2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 14 маусымдағы № 50-VII ҚРЗ.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда Ереванда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (2)

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын eceпке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 5 қосымша):

      мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі "төлеуші" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтың үшінші - алтыншы абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Аванстық төлемдер, кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленген және уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қоспағанда) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін.

      Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу бажы ретінде келіп түскен, бірақ нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары бойынша сәйкестендірілмеген ақшалай қаражат (ақша) сомалары осы Хаттама мақсаттары үшін кедендік әкелу баждары ретінде қарастырылады.

      Егер кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты аванстық төлемдерді кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне есепке жатқызу аванстық төлемдерді енгізген адамның тапсырмасы негізінде жүзеге асырылса, мұндай төлемдерді уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке жатқызу мүше мемлекеттің кеден органы тауарларды шығарған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер тауарларды шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген жағдайда, мүше мемлекеттің кеден органы декларантқа электрондық құжатты жіберген не қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларацияда және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтерді - қамтитын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгі қойылған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 8-қосымшаға қосымша) сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепке жатқызылуы мүмкін.

      Кедендік әкелу баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Хаттама ережелері ескеріле отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық одактың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомалары кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне жатқызудан (бұдан әрі - берешекті төлеу есебіне жатқызу) басқа өзге төлемдерді төлеу есебіне жатқызылмайды.";

      40-тармақта:

      2) тармақша "төлеу шотына" деген сөздер "төлеу есебіне аванстық төлемдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) есепті күні кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне есепке жатқызылған уәкілетті орган атқарган кедендік әкету баждарының, салықтардың және алымдардың, сондай-ақ өзге де төлемдердің сомалары;";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат мынадай дереккөздерден қалыптастырылады:

      1) мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған тауарларға арналған декларациялардан (оның ішінде тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдаланған жағдайда), кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының есептемелерінен алынган мәліметтер және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес халықаралық тасымалдаудың уақытша әкетілген көлік құралдарына қатысты Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде жасауға рұқсат етілмейтін операциялар жасау туралы өтініш, оның ішінде осындай кедендік құжаттар мәліметтерін өзгертетін (толықтыратын) мәліметтер;

      2) мүше мемлекеттердің кеден органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған жеке шоттардан, тізілімдерден, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бюджеттері кірісіне іс жүзінде төленген және аударылған, Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес есепке жазу әдісі бойынша кедендік әкелу баждарының есебін жүргізудің бірыңғай қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтер қамтылған құжаттардан алынған мәліметтер.

      47. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты ақпарат жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуі туралы мәліметтерді қамтымайды.";

      48-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кедендік әкелу баждарының қайтарылған сомалары;";

      мынадай мазмұндағы 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған аванстық төлемдер сомалары;

      52) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған кедендік әкету баждарының, салықтардың және алымдардың, сондай-ақ өзге де төлемдердің сомалары;";

      49-тармақта:

      бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      екінші абзац "ақпараттың" деген сөзден кейін "құрамы," деген сөзбен толықтырылсын;

      51-тармақтағы "регламенттері бекітілгенге" деген сөздер "регламенттерін қолдану басталған күнге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 8 қосымша):

      мәтін бойынша "төлеушіге" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақтың он екінші абзацы алып тасталсын;

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және болу туралы ережеде (көрсетілген Хаттамаға қосымша):

      мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі "төлеуші" деген сөз алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне аванстық төлемдер, кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленген және уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (кедендік әкелу баждарын қоспағанда) есепке жатқызылуы мүмкін.

      Уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары ретінде келіп түскен және нақты тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы бойынша сәйкестендірілмеген ақшалай қаражат (ақша) сомалары осы Ереженің мақсаттары үшін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары ретінде қаралады.

      Егер кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты аванстық төлемдерді кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне есепке жатқызу аванстық төлемдерді енгізген адамның тапсырмасы негізінде жүзеге асырылса, мұндай төлемдерді уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке жатқызу мүше мемлекеттің кеден органы тауарларды шығарған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер тауарларды шығару тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін жүргізілген жағдайда, мүше мемлекеттің кеден органы декларантқа электрондық құжатты жіберген не қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларацияда және (немесе) тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәліметтерді қамтитын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгі қойылған күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленуге жататын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға (Шартқа № 5 қосымша) сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша берешекті өтеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомасы есепке жатқызылуы мүмкін.";

      8-тармақтың күші жойылды деп танылсын;

      9-тармақтың 1) тармақшасы "берешектің" деген сөздің алдынан "кедендік төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша" деген сөздермен, "жатқызулардың" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу)" деген сөздермен толықтырылсын;

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының, сондай-ақ алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамада (Шартқа № 8 қосымша) айқындалған жағдайларда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Ереже ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес қайтаруға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары берешекті өтеу есебіне есепке жатқызудан басқа, өзге төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылмайды.".

2-бап

      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 1-і күнінен бастап күшіне енеді.

      2019 жылғы "1" қазанда Ереван қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Республикасы үшін

      Осы арқылы бұл мәтіннің 2019 жылғы 1 қазанда Ереван қаласында:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер- министрі Н. В. Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А. Г. Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С. Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путин қол қойған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (2) толық және тең түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.

      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясының
      Құқық департаментінің директоры В. И. Тараскин

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (2) қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады