2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 82-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық Экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шартқа № 3 қосымшаның 64-тармағын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша болып табылатын Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-бөлім мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын:
"1.4. Армения Республикасының аумағында.
1.4.1. Армения Республикасының электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - Армения ЭЭЖ-і) бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемін МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы) өтінім негізінде айқындайды.
1.4.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөлініп және Армения Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау және беру нүктелері белгілене отырып көрсетіледі.
1.4.3. Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы өтінімді қарау кезінде осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын Армения ЭЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасын басшылыққа алады. Тұтастай жыл бойынша немесе жылдың қандай да бір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы Армения ЭЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасынан асып кеткен кезде Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы өтінім берген ұйымға уәжді бас тартуды жібереді.
1.4.4. Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторымен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемдері электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.
1.4.5. Армения ЭЭЖ-і бойынша электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін қалыптастырғаннан кейін жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 қазанына дейін екіжақты мемлекетаралық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізу көлемдері айқындалады және көтерме сауда нарығының субъектілерімен келісіледі.
1.4.6. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемдері жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін МАБ-ты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға уәкілетті субъектілердің ұсынысы бойынша түзетілуі мүмкін.".
2. 2-бөлімде:
а) 2.2.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2.2.2. Жоспарлау (мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жоспарланған көлемдерінің іске асырылуын есептеу) Ресей БЭЖ-і мен Қазақстан БЭЖ-і арасында, Ресей БЭЖ-і мен Беларусьтің Біріккен энергетикалық жүйесі (Беларусь БЭЖ-і) арасында, сондай-ақ Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-і (үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелері арқылы) арасында қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикалық жүйелердің есептік моделін (бұдан әрі - есептік модель) пайдалана отырып жүргізіледі.";
б) 2.2.3-тармақша "Беларусь БЭЖ-дің" деген сөздерден кейін "Армения ЭЭЖ-інің баламалары және Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-і арасында электр энергиясын (қуатын) беру жүзеге асырылатын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 2.2.6-тармақша "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-і арасында электр энергиясын (қуатын) беру жүзеге асырылатын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелерінің жүйелік операторларымен келісу бойынша Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;
г) 2.3.1 - 2.3.3, 2.4.1, 2.4.3, 2.4.5, 2.5.1, 2.6.1 - 2.6.3, 2.6.5 - 2.6.7-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септікте ", Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;
д) 2.4.2-тармақшада:
бірінші сөйлемдегі "Ресей БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздер "БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторы есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ-і электр желілік жабдығын жөндеу графиктерін қалыптастырады және жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ-і электр желілік жабдығын жөндеу графиктері жоспарлау үйлестірушісімен келісілуге жатпайды.";
е) 2.4.4-тармақшада:
"болжамды мәні" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-і арасында электр энергиясын (қуатын) берудің болжамды көлемі" деген сөздермен толықтырылсын;
"нәтижесі" деген сөз "нәтижелері" деген сөзбен ауыстырылсын;
ж) 2.6.2-тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым жоспарлау үйлестірушісіне шарттардың барлық түрлері бойынша Ресей БЭЖ-і, Беларусь БЭЖ-і, Қазақстан БЭЖ-і және Армения ЭЭЖ-і арасында электр энергиясын жеткізу, оның ішінде мүше мемлекеттердің арасындағы МАБ көлемдері сағаттық графиктерінің Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйыммен, Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторымен және Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторымен келісілген жиынтық мәндерін ұсынады.".
3.3-бөлім мынадай мазмұндағы 3.4-тармақпен толықтырылсын:
"3.4. Армения Республикасының аумағында.
3.4.1. Армения Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру Армения ЭЭЖ-і мен Ресей БЭЖ-і арасында электр энергиясын (қуатын) беру жүзеге асырылатын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелері мен Армения ЭЭЖ-інің арасында электр байланысы жұмысының режимдерін ұйымдастыру және басқару бөлігінде Армения ЭЭЖ-і жүйелік операторына мынадай функцияларды орындай отырып жүктеледі:
- Армения ЭЭЖ-ін қысқа мерзімді жоспарлау және диспетчерлік басқару;
- Армения ЭЭЖ-ін жедел басқару;
- электр энергиясын беру желісін дамытуды жоспарлау;
- Армения ЭЭЖ-нің өңірлік электр энергетикалық жүйелермен қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ лицензия шарттарында және нарық қағидаларында көзделген, эксклюзивті болып табылмайтын басқа да функцияларды жүзеге асыру;
- Армения ЭЭЖ-і мен үшінші мемлекеттердің энергия жүйелері арасындағы электр байланысы жұмысының режимдерін ұйымдастыру және басқару бойынша үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерінің, жүйелік операторларымен өзара іс-қимыл жасау.
3.4.2. Армения Республикасының аумағында МАБ-ты жүзеге асыру Армения Республикасының аумағы бойынша электр энергиясын (қуатын) беруді жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға (бұдан әрі - Арменияның желілік операторы) Армения ЭЭЖ-і бойынша электр энергиясын беру және электр энергиясын (қуатын) үшінші елдерге транзиттеу жөніндегі қызметтерді көрсету функцияларын орындай отырып жүктеледі.
3.4.3. Армения Республикасының аумағында МАБ-ты бақылау және есепке алу нарық операторының қызметтерін көрсететін уәкілетті ұйымға мынадай функцияларды орындай отырып жүктеледі:
- Арменияның электр энергетикасы ішкі көтерме сауда нарығының қызметін ұйымдастыру;
- Арменияның электр энергетикасы ішкі көтерме сауда нарығына қатысушыларды есепке алу;
- Арменияның электр энергетикасы ішкі көтерме сауда нарығына қатысушылар арасында жасалған келісімшарттарды және электр энергиясының импортын немесе экспортын көздейтін келісімшарттарды есепке алу;
- Арменияның электр энергетикасы ішкі көтерме сауда нарығында жасалған шарттарға, сондай-ақ электр энергиясының импортын немесе экспортын көздейтін келісімшарттарға сәйкес сатып алынған және сатылған электр энергиясын (қуатын) есепке алу;
- Армения электр энергетикасы ішкі көтерме сауда нарығына қатысушылар мен көрсетілетін қызмет жеткізушілерге құжаттарды дайындау және ұсыну;
- лицензия шарттарында және нарық қағидаларында көзделген, эксклюзивті болып табылмайтын басқа да функцияларды жүзеге асыру.".
4.4-бөлім мынадай мазмұндағы 4.4-тармақпен толықтырылсын:
"4.4. Армения Республикасының аумағында.
4.4.1. Армения Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары вольтты электр желілері бойынша электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті Армения Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекітеді және ол мынадай формула бойынша есептеледі:
ҚК
Т = ____________ (драм/кВт.сағ),
Wжиынт
мұнда:
Т - жоғары вольтты электр желілері арқылы электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф (қосылған құн салығынсыз), (драм / кВт.сағ);
ҚК - жоғары вольты электр желілері арқылы электр энергиясын беруді жүзеге асыратын Армения Республикасы желілік операторының қажетті жылдық кірісі, ол Армения Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады және жоғары вольтты электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қажетті және негізделген шығындарды, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жоғары вольтты электр желілерін күтіп-ұстайтын ұйымның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайданы қамтиды (драм);
Wжиынт - Арменияның ішкі көтерме электр энергетикалық нарығының тұтынушылары үшін де, экспорт үшін де жоғары вольтты электр желілері арқылы электр энергиясын берудің шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген жиынтық жылдық көлемі (кВт.сағ).
4.4.2 Жоғары вольтты электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қосылған құн салығы Армения Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.".
5.5-бөлім мынадай мазмұндағы 5.4-тармақпен толықтырылсын:
"5.4. Армения Республикасының аумағында.
Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Армения Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.".
6. 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес МАБ-ты шарттық ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Беларусь Республикасының аумағында.
Мүше мемлекеттер арасындағы Беларусь Республикасының электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ осы Әдіснаманың 1-бөліміне және 2-бөлімінің 2.4 - 2.6-тармақтарына және Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен МАБ-қа арналған шарттарға сәйкес МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемі келісілген жағдайда жүзеге асырылады.
Әрбір шарт бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
6.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
Қазақстан Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік нысан бойынша жасалатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
6.3. Ресей Федерациясының аумағында.
6.3.1. Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
6.3.1.1. Табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және Ресей БЭЖ-і шекарасында (шекараларында) әртүрлі жеткізу нүктелерінде МАБ-ты жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемін өзара байланысты және бір мезгілде жеткізу мақсатында коммерциялық агенттің Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының, немесе Армения Республикасының уәкілетті ұйымымен шарттары.
Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ құны m айында осындай шарттарда мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
- Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес төленетін БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметтерінің құны;
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес төленетін жүйелік оператордың көрсетілетін қызметтерінің құны;
МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты көрсетілетін қызметтердің m айындағы құны;
мұнда:
- электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығында айналымға жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме сауда нарығын ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператордың көрсетілетін қызметтерінің m айындағы құны;
- көтерме сауда нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта айқындалатын талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді көрсетілетін қызметтердің m айындағы кұны;
- коммерциялық агент жасасатын шарттарда екіжақты тәртіппен айқындалатын коммерциялық агенттің шығындары.
Армения Руспубликасына (Армения Республикасынан) электр энергиясын жеткізу мақсатында МАБ-ты Ресей Федерациясының аумағы бойынша жүзеге асырған жағдайда, көрсетілген шамаға Ресей Федерациясы коммерциялық инфрақұрылымы ұйымдарының есептік құжаттарымен расталған, осындай жағдайларда МАБ-тың нақты көлемін анықтау ерекшеліктерімен байланысты Ресей Федерациясының көтерме нарығында коммерциялық агент шеккен шығындарды өтеуде енгізіледі.
6.3.1.2. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру (өткізу) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің ұйымдары арасындағы электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер).
6.3.1.3. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын және мүше мемлекеттермен келісілген тәртіпке сәйкес айқындалатын, мемлекетаралық қималар бойынша нақты сальдо ағындардың жоспардағыдан ауытқу шамаларын өтеу мақсатында жасалатын Ресей Федерациясының уәкілетті ұйымдары (осы Әдіснаманың 3-бөліміне сәйкес) мен шектес мүше мемлекеттердің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.
6.3.2. Армения Республикасына (Армения Республикасынан) электр энергиясын жеткізу мақсатында Ресей Федерациясының аумағы арқылы МАБ:
- тиісті уәкілетті ұйымдар арасында Ресейдің БЭЖ-і мен үшінші мемлекеттің энергия жүйесінің қатарлас жұмысын қамтамасыз етуге;
- Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының сағаттық нақты көлемдері туралы коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды ұйымдастыруға;
- Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізілген электр энергиясы ағындарының нақты сальдосын және Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің мемлекеттік шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын және осындай мемлекеттермен келісілген тәртіпке сәйкес айқындалатын электр энергиясы ағындары нақты сальдосының жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын анықтауға;
- МАБ көлемін қоса алғанда, Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында жасалған шарттар бойынша Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізілген электр энергиясының көлемін бөлуге;
- Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің мемлекеттік шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын және осындай мемлекеттермен келісілген тәртіпке сәйкес айқындалатын нақты сальдо ағындардың жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу мақсатында Ресей Федерациясы мен үшінші мемлекеттің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты мәселелер реттелген кезде жүзеге асырылады.
6.4 Армения Республикасының аумағында.
МАБ Армения Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін үлгілік нысан бойынша жасалатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда электр энергиясын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелері арқылы берумен байланысты осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
6.5 МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Армения Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы электр энергиясын (қуатын) үшінші мемлекеттердің аумақтары арқылы беру қажеттілігімен байланысты мәселелерді МАБ-ты жүзеге асыруға мүдделі мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшінші мемлекеттердің тиісті шаруашылық субъектілерімен бірлесіп екіжақты негізде реттейді.".
7. 9-бөлімде:
а) екінші абзацта "Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", Армения БЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын";
б) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- МАБ-ты Ресей Федерациясының аумағы бойынша жүзеге асыру кезінде МАБ көлемінің сағаттық шамалары тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге тең болып қабылданады. Егер МАБ-ты Армения Республикасына (Армения Республикасынан) электр энергиясын жеткізу мақсатында Ресей Федерациясының аумағы бойынша жүзеге асыру кезінде осы Әдіснаманың 2.3.1-тармағында айқындалған басымдықты ескере отырып, Ресей Федерациясының үшінші мемлекетпен мемлекеттік шекаралары арқылы және үшінші мемлекеттің Армения Республикасымен мемлекеттік шекаралары арқылы өткізілген электр энергиясы ағындарының нақты сальдосы жоспарлы мәннен аз болса, онда коммерциялық агенттің мүше мемлекеттердің мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен шарттары бойынша МАБ-тың нақты сағаттық көлемі, сондай-ақ үшінші мемлекеттің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектісімен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер керсетуге арналған шарт бойынша электр энергиясын берудің нақты сағаттық көлемі Ресей Федерациясының үшінші мемлекетпен мемлекеттік шекаралары және үшінші мемлекеттің Армения Республикасымен мемлекеттік шекаралары арқылы өткізілген электр энергиясы ағындары нақты сальдосының тиісті мәндерінен ең төменгі мәнге тең болып қабылданады.";
в) оныншы абзацта "Ауытқуларды" деген сөз "МАБ-ты Ресей Федерациясының аумағы бойынша жүзеге асыру кезінде, Армения Республикасына (Армения Республикасынан) электр энергиясын (қуатын) беру талап етілмейтін жағдайда, ауытқуларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасына (Армения Республикасынан) электр энергиясын жеткізу мақсатында МАБ-ты Ресей Федерациясының аумағы бойынша жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының үшінші мемлекетпен мемлекеттік шекараларындағы жеткізу нүктелеріндегі ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясының (қуатының) сандық және бағалық параметрлері Ресей Федерациясы коммерциялық инфрақұрылымы ұйымдарының есептік құжаттарымен, ал үшінші мемлекеттің Армения Республикасымен мемлекеттік шекараларында - Армения Республикасының аумағында нарық операторының көрсетілетін қызметтерін ұсынатын уәкілетті ұйымның есептік құжаттарымен расталады.".
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
---|
Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш. Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин қол қойған өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқаны мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі |
Қ. Рахимов |