Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 20 наурыздағы № 20-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 72-құжаттар; № 16, 77-құжат; № 24-II, 116-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнының 27-бабының тақырыбындағы "және Нұр-Сұлтан қаласы сотының" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 27-бапта:

      тақырыптағы "және Нұр-Сұлтан қаласы сотының" деген сөздер алып тасталсын;

      бірінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "1-1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.

      1-2. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығына жататын істерден басқа, инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты мемлекеттік органдардың инвесторларға талап қоюларын:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;

      3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.";

      3) 35-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 240-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.";

      5) 402-бапта:

      бірінші абзацтағы "азаматтық істер жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің 27-бабы 1-2-бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын Нұр-Сұлтан қаласының соты қарайды.";

      6) 415-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;

      7) 434-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.".

      2. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 66-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат):

      1) 24-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "102-бап. Әкімшілік істердің соттылығы

      1. Әкімшілік сот ісін жүргізуді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар жүзеге асырады.

      Республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыс орталықтары шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жеріндегі сот қарауы мүмкін.

      2. Жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.

      3. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 27-бабының 1-2-бөлігінде аталған инвесторлардың әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың әкімшілік актілеріне, әкімшілік әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау жөніндегі талап қоюларын қарайды.";

      3) 168-бапта:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Кодекстің 102-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған әкімшілік істер бойынша шығарылған сот актілеріне апелляциялық шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын Нұр-Сұлтан қаласының соты қарайды.";

      оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың кассациялық мерзімі өткен соң күшіне енеді.";

      4) 169-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот актілеріне кассациялық шағымдарды, өтінішхаттар мен наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қарайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2021 жылғы 16 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2021 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1-баптың 8-тармағының 4), 5), 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 26-баптағы "27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабында" деген сөздер "27-бабының 1-2-бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 27-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, әскери соттар азаматтық істерді қарайды.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;";

      "11) 149-баптың 1-1-бөлігіндегі "27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында" деген сөздер "27-бабының 1-2-бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 164-баптың 1-1-бөлігіндегі "27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында" деген сөздер "27-бабының 1-2-бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;".

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады