табылса, шығарылатын тауарлар ретінде қарастырылады. Дегенмен, егер жиынтық шығарылатын материалдардан да шет елде шығарылатын материалдардан да тұратын болса, тұтастай алғанда, жиынтық шет елде шығарылатын материалдардың құны "франко-зауыт" бағасының шарттарындағы жиынтық құнының он бес (15) пайызынан аспаған жағдайда, шығарылатын жиынтық болып есептелуге тиіс.
9-бап Тауарларды тікелей беру
1. Тауарларды бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына үшінші тараптың аумағы арқылы өткізбей беру тікелей беру болып есептеледі.
2. Осы Баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, тауарлар географиялық, көліктік, техникалық немесе экономикалық себептер салдарынан үшінші тараптардың аумағы арқылы тасылуы мүмкін, бұл ретте мұндай тасу кезінде, оның ішінде үшінші тараптардың аумағында уақытша сақтау кезінде мұндай тауарлар кедендік бақылауда болуы шарт.
3. Импорттаушы осы Баптың 2-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын тиісті құжаттық растауды импорттаушы Тараптың кеден органдарына ұсынуға тиіс. Мұндай құжаттық растау мынадай құжаттардың бірін беру арқылы импорттаушы Тараптың кеден органдарына ұсынылады:
a) транзиттік үшінші тараптың кеден органдары ұсынған тауардың өзгермейтіндігі туралы сертификат (a certificate of non-manipulation);
b) үшінші тараптың кеден органдары берген, тауарлардың нақты сипаттамасын, тауарларды қайта тиеу күнін, көлік құралдарының атауын қамтитын, сондай-ақ тауарлар осы транзиттік үшінші тарапта болған жағдайларды куәландыратын өзге де құжаттар;
c) үшінші тараптың кеден органы растаған, тауарларды экспорттаушы Тараптан осы транзиттік үшінші тараптың аумағы арқылы алып өту маршрутын куәландыратын көлік (тасымалдау) құжаттары.
4. Мынадай:
1) тауарлардың бір Тараптың аумағынан көрме немесе жәрмеңке өткізілген үшінші тараптың аумағына берілуі және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда болуы;
2) тауарларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен кезден бастап олардың демонстрациялық мақсаттан басқа, қандай да бір өзге мақсаттарда пайдаланылмауы;
3) қалыпты жағдайларда тасу және сақтау кезінде табиғи тозу не кему салдарынан тауарлардың жай-күйінің өзгеруін есепке алмағанда тауарлардың Тараптың аумағына олар үшінші тараптың аумағына жөнелтілгендей күйле әкелінуі шарттары орындалған кезде импорттаушының көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алған тауарлары да тікелей беруге сай келеді.
10-бап Еркін сауда режимін беру шарттары
1. Тауар, егер ол осы Қағидаларда белгіленген шығу тегінің өлшемшарттарына сәйкес келетін болса, сондай-ақ мынадай:
1) импорттаушы Тараптың кеден органына СТ-2 нысанындагы тауардың шығу тегі туралы жарамды сертификаттың, ал осы Қағидалардың 13-бабында белгіленген жағдайда, осы Қағидалардың 14-бабында келтірілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес толтырылған (ресімделген) тауардың шығу тегі туралы декларацияның ұсынылуы;
2) осы Қағидаттардың 9-бабында көзделген тауарларды тікелей беру шарттарының сақталуы;
3) осы Қағидалардың 15-бабында көзделген әкімшілік ынтымақтастық жөніндегі талаптардың сақталуы шарттары орындалатын болса, Тараптар аумағында еркін сауда режимін пайдаланады.
2. Шығу тегі анықталмаған немесе шығу тегі анықталған, бірақ бұл ретте осы тауарларға қатысты еркін сауда режимі берілуі мүмкін емес тауарлар осы Тараптың кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу талаптарына сәйкес импорттаушы Тарапқа әкелінеді.
3. Осы Баптың 2-тармағында көрсетілғен тауарларға қатысты Тараптар аумақтарында мынадай шарттар сақталған:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың орындалған;
2) кеден декларациясының импорттаушы Тарапта тіркелген күнінен бастап он екі (12) ай өтпеген кезде, тауарлар шығарылғаннан кейін еркін сауда режимі қалпына келтірілуі мүмкін.
4. Тауарлар шығарылғаннан кейін еркін сауда режимін қалпына келтіру осы Қағидаларда белгіленген шарттар орындалған кезде және импорттаушы Тараптың кеден заңнамасында айқындалатын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
5. Еркін сауда режимі СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе тауардың шыгу тегі туралы декларацияны бұрмалаудың анықталуына байланысты мұндай режимді беруден бас тартылған жағдайда, сондай-ақ осы Баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 4-тармағына сәйкес қалпына келтірілмейді.
11-бап Еркін сауда режимін беруден бас тарту үшін негіздер
1. Тараптың кеден органы мынадай:
1) осы Қағидалардың 10-бабының 1-тармағында көрсетілген еркін сауда режимін берудің бір (немесе бірнеше) шарттары сақталмаған;
2) тауардың шығу тегі туралы сертификатта (тауардың шығу тегі туралы декларацияда) көрсетілген тауарды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауармен сәйкестендіру мүмкін болмаған;
3) тауардың шығу тегі туралы сертификат (тауардың шығу тегі туралы декларация) берілмегені (бұрмаланғаны), жойылғаны (кері қайтарып алынғаны) немесе жарамсыз, анық емес немесе толық емес құжаттар және (немесе) мәліметтер негізінде берілгені туралы экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органынан мәліметтер алынған;
4) осы Қағидалардың 15-бабының 5-тармағында көзделген сұрау салу жіберілген күнінен бастап алты (6) ай ішінде (немесе егер экспорттаушы Тарап осы Қағидалардың 15-бабының 6-тармағына сәйкес верификация жүргізу үшін мерзімді ұлғайтуды сұраса, осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап сегіз (8) ай ішінде) әкету елінің верификациялаушы органынан сұрау салынатын сертификатқа (тауардың шығу тегі туралы декларацияға) қатысты жауап алынбаған немесе егер осы Қағидалардың 15-бабының 8-тармағында көзделген жағдай орын алған;
5) берілген тауардың нақты салмағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта (тауардың шығу тегі туралы декларацияда) көрсетілген салмақтан бес (5) пайыздан көп асатын;
6) осы Қағидалардың 12-бабының 4-тармағында және 14-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда импорттаушы Тараптың кеден органының талабы бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы қағаз жеткізгіште ұсынылмаған;
7) осы Қағидалардың 16-бабына сәйкес жүзеге асырылған көшпелі тексеру тауарлардың шығу тегін анықтауға мүмкіндік бермеген немесе тауарлардың шығу тегі өлшемшарттарына сәйкес келмейтіндігін айғақтайтын;
8) осы Қағидалардың 16-бабының 3-тармағында көрсетілген көшпелі тексеру туралы сұрау салу жөнелтілген күннен бастап алпыс (60) күн ішінде экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органынан жауап алынбаған немесе көшпелі тексеру жүргізуден бас тарту алынған жағдайларда, екінші Тараптан әкелінетін тауарларға қатысты еркін сауда режимін беруден бас тартады.
2. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты (тауардың шығу тегі туралы декларацияны) толтыру кезінде жіберілген, осындай тауардың шығу тегі туралы сертификатта (тауардың шығу тегі туралы декларацияда) қамтылатын мәліметтердің анықтығына немесе толықтығына әсер етпейтін және тауардың шығу тегіне күмән келтірмейтін қателердің (қате жазулардың) және (немесе) болмашы алшақтықтардың болуы еркін сауда режимін беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
12-бап Тауардың шығу тегі туралы сертификат
1. Еркін сауда режимін беру мақсатында тауарлардың шығу тегін растау үшін импорттаушы Тараптың кеден органына осы Қағидаларға № I қосымшада келтірілген нысан бойынша орындалған және осы Бап пен осы Қағидалардың 18-бабында келтірілғен талаптарға сәйкес толтырылған (ресімделген) СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат (бұдан әрі - тауардың шығу тегі туралы сертификат) беріледі.
2. Импорттаушы Тараптың кеден органына осы Қағидалардың 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сертификаттың түпнұсқасы қағаз жеткізгіште беріледі.
3. Сертификатты уәкілетті орган өтініш берушінің өтініш жасауы (ол ұсынған құжаттар мен мәліметтер) негізінде тауарлар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген барлық жағдайларда тауарларды әкеткенге дейін немесе әкету кезінде береді.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарлардың бір партиясына беріледі, еркін сауда режимін беру мақсатында оның қолданылу мерзімі уәкілетті орган оны берген күннен бастап он екі (12) айды құрайды.
5. Берілген тауардың нақты салмағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген салмақтан бес (5) пайыздан көп аспауға тиіс.
6. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты уәкілетті орган өтініш берушінің өтініш жасауы негізінде тауарды әкеткеннен кейін де беруі мүмкін. Бұл ретте өтініш беруші уәкілетті органға тауардың іс жүзінде әкетілуін растайтын кеден органының тиісті белгісі бар кедендік декларацияны қосымша ұсынады. Бұл ретте кеден органының белгісі тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру күнінен неғұрлым ертерек күнмен белгіленуге тиіс.
Электрондық нысанда тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органының шекараны кесіп өту туралы электрондық хабарламасы ұсынылуы мүмкін. Егер тауарды Тараптан әкету кезінде кедендік декларациялау қолданылмаса, уәкілетті органға осындай Тараптың аумағынан тауардың тиеп- жөнелтілгенін куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Бұл жағдайда тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 5-графасында "Issued retrospectively" немесе "Кейіннен берілді" деп көрсетіледі.
7. Тауардың шығу тегі туралы сертификат жоғалған немесе бүлінген жағдайда, уэкілетті орган оның ресми куәландырылған телнүсқасын береді. Телнұсқаны беру кезінде "Certification" ("Куәлік") деген 12-графада телнұсқаның берілген күні, ал "For official use" ("Қызметтік белгілер үшін") деген 5-графада "Duplicate" немесе "Телнұсқа" деген сөз, сондай-ақ тауардың шыгу тегі туралы сертификаттың жоғалған немесе бүлінген түпнүсқасының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы берілген күннен бастап жарамды. Еркін сауда режимін беру мақсатында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың телнұсқасын қолдану мерзімі тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы берілген күннен бастап он екі (12) айдан аспауға тиіс.
8. Қандай да бір себептермен күші жойылған тауардың шығу тегі туралы сертификаттың орнына не өтініш беруші ұсынған, негізделген сүрау салу негізінде бұрын берілген тауардың шығу тегі туралы сертификатты қайта ресімдеу қажет болған жағдайда, уәкілетті орган тауардың шығу тегі туралы жаңа сертификат беруі мүмкін. Бұл ретте жойылған (қайта ресімделген) сертификаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, 5-графаға "Issued instead of certificate form СТ-2" немесе "СТ-2 нысанындағы сертификаттың орнына берілді" деген жазба енгізіледі. Басқа сертификаттың орнына берілген тауардың шығу тегі туралы сертификатқа жаңа тіркеу нөмірі беріледі.
9. Тауарлардың және олардың қаптамаларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сатуға және тасуға дайындау жөніндегі операцияларды қоспағанда, Тараптар арасында өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшырамаған тауарлар өткізілген жағдайда, Тараптың уәкілетті органы тауардың шығу тегі туралы алмастырушы сертификатты беруі мүмкін.
Тауардың шығу тегі туралы алмастырушы сертификат аумағынан тауарлар басқа Тараптың аумағына әкелінген Тараптың уәкілетті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың негізінде беріледі жэне осындай сертификатта көрсетілген шыгу тегін куәландырады.
Бұл ретте 5-графаға экспорттаушы Тарапта берілген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың номірі мен күні, сондай-ақ осындай сертификатты берген уэкілетті орган корсете отырып "Issued on the basis of certificate form СТ-2" немесе "СТ-2 нысанындағы сертификаттың негізінде берілді" деген жазба енгізіледі.
10. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың кошірмесі, сондай-ақ онымен байланысты кез келген құжаттар, оның ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттар тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген уәкілетті органда, сондай-ақ өтініш берушіде осындай сертификат берілген күнінен бастап кемінде үш (3) жыл сақталуға тиіс.
13-бап Тауардың шығу тегі туралы декларация
1. Кедендік құны баламасында бес мың (5000) еуродан аспайтын тауарлардың шағын партияларының шығу тегін растау үшін еркін сауда режимін беруге импорттаушы Тараптың кеден органына тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда осы Қағидаларға № II қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген тауардың шығу тегі туралы декларация ұсынылуы мүмкін.
2. Еркін сауда режимін беру мақсатында тауардың шығу тегі туралы декларацияны қолдану мерзімі оған дайындаушы, экспорттаушы немесе жүк жөнелтуші қол қойған күннен бастап он екі (12) аймен шектеледі.
3. Берілген тауардың нақты салмағы тауардың шығу тегі туралы декларацияда көрсетілген салмақтың бес (5) пайызынан көп аспауға тиіс.
4. Импорттаушы Тараптың кеден органы тауардың шығу тегі туралы декларацияда мәлімделген тауарға шығу тегіне қатысты мәліметтердің анық еместігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, импорттаушы Тараптың кеден органы шығу тегі туралы сертификатты қағаз жеткізгіште ұсынуды талап ете алады.
5. Тауардың шығу тегі туралы декларацияда тауардың шығу тегі туралы мәлімдеме жасаған дайындаушы, экспорттаушы немесе жүк жөнелтуші экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органының талабы бойынша осы Қағидаларға сәйкес тауарлардың шығу тегін растау үшін қажетті барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
6. Тауардың шығу тегі туралы декларацияның көшірмесі, сондай-ақ онымен байланысты тауарлардың шығу тегін растайтын кез келген құжат тауардың шығу тегі туралы осындай декларацияға қол қойылған күннен бастап дайындаушыда, экспорттаушыда немесе жүк жөнелтушіде кемінде үш (3) жыл сақталады.
7. Тауардың шығу тегі туралы декларация баспа түрінде ресімделуі тиіс және оған тауарды дайындаушының, экспорттаушының немесе жүк жөнелтуші өкілінің аты мен тегі көрсетіле отырып, ол өз қолымен қол қоюға тиіс.
14-бап Шығу тегін құжатпен растау талап етілмейтін жағдайлар
1. Кедендік құны баламасында екі жүз (200) еуродан аспайтын шығарылатын тауарларды әкелу кезінде, бұл жеткізу бірнеше партиялардың бөлігі болып табылмаған жағдайда, еркін сауда режимін алу үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияны ұсыну талап етілмейді, ол тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияны ұсынудан жалтару тәсілі ретінде негізді түрде қаралуы мүмкін.
2. Осы Қағидалардың 17-бабында көрсетілген Тауарлардың шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесін (бұдан әрі - ШСВЭЖ) әзірлеген және енгізген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы тауарларды кедендік декларациялау кезінде қағаз жеткізгіште ұсынылмауы мүмкін. Бұл жағдайда оеындай тауардың шығу тегі туралы сертификаттың күні мен нөмірі кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс.
3. Импорттаушы, Тараптың кеден органының оған қатысты еркін сауда режимі мәлімделген тауардың шығу тегіне қатысты негізделген күмәндары болған және (немесе) ШСВЭЖ-да қамтылған ақпаратта сәйкессіздік анықталған жағдайда немесе ШСВЭЖ-да тиісті ақпарат болмаған кезде импорттаушы Тараптың кеден органы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын қағаз жеткізгіште ұсынуды талап ете алады.
15-бап Әкімшілік ынтымақтастық
1. Осы Қағидаларға сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификаттар берілгенге дейін Тараптар тиісінше Еуразиялық экономикалық комиссия және Сербия Республикасының Қаржы министрлігі - Кеден басқармасы арқылы:
1) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің және тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың қосымша парақтарының үлгілерімен (оларды қорғау ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып);
2) уәкілетті органдардың мөрлері бедерлерінің үлгілерімен (үлгілер түпнұсқалылық нысанына біржақты сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік беру үшін түпнұсқалы және нақты болуға тиіс);
3) уәкілетті органдардың атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратпен;
4) верификациялаушы органдардың атаулары мен мекенжайлары туралы ақпаратпен алмасады.
2. Осы Баптың 1-тармағында көрсетілген үлгілер мен ақпаратқа қатысты кез келген өзгерістер осындай тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға және Сербия Республикасының Қаржы министрлігі - Кеден басқармасына күні бүрын жеткізілуге тиіс.
Мұндай хабарламада Тараптың уәкілетті органының жаңа мөрлері пайдаланыла бастаған күн туралы ақпарат, сондай-ақ олардың бұрын жіберілген қандай мөрлердің орнына немесе оған қосымша пайдаланылатыны жөніндегі түсініктемелер қамтылуға тиіс.
Осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген ақпарат алмасу ағылшын немес орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.
3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты ұсынбай және (немесе) осы Баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін ақпарат ұсынылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қатысты еркін сауда режимі ұсынылмайды.
4. Тараптардың кеден органдары тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды және тауардың шығу тегі туралы декларацияларды іріктемелі негізде немесе осы құжаттардың төлнұсқалылығына немесе оларда қамтылған мәліметтердің анықтығына қатысты осындай кедендік негізделген күмәндар болған кезде кейіннен верификациялауды жүзеге асырады.
5. Осы Баптың 4-тармағында корсетілген жағдайларда, импорттаушы Тараптың кеден органы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың (тауардың шығу тегі туралы декларацияның) төлнүсқалығын және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын растау, сондай-ақ қосымша не нақтылайтын мәліметтерді, оның ішінде тауарлардың шығу тегі өлшемшартының орындалуы туралы мәліметтерді және (немесе) үшінші тарапта берілген коммерциялық құжаттардың (жазбалар, инвойстар, келісімшарттар және т.б.) көшірмелерін қоса алғанда, сертификат олардың негізінде берілген құжаттардың көшірмелерін ұсыну туралы негізделген сұрау салумен верификациялаушы органға жүгінуге құқылы.
Верификациялау туралы сұрау салуға тауардың шығу тегі туралы тексерілетін сертификаттың (тауардың шығу тегі туралы декларацияның) көшірмесі қоса беріледі.
Верификациялау туралы сұрау салу ағылшын немесе орыс тілінде жүзеге асырылады.
Іріктемелі негізде верификация жүргізу жағдайларын қоспағанда, верификациялау туралы сүрау салуда оны жіберу себептері және (немесе) тауардың шығу тегі туралы сертификатта (тауардың шығу тегі туралы декларацияда) қандай мәліметтердің анық болмауы мүмкін екенін көрсететін басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.
6. Импорттаушы Тараптыц кеден органы осы Баптың 5-тармағына сәйкес верификациялаушы органға сұрау салуды жіберген жағдайда, верификациялаушы орган верификациялауды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыруға тиіс және оның нәтижелері туралы ақпарат сұрау салуды жіберген кеден органына сұрау салу жіберілген күннен бастап алты (6) айдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Айрықша жағдайларда экспорттаушы Тарап верификациялау туралы сұрау салуды жіберген импорттаушы Тараптың кеден органына верификация жүргізуге арналған мерзімді екі (2) айға ұзарту туралы негізделген өтінумен жүгіне алады. Мүндай сұрау салу осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген 6 ай ішінде жіберілуге тиіс.
Верификациялау нәтижелері құжаттардың төлнүсқа болып табыла ма екенін және нақты тауарлардың Тараптан шығарылатын тауарлар ретінде қаралуы мүмкін бе екенін, сондай-ақ осы Қағидалардың басқа да талаптары орындалады ма екенін айқын көрсетуге тиіс.
Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың күшін жою немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияны жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған жағдайда, экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы мүмкіндігінше қысқа мерзімде осындай шешім туралы импорттаушы Тараптың кеден органына хабар береді.
7. Импорттаушы Тараптың кеден органы осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген тәртіпке сәйкес алынған мекенжайларды пайдалана отырып, электрондық пошта арқылы экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органына верификациялау туралы сұрау салудың көшірмесін жіберуге тиіс.
Экспорттаушы Тараптың верификациялаушы органы верификациялау туралы сұрау салуды жіберген импорттаушы Тараптың кеден органына электрондық пошта арқылы келіп түскен осындай сұрау салуды алғанын дереу растайды.
Тараптардың кеден органдары мен верификациялаушы органдары осы Қағидаларға сәйкес верификациялық рәсімдер шеңберінде деректер алмасу кезінде пайдаланылатын өзара іс-қимыл жасау тәсілі мен электрондық мекенжайлар туралы ақпарат алмасады.
8. Егер алынған верификациялау нәтижелері тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың (тауардың шығу тегі туралы декларациялардың) төлнұсқалығын және оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын айқындауға мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер қосымша не нақтылайтын мәліметтер, оның ішінде тауарлардың шығу тегі өлшемшартының орындалуы туралы мәліметтер, құжаттардың көшірмелері, оның ішінде тауардың шығу тегі туралы сертификат олардың негізінде берілген құжаттардың көшірмелері ұсынылмаған жағдайда, еркін сауда режимі ұсынылмайды.
16-бап Көшпелі тексеру
1. Егер импорттаушы Тараптың кеден органы осы Қағидалардың 15-бабында көрсетілген верификациялау нәтижелеріне қанағаттанбаған болса, мұндай орган айрықша жағдайларда экспорттаушы Тараптан осы Қағидалардың 12 және 13-баптарында көрсетілген тексерілетін тұлғаның құжаттарын зерделеу және (немесе) тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын үй-жайларды (аумақтарды) қарап-тексеру мақсатында көшпелі тексеру жүргізуді сұрай алады.
2. Импорттаушы және экспорттаушы Тараптардың құзыретті органдарының қызметкерлерінен тұратын тексеруші команда көшпелі тексеруді тексерілетін тұлға тауарларының және (немесе) оларды өндіру шарттарының осы Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріне және (немесе) тауарларды өндіру кезінде пайдаланылатын үй-жайларға (аумақтарға) бару қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында экспорттаушы Тараптың аумағында жүргізеді.
Осы Бапты қолдану мақсаттары үшін тексерілетін тұлға деп тауарлары көшпелі тексеру жүргізудің нысанасы болып табылатын экспорттаушы Тараптың тауарларын экспорттаушы және (немесе) өндіруші түсініледі.
Осы Бапты қолдану мақсаттары үшін көшпелі тексеру жүргізу нысанасы деп оларға қатысты көшпелі тексеру жүргізу сұратылып отырған және тауардың шығу тегі туралы құжаттар ресімделген тауарлар түсініледі.
Көшпелі тексеру экспорттаушы Тараптың заңнамасын сақтай отырып жүргізілуге тиіс.
3. Көшпелі тексеру жүргізу үшін импорттаушы Тараптың кеден органы осындай тексеруді жүргізу ниеті туралы жазбаша сүрау салуды (бұдан әрі - көшпелі тексеру туралы сұрау салу) экспорттаушы Тараптың верификаңиялаушы органына жіберуге тиіс.
4. Көшпелі тексеру туралы сұрау салу негізді, барынша толық болуға және өзгелерімен қатар:
1) сұрау салуды жіберген импорттаушы Тараптың кеден органының атауын;
2) тексерілетін тұлғаның атауын;
3) тауарлар және олардың шығу тегіне байланысты негізделген күмәндар туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылатын көшпелі тексерудің нысанасын;
4) лауазымды адамдары көшпелі тексеруге қатысатын құзыретті органдар туралы алдын ала ақпаратты;
5) көшпелі тексеру жүргізу қажеттігін негіздейтін өзге де қосымша ақпаратты қамтуға тиіс.
5. Экспорттаушы Тараптың верификаңиялаушы органы көшпелі тексеру туралы сұрау салуды жөнелткен күннен бастап алпыс (60) күн ішінде көшпелі тексеру жүргізуге келісу не бас тарту туралы жазбаша жауап жіберуге тиіс.
Экспорттаушы Тарап көрсетілген уақыт кезеңінде тексерілетін тұлғадан көшпелі тексеру жүргізуге келісуді немесе бас тартуды алуы тиіс. Тексерілетін тұлға көшпелі тексеру жүргізуден бас тартудың импорттаушы Тарапта тиісті тауарлар үшін еркін сауда режимін ұсынудан бас тарту үшін негіз ретінде қаралатыны туралы хабардар етілуге тиіс.
6. Егер осы Баптың 5-тармағында көрсетілген жауап осы баптың 3-тармағында көрсетілген сұрау салу жөнелтілген күннен бастап алпыс (60) күн ішінде алынбаған немесе көшпелі тексеру жүргізуден бас тарту алынған жағдайда, көшпелі тексеру туралы сұрау салуды жіберген импорттаушы Тарап оларға қатысты көшпелі тексеру сұратылған, бұрын әкелінген тауарларға еркін сауда режимін ұсынудан бас тартады.
7. Көшпелі тексеру жазбаша келісім алынған күннен бастап алпыс (60) күн ішінде басталуға және ақылға қонымды мерзімде, бірақ осындай жазбаша келісім алынған күннен бастап жүз елу (150) күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
8. Экспорттаушы және импорттаушы Тараптардың кұзыретті органдары, сондай-ақ тексерілетін тұлға тексеруші команданың көшпелі тексеру жүргізуіне қажетті жәрдемді көрсетуі тиіс.
Егер көшпелі тексеру жүргізу кезінде тексерілетін түлға немесе тексерілетін Тараптың өзге де тұлғалары тарапынан осындай тексеру жүргізуге мүмкіндік бермейтін кедергілер жасалса, импорттаушы Тарап көшпелі тексерудің нысанасы болып табылатын тауарларға қатысты еркін сауда режимін ұсынудан бас тартуға құқылы. Осы ақпарат көшпелі тексеру нәтижелері туралы бсепте көрсетілуге тиіс.
9. Көшпелі тексеру кезінде тексеруші команда тексерілетін тұлғадан кез келген құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде көшпелі тексеру нысанасына қатысы бар бухгалтерлік мәліметтерді сұратуға құқылы.
10. Көшпелі тексеру жүргізудің нәтижелері көшпелі тексеру нәтижелері туралы есеп нысанында ағылшын тілінде ресімделеді.
Көшпелі тексеру нәтижелері туралы есепте кем дегенде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
- тексеруші команда мүшелерінің атын, тегін және лауазымын қоса алғанда, көшпелі тексеру жүргізген құзыретті органдардың атауы;
- тексерілетін тұлғаның атауы;
- тексеру нысанасы болып табылатын тауарлар туралы мәліметтер;
- көшпелі тексеру жүргізу мерзімдері;
- көшпелі тексеру жүргізуге арналған негіздер, оның ішінде тексерілетін тауардың шығу тегі туралы бастапқы күмәндардың сипаттамасы, көшпелі тексеру жүргізуге жазбаша келісімнің деректемелері;
- тексеру жүргізілген үй-жайлар және (немесе) аумақтар туралы ақпарат;
- қолданылатын жердегі, тексерілетін тауарға қатысты нақты жүзеге асырылатын өндірістік процестің сипаттамасы;
- тексерілетін тауардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы біржақты куәландыратын көшпелі тексеру жүргізу қорытындылары бойынша нәтижелер (тұжырымдар).
11. Көшпелі тексеруді жүзеге асыратын тексеруші команда жазбаша келісімді алған күннен бастап екі жүз (200) күннен кешіктірмей тексерілетін тұлғаға осындай тексерудің нәтижелері туралы есепті жіберуге тиіс.
12. Импорттаушы Тарап көшпелі тексеру туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап көшпелі тексеру нәтижелерін алғанға дейін (көшпелі тексеру нәтижелері туралы есепті бекіткенге дейін) көшпелі тексерудің нысанасы болып табылатындарға үқсас тауарларға қатысты еркін сауда режимін үсынуды уақытша тоқтата түруы мүмкін. Осындай тоқтата тұру жағдайында, көрсетілген тауарларды шығару импорттаушы Тарап заңнамасыңың талаптарына сәйкес тарифтік преференциялар берілмей жүзеге асырылады.
Көшпелі тексерудің нысанасы болып табылатын тауарлар осы Қағидалардың талаптарына сай келетіндігін куэландыратын көшпелі тексеру нәтижелері негізінде еркін сауда режимі импорттаушы Тараптың заңнамасына сәйкес үсынылуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін ұқсас тауарлар деп Үйлестірілген жүйенің сол бір кодымен сыныпталатын, көшпелі тексерудің нысанасы болып табылатын тауарлар сияқты сипаттамасы бар және көшпелі тексерудің нысанасы болып табылатын тауарлар сияқты дэл сол өндіруші өндірген немесе дәл сол экспорттаушы өткізген тауарлар түсініледі.
13. Импорттаушы Тарап өкілдерінің көшпелі тексеруге қатысуына байланысты тексеруші команданың барлық шығындарын импорттаушы Тарап төлеуге тиіс.
17-бап Шығу тегін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесін әзірлеу және енгізу
1. Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей ШСВЭЖ-ді енгізуге ұмтылатын болады.
2. ШСВЭЖ Тараптардың уәкілетті органдары мен кеден органдары арасындағы тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыруға негізделген.
Мұндай ақпарат алмасу:
1) тауарларды электрондық нысанда кедендік декларациялау кезінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын импорттаушы Тараптың кеден органына қағаз жеткізгіште ұсынбау;
2) импорттаушы Тараптың кеден органына экспорттаушы Тараптың уәкілетті органы беретін тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың төлнұсқалыгы мен мазмұнын верификациялауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. ШСВЭЖ әзірлеу және енгізу мақсатында Келісім мемлекеттері сараптамалық жұмыс тобын құрады.
4. ШСВЭЖ шеңберінде ақпарат алмасуды іске асыру қағидалары, оның ішінде техникалық шарттар жеке ресімделеді.
18-бап Тауардың шығу тегі туралы сертификатты толтыру талаптары мен тәртібі
1. Тауардың шығу тегі туралы сертификат ағылшын немесе орыс тілінде қорғаныш торы немесе тығыздығы 25 г/ш. м кем емес А4 (210 х 297 мм) форматындағы қорғаныш түсті жиегі бар бланкіде және баспаханалық тәсілмен дайындалған баспа түрінде (төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда) ресімделеді және толтырылады.
2. Тауардың шығу тегі туралы сертификатта тұлғалардың қол қою факсимилесін пайдалануға, өшірулердің, сондай-ақ уәкілетті орган куәландырмаған түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
3. Қате ақпаратты сызып тастау және түзетіп жазу немесе түзетілген мәліметтерді қолмен енгізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар енгізіледі, олар тауардың шыгу тегі туралы сертификатты бұрын берген уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай талаптарға сәйкес толтырылады:
1) "Consignor/exporter (name and address)" ("Жүк жөнелтуші/экспорттаушы (атауы және мекенжайы)") деген 1-графада жүк жөнелтушінің (экспорттаушының) атауы, оның толық мекенжайы және елі көрсетіледі. Егер жүк жөнелтуші мен экспорттаушы әртүрлі тұлғалар болып табылса, жүк жөнелтуші (атауы мен мекенжайы) экспорттаушының (атауы мен мекенжайы) "тапсырмасы бойынша" әрекет ететінін көрсеткен жөн. Егер жүк жөнелтуші (экспорттаушы) жеке тұлға болып табылса, оның тегі, аты, мекенжайы көрсетіледі;
2) "Consignee/importer (name and address)" ("Жүк жөнелтуші/импорттаушы (атауы жэне мекенжайы)") деген 2-графада жүк жөнелтушінің (импорттаушының) атауы, оның толық мекенжайы және елі көрсетіледі. Егер жүк жөнелтуші мен импорттаушы әртүрлі түлғалар болып табылса, жүк жөнелтуші (атауы мен мекенжайы) импорттаушының (атауы мен мекенжайы) "тапсырмасы бойынша" әрекет ететінін көрсеткен жөн. Егер жүк жөнелтуші (импорттаушы) жеке тұлға болып табылса, оның тегі, аты, мекенжайы көрсетіледі;
3) "Means of transport and route (as far as known)" ("Колік қүралдары жэне жол жүру маршруты (белгілі болып отырған)") деген 3-графада көлік құралдары және белгілі болып отырған жол жүру маршруты көрсетіледі;
4) 4-графада тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификат берген Тарап және осы сертификат арналған Тарап көрсетіледі. Тіркеу нөмірін қолмен немесе мөртабан қою арқылы енгізуге жол беріледі;
5) "For official use" ("Қызметтік белгілер үшін") деген 5-графада тауарды әкету, транзиттеу және (немесе) алу мемлекеттерінің кұзыретті органдарының қызметтік белгілері қолмен енгізіледі немесе мортабан қойылады, сондай-ақ қажет болған кезде, мынадай жазбалар: "Duplicate" немесе "Телнұсқа", "Issued instead of certificate form СТ-2" немесе "СТ-2 нысанындағы сертификаттың орнына берілді", "Issued retrospectively" немесе "Кейіннен берілді", "Issued on the basis of certificate form СТ-2" немесе "СТ-2 нысанындағы сертификат негізінде берілген" жэне басқа да жазбалар енгізіледі. Қолмен енгізілетін жазбалар осы Баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен куәландырылады;
6) "№" деген 6-графада тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7) "Number and kind of packages" ("Орын саны және қаптаманың түрі") деген 7-графада тауар орындарының саны және қаптамасының түрі көрсетіледі;
8) "Description of goods" ("Тауардың сипаттамасы") деген 8-графада тауардың коммерциялық атауы және кедендік декларациялау мақсаттары үшін мәлімделгенге қатысты тауарды біржақты сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер көрсетіледі. 8-графада толтыру үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, белгіленген тәртіппен толтырылатын (қолымен, морімен куәландырылған және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 4- графасында көрсетілген сол тіркеу нөмірі бар) тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қосымша парағын (парақтарын) (сертификаттың қосымша парағының бланкісі осы Қағидалардың № I қосымшасында берілген) пайдалануға жол беріледі;
9) "Origin criterion" ("Шығу тегі өлшемшарттары") деген 9-графада шығу тегінің мынадай өлшемшарттары көрсетіледі:
"Р" - тауар толығымен Тарапта өндірілген;
"Ү" - тауар Тарапта жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған, бұл ретте экспортталатын тауар құнындағы шетелде шығарылатын, пайдаланылған материалдар құнының пайыздық үлесі көрсетіледі (мысалы, "Ү15%");
"Рк" - тауар кумулятивтік қағидатқа сәйкес шығарылатын деп танылады;
Әрбір мәлімделген тауар үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 9-графысында жеке шығу тегінің өлшемшарты көрсетілуге тиіс.
10) "Quantity of goods" ("Тауар саны") деген 10-графада тауардың брутто салмағы (килограммен) және (немесе) тауардың озге де сандық сипаттамасы корсетіледі.
11) "Number and date of invoice" ("Шот-фактураның номірі мен күні") деген 11-графада оларға қатысты тауардың шығу тегі туралы сертификат берілетін тауарлардың барлық шот-фактураларының (инвойстардың) нөмірлері мен күні көрсетіледі;
12) "Certification" ("Куәлік") деген 12-графада уәкілетті органның атауы мен мекенжайы көрсетіледі, оның мөрі және тауардың шығу тегі туралы сертификаттың (телнұсқаның) берілген күні, сондай-ақ тауардың шығу тегі туралы сертификатты (телнұсқаны) куәландыруға уәкілеттік берілген тұлғаның қолы, тегі және аты (аты-жөні) қойылады. Күнін, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның тегі мен атын (аты-жөнін) қолмен немесе мөртабан қою арқылы енгізуге жол беріледі;
Мөр бедерінде Тараптың уәкілетті органының орыс немесе ағылшын тіліндегі толық атауы туралы деректер болған жағдайда, осы графада мұндай мәліметтерді қосымша көрсету міндетті болып табылмайды.
Мөрде қажет болған жағдайда оның төлнұсқалық нысанасына сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін анық бедері болуға тиіс.
13) "Declaration by the applicant" ("Өтініш берушінің декларациясы") деген 13-графада тауар толық өндірілген не жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет немесе Сербия Республикасы), тауарлардың шығу тегі туралы мәліметтерді куэландыру күні көрсетіледі және өтініш берушінің мөрі (бар болса), оның қолы қойылып, тегі және аты-жөні жазылады. Күнін, сондай-ақ өтініш берушінің тегі мен аты-жөнін қолмен немесе мөртабан қою арқылы енгізуге жол беріледі.
5. Бланкінің сыртқы жағында тауардың шығу тегі туралы сертификатты толтыруға жол берілмейді.
19-бап Өтпелі ережелер
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде уәкілетті органдар қазіргі уақытта Тараптарда пайдаланылатын, осы Қағидаларға № I қосымшада белгіленген нысаннан ерекшеленетін СТ-2 тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың қолда бар бланкілерін олар толық пайдаланылғанға дейін қолдануға құқылы. Тауардың шығу тегі туралы осындай сертификаттарды толтыру осы Қағидалардың 18-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларына № I ҚОСЫМША |
СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың, сондай-ақ оған қосымша парақтың нысаны I. СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нысаны
(орыс тілінде)
1. Жүк жөнелтуші /экспорттаушы (атауы және мекенжайы) | 4. № Тауардың шығу тегі туралы сертификат СТ-2 нысаны | ||||
2. Жүк алушы/импорттаушы (атауы және мекенжайы) | ___________________________ұсыну үшін елдің атауы) ____________________________берілді. (елдің атауы) | ||||
3. Көлік құралдары мен жүру маршруты (бұл қаншалықты мәлім болса) | 5. Қызмет бабындағы белгілер үшін | ||||
6. № | 7. Орындард ың саны және қаптаманың түрі | 8. Тауардың сипаттамасы | 9. Шығу тегінің өлшемшарты | 10. Тауардың саны | 11.Шот-Фактураның нөмірі мен күні |
12. Куәлік Осы құжат арқылы жүргізілген бақылаудың негізінде өтініш беруші декларациясының шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады. .........................................................................Қолы Күні Мөр | 13. Өтініш берушінің декларациясы Төменде қол қоюшы жоғарыда келтірілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлардың толығымен __________________________________ (елдің атауы) өндірілгенін немесе жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшырағанын және олардың осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегіне қойылатын талаптарға сай келетінін мәлімдейді. .........................................................................Қолы Күні Мөр |
(ағылшын тілінде)
1. Consignor/exporter (name and address) | 4. № ________________________ Certificate of origin Form CT-2 | ||||
2. Consignee/importer (name and address) | Issued in _________________ (country) | ||||
For submission to _________________ (country) | |||||
3. Means of transport and route (as far as known) | 5. For official use | ||||
6.№ | 7. Number and kind of packages | 8. Description of goods | 9. Origin criterion | 10. Quantitу of goods | 11. Number and date of invoice |
12. Certification It is hereby certified, on the basis of control carried out, that the declaration by the applicant is correct .........................................................Signature Date Stamp | 13. Declaration by the applicant The undersigned hereby declares that the above details are correct: that all goods were produced or underwent sufficient processing in (country) and that they comply with the origin requirements specified for this goods ......................................................Signature Date Stamp |
II. СТ-2 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатқа қосымша парақтың нысаны
(орыс тілінде)
6. № | 7. Орындардың саны және қаптаманың түрі | 8. Тауардың сипаттамасы | 9. Шығу тегінің өлшемшарты | 10. Тауардың саны | 11. Шот-фактураның нөмірі мен күні |
12. Куәлік Осы құжат арқылы жүргізілген бақылаудың негізінде өтініш беруші декларациясының шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады. ................................... Қолы Күні Мөр | 13. Өтініш берушінің декларациясы Төменде қол қоюшы жоғарыда келтірілген мәліметтердің щындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлардың толығымен _________________________(елдің атауы) өндірілгенін немесе жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) үшырағанын және олардың осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегіне қойылатын талаптарға сай келетінін мәлімдейді. .......................................Қолы Күні Мөр |
(ағылшын тілінде)
6. № | 7. Number and kind of packages | 8. Descript ion of goods | 9. Origin criterion | 10. Quantity of goods | 11. Number and date of invoice |
12. Certification It is hereby certified on the basis of control carried out, that the declaration by the applicant is correct ......................................................... Signature Date Stamp | 13. Declaration by the applicant The undersigned hereby declares that the above details are correct: that all goods were produced or underwent sufficient processing in .............................................................(country) and that they comply with the origin requirements specified for this goods ........................................................ Signature Date Stamp |
Тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаларына № II ҚОСЫМША |
ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ
Тауардың шығу тегі туралы декларация дайындаушы, экспорттаушы немесе жүк жөнелтуші орыс немесе ағылшын тілінде төмендегі жазба түрінде жасаған тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімдемені білдіреді.
Орыс тілінде:
"1" экспорттаушы осы қүжатта аталған тауарлардың
шығарылған елі "2" болып табылатындығын мәлімдейді.
___________________"3".
Күні, қолы
Ескертулер:
"1" - тауардың шығу тегі туралы декларация ретінде пайдаланылатын құжатқа сәйкес тауарларды экспорттаушының, дайындаушының немесе жүк жөнелтушінің атауы көрсетіледі.
"2" - тауарлар шығарылған елдің атауы көрсетіледі.
"3" - экспорттаушы, дайындаушы немесе жүк жөнелтуші өкілінің қолы, тегі, аты көрсетіледі.
Ағылшын тілінде:
The exporter __________________ "1" declares that the country of origin of goods covered by this document is _________________________ "2".
_______________________________ "3".
Date, Signature
Notes:
"1" - the name of the exporter, producer or consigner of goods in accordance with accompanying documents.
"2" - the name of country of origin of goods.
"3" - signature, surname, name of authorised person of exporter, producer or consignor.
4-ҚОСЫМША |
ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУЛЕРДЕГІ ҚАЛЫПТЫ ҚҰНДЫ АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тараптар мыналар туралы уағдаласты:
Демпингке қарсы тергеп-тексерулерді және қайта қарауды қоса алғанда, кез келген кейінгі демпингке қарсы рәсімдерді жүргізу мақсатында бірде-бір Тарап Демпингке қарсы келісімнің және (немесе) 1994 жылғы ГАТТ-тың I қосымшасында қамтылған 1994 жылғы ГАТТ-тың VI бабының 1-тармағына екінші Қосымша ереженің 2.7-бабына сәйкес (Ескертпелер мен қосымша ережелер) суррогат елдің деректеріне ішінара немесе толық негізделген экспорттаушы Тараптың ішкі нарығында тұтынуға арналған ұқсас тауарлардың қалыпты құнын айқындаудың ешқандай әдістемелерін қолданбайды.
Демпингке қарсы тергеп-тексерулерді және қайта қарауды қоса алғанда, кез келген кейінгі демпингке қарсы іс-қимылдарды жүргізу мақсатында бірде-бір Тарап тергеп-тексеру жүргізетін орган өндіріс факторлары нарықтарының жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты:
a) ұқсас тауар нарығында "ерекше нарықтық жағдай" орын алып отыр; және (немесе)
b) құжаттар жеткілікті көлемде сәйкес келіп, осы экспорттаушылар немесе өндірушілер іс жүзінде шеккен шығындардың орнын толтырса да, тергеп-тексеру объектісін - тауарды экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің құжаттарында тіркелген шығасылар тергеп-тексеру объектісін — тауарды өндіруге жэне сатуға байланысты шығасыларды жеткілікті немесе ақылға қонымды дәрежеде көрсетпей отыр деген тұжырымға келетін жағдайларда экспорттаушы Тараптың ішкі нарығында тұтынуға арналған ұқсас тауарды экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің шығасылары туралы деректерді ескермеуге немесе түзетуге мүмкіндік беретін ешқандай әдістемелерді қолданбайды.
5-ҚОСЫМША
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
1-бап Мақсаттар
Осы Қосымшаның мақсаты, бұл мүмкін болатын жерде, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында осы Келісім шеңберінде туындайтын дауларды шешудің тиімді, пәрменді және транспарентті тетігін жасау болып табылады.
2-бап Анықтамалар
Осы Қосымшаның мақсаттары үшін:
а) "Төрелік панель" осы Қосымшаның 8-бабына сәйкес қалыптастырылатын Төрелік панельді білдіреді;
b) "Дау тараптары" шағым беретін Тарапты (талапкер Тарап) да, өзіне қатысты шағым берілген Тарапты (жауапкер Тарап) да білдіреді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ бірлесіп немесе жеке дау Тараптары ретінде бола алады. Соңғы жағдайда, егер шараны Еуразиялық экономикалық одаққа осындай мүше мемлекет қабылдаған болса, онда дау Тарапы Еуразиялық экономикалық одаққа осындай мүше мемлекет болуға тиіс, ал егер шараны Еуразиялық экономикалық одақ қабылдаған болса, онда ол дау Тарапы болуға тиіс;
с) "Талапкер Тарап" шағым беретін Тарапты білдіреді;
d) "Жауапкер Тарап" өзіне қатысты шағым берілетін Тарапты білдіреді;
е) "Төреші" осы Қосымшаның 8-бабына сәйкес құрылған Төрелік панельдің мүшесін білдіреді;
f) "Төраға" Төрелік панельдің төрағасы рөлінде болатын төрешіні білдіреді;
g) "Ассистент" төрешіні тағайындау шарттары бойынша зерттеулер жүргізетін немесе төрешіге жәрдем көрсететін адамды білдіреді;
һ) "Күндер" демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, күнтізбелік күндерді білдіреді.
3-бап Қолданылу саласы
Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Қосымшаның ережелері Тараптардың қандай да бірі екінші Тараптың шарасы осы Келісімнің ережелерінде көзделген өз міндеттемесіне қайшы келеді немесе екінші Тарап осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамайды деп есептеген жағдайда, осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және/немесе қолдану кезінде туындайтын Тараптар арасындағы кез келген дауларға қолданылуға тиіс.
4-бап Ақпараттық өзара іс-қимыл
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында осы Келісім шеңберінде туындайтын кез келген дауға қатысты кез келген процестік құжатты тарату осы Келісім бойынша құпиялылық туралы ережелерді және/немесе 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімін бұзу ретінде қаралмайды.
5-бап Консультациялар
1. Дау тараптары өзара қолайлы шешім тұжырымдау мақсатында осы Қосымшаның 3-бабында аталған кез келген мәселе бойынша кез келген дауды консультациялар арқылы шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға міндеттенеді.
2. Консультациялар жүргізуге сұрау салу жауапкер Тарапқа осы Келісімнің 29-бабына сәйкес тағайындалған оның байланыс пункті арқылы жазбаша түрде жіберіледі және оны беру үшін негіздерді қамтуға, оның ішінде даудың нысанасы болып табылатын кез келген шараларды немесе озге де мәселелерді айқындауға, сондай-ақ шағымның фактологиялық және құқықтық негізін сипаттауға тиіс. Бірлескен комитет мұндай сұрау салудың жіберілгені туралы хабардар етілуге тиіс.
3. Егер консультациялар жүргізуге сұрау салу осы Баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген жағдайда, жауапкер Тарап сұрау салуға оны алған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жазбаша түрде уақтылы жауап беруге және өзара қолайлы шешім тұжырымдау үшін сұрау салуды алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде талапкер Тараппен адал ынтымақтастық рухында консультациялар бастауға тиіс.
4. Кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты мәселелер бойынша консультациялар сұрау салуды алған күннен бастап он бес (15) күн ішінде жүргізіледі.
5. Осы баптың 3-тармағында және 4-тармағында көрсетілген мерзімдер дау Тараптарының уағдаластығы бойынша түзетілуі мүмкін.
6. Консультациялар барысында әрбір дау Тарапы қолданыстағы не болжамды шара немесе кез келген басқа да жағдай осы Келісімді орындауға және қолдануға әсер етуі мүмкін тәртіпті толық көлемде белгілеуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті нақты ақпарат беруге тиіс.
7. Консультациялар, атап айтқанда, жария етілетін бүкіл ақпарат және тиісті талқылаулар барысында дау Тараптары қабылдаған барлық позициялар құпия болып табылады және кез келген кейінгі талқылау шеңберінде дау Тараптарының кез келгенінің құқықтарына нұқсан келтірмейді. Дау Тараптары консультациялар барысында алмасуы жүзеге асырылатын кез келген құпия немесе қызметтік ақпаратты осындай ақпаратты беретін Тараптың өзі жасайтын тәртіппен пайдалануға тиіс.
8. Осы Бап бойынша консультациялар барысында әрбір дау Тарапы өздерінің құзыретті үкіметтік органдарының немесе өзге де реттеуші органдарының консультациялар нысанасы болып табылатын мәселе бойынша тиісті білімі/тәжірибесі бар қызметшілерінің оларға қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
9. Консультациялар дау Тараптарының өзге уағдаластығы болмаса, жауапкер Тараптың аумағында өтеді. Дау Тараптарының уағдаластығы бойынша келіссөздер кез келген қолжетімді техникалық байланыс құралдары пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
6-бап Делдалдық, татуласу немесе медиация
1. Тараптар осы Қосымша бойынша дауды шешудің кез келген рәсімінің кез келген кезеңінде делдалдыққа, татуласуға немесе медиацияға жүгінуге құқылы. Екі Тарап кез келген уақытта делдалдыққа, татуласуға немесе медиацияға бастамашы болуы да, оны тоқтатуы немесе күшін жоюы да мүмкін.
2. Олардың шеңберінде делдалдық, татуласу және медиация рәсімдері қолданылатын талқылаулар және атап айтқанда, дау Тараптарының осындай талқылаулар барысында ұстанатын позициялары құпия болып табылады және дау Тараптарының кез келгенінің одан арғы кез келген талқылаулардағы құқықтарына нұқсан келтірмейді.
7-бап Төрелік панельді құру туралы сұрау салу
1. Осы Қосымшаның 5-бабы бойынша консультациялар немесе осы Қосымшаның 6-бабында көзделген медиацияны жүргізуге сұрау салу берген талапкер Тарап, егер:
а) жауапкер Тарап осы Қосымшаның 5-бабының 3 немесе 4-тармағына сәйкес мерзімдерді сақтамаса;
b) дау Тараптары осы Қосымшаның 5-бабы бойынша консультациялар дауды алпыс (60) күн ішінде немесе кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты осы Қосымшаның 5-бабының 3-тармағында аталған консультациялар жүргізуге сұрау салуды алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде шешуге көмектеспеді деген бірлескен қорытындыға келсе; немесе
c) жауапкер Тарап осы Қосымшаның 5-бабына сәйкес консультациялар барысында тұжырымдалған өзара қолайлы шешімді орындамаса, Төрелік панель құруды жазбаша түрде сұратуға құқылы.
2. Төрелік панельді құруға сұрау салу жауапкер Тарапқа осы Келісімнің 29-бабына сәйкес тағайындалған оның байланыс пункті арқылы жазбаша түрде жіберіледі, ал Бірлескен комитет осындай сұрау салудың жіберілгені туралы хабардар етілуге тиіс. Талапкер Тарап өзінің сұрау салуында даудың нысанасы болып табылатын нақты шараны айқындауға және мұндай шара осы Келісімде көзделген ережелерді қалайша бұзатынын шағымның фактологиялық және құқықтық негізін жеткілікті түрде дәл көрсетуге мүмкіндік беретін тәртіппен түсіндіруге тиіс. Жауапкер Тарап сұрау салуды алған күнін көрсете отырып, талапкер Тарапқа хабарлама жіберу арқылы сұрау салуды алғанын дереу растауға тиіс, бұл ретте Бірлескен комитет осындай сұрау салудың алынғаны туралы хабардар етілуге тиіс.
3. Егер дау Тараптары Төрелік панельді құруға сұрау салуды алған күннен бастап жиырма (20) күн ішінде өзгеше уағдаласпаса, мыналар Төрелік панельдің өкілеттіктері болып табылады:
"Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің тиісті ережелері аясында осы Келісімге 5-қосымшаның 7-бабына сәйкес Төрелік панель құруға сұрау салуда аталған мәселені зерделеу, қаралып отырған шараның осы Келісімге 5-қосымшаның 3-бабында аталған ережелерге сәйкестігі туралы шешім шығару және тиісті ережелердің қолданылу фактілерін және кез келген алынған нәтижелер мен ұсынымдардың басты негіздемесін анықтау және осы Келісімге 5-қосымшаның 12-бабына сәйкес баяндама жасау".
Егер дау Тараптары Төрелік панельдің өзге де өкілеттіктерін келіссе, олар мұндай міндеттерді осы Баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде Төрелік панельдің назарына жеткізуге тиіс.
4. Кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты жағдайларда дау Тараптары барынша мүмкін дәрежеде Төрелік панель құру процесін жеделдету үшін барлық күш-жіғерін жұмсауға тиіс.
8-бап Төрелік панельді қалыптастыру және құру
1. Төрелік панель үш (3) төрешіден тұрады.
2. Жауапкер Тарап Төрелік панельді құруға сұрау салуды алған кезден бастап отыз (30) күн ішінде әрбір дау Тарапы төрешіні тағайындайды.
Барлық төрешілер:
a) құқық, халықаралық сауда саласында, осы Келісімде қамтылған өзге де салаларда немесе халықаралық сауда келісімдерінен туындайтын дауларды шешу саласында білімі және/немесе тәжірибесі болуға;
b) объективтілік, бейтараптық, адалдық және ақыл-ой парасаттылығы қағидаттары қатаң сақталған кезде сайлануға;
c) кез келген дау Тарапынан тәуелсіз болуға, олардың үлестес тұлғалары болмауға немесе олардың нұсқаулықтарына сәйкес әрекет етпеуге;
d) өз міндеттерін жеке түрде орындауға, кез келген ұйымның немесе үкіметтің нұсқаулықтарын ұстанбауға не кез келген дау Тарапты үкіметінің үлестес тұлғалары болмауға;
е) дау Тараптарына өздерінің тәуелсіздігіне немесе бейтараптығына орынды күмәндар үшін негіз болуы мүмкін, оның ішінде қаралатын мәселе бойынша тікелей немесе жанама мүдделер қақтығыстарына қатысты кез келген ақпаратты жария етуге;
f) Сербия Республикасымен, сол сияқты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен де дипломатиялық қатынастардағы мемлекеттердің азамаnтары болуға; және
g) бұрын қандай да бір түрде, оның ішінде осы Қосымшаның 6-бабына сәйкес, даумен ешқандай түрде байланысты болмауға тиіс.
3. Екінші төреші тағайындалған кезден бастап он бес (15) күн ішінде, тағайындалған төрешілер өзара уағдаластық бойынша Төрелік панельдің төрағасын таңдауға тиіс, оған қарсылық білдіруге мүмкіндік беретін төменде санамаланған өлшемшарттардың кез келгені қолданылмайды:
a) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Сербия Республикасының азаматы мәртебесінің болуы; немесе
b) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Сербия Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жерінің болуы.
4. Егер қажетті тағайындаулар осы Баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаған жағдайда, кез келген дау Тарапы дау Тараптарының өзге уағдаластығы болмаса, БҰҰ Халықаралық Сотының (бұдан әрі "Халықаралық сот" деп аталатын) Төрағасын оның тағайындайтын тұлға ретінде болуы үшін шақыруға құқылы. Егер Халықаралық соттың Төрағасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Сербия Республикасының азаматы болып табылса не өзінің тағайындайтын тұлға функциясын орындай алмаса, қажетті тағайындауларды жүзеге асыруға сұрау салу Халықаралық соттың Вице-төрағасына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің немесе Сербия Республикасының азаматы болып табылмайтын және тағайындайтын тұлғаның функциясын орындай алатын, өзінен кейін жоғары тұрған келесі лауазымды адамға жіберіледі.
5. Егер осы Бап бойынша тағайындалған төреші дауды шешу рәсімі барысында отставкаға берсе немесе міндеттерін орындау мүмкіндігінен айырылса, осы Баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен он бес (15) күн ішінде төрешінің құқықтық мирасқоры тағайындалады, бұл ретте құқықтық мирасқорға барлық өкілеттіктер беріледі және оған бастапқыда тағайындалған төрешінің барлық міндеттері жүктеледі. Талқылау шеңберінде қолданылатын кез келген мерзімдер төрешінің отставкаға берген немесе міндеттерін орындау мүмкіндігінен айырылған күннен бастап және осындай төрешіні алмастыратын адам таңдалған күнге дейін тоқтатыла тұрады.
6. Төрелік панельдің Төрағасы өз тағайындауын қабылтайтын күн Төрелік панельдің құрылған күні деп танылады.
9-бап Төрелік панельдің функциялары
1. Осы қосымшаның 8-бабына сәйкес құрылған Төрелік панельдің мынадай функциялары болады:
a) іс бойынша фактілерді объективті бағалауды қоса алғанда, оның қарауына қойылған мәселеге, дау Тараптары сілтеме жасайтын осы Келісім ережелерінің қолданылуына және жауапкер Тараптан осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін сақтамау фактісінің болуына объективті баға береді;
b) өз шешімдері мен баяндамаларында анықталған фактілерді, өзінің қарауына ұсынылған дауды шешу үшін қажетті кез келген алынған нәтижелер мен қаулылардың басты негіздемесін өз қалауы бойынша айқындалатын тәртіппен баяндайды;
c) дау Тараптарымен тұрақты негізде консультациялар жүргізеді және даудың өзара қолайлы шешімін тұжырымдау үшін барабар мүмкіндіктер ұсынады;
d) дау Тарапының сұрау салуы бойынша кез келген қабылданатын шаралардың және/немесе пайданы тоқтата тұрудың сәйкестігін оның түпкілікті баяндамасы арқылы айқындайды.
2. Осы Қосымша бойынша құрылған Төрелік панель осы Келісімнің ережелерін халықаралық жария құқықты түсіндірудің жалпыға танылған нормаларына сәйкес түсіндіруге тиіс. Төрелік панельдің баяндамалары мен қаулылары Тараптардың осы Келісімде аталған ережелерде көзделген құқықтары мен міндеттемелерін толықтыра алмайды немесе оларға нұқсан келтіре алмайды.
10-бап Төрелік панельдің жұмыс істеу рәсімі
1. Төрелік панельдің отырыстары осы Баптың ережелеріне сәйкес өткізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағын ескере отырып, Төрелік панель дау Тараптарының тыңдалу құқықтарына және өздерінің жеке талқылауларына қатысты өзінің жеке қағидалары мен рәсімдерін дау Тараптарымен оларды келісе отырып реттеуге тиіс. Дау Тараптарының сұрау салуы бойынша немесе өзінің жеке бастамасы бойынша Төрелік панель дау Тараптарымен келіскеннен кейін осы Баптың ережелеріне қайшы келмейтін қосымша қағидалар мен рәсімдерді қабылдауға құқылы.
3. Дау Тараптарымен келіскеннен кейін Төрелік панель өзі құрылғаннан кейін он (10) күн ішінде Төрелік панель отырыстарының кестесін айқындауға тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде өзінің тұтынушылық құндылығын жылдам жоғалтатын тез бұзылатын тауарларға қатысты жағдайларда Төрелік панель мен Тараптар барынша мүмкін дәрежеде талқылаулар жүргізуді жеделдету үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс. Кесте дау Тараптарының жазбаша құжаттарды берғен нақты күндерін қамтуға тиіс. Төрелік панель мұндай кестеге оларды дау Тараптарымен келісе отырып, түзетулер енгізуге құқылы.
4. Дау Тарапының сұрау салуы бойынша немесе өзінің жеке бастамасы бойынша Төрелік панель өз қалауы бойынша кез келген ғылыми немесе техникалық мәселе бойынша кез келген адамнан немесе органнан өзі қажет деп есептейтін түрде ақпарат іздеуге және/немесе консультация алуға құқылы. Төрелік панель мұндай ақпаратты іздеуді бастағанға және/немесе осындай консультацияны алғанға дейін ол бұл туралы дау Тараптарына хабарлауға тиіс. Мұндай тәртіппен алынған кез келген ақпарат және/немесе қорытындылар олардың өз түсініктемелерін беру үшін дау Тараптарына ұсынылуға тиіс. Егер Төрелік панель өз баяндамасын дайындау кезінде ақпаратты және/немесе консультациялардың нәтижелерін назарға алса, ол осындай ақпарат және/немесе консультациялардың нәтижелері бойынша дау Тараптарының кез келген түсініктемелерін де ескеруге міндетті. Ақпарат және/немесе консультациялардың нәтижелері ешқандай заңды міндеттемелерге алып келмейді.
5. Төрелік панель консенсусқа қол жеткізбеген жағдайда мұндай рәсімдік шешімдер, алынған нәтижелер мен қаулылар көпшілік дауыспен қабылдануы мүмкін болады деген шартпен Төрелік панель консенсус негізінде өзінің рәсімдік шешімдерінің, алынған нәтижелер мен қаулылардың мәтінін жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс. Төрелік панель өз баяндамасында бір ауыздан шешілмеген мәселелер бойынша торешілердің әртүрлі пікірлерін, бұл ретте, көпшілік немесе азшылық жағдайдағы төрешілердің жеке басын жария етпей жариялауға тиіс.
6. Егер дау Тараптары өзгеше уагдаласпаса, Төрелік панельдің отырыстары жұртшылық үшін қолжетімді болмауға тиіс.
7. Дау Тараптарына талқылаулар шеңберінде кез келген сөз сөйлеу, мәлімдеме жасау немесе теріске шығару кезінде қатысуға мүмкіндік берілуге тиіс. Бастапқы баяндаманың сипаттау бөлігі бойынша кез келген түсініктемелерді және Төрелік панель қойған сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, дау Тарапы Төрелік панельге берген кез келген ақпарат немесе жазбаша ұсынулар екінші дау Тарапына да берілуге тиіс.
8. Төрелік панельдің талқылаулары және ол ұсынатын құжаттар құпия сақталуға тиіс. Ішкі талқылауларды өткізу үшін Төрелік панель төрешілер ғана қатысатын жабық отырыстар шеңберінде жиналуға тиіс. Төрелік панель өз кеңестеріне өз ассистенттерінің де қатысуына рұқсат беруге құқылы. Дау Тараптары жиналыстарға Төрелік панель оларға өздерін шақырған кезде ғана қатыса алады.
9. Осы Қосымшада ешнәрсе де дау Тарапына қаралатын мәселе бойынша өз ұстанымын жария етуге кедергі келтірмейді. Екінші дау Тарапы Төрелік панельге ұсынған, осындай екінші дау Тарапы құпия ретінде айқындаған ақпаратты дау Тарапы құпия сақтауға тиіс. Дау Тарапы екінші Тараптың сұрау салуы бойынша жұртшылыққа жария етілуі мүмкін жазбаша құжаттарда қамтылған ақпараттың құпия емес сипаттағы қысқаша шолуын да ұсынуға тиіс.
10. Тыңдауларды өткізу орны дау Тараптарының өзара уағдаластығы бойынша айқындалады. Уағдаластық болмаған жағдайда, тыңдаулар дау Тараптарының астаналарында кезекпен өткізілуге тиіс, бұл ретте бірінші тыңдау жауапкер Тараптың астанасында өткізілуге тиіс. Егер Еуразиялық экономикалық одақ осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес дау Тарапы ретінде болса, орындары кезектесіп өткізілетін тиісті тыңдаулар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өтеді.
11-бап Талқылауды тоқтата тұру және тоқтату
1. Төрелік панель дау Тараптарының бірлескен талабы бойынша өзінің жұмысын кез келген уақыт кезеңінде осындай бірлескен талапты алған күннен бастап ұзақтығы қатарынан он екі (12) айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға тиіс. Бұл жағдайда дау Тараптары Төрелік панельдің Төрағасын жазбаша нысанда бірлесіп хабардар етуге міндеттенеді, ал Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс. Осы уақыт кезеңі ішінде кез келген дау Тарапы Төрелік панельдің Төрағасына және екінші дау Тарапына жазбаша хабарлама жіберу арқылы Төрелік панельге оның жұмысын қайта бастауға уәкілеттік бере алады. Егер Төрелік панельдің жұмысы қатарынан он екі (12) айдан астам уақытқа тоқтатыла тұрған болса, Төрелік панельді құру құқығы, егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, өз күшін жояды (ал дауды реттеу рәсімі аяқталады). Панельдің жұмысы тоқтатыла тұрған жағдайда осы Қосымша бойынша белгіленген тиісті мерзімдер оның жұмысы тоқтатыла тұрған кезеңге ұзартылады.
2. Төрелік панельдің жұмысы Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасы ұсынылғанға дейін кез келген уақыт кезеңінде дау Тараптарының бірлескен сұрау салуы бойынша тоқтатылады. Бұл жағдайда дау Тараптары бұл туралы Төрелік панельдің Төрағасын бірлесіп хабардар етуге міндеттенеді, ал Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс.
12-бап Төрелік панельдің баяндамалары
1. Төрелік панельдің баяндамалары дау Тараптары болмаған кезде жасалады және осы Келісімнің тиісті ережелеріне, өзіне ұсынылған құжаттарға және дау Тараптарының дәлелдеріне, сондай-ақ осы Қосымшаның 10-бабының 4-тармағына сәйкес берілген кез келген ақпаратқа және/немесе консультацияларға негізделеді.
2. Төрелік панель өзінің бастапқы баяндамасын Төрелік панель құрылған күннен бастап тоқсан (90) күн немесе кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты жағдайларда, алпыс (60) күн ішінде ұсынуға тиіс. Бастапқы баяндамада өзгелерден бөлек сипаттау бөлігі, сондай-ақ Төрелік панель анықтаған фактілер, тиісті ережелердің қолданылуы туралы мәліметтер, кез келген алынған деректердің басты негіздемесі, панельдің ұсынымдары және оның қорытындылары қамтылуға тиіс.
3. Төрелік панель осы Баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімде өзінің бастапқы баяндамасын ұсына алмайтындығы туралы қорытындыға келген ерекше жағдайларда Төрелік панельдің Торағасы дау Тараптарын кешіктіру себептері мен оның бастапқы баяндамасын ұсынудың болжамды мерзімі туралы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс, ал Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кешіктіру отыз (30) күн кезеңінен аспайды.
4. Кез келген дау Тарапы, егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік панельдің бастапқы баяндамасы бойынша өзінің жазбаша түсініктемелерін оны алған кезден бастап он бес (15) күн ішінде ұсынуға құқылы. Өз кезегінде мұндай жазбаша түсініктемелерге екінші дау Тарапы оларды алған кезінен бастап алты (6) күн ішінде түсініктеме беруі мүмкін. Егер түсініктемелер Тараптардың бірде-біреуінен келіп түспесе, бастапқы баяндама түпкілікті баяндама ретінде қаралуға тиіс.
5. Дау Тараптары бастапқы баяндама бойынша ұсынған кез келген жазбаша түсініктемелерді қарағаннан және кез келген қосымша тергеп-тексерулер жүргізгеннен кейін Төрелік панель дау Тараптарына, егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, бастапқы баяндама ұсынылған кезден бастап отыз (30) күн ішінде дау бойынша қаулы мен бастапқы шешім қамтылған өзінің түпкілікті баяндамасын беруге тиіс. Кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты жағдайларда, егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, Төрелік панель бастапқы баяндаманы ұсынған кезден бастап он бес (15) күн ішінде өзінің түпкілікті баяндамасын ұсыну үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
6. Егер Төрелік панель көрсетілген мерзімді сақтаудың мүмкін еместігі туралы қорытындыға келсе, Төрелік панельдің Төрағасы кешіктіру себептерін және Төрелік панель өзінің түпкілікті баяндамасын ұсынуды жоспарлап отырған күнді көрсете отырып, жазбаша түрде Тараптарды хабардар етуге тиіс. Төрелік панель кез келген жағдайда, өзінің түпкілікті баяндамасын Төрелік панель құрылған күннен бастап жүз елу (150) күннен немесе кейінге қалдыруға болмайтын, оның ішінде тез бұзылатын тауарларға қатысты жағдайларда сексен (80) күннен кешіктірмей ұсынуға тиіс.
7. Егер Төрелік панель өзінің түпкілікті баяндамасында жауапкер Тараптың шарасы осы Келісімге сәйкес келмейді деп айқындаса, ол панель анықтаған фактілер мен сәйкессіздікті жою туралы ұсынымы бар қаулыны қамтуға тиіс.
8. Дау Тараптары, егер дау Тараптарының бірде-біреуі қарсылық білдірмесе, Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын алған күннен бастап он бес (15) күн ішінде оны құпия ақпарат қорғалады деген шартпен жұртшылыққа қолжетімді етуге тиіс. Бұл жағдайда түпкілікті баяндама дау Тараптарына баяндама ұсынылған кезден бастап жеті (7) күннен кейін осы Келісімнің барлық Тараптарына да ұсынылуға тиіс.
9. Панельдің шешімдері мен баяндамаларын Тараптар сөзсіз мойындауға тиіс. Төрелік панельдің қаулысы шағымдануға жатпайды. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты қандай да бір құқықтар немесе міндеттемелер жасамайды.
13-бап Нақтылауға сұрау салу
1. Түпкілікті баяндаманы алған кезден бастап он (10) күн ішінде дау Тарапы түпкілікті баяндамада келтірілген, Тарап екіұшты деп есептейтін кез келген қорытындыларды немесе ұсынымдарды нақтылауға жазбаша сұрау салуды Төрелік панельге жіберуге құқылы. Төрелік панель осындай сұрау салуды алған кезден бастап он (10) күн ішінде сұрау салуға жауап беруге тиіс.
2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салуды жіберу Төрелік панельдің өзге шешімі болмаса, осы Қосымшаның 14-бабында және 17-бабында аталған мерзімдерге ықпал етпеуге тиіс.
14-бап Қаулыны орындау
1. Дау Тараптары негізсіз кішіктірусіз Төрелік панельдің қаулысын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
2. Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын алған кезден бастап отыз (30) күн ішінде жауапкер Тарап талапкер Тарапты төмендегілер туралы:
a) осы Баптың 1-тармағында белгіленген міндеттемелерді сақтау мақсатында өзі қабылдауға ниет білдіріп отырған шаралар туралы; және
b) Төрелік панельдің түпкілікті қаулысын сақтау үшін қажетті мерзім туралы хабардар етуге тиіс.
Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс.
15-бап Ақылға қонымды уақыт кезеңі
1. Төрелік панельдің қаулысын дереу сақтау мүмкін болмаған жағдайда, дау Тараптары Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын орындау үшін ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығын келісу үшін күш-жігер жұмсауға тиіс.
2. Дау Тараптары осы Қосымшаның 14-бабының 2(b) тармағына сәйкес ақылға қонымды уақыт кезеңі бойынша уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, кез келген дау Тарапы бастапқыда құрылған Төрелік панельден қаулыны сақтаудың ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығын айқындауды жазбаша түрде сұратуға құқылы. Мұндай сұрау салу бір мезгілде екінші дау Тарапының назарына жеткізілуге тиіс, ал Бірлескен комитетке оның жіберілгені туралы хабарлануға тиіс. Төрелік панель ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығын және осындай айқындау үшін негіздерді айқындауды қамтитын өз шешімін дау Тараптарына тиісті сұрау салуды алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде беруге тиіс.
3. Егер Төрелік панель осы Баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде ақылға қонымды уақыт кезеңінің ұзақтығын айқындай алмайды деген қорытындыға келсе, ол дау Тараптарына мұндай шешім қабылдау үшін қажетті болжамды мерзіммен бірге кешіктіру себептері туралы жазбаша түрде хабарлауға тиіс. Кез келген кешіктіру, егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, отыз (30) күннен аспауға тиіс.
4. Дау Тараптары кез келген уақыт кезеңінде Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын орындау бойынша екі тарапты да қанағаттандыратын шешімді іздестіруді жалғастыра алады.
5. Жауапкер Тарап осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін сақтамауды жою және Төрелік панельдің қаулысын сақтау үшін қабылданған кез келген шаралар туралы ақылға қонымды уақыт кезеңі аяқталғанға дейін кемінде отыз (30) күн бүрын талапкер Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс.
6. Дау Тараптары ақылға қонымды уақыт кезеңін ұзартуды келісуі мүмкін.
16-бап Сақтауды шолу
1. Дау Тараптары арасында Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын сақтау үшін қабылданатын кез келген шараның сәйкестігіне қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мүмкіндігінше дереу немесе осы Қосымшаның 15-бабына сәйкес айқындалған ақылға қонымды уақыт кезеңінде талапкер Тарап бастапқыда құрылған Төрелік панельден осы мәселе бойынша шешімді жазбаша түрде сүратуға қүқылы.
2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салу Төрелік панельге төменде көрсетілген күндердің неғұрлым ертерегі басталғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін:
a) осы Қосымшаның 15-бабына сәйкес айқындалған ақылға қонымды уақыт кезеңінің аяқталған күні; немесе
b) жауапкер Тараптың осы Қосымшаның 14-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттемені сақтау үшін жауапкер Тарап қабылдаған шаралардың сипаттамасын қамтитын, оның осындай міндеттемені сақтауы туралы хабарламаны талапкер Тарапқа жіберген күні.
Сұрау салу даудың нысанасы болып табылатын нақты шараны айқындауға және мұндай шара осы Келісімде көзделген ережелерді қалайша бұзатынын шағымның құқықтық негізін жеткілікті түрде дәл көрсетуге мүмкіндік беретін тәртіппен түсіндіруге тиіс.
3. Төрелік панель:
a) жауапкер Тарап қабылдаған кез келген имплементациялық әрекеттің нақты аспектілерін; және
b) осы Қосымшаның 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкер Тараптың міндеттемені сақтауын объективті бағалауды қоса алғанда, өзінің қарауына үсынылған мәселеге объективті бағалау жүргізуге тиіс.
4. Төрелік панель өз шешімін дау Тараптарына осы Баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салуды алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде ұсынуға тиіс. Баяндама Төрелік панельдің шешімін және осындай шешім үшін негіздерді қамтуға тиіс.
5. Егер Төрелік панель баяндаманы осы Баптың 4-тармағында белгіленген мерзімде ұсына алмайды деген қорытындыға келсе, ол дау Тараптарына мұндай баяндаманы ұсыну үшін қажетті болжамды мерзіммен бірге кешіктіру себептері туралы жазбаша түрде хабарлауға тиіс. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса, кез келген кешіктіру отыз (30) күннен аспайды.
6. Бастапқыда құрылған Төрелік панельдің құрамындағы төрешілердің кез келгені қолжетімсіз болған жағдайда осы Қосымшаның 8-бабында сипатталған рәсімдер қолданылады.
17-бап Сақтамау жағдайындағы уақытша шаралар
1. Егер жауапкер Тарап Төрелік панельдің қаулысын сақтамаса, мүмкіндігінше дереу немесе осы Қосымшаның 15-бабына сәйкес айқындалатын ақылға қонымды уақыт кезеңінде немесе:
a) осы Қосымшаның 14-бабында көрсетілген мерзімде немесе ақылға қонымды уақыт кезеңі өткен күнге дейін сақтау мақсатында кез келген шараны қабылдау туралы хабарлама жібермесе;
b) талапкер Тарапты Төрелік панельдің қаулысын сақтауды жоспарламайтынын хабардар етсе; және/немесе
c) егер бастапқыда құрылған Төрелік панель жауапкер Тарап осы Қосымшаның 14-бабына сәйкес Төрелік панельдің қаулысын орындамаған деген қорытындыға келсе, жауапкер Тарап талапкер Тараптың сұрау салуы бойынша өзара қолайлы уақытша өтемақыны келісу мақсатында консультациялар бастауга тиіс. Мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда сұрау салуды алған кезден бастап жиырма (20) күн ішінде талапкер Тарап жауапкер Тарапты жазбаша хабардар еткеннен кейін жауапкер Тараптың мүддесінде осы Келісімге сәйкес берілетін басқаға берулердің немесе өзге де жеңілдіктердің қолданылуын, бірақ Төрелік панель осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған баламалы шамада ғана тоқтата тұруға құқылы. Мұндай хабарлама осындай тоқтата тұру күшіне енген күнге дейін кемінде отыз (30) күн бұрын жіберіледі. Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс.
2. Басқаға берулердің қайсысын тоқтата тұруды таңдаған кезде талапкер Тарапқа бірінші кезекте осы Келісімге сәйкес ұсынылатын басқаға берулердің немесе өзге де міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұруды Төрелік панель осы Келісімге сәйкес келмейді деп таныған шара ықпал ететін сол секторда немесе секторларда қарастырған жөн. Егер талапкер Тарап осы Келісімге сәйкес ұсынылатын басқаға берулердің немесе өзге де міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұру көрсетілген секторда немесе секторларда іс жүзінде жүзеге асырылмайды немесе тиімсіз деп пайымдайтын болса, ол осы Келісімге сәйкес ұсынылатын басқаға берулердің немесе өзге де міндеттемелердің қолданылуын басқа секторларда тоқтата тұруға құқылы.
3. Мұндай хабарламаны алған кезден бастап он бес (15) күн ішінде жауапкер Тарап бастапқыда құрылған Төрелік панельден осы Келісімге сәйкес ұсынылатын, талапкер Тарап тоқтата тұруға ниет еткен басқаға берулердің немесе өзге де жеңілдіктердің осы Келісімге сәйкес келмейді деп танылған шамаға бірдей екендігі туралы және болжалды тоқтата тұрудың осы Баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкестігі туралы шешім қабылдауды сұратуға құқылы. Төрелік панельдің қаулысы тиісті сұрау салуды алған кезден бастап отыз (30) күн ішінде ұсынылуға тиіс және оны Тараптар сөзсіз мойындайды. Төрелік панель өз қаулысын ұсынғанға дейін жеңілдіктер тоқтата тұруға жатпайды.
4. Осы Келісімге сәйкес ұсынылатын басқаға берулердің өзге де міндеттемелердің қолданылуын тоқтата тұру уақытша негізде қолданылады және оны талапкер Тарап:
a) Төрелік панельдің түпкілікті баяндамасын сақтау мақсатында қабылданған және осы Келісімге енгізілген ережелерге сәйкес келмейді деп танылған кез келген шара жауапкер Тараптың осындай ережелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін кері қайтарылғанға немесе өзгертілгенге дейін;
b) Төрелік панель қаулыны іске асыру жөніндегі шара осы Келісімнің шешімі мен ережелеріне сәйкес келеді деген қорытындыға келгенге дейін; немесе
c) Тараптар дауды өзге тәртіппен реттегенге немесе өзара қолайлы шешімге келгенге дейін ғана пайдаланады.
5. Дау Тарапының сұрау салуы бойынша бастапқыда құрылған Төрелік панель осы Келісімге сәйкес ұсынылатын басқаға берулердің немесе өзге де міндеттемелердің қолданылуы тоқтатыла тұрғаннан кейін қабылданған іске асыру жөніндегі кез келген шаралардың өзінің түпкілікті баяндамасына сәйкес келетіндігі туралы және осындай қаулылар тұрғысынан аясында жеңілдіктерді қолдануды тоқтата тұрудың күшін жою немесе өзгерту қажеттігі туралы шешім қабылдауға тиіс. Төрелік панельдің қаулылары көрсетілген сұрау салуды алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде қабылданады.
18-бап Жалпы ережелер
Осы Қосымшаға сәйкес жіберілетін барлық хабарламалар, сұрау салулар мен жауаптар жазбаша түрде жасалады.
19-бап Өзара қолайлы шешім
1. Дау Тараптары осы Қосымшаның 3-бабында көзделген кез келген дау бойынша кез келген уақыт кезеңінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алады.
2. Егер дауды Төрелік панельдің қарауы барысында немесе медиаңия рәсімі шеңберінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізілген болса, дау Тараптары мұндай шешімді тиісінше Төрелік панель Төрағасының немесе делдалдың назарына бірлесіп жеткізуге міндеттенеді, ал Бірлескен комитетке мұндай хабардар ету туралы хабарлануға тиіс. Мұндай хабарлама жіберілгеннен кейін Төрелік алқа таратылып, медиация рәсімі тоқтатылады.
3. Әрбір Тарап келісілген мерзімде өзара қолайлы шешімді іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдауға тиіс.
4. Шешімді іске асыратын Тарап келісілген мерзім өткеннен кешіктірмей екінші Тарапты өзара қолайлы шешімді іске асыру үшін өзі қабылдаған кез келген шара туралы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
20-бап Мерзімдер
Осы Қосымшада белгіленген барлық мерзімдер, кері жағдайлар туралы нұсқаулар болмаса, іс-әрекет жасалғаннан немесе өздерді қатысы бар факт орын апғаннан кейінгі (хабарлау, хабарлама, хабар немесе ұсыныс алынған) күннен бастап күнтізбелік күнмен есептеледі. Егер осындай мерзімнің соңғы күні адресат Тарап мемлекетінде ресми мереке күніне немесе жұмыс істемейтін күнге тура келсе, мерзім осындай күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне дейін ұзартылады. Кез келген мерзім ішінде болатын ресми мереке немесе жұмыс істемейтін күндер осындай мерзімнің есебіне енгізіледі.
Осы Қосымшада белгіленген кез келген мерзім дау Тараптарының өзара уағдаластығы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Төрелік панель кез келген уақыт кезеңінде Тараптарға осындай ұсыныс үшін негіздерді көрсете отырып, осы Қосымшада аталған мерзімді өзгертуді ұсынуға құқылы.
21-бап Сыйақылар мен шығыстар
1. Егер дау Тараптары өзгеше уағдаласпаса:
a) әрбір дау Тарапы өзі тағайындаған төрешінің барлық шығыстарын, Төрелік панель немесе медиация рәсімдеріне қатысудан туындайтын өз шығыстары мен сот шығыстарын өзіне жүктейді; бұл ретте
b) Төрелік панель Төрағасының, делдалдың шығыстары және Төрелік панельде талқылаулар жүргізуге байланысты өзге де шығыстар дау Тараптары арасында тең үлеспен бөлінеді.
2. Дау Тарапының сұрау салуы бойынша Төрелік панель істің нақты мән-жайларын ескере отырып, осы Баптың 1-тармағының b) тармақшасында аталған шығыстарды бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.
22-бап Тілі
1. Осы Қосымша бойынша барлық талқылаулар ағылшын тілінде өтеді және жасалады.
2. Осы Қосымша бойынша талқылаулар шеңберінде пайдалану мақсатында ұсынылған кез келген құжат ағылшын тілінде жасалады. Егер кез келген құжаттың түпнұсқасы ағылшын тілінен өзгеше тілде жасалса, онда осындай құжатты ұсынатын дау Тарапы мұндай құжаттың ағылшын тіліне аудармасын ұсынуға тиіс.
Осы арқылы бұл мәтін Мәскеу қаласында 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Премьер-министрі С.Н. Румас;
Қазақстан Республикасы Үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.У. Мамин;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Премьер-министрі М.Д. Әбілғазиев;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведев;
Еуразиялық экономикалық одақ үшін - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С. Саркисян;
Сербия Республикасы үшін - Сербия Республикасының Премьер-Министрі А. Бранбич.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің Директоры |
В.И. Тараскин |
Осымен Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімінің қазақ тіліндегі мәтіні ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
Сауда және интеграция министрі | Б.Сұлтанов |