2021 жылғы 30 сәуірде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.
Заң Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алтыншы сайланған Парламенттің төртінші сессиясының 2018 жылғы 1 қыркүйектегі ашылуында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және елдің қабылданған стратегиялық құжаттарына сәйкес туристік саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған.
Атап айтқанда, түзетулер Бюджет, Кәсіпкерлік кодекстеріне, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы", "Автомобиль жолдары туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Халықтың көші-қоны туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңдарға енгізіледі.
Заңға енгізілген түзетулермен туристификациялау картасының республикалық деңгейдегі объектілерінің тізбесіне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ болып табылатын басым туристік аумақ ұғымы енгізілді.
Туристік қызмет субъектілерінің негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларын, олардың туристік қызметтерді көрсетуге және туристік өнімдерді қалыптастыруға қатысуын анықтау.
Гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.
Шетелдік туристен туристік алым ұсынатын "Bed tax" жүйесі енгізілді, сондай-ақ шетелдіктерге арналған туристік жарна операторлары сияқты субъектілер енгізіледі.
Ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның функцияларын бекіту.
Ұлттық компанияның мәртебесін, қызметінің бағыттары мен өкілеттіктерін заңнамалық деңгейде белгілеу орынды болып табылады және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Шығу туризмінде туристерді қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау (шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін енгізу, кепілдік беру сомаларын жинау және қайтару тәртібін регламенттеу және т.б.).
Туризм саласындағы реттеушілік саясатты жетілдіру:
1) жануарлардың өсімін молайту және мал шаруашылығын дамыту мақсатында жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнама шеңберінде рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру;
2) бармай профилактикалық бақылауды регламенттеу жөніндегі шараларды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекітетін болады.
Уәкілетті органға туристификация картасын, басым туристік аумақтарды қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін бекіту, салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасында туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу және туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекіту, шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша және тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру.
Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органға және жергілікті уәкілетті органдарға туристік қызмет, жол бойындағы сервис объектілерін салу, сондай-ақ туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне автокөлік құралдарын сатып алу кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге байланысты қосымша құзыреттер беру.
Бұдан басқа, туроператорларды туристік пакет құрамында әкелінген әрбір шетелдік турист үшін, Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау көзделген.
Туроператорлық қызметке Лицензия екі кіші түрге бөлінеді: шығу туризмі саласында, келу және ішкі туризм саласында.
Жалпы, Заңның қабылдануы оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі.