Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 23 қазандағы № 70-VII ҚРЗ.

      2014 жылғы 30 мамырда Ашғабатта жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

Алланың атымен

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін (қазақ, ағылшын, парсы, және түрікмен тілдерінде) 2014 жылғы отызыншы мамырда Ашхабадта жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы Хаттаманың көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын. Аталған Хаттаманың түпнұсқасы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылған. Бұл құжат тігілген және мөрмен бекітілген 108 беттен тұрады.

      Иран Ислам Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқықтық мәселелер
жөніндегі бас директоры 2021 жылғы 25 мамыр
      Бехзад Сабери Ансари

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯҒА БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА

Кіріспе

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын,

      Каспий маңындағы мемлекеттер:

      Әзербайжан Республикасы,

      Иран Ислам Республикасы,

      Қазақстан Республикасы,

      Ресей Федерациясы,

      Түрікменстан,

      бұдан әрі Конвенция деп аталатын, 2003 жылғы 4 қарашада Тегеранда жасалған Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның Уағдаласушы Тараптары бола отырып,

      14-бабының 2-тармағында биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдау мақсатында Хаттамаларды әзірлеуде ынтымақтастық көзделетін Конвенцияны орындауға бекем бел буа отырып,

      1992 жылғы 5 маусымдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясының Уағдаласушы Тараптары бола отырып,

      Каспий теңізінің бірегей экожүйе болып табылатынын және қорғауды, сақтауды және қалпына келтіруді талап ететін маңызды ұлттық, өңірлік және жаһандық маңызы бар тіршілік ортасы мен түрлердің коп санына ие екеніи, сондай-ақ биологиялық ресурстардың орнықты және ұтымды пайдаланылуып қамтамасыз ету қажеттігін түсіне отырып,

      биологиялық әртүрлілікке қатер төндіретін антропогендік қызметтің саналуан түрлерінің нәтижесінде Каепий теңізінің теңіз ортасына түсегін ауыртпалықты назарға ала отырып,

      биологиялық әртүрлілікті сақтау және мүмкіндігінше, Каспий теңізі жағалау маңындағы және теңіз аудандарындағы табиғи және мәдени мұраның жай-күйін жақсарту, атап айтқанда қорғалатын аудандарды дамыту жолымен жақсарту, сондай-ақ қатер төніп тұрған түрлерді ұлттық және өңірлік деңгейлерде қорғау және сақтау маңыздылығын атап көрсете отырып.

      бөтен текті түрлердің проблемасын және оларды бақылау әрі ондай түрлердің кездейсоқ Каспий теңізіне ауысып келуін және антропогепдік қызмет нәтижесінде одан ауысып кетуін болғызбау жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттігін алаңдаушылықпен атап көрсете отырып,

      Каспий теңізінің жағалау маңының және теңіз экожүйелерінің өміршеңдігі мен тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қажетті шараларды қабылдау керектігін тани отырып,

      төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:

I БӨЛІК. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1-бап. Терминдерді пайдалану

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін мына терминдер төмендегілерді білдіреді:

      (a) "Биологиялық әртүрлілік" басқалармен қатар өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және өзге де су экожүйелері мен экологиялық кешендерді қоса алғанда, барлық кездерден тірі организмдердің өзгермелілігін білдіреді; бұл ұғым түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілікті және экожүйелердің әртүрлілігін қамтиды;

      (b) "Биологиялық ресурстар" генетикалық рееурстарды, организмдерді немесе олардың бір бөліктерін, популяцияларын немесе адамзат үшін нақты немесе әлеуетті пайдасы немесе құндылығы бар экожүйелердің кез келген басқа биотикалық құрамдас бөліктерін қамтиды;

      (c) "Биотехнология" өнімдерді немесе процесстерді нақты пайдалану мақсатында оларды жасау немесе өзгерту үшін биологиялық жүйелерді, тірі организмдерді немесе олардың туындыларын пайдалануға байланысты технологияның кез келген түрін білдіреді;

      (d) "Құзыретті орган" анықтамасы Конвенцияның 1-бабында келтірілген не "Ұлттық органды" не Ұлттық орган тағайындаған және осы Хаттамада көзделген міндеттемелерді орындауға жауапты Уағдаласушы Тарап үкіметіндегі органды (органдарды) білдіреді;

      (е) "Генетикалық ресурстардың шыққан елі" Каспий маңындағы барлық мемлекеттер иеленуші болып табылатын биологиялық ресурстардың келісілген трансшекаралық түрлерін қоспағанда, іn-sіtu жағдайында осы генетикалық ресурстарға ие елді білдіреді;

      (f) "Генетикалық ресурстарды беретін ел" жабайы түрлердің де, қолға үйретілген түрлердің де популяцияларын қоса алғанда, іn-sіtu көздерінен жиналған не осы елден шыкқан-шықпағанына қарамастан, ех-sіtu көздерінен алынғандарды генетикалық ресурстарды беретін елді білдіреді;

      (g) "Қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлер" адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында эволюция процесіне әсер ететін түрлерді білдіреді;

      (һ) "Экожүйе" бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара іс-қимыл жасайтын өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің, сондай-ақ оларды қоршаған ортаның қарқынды кешенін білдіреді;

      (і) "Эндемикалық түрлер" белгілі бір географиялық өңірде гана кездесетін кез келген түрді білдіреді;

      (j) "ех-sіtu сақтау" биологиялық әртүрліліктің құрамдас бөліктерін олардың табиғи мекендейтін орындарынан тыс сақтауды білдіреді;

      (k) "Генетикалық материал" тұқым қуалаушылықтың функциоиалдық бірліктерін қамтитын өсімдіктен, жануардан, микробтан алынған немесе өзгелерден алынған кез келген материалды білдіреді;

      (l) "Генетикалық өзгертілген түрлер" генетикалық материалы гендік технологияны қолдану арқылы өзгертілген кез келген түрді білдіреді;

      (m) "Генетикалық ресурстар" нақты немесе әлеуетті құндылық болып табылатын генетикалық материалды білдіреді;

      (n) "Мекендейтін жер" сол немесе өзге организмнің немесе популяцияның мекендейтін жергілікті жердің типін немесе табиғи мекендейтін жерін білдіреді;

      (o) "ех-sіtu сақтау" экожүйелер мен табиғи мекендейтін жерлерді сақтауды, сондай-ақ түрлердің тіршілікке қабілетті популяцияларын олардың табиғи ортасында, ал қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлерге қатысты - олар өздерінің ерекшелік белгілеріне ие болған ортада ұстауды және қалпына келтіруді білдіреді;

      (р) "Бөтен текті түрлер" (экзотикалық немесе енгізілген түрлер ретінде де белгілі) адам қызметі салдарының әдейі немесе кездейсоқ таратылуы нәтижесінде пайда болған, өздерінің тарихи белгілі табиғи ареалының шегінен тыс жердегі кез келген түрді білдіреді;

      (q) "Инвазивті түрлер" - пайда болуы мен таралуы экожүйеге немесс биологиялық ресурстарға экономикалық немесе экологиялық залал келтіруі мүмкін не адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін бөтен текті түрлерді (түрлер-жаратылыстарды) білдіреді;

      (r) "Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы" Конвенцияның 22-бабында көрсетілген органды білдіреді;

      (s) "Каспий теңізінің қорғалатын аудандарының (КТҚА) тізімі" Каспий теңізінің теңіз ортасы үшін маңызды мәнге ие қорғалатын аудандардың тізімін білдіреді;

      (t) "Қорғалатын аудан" нақты табиғат қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін бөлінетін, реттелетін және пайдаланылатын географиялық жағынан белгіленген аумақты білдіреді;

      (u) "Хатшылық" Конвенцияның 23-бабында көрсетілген органды білдіреді;

      (v) "Орнықты пайдалану" бнологиялық әртүрліліктің құрамдас бөліктерін ұзақ мерзімдік перспективада биологиялық әртүрліліктің сарқылуына әкеп соқпайтындай жолмен және қарқынмен пайдалануды, сол арқылы оның қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін сақтауды және олардың арман-мақсатына сай келуді білдіреді;

      (w) "Технология" басқалармен қатар биотехнологияны қоса алғанда, практикалық және/немесе өнеркәсіптік қолдануға болатын кез келген немесе барлық қолданбалы ғылымдар практикасын, сипаттамасын және терминологиясын білдіреді;

      (x) "Жойылып кету қаупі төнген түрлер" тірі қалуына антропогендік қызмет немесе басқа да факторлар салдарынан елеулі қауіп төніп тұрған кез келген таксонды білдіреді;

      (у) "Жерсіндіру" сырттан қандай да бір түрді Каспий теңізінің экожүйесіне әдейі немесе кездейсоқ ауыстыруды білдіреді;

      (z) "Қолданылатын халықаралық шарттар" Уағдаласушы Тараптар катысушылары болып табылатын осы Хаттаманың мәнін қозғайтын халықаралық заңды құралдарды білдіреді.

2-бап. Мақсаты

      Осы Хаттаманың мақсаты - Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесінің өміршеңдігін және тұтастығын қорғау, сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ биологиялық ресурстарды орнықты пайдалануды камтамасыз ету және осы тұрғыда:

      (a) жойылып кету қатері төнген түрлердің және осал экожүйелердің ұзақ мерзімдік өміршеңдігі мен әртүрлілігін қамтамасыз ету үшін оларды сақтау;

      (b) сақтық шараларын қолдану қағидаттарына сәйкес түрлердің, мекендейтін жерлер мен экожүйелердің нашарлауын, деградациялануын және оларға залал келтіруді болғызбау;

      (c) түрлердің кең ауқымы, ерекше мекендейтін жерлер, экологиялық жүйелер мен табиғи, сондай-ақ онымен байланысты мәдени мұра неғұрлым толық қамтылған аудандарды қорғау және сақтау болып табылады.

3-бап. Қолданылу аясы

      Конвенцияның 3 және 15-баптарына сәйкес осы Хаттама теңіз деңгейінің ауытқуы мен жерүсті көздерінен ластануы назарға алына отырып, Каспий теңізінің теңіз ортасына, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес және өзге де тәсілмен айқындалған халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқапты қоса алғанда, теңіздің жақындығы әсер ететін құрлыққа қолданылады.

4-бап. Хаттаманың орындалуы

      Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің аумағында және өзінің юрисдикциясымен осы Хаттаманың ережелерін орындауды үйлестіретін құзыретті органды айқындайды.

5-бап. Жалпы міндеттемелер

      Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың ережелерін орындау кезіңде аталған Хаттаманың 9-бабының 1-тармағын, 11-бабының 2-тармағын және 30-бабын назарға ала отырып, өздерінің ұлттық заңнамасын басшылыққа алады. Уағдаласушы Тараптар осы тұрғыда:

      (a) Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтіру үшін қажетті шараларды дербес немесе бірлесе отырып қабылдайды;

      (b) Каспий теңізінің табиғат ресурстарын Каспий теңізінің теңіз ортасына және биологиялық ресурстарына залал келмейтіндей етіп пайдаланады;

      (c) жойылып кету қатері төнген түрлерге ерекше назар аудара отырып, биологиялық әртүрлілікті қорғайды, сақтайды және калпына келтіреді;

      (d) бірегей, неғұрлым осал болып табылатын немесе өңір үшін маңызды мәні бар аудандарды қоршаған ортаға залал келтірмейтін және орнықты әдістерді қолдана отырып, ең алдымен қорғалатын аудандарды құру арқылы қорғайды, сақтайды және қалпына келтіреді;

      (е) ұлттық және қажет болған кезде, өңірлік стратегияларды, іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларды қабылдайды және биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды, олардың мекендейтін жерлерін қоса алғанда, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі тиісті заңнаманы әзірлейді және қолданады;

      (f) Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігіне байланысты мониторинг жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      (g) биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалану мақсатында биологиялық әртүрлілік пен мекендейтін жерлерінің тізілімдерін анықтанды және жасайды;

      (һ) салалық стратегиялардың және іс-қимыл жоспарларының биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалану қағидаттарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

      (і) биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалану және бнологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттігін назарға ала отырып, теңіздің жақындығы әсер ететін құрлықты кешенді ұлттық басқаруды жүзеге асырады;

      (j) мекендейтін жерлер мен түрлерге айтарлықтай теріс әсерін тигізетін немесе тигізуін мүмкін ластаушы көздерді және кез келген қызметті бақылайды;

      (k) биологиялық әртүрлілікті сақтау және жойылып кету қатері төнген түрлер мен экожүйелерді басқару саласында бір-бірімен және құзыретті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

II БӨЛІК. ТҮРЛЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ САҚТАУ

6-бап. Түрлерді қорғау және сақтау шаралары

      Уағдаласушы Тараптар түрлерді қорғау және сақтау мақсатында:

      (a) Жойылып кету қатері төнген флора мен фауна түрлерінің жан-жақты тізілімдерін жасайды және бұл түрлерге осы Хаттамаға I қосымша санаттарының негізінде қорғалатындар мәртебесін береді, соның негізінде тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа, Уағдаласушы Тараптар талқылап және талдау жүргізгеннен кейін, Уағдаласушы Тараптар Конференциясында қабылдануы үшін Каспий Қызыл Кітабы әзірленетін болады;

      (b) Қорғалатын түрлер мен олардың мекендейтін жерлеріне теріс әсерін тигізетін қызметті реттейді және осы түрлерді сақтау саласында қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін басқа да шаралар қабылдайды;

      (c) Флора мен фаунаның қорғалатын түрлерін, олардың бөліктерін, сондай-ақ дернваттарды коммерциялық мақсатта әдейі және кездейсоқ аулауды, иеленуді немесе өлтіруді немесе союды, тасымалдауды және пайдалануды мүмкіндігінше бақылайды және қажет болуына қарай оларға тыйым салуды енгізеді;

      (d) Фаунаның, әсіресе көбею, инкубация, ұйықтау немесе миграция кезеңінде, сондай-ақ басқа да биологиялық сгрестік кезеңде бұзылуына әкеп соғатын қызметті бақылайды және қажет болған кезде оған тыйым салуды енгізеді;

      (е) Флораның қорғалатын түрлеріне, олардың беліктеріне және олардың өнімдеріне қатысты, коммерциялық мақсатта жұлуды, жинауды, кесуді, қопаруды, иеленуді, сауда жасауды, тасымалдауды және демонстрациялауды қоса алғанда, жоюдың және араласудың кез келген нысанын реттейді;

      (f) Миграцияланатын түрлерді қорғау және қалпына келтіру бойынша ынтымақтасады;

      (g) Осы Хаттамаға 1 қосымшаға енгізілген жойылып кету қатері төнген түрлердің жай-күйіне, сондай-ақ популяция қарқынының келісілген жалпы өлшемшарттарына сәйкес олардың тіршілік етуіне қатер төндіретін әсердің сипаты мен ауқымына ұзақ мерзімдік мониторингті жүзеге асырады;

      (һ) Осы Хаттамаға 1 қосымшаға енгізіліен жойылып кету қатері төнген түрлердің популяциясын сақтау үшін қабылданатын шаралар туралы ақпарат алмасады және келісілген жалпы өлшемшарттар негізінде осындай шаралардың тиімділігін бағалауды жүргізеді;

      (і) Осы Хаттамаға 1 қосымшада санамаланған түрлерді іп-зііи және ех-зііи сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық және қажет бол кезде өңірлік жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

      (j) Осы Хаттамаға 1 қосымшада санамаланған жойылып кету қатері төнген түрлерді қорғауды, сақтауды және қажет болған кезде қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтасады;

      (k) Қажет болған кезде және ұлттық заңнамаға сәйкес, осы Хаттамаға 1 қосымшада санамаланған түрлерді қорғау үшін көзделген тыйым салудан босатуды - ғылыми мақсаттарда және молықтыру мақсаттарында және мұндай босату зерттелетін түрлердің немесе кез келген басқа да түрдің популяциясының тіршілік етуіне қатер төндірмеуі шартымен, адам денсаулығына қатер төндірген жағдайда береді.

7-бап. Бөтен текті түрлер

      Уағдаласушы Тараптар:

      (a) бөтен текті түрлерді жерсіндіруді реттейді және экожүйеге, мекендейтін жерлеріне немесе түрлерге қолайсыз әсер етуі мүмкін болатын түрлерге тыйым салуды енгізеді және залал келтіретін немесе іселтіруі мүмкін енгізілген түрлерді реттейді;

      (b) Каспий теңізіне енгізілген барлық бөтен текті түрлердің жай-күйін зерделейді, олардан болатын тәуекелдерді талдайды және инвазивті түрлер ретінде айқындалған түрлерге қатысты өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады.

8-бап. Генетикалық түрлендірілген түрлер

      Уағдаласушы Тараптар генетикалық түрлендірілген түрлерді жерсіндіруді реттейді және олардың адам денсаулығына, экожүйеге, мекендейтін жерлеріне және түрлеріне зиянды әсер етуі мүмкін түрлеріне тыйым салуды енгізеді, залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін енгізіліп қойған түрлерді реттейді. Кез келген осындай жерсіндіру Уағдаласушы тараптар Конференциясының шешімі бойынша, Уағдаласушы Тараптар алдын ала талқылау мен талдау жүргізген жағдайда жүзеге асырылады.

III БӨЛІК. ҚОРҒАЛАТЫН АУДАНДАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ САҚТАУ

9-бап. Қорғалатын аудан мәртебесін беру

      1. ех-sіtu сақтау мақсатында және ешбір басқа Уағдаласушы Тарап арсылық білдірмейтініне көз жеткізіп, әр Уағдаласушы Тарап осы Хаттамаға қосымшада санамаланған өлшемшарттарға сәйкес, осы Хаттаманың мақсаты нін теңіз ортасындағы және теңіздін жақындығы әсер ететін құрлықтағы қорғалатын аудандарды бөліп көрсетуі мүмкін. Қорғалатын аудандардың осындауі мәртебесі:

      a) ұзақ мерзімдік өміршеңдігін қамтамасыз ету және олардың биологиялық әртүрлілігін сақтап тұру үшін жеткілікті мөлшердегі жағалау маңындағы және теңіз экожүйелерінің өңірге тән типтерін;

      b) өзінің табиғи таралуында және осы Хаттаманы қолдану аясында, табиғи таралуы регрессия салдарынан немесе өздеріне тән шектеулі таралу себебі бойынша қысқарғандарын қоса алғанда, жойылып кету қатері төнген мекендейтін жерлерді;

      c) флора мен фаунаның қауіп төніп тұрған немесе эндемикалық түрлерінің тіршілік етуі, көбеюі және оларды қалпына келтіру үшін өмірлік маңызды мекендейтін жерлерді;

      d) ғылыми, эстетикалық, мәдени немесе білім беру маңыздылығына қарай, ерекше маңызға ие объектілерді қорғау мақсатында берілуі мүмкін.

      2. Егер екі немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптар бірлесіп қорғалатын аудан мәртебесін беруге бірге ниеттенсе, осы Тараптардың Құзыретті органдары қажетті шаралар туралы келісімге қол жеткізу мақсатында ынтымақтастыққа қадам жасайды.

      3. Жағалау маңындағы да, теңіздегі де аудандарды қамтитын, қорғалатын аудан мәртебесі берілген кезде, Уағдаласушы Тарап қорғалатын аудандарды тұтас басқарудың үйлестірілуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Уағдаласушы Тарап басшылыққа алынатын қағидаттар меи осы Хаттамаға II қосымшада баяндалған жалпы өлшемшарттарға сәйкес басқару жоспарлар әзірлейді және қолданады.

10-бап. Қорғалатын аудандар және оларды басқару

      1. Қолданылатын халықаралық шарттарға және ұлттық заңнамаға сәйкес Уағдаласушы Тарап қажетті табиғат қорғау шараларын, онын ішінде:

      (a) қорғалатын аудан экожүйесінің тұтастығына тікелей немесе жанама зиян келтіруі мүмкін қалдықтарды және басқа да заттарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салуды енгізу;

      (b) кемелердің өтуі мен рейдке немесе зәкірге кез келген қоюды реттеу;

      (c) осы қорғалатын ауданға тән емес түрлерді қоса алғанда, осы ауданға кез келген түрдің жерсіндірілуін, сондай-ақ осы қорғалатын ауданда бар немесе олған түрлердің қайта жерсіндірілуін реттеу;

      (d) қорғалатын аудан шегіндегі қүрылыс немесе іздестіру жұмыстарына байланысты кез келген қызметті реттеу;

      (е) кез келген ғылымн-зерттеу қызметін реттеу;

      (f) балық аулауды, аңшылықты, жануарларды аулауды, өсімдіктерді жинауды немесе оларды жоюды, сондай-ақ жануарларды және жануарлардың бөліктерін, өсімдіктерді және өсімдіктер бөліктерін саудалауды реттеу;

      (б) түрлерге зиян кслтіруі немесе оларға әсер етуі мүмкін немесе экожүйенің сақталуына қатер төндіруі мүмкін не қорғалатын ауданның табиғи немесе екпе өсімдіктері ерекшеліктеріне зиян келтіруі мүмкін кез келген басқа қызмет пен әрекеттерді реттеу бойынша;

      (һ) маңызды экологиялық және биологиялық жүйелерді қорғауға бағытталған кез келген басқа да шараларды қабылдайды.

      2. Қолданылатын халықаралық шарттарға және ұлттық заңнамаға сәйкес Уағдаласушы Тарап:

      (a) құқықтық және ұйымдастырушылық шеңберлерді, сондай-ақ басқару мен қорғау жөнінде қолданылатын шараларды айқындайтын басқару жоспарын әзірлеуді және қабылдауды;

      (b) экологиялық жүйелерді, мекендейтін жерлерді, популяция қарқынын, сондай-ақ антропогендік қызмет әсерін мониторингтеуді;

      (c) жергілікті қоғамдастықтар мен халықтың кең тобын, қажет болған кезде, басқару жоспарын әзірлеуге және қорғалатын ауданды кейіннен басқаруға және қорғалатын ауданды құру әсер етуі мүмкін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге белсенді түрде тартуды;

      (d) жергілікті қоғамдастықтарды, халықтың кең тобын және ұйымдарды даярлауды және оқытуды;

      (е) басқарушыларды және білікті техникалық персоналды даярлауды қамтитын, қорғалатын аудандарды жоспарлау, басқару, бақылау және мониторингтеу жөніндегі шараларды қабылдайды.

      3. Уағдаласушы Тараптар төтенше ден қоюдың ұлттық жоспарларында қорғалатын аудандарға залал келтіруі мүмкін немесе олар үшін қауіп төндіретін оқыс оқиғаларға ден қою жөніндегі іс-шаралардың қамтылуын қамтамасыз етеді.

11-бап. Мәртебе беру рәсімдері және Каспий теңізінің қорғалатын аудандарының тізімін жасау

      1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңізінің қорғалатын аудандарының тізімін (КТҚА тізімі) жасайды.

      2. КТҚА бір немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптардың теңіз және/немесс жағалау маңындағы аудандарында бөлінуі мүмкін. Теңіз аудандарында КТҚА-ның географиялық координаттары барлық Уағдаласушы Тараптар үшін күшіне енгенінен кейін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция ережелеріне сәйкес айқындалатын болады.

      3. КТҚА тізіміне аудандарды енгізу жөнінде ұсыныстар жасайтын Уағдаласушы Тараптар Комнвенция Хатшылығына ауданның географиялық жағдайы, оның физикалық және экологиялық сипаттамалары, әкімшілік мәртебесі, басқару жоспары мен іске асыру құралдары туралы ақпаратты қамтитын алдын ала баяндамалы, сондай-ақ оның маңыздылығын негіздейтін өтінішті ұсынады. Егер ұсыныс екі немесе одан да көп Уағдаласушы Тараптың теңіздегі ауданына немесе жағалау маңындағы ауданға қатысты болса, мүдделі Уағдаласушы Тараптар қорғау және сақтау жөнінде ұсынылатын шаралардың келісілуін қамтамасыз ету және оларды жүзеге асыру мақсатында бірлескен консультациялар өткізеді.

      4. Хатшылық ұсыныстың жалпы басшылыққа алынатын қағидаттар мен осы Хаттамағга II қосымшада санамаланған өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды және егер бағалау нәтижелері бойынша аудан оларға сәйкес келеді деп есептесе, барлық Уағдаласушы Тараптардың келісімін алғаннан кейін Уағдаласушы Тараптардың Конференциясын хабардар етеді, ол КТҚА тізіміне аудаиды енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайды.

      5. КТҚА тізіміне енгізгеннен кейін Уағдаласушы Тарап немесе Тараптар осы Хаттаманың 10-бабы 2-тармағының (а) тармақшасына сәйкес әзірленген, олардың басқару жөніндегі жоспарларында көрсетілген қорғау және сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Олар КТҚА тізіміне енгізілген қандай да бір қорғалатын ауданды межелеудегі немесе оның әкімшілік мәртебесіндегі барлық өзгерістер туралы Хатшылықты хабардар етеді.

      6. Хатшылық құзыретті ұлттық және халықаралық ұйымдарды Тізімнің мазмұны туралы және КТҚА-да жүзеге асырылған іс-шаралар туралы хабардар етеді.

IV-БӨЛІК. ТҮРЛЕР МЕН ҚОРҒАЛАТЬІН АУДАНДАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

12-бап. Теңіздің жақындығы әсер ететін құрлықты басқару шеңберінде биологиялық әртүрлілікті сақтау

      Конвенцияның 15-бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар биологиялық әртүрлілікті сақтауға арналған тетікті жасау мақсатында теңіздің жақындығы әсер ететін құрлықты басқарудың ұлттық стратегиялары мен жоспарларын әзірлеу және қабылдау жөнінде шаралар қабылдайды. Осы ұлттық стратегиялар мен жоспарларды қолдану жөніндегі талаптар;

      (a) биологиялық әртүрлілікті сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға қатысты ережелердің ұлттық және/немесе өңірлік даму жоспарларына енгізілуін;

      (b) осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес биологиялық ресурстардың көп мақсатта пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кешенді басқару қағидаттарының іске асырылуын;

      (c) теңіз деңгейінің ауытқуына байланысты жағалау маңындағы экожүйелердің табиғи қарқынын есепке алуды көздейді.

13-бап. Биологиялық әртүрлілікті сақтау шеңберінде қоршаған ортаға әсерді бағалау

      Уағдаласушы Тараптар Конвенциямың 17-бабына сәйкес Каспий теңізінің теңіз ортасындағы биологиялық әртүрлілікке теріс әсер етуді болғызбау және барынша азайту құралы ретінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін қолданады.

14-бап. Генетикалық ресурстарға қол жеткізу

      1. Уағдаласушы Тараптардың табиғи ресурстарына егемен құқықтарын тануға байланысты генетикалық ресурстарға қол жеткізуді айқындау құқығы ұлттық үкіметтерге тиесілі және ұлттық заңнамамен реттеледі.

      2. Ұлттық заңнаманы назарға ала отырып, әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптардың экологиялық қауіпсіз пайдалануы мақсатында генетикалық ресурстарға қол жеткізуді жеңілдету үшін жағдай жасауға және осы Хаттаманың мақсаттарына қайшы келетін шектеулер қоймауға ұмтылады.

      3. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Уағдаласушы Тарап ұсынатын генетикалық ресурстарға осындай ресурстар шығарылатын Елдер болып табылатын Уағдаласушы Тараптардың не осы ресурстарды аталған Хаттамаға сәйкес алған Уағдаласушы Тараптардың ұсынғандары ғана жатады.

      4. Ұсынылған жағдайда генетикалық ресурстарға қол жеткізу осы баптың ережелеріне сәйкес өзара келісілген шарттарда қамтамасыз етіледі. Мұндай шарттарға:

      (a) дауларды реттеу;

      (b) пайданы бөлу шарттары;

      (c) үшінші тараптардың, егер оңдайлар болса, кейіннен пайдалану шарттары;

      (d) мән-жайларға қарай ниеттердің өзгеру шарттары енгізілуі мүмкін.

      5. Генетикалық ресурстарға қол жеткізу, егер осындай ресурстарды ұсынатын Уағдаласушы Тарап өзгеше шешпесе, осы Уағдаласушы Тараптың алдын ала негізделген келісімі негізінде реттеледі.

      6. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптар ұсынған генетикалық ресурстарға негізделген ғылыми зерттеуді олардың толық қатысуымен және бұл осындай Уағдаласушы Тараптарда мүмкін болған кезде даярлауға және жүргізуге ұмтылады.

15-бап. Технологияларға қол жеткізу және оны беру

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы баптың ережелеріне сәйкес, басқа Уағдаласушы Тараптарға технологияларға қолжетімділік беруге және/немесе колжетімділікті жеңілдетуге міндеттенеді, олардың биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жататын немесе генетикалық ресурстарды пайдалануды көздейтін және қоршаған ортаға елеулі зиян келтірмейтін технологияларды сақтауға және оларға беруге қатысы болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында айтылған технологияға қол жеткізу және оны басқа Уағдаласушы Тараптарға беру, егер өзара уағдаластыққа қол жеткізілсе, әділ әрі қолайлы жағдайларда, оның ішінде жеңілдікті және неғұрлым қолайлы жағдайларда жүзеге асырылады және/немесе қамтамасыз етіледі.

      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап генетикалық ресурстарды ұсынатын Уағдаласушы Тараптардың осы ресурстарды пайдалану болжанатын технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін және қолданылатын халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес патенттермен және басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған технологияны қоса алғанда, осы технология өзара келісілген шарттарда берілуі үшін тиісінше заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шараларды қабылдайды.

      4. Әрбір Уағдаласушы Тарап үкіметтік мекемелердің де, Уағдаласушы Тараптардың жеке секторының да мүдделеріне орай, осы баптың 1-тармағында аталған технологияларды бірлесіп әзірлеуге және беруге қол жеткізуге жеке сектордың жәрдемдесуі үшін тиісінше заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шараларды қабылдайды.

      5. Уағдаласушы Тараптар патенттер мен өзге де зияткерлік меншік құқықтары аталған Хаттаманың жүзеге асырылуына ықпал ете алатынын тани келе, осы салада ынтымақтастық жасап, бұл құқыктардың ықпал етуін және оның мақсаттарына қайшы келмеуін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнаманы және қолданылатын халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

16-бап. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және көмек

      1. Уағдаласушы Тараптар тиісті ұлттық және халықаралық мекемелер арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жардемдесуге міндеттенеді.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Хаттаманы жүзеге асыру кезінде басқа Уағдаласушы Тараптармен ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Адами және институционалдық әлеуетті дамытуға, ғылыми зерттеулер және мониторингтеу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ стандарттау рәсімдері мен осындай ынтымақтастыққа жәрдемдесудің басшылыққа алынатын қағидаттарына ерекше назар аударылуға тиіс.

      3. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыла отырып, дәстүрлі технологияларды қоса алғанда, технологияларды әзірлеу және пайдалану саласында ынтымақтастық жасайды. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар кадрларды даярлау және сарапшылар алмасу арқылы да ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

      4. Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластыққа қол жеткізген жағдайда, осы Хаттаманың мақсаттарын іске асыруға қажетті бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға және технологияларды әзірлеу жөніндегі бірлескен кәсіпорындарды ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

17-бап. Ақпарат алмасу

      Уағдаласушы Тараптар:

      (a) биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалануға қатысты барлық жалпыға қолжетімді көздерден ақпарат алмасуға жәрдемдесу үшін тиісті шараларды қабылдайды. Мұндай ақпарат алмасу техникалық, ғылыми және әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ кадрларды даярлау және дәстүрлі білім туралы ақпаратты қамтиды;

      (b) жинақталған тәжірибені және орын алған проблемаларды қоса алғанда, қорғалатын аудамдар мен жойылып кету қатері төнген түрлердің сипаттамаларына катысты ақпарат алмасады;

      (с) қорғалатын аудандардың экожүйесіне немесе жойылып кету қатері төнген түрлердің тіршілік етуіне қатер төндіруі мүмкін кез келген жағдай туралы бұл әсер етуі мүмкін басқа Уағдаласушы Тараптарды және Хатшылықты мүмкіндігінше жедел құлақтандырады.

18-бап. Экологиялық ағартушылық және жұртшлықтың хабардар болуын арттыру

      Уғдаласушы Тараптар:

      (a) жойылып кету қатері төнген түрлердің жай-күйін және қорғалатын аудандар мәртебесін беруді, олардың сипаттамаларын, мәнін және қолданылатын нормаларды тиісінше жария етеді;

      (b) жұртшылыққа қорғалатын аудандар мен жойылып кету қатері төнген түрлердің маңыздылығы және осалдығы туралы, сондай-ақ табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру барысында алынған ғылыми білімдер туралы хабар беру жөнінде шаралар қабылдайды. Мұндай ақпаратты жұртшылықты оқыту және хабар беру бағдарламаларына енгізу қажет;

      (c) қорғалатын аудандар мен жойылып кету қатері төген түрлерді қорғауға қажетті іс-шараларға жұртшылықтың және табиғат қорғау ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды;

      (d) мән-жайларға қарай, биологиялық әртүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды орнықты әрі ұтымды пайдалану санасында білім беру бағдарламаларын және жұртшылыққа хабар беру бағдарламаларын әзірлеуде басқа Уағдаласушы Тараптармен және құзыретті ұлттық және салықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

19-бап. Уағдаласушы Тараптардың баяндамалары

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап Хатшылыққа осы Хаттаманың ережелерін орындау туралы, атап айтқанда:

      (a) жойылып кету қатері төнген түрлерді, сондай-ақ бөтен текті түрлерді қоса алғанда, биологиялық әртүрлілік;

      (b) мекендейтін жері;

      (c) КТҚА тізіміне енгізілген қорғалатын аудандар және олардың мәртебесінің өзгеруі;

      (d) қоршаған орта саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру және жұртшылыққа хабар беру жай-күйі туралы баяндаманы ұсынады.

      2. Баяндаманың форматы және ақпаратты ұсыну рәсімі Уағдаласушы Тараптардың Конференциясымен келісіледі.

V БӨЛІК. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЬІҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЬІҚ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Ұйымдастырушылық ережелер

      1. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 22-бабының 10-тармағына сәйкес, басқалармен қатар, Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы:

      (a) осы Хаттаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      (b) Хатшылық жұмысын қадағалауды жүзеге асырады және оның қызметіне басшылық жасайды;

      (c) осы Хаттамаға шолуды жүзегс асырады;

      (d) осы Хаттаманың 24-бабына сәйкес осы Хаттамаға немесе оның қосымшаларына кез келген түзетулерді, сондай-ақ оған қосымша берілген қосымшаларды қарайды және қабылдайды;

      (е) осы Хаттамаға байланысты мәселелер бойынша Хатшылық ұсынатын есептерді қарайды;

      (f) қорғалатын аудандарды және жойылып кету қатері төнген түрлерді қорғау жөніндегі шаралардың пәрменділігін бағалауды жүргізеді, сондай-ақ басқа да, әсіресе осы Хаттамаға немесе оған Қосымшаларға түзетулер нысанындағы шараларды қабылдау қажеттігін зерделейді;

      (g) осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес тиісті өңірлік бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарлары мен шараларды қабылдайды және қажет болған кезде Қайта қарайды;

      (һ) Тараптардың осы Хаттаманың 19-бабына сәйкес баяндамаларды ұсыну рәсімдерін әзірлейді және осы Хаттаманың 17-бабына сәйкес ақпарат алмасуға жәрдемдеседі;

      (і) осы Хаттаманың 9-бабына сәйкес КТҚЛ тізіміне қандай да бір ауданды енгізу туралы шешім қабылдайды;

      (j) осы Хаттаманы орындауға қатысты қаржылық және бюджеттік мәселелер бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды;

      (k) осы Хаттаманы орындауға қажет болуы мүмкін көмекші органдарды немесе ұйымдастырушылық тетіктерді құрады;

      (l) осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізуге қажет болуы мүмкін кез келген қосымша шараларды қарайды және оны жүзеге асырады және

      (m) қажет болған жағдайда, осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін тиісті халықаралық ұйымдарға және ғылыми инстнтуттарға техникалық және қаржылық көрсетілетін қызметтер үшін жүгінеді.

      2. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін және Конвенцияның 23-бабының 4-тармағына сәйкес Хатшылық, басқалармен қатар:

      (a) кез келген Уағдаласушы Тараптың талап етуі бойынша Хаттаманы тиімді орындау мақсатында заңдық, ғылыми-техникалық тұрғыдан жәрдемдеседі және консультациялар береді;

      (b) Уағдаласушы Тараптардың Құзыретті органдарымен осы Хаттаманы қолдану мәселелері бойынша байланысты сақтап тұрады;

      (c) заңдық және ғылыми-техникалық салаларда ынтымақтастыққа жәрдем көрсетеді;

      (d) тиісті халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда, биологиялық әртүрлілік мәселелерін реттейтін шарттардың хатшылықтарымен байланысты және өзара іс-қимылды реттейді және қолдайды;

      (е) осы Хаттаманы қолдану саласында Уағдаласушы Тараптарға тиісті халықаралық, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жасауға жәрдемдеседі;

      (f) КІҚА және жойылып кету қатері төнген түрлер үшін бірыңғай мониторингтік жүйелерді әзірлейді;

      (g) Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін тиімді сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптармен келісу бойынша КТҚА желілерін құруды ұсынады;

      (һ) КТҚА және жойылып кету қатері төнген түрлер бойынша дерекқорды құрады және жаңартады,

      (i) баяндамаларды және жүргізілуі осы Хаттаманы орындау үшін қажет болуы мүмкін техникалық зерттеулер нәтижелерін даярлайды және Уағдаласушы Тараптар Конференциясына ұсынады.

      (j) кадрларды даярлауға қажетті бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      (k) осы Хаттама шеңберінде Уағдаласушы Тараптар Конференциясы қабылдаған іс-қимылдар жоспарларына сәйкес өзіне тапсырылған функцияларды орындайды;

      1) Уағдаласушы Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкін басқа да функцияларды орындайды.

21-бап. Хаттаманы қаржыландыру

      1. Осы Хаттаманың мақсаттарына қол жеткізу үшін Уағдаласушы Тараптар мүмкіндік болған кезде:

      a) тиісті ішкі, екіжақты және көпжақты бағдарламаларды, жобаларды және шараларды әзірлеуді және орындауды қаржылай қамтамасыз етуді қарастырады және жүзеге асырады;

      b) екіжақты және көпжақты көздердің қаржы ресурстарын және гранттар мен несиелерді қоса алғанда, қаржыландыру тетіктерін тартуға жәрдемдеседі;

      c) қорлардың, басқа да елдердің үкіметтік мекемелерімің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектор құрылымдарының қаражатын қоса алғанда, ресурстарды тарту және бөлу үшім инновациялық әдістерді және ынталылықты зерделейді.

      2. Конвенцияңың қаржылық қағидалары, егер Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы басқа шешім қабылдамаса, осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.

VI БӨЛІК. ҚОҒЫТЫНДЫ БАПТАР

22-бап. Дауларды реттеу

      Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге қатысты кез келген дау Конвенцияның 30-бабына сәйкес реттеледі.

23-бап. Хаттаманың қабылдануы және күшіне енуі

      1. Осы Хаттама Тараптар Конференциясының сессиясында Уағдаласушы Тараптардың бірауызды шешімімен қабылданады.

      2. Осы Хаттама 2014 жылғы 30 мамырдан бастап 2015 жылғы 30 мамыр аралығында Тегеран қаласында тек Уағдаласушы Тараптардың қол қоюы үшін ашық.

      3. Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады. Хаттама қол қою үшін жабылатын күнінен бастап кез келген Каспий маңы мемлекетінің қосылуы үшін ашық болады.

      4. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттар Конвенцияның Депозитарийіне сақтауға тапсырылады.

      5. Осы Хаттама барлық Уағдаласушы Тараптар оны ратификациялау, қабылдау, бекіту туралы немесе оған қосылу туралы құжаттарды Конвенцияның Депозитарийіне сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.

24-бап. Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды және оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау

      Уағдаласушы Тараптар осы Хаттамаға түзетулер мен қосымшаларды, сондай-ақ оның қосымшаларына түзетулерді қабылдау туралы ұсыныстар енгізе алады. Мұндай түзетулер мен қосымшаларды Уағдаласушы Тараптар қабылдайды және олар үшін Конвенцияның 24 және 25-баптарына сәйкес күшіне енеді.

25-бап. Өзге де халықаралық шарттармен байланыс

      Осы Хаттамадағы ешнәрсе Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын озге де келісімдер бойынша олардың құқықтары мен мнідеттемелеріне нұқсан келтірмейді.

26-бап. Хаттаманың ұлттық заңнамаға әсері

      Осы Хаттаманың ережелері Тараптардың осы Хаттаманы орындау бойынша неғұрлым қатаң тиісті ұлттық шараларды қабылдау құқығына әсер етпейді.

27-бап. Ескертпелер

      Осы Хаттамаға ешқандай ескертпелерге рұқсат етілмейді.

28-бап. Хаттаманың Депозитарийі

      Конвенция Депозитарийі осы Хаттаманың Депозитарийі болып табылады.

29-бап. Теңтүпнұсқалы мәтіндер

      Осы Хаттаманың әзербайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманы түсіндіру немесе қолдану туралы дау болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.

30-бап. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздерге қатысы

      Осы Хаттаманың ешқандай ережелері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздердің нәтижесін алдын ала айқындаушы ретінде түсіндірілмейді.

      Осыны КУӘЛАНДЬІРУ ҮШІН тиісті түрде осыған уәкілеттік берілген, төменде қол қойғандар осы Хаттамаға қол қойды.

      Ашғабат қаласында екі мың он төртінші жылғы мамыр айының отызы күні жасалды.

1 ҚОСЫМША

Қорғалатын түрлерді айқындау санаттары

      "Жойылып кеткендер" - Ехtinet (ЕХ)

      Соңғы дарағының жойылып біткеніне ешқандай негізді күмән болмаған кезде, таксон "Жойылып кеткен" болып табылады. Қолайлы уақытта (тәулік, маусым, жыл) тарихи ареалы шегінде таксонның белгілі және/немесе болжамды мекендейтін жерлерін мұқият зерттеп-қарау кезінде оның ешқандай дарағы табылмаса, таксон "Жойылып кеткен" болып танылады. Уақыт параметрлері бойынша зерттеп-қарау таксонның өмірлік цикліне және биологиялық нысанына сәйкес болуға тиіс.

      "Жабайы табиғатта жойылын кеткендер" - Extinet in the Wild (ЕW)

      Таксон бұрынғы ареалынан тыс жерде екпе өсімдік түрінде, еріксіз жағдайларда немесе табиғиландырылған популлция (немесе популяциялар) түрінде сақталғаны белгілі болған кезде "Жабайы табиғатта жойылып кеткен" болып табылады. Қолайлы уақытта (тәулік, маусым, жыл) тарихи ареалы шегінде таксонның белгілі және/немесе болжамды мекендейтін жерлерін мұқият зерттеп-қарау кезінде оның ешқандай дарағы табылмаса, таксон "Жабайы табиғатта жойылып кеткен" болып танылады. Уақыт параметрлері бойынша зерттеп-карау таксонның өмірлік цикліие және биологиялық нысанына сәйкес болуға тиіс.

      "Өте қиын жағдайда тұрғандар" - Сritically Еndangered (СR)

      Таксонның "Өте қиын жай-күйде тұрғандар" санаты өлшемшарттарының (А - Е) қандай да бірі бойынша айқындалатыны неғұрлым анық көрінген кезде және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің төтенше жоғары тәуекелі алдында тұрған ретінде қарастырылса, таксон "Өте қиын жағдайда тұрған" болып табылады.

      "Қауіпті жағдайда тұрғандар" - Еndangered (ЕN)

      Таксонның "Қауіпті жағдайда тұрғандар" санаты өлшемшарттарының (А - Е) қандай да бірі бойынша айқындалатыны неғұрлым анық көрінген кезде және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің өте жоғары тәуекелі алдында тұрған ретінде қарастырылса, таксон "Қауіпті жағдайда тұрған" болып табылады.

      "Осалдар" - Vulnerable (VU)

      Таксонның "Осалдар" санаты өлшемшарттарының (А - Е) қандай да бірі бойынша айқындалатыны неғұрлым анық көрінгеті кезде және сондықтан да жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары тәуекелі алдында тұрған ретінде қарастырылса, таксон "Осал" болып табылады.

      "Қатер төндіретінге жақын жағдайда тұрғандар" - Near Тһrеаtеnеd (NT)

      Таксон өлшемшарттар бойынша бағаланған және қазіргі кезде "Өте қиын жағдайда тұрғандар", "Қауіпті жағдайда тұрғандар" немесе "Осал" ретінде , сыныпталмаған болса, бірақ осыған жуық болса немесе таяу арада қатер санаттарының қайсыбіріне жатқызылу ықтималдығы болған кезде таксон "Қатер төндіретіндерге жақын жағдайда тұрған" болып табылады.

      "Ең аз қауіп төндіретіндер" - Least Соnсеrn (LС)

      Таксон өлшемшарттар бойынша бағаланған және "Өте қиын жағдайда тұрғандар", "Қауіпті жағдайда тұрғандар", "Осал" немесе "Қатер төндіретіндерге жақын жағдайда тұрғандар" ретінде сыныпталмаған кезде таксон "Ең аз қауіп төндіретін" болып табылады. Бұл санатқа кең таралған және саны көп таксондар да жатады.

      "Деректердің жетіспеушілігі" - Data Dеfісіent (DD)

      Таксонның санының және/немесе ареалының жағдайы туралы қолда бар ақпарат жойылып кету тәуекелін тікелей немесе жанама бағалау үшіп барабар келмесе, таксон "Деректердің жетіспеушілігі" санатына жатады. Бұл санаттағы таксонды жақсы зерттеуге болады, ал оның биологиясы кеңінен танымал, бірақ бағалауға жарамды оның молшылығы және/немесе таралуы жөніндегі деректер жеткіліксіз. "Деректердің жетіспеушілігі" санаты - жойылып кету қатері бар санат болып табылмайды. Таксонды бұл санатқа қосу - көп ақпарат талап етілетінін көрсетеді және келешектегі зерттеулер оның жойылып кету қатері бар санаттардың біріне жатқызылуын мүмкін ете алатыны танылады. Бұл жерде қолда бар барлық деректерді барынша толық көлемде пайдалану өте маңызды. Көп жағдайларда "Деректердің жетіспеушілігі" санаты мен жойылып кету қатері бар санаттардың арасындағы таңдауды жасау кезінде ерекше мұқияттылық таныту қажет. Егер, мысалы, таксонның ареалы едәуір шектелген болса және таксонның соңғы рет анықталған сәтінен бастап бірталай уақыт кезеңі өтіп кетсе, онда оған қауіп төндіретін жай-күй мәртебесін беру орынды болуы мүмкін деп ұйғарылады.

      "Бағаланбағандар" - Not Evaluated (NE)

      Өлшемшарттар бойынша әлі бағаланбағани кезде таксон "Бағаланбаған" болып саналады.

II ҚОСЫМША

КТҚА тізіміну енгізудің жалпы өлшемшарттары

      А. Ауданды таңдау өлшемшарттары:

      1. КТҚА тізіміне ену үшін кез келген аудан осы Хаттаманың 9-бабымын 1-тармағында көрсетілген тармақшалардын кем дегенде біреуіне сәйкес келуге тиіс. Кейбір жағдайларда сол бір аудан бірнеше тармақшаларға сәйкес келуі мүмкін және мұндай жағдайлар Тізімге ауданды енгізу пайдасына деген дәлелді тек күшейте түседі.

      2. Тізімге енгізілген аудандардың жалпы санына немесе кез келген Тараптың оған енгізуге ұсына алатын аудандар санына қандай да болмасын шектеу қойылмайды. Дегенмен, Тараптар аудандар ғылыми негізде тандалатынына және олардың сапалық сипаттамаларына сәйкес Тізімге енгізілетініне, осыған орай олар Хаттамада санамаланған талаптар мен осы өлшемшарттарды қанағаттандыруы тиіс екеніне келіседі.

      3. Уағдаласушы Тараптар КТҚА тізіміне енгізу үшін ұлттық әкімшілік мәртебенің негіз болатын өлшемшарттарымен қатар объектілерді таңдаудың мынадай өлшемшарттарын басшылыққа алатынын келіседі:

      а) Жалпыәлемдік маңыздылық:

      Объект тиісті биогеографиялық өңірге тән табиғи немесе табиғи деуге болатын экожүйенің үлгісі ретінде ерекше назарға лайық болып табылады; ол өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, осал немесе жойылып кету қатері төнген түрлерінің немесе кіші түрлерінің едәуір үлкен тобының не қандай да болсын бір немесе бірнеше осындай түрлер дарақтарының айтарлықтай санының тыныс-тіршілігін демейді; ол өзінің флорасы мен фаунасының сапасына және айрықша ерекшеліктеріне қарай өңірдің генетикалық және экологиялық әртүрлілігін демеп отыру үшін ерекше құндылыққа ие; ол биологиялық циклінің маңызды сатысындағы өсімдіктер немесе жануарлардың мекендейтін жері ретінде ерекше құндылыққа ие; онда суда жүзетін құстардың 20 мың дарағы тұрақты негізде мекендейді; онда суда жүзетін құстардың бір түрінің немесе кіші түрінің 1% популяциясы тұрақты негізде мекендейді;

      b) Өңірлік құндылық:

      Объектінің өңірлік деңгейде құндылығы болады және Каспий теңізінің өнірі мен оның биологиялық әртүрлілігі үшін барынша тән болып табылады;

      с) Ұлттық мәртебе:

      Объектінің ұлттық қорғалатын аудан әкімшілік мәртебесі, қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген табиғат қорғау шаралары және басқару жоспары болады;

      d) Бірегейлік:

      Оның аумағында бірегей немесе сирек кездесетін экожүйелер және/немесе сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген немесе эндемикалық түрлер орналасқан;

      е) Табиғи маңыздылық:

      Объект экологиялық жүйелер, популяция типтері немесе мекендейтін жерлер немесе өзге табиғи сипаттамалар үшін барынша тән болып табылады;

      g) Биологиялық әртүрлілік:

      Обьектіде түрлер, қоғамдастықтар, мекендейтін жерлер немесе экожүйелер әртүрлілігінің жоғарғы дәрежесі болады;

      b) Басқарылатын антропогендік стресс-факторлар:

      Антропогендік сипаттағы стресс-факторлардың әсері төмен деңгейдегі обьектілерге басымдық беріледі;

      b) Басқарылатын табиғи стресс-факторлар:

      Табиғи стресс-факторлардың деңгейі төмен объектілерге басымдық беріледі;

      i) Бастапқы деректердің қолжетімділігі мен жеткіліктілігі:

      Объекі туралы ақпараттың болмашы ғана жетіспеушілігі болады және анық бастапқы деректердің белгілі бір көлемі болады;

      j) Мәдени маңыздылық:

      Объект жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын табиғатпен интеграцияланған қызметтің экологиялық қауіпсіз дәстүрлі түрлерінің болуына қарай мәдени мұра тұрғысынан өзіндік құндылыққа ие болады;

      k) Ғылыми, білім беру және эстетикалық құндылық:

      Объект ғылыми, білім беру немесе эстетикалық құндылыққа ие және оның ғылыми, білім беру немесе эстетикалық құндылығын кемітуге тікелей қауіп жоқ;

      l) Азаматтық қоғамның қатысуы:

      Қорғалатын ауданды жоспарлау және басқару процесіне халық, әсіресе жергілікті қоғамдастық тартылады және белсене қатысады.

      В. КТҚА тізіміне енгізу өлшемшарттары

      Уағдаласушы Тараптар КТҚА тізіміне енгізуге ұсынылатын аудандарды дамытуды жоспарлау және басқару бойынша мынадай шаралар қабылдауға келіседі:

      a) табиғат қорғау, әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілерді қоса алғанда, қажетті бастапқы деректерді және ақпаратта анықталған олқылықтарды толтыру жоспарын ұсыну;

      b) Табиғат қорғау және басқарушылық іс-шаралар жоспарының шеңберінде нақты айқылдалған кысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік мақсаттарды ұсыну;

      c) құзыретті орган (органдар) және әртүрлі мүдделі тараптардың қатысу нысандары туралы тиісті ақпарат ұсыну;

      d) ҚОӘБ-ны қоса алғанда, түрлердің, қоғамдастықтардың, экожүйелердің немссе мекендейтін жерлердің табиғат қорғау мәртебесіне не КТҚА тізіміне енгізілуі ұсынылып отырған ауданның мәдени және эстетикалық құндылығына қолайсыз әсер етуі мүмкін ластануды болғызбауға, ластанудың барлық көздерінің әсерін бақылауға және төмендетуге арналған шараларды іске асыру;

      е) осы Хаттаманың ережелерін орындау үшін, ең алдымен кез келген түрді жерсіндіруге немесе қайта жерсіндіруге байланысты толық ауқымды ынтымақтасу;

      f) КТҚА тізіміне енгізу үшін ауданның басқару жоспары болуға тиіс. Мұндай басқару жоспарының негізгі қағидалары ауданды Тізімге енгізу кезінде қалыптастырылуы тиіс және олардың қолданылуы осыдан кейін дереу басталуы керек. Басқарудың егжей-тегжейлі жоспары Тізімге енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде ұсынылуға тиіс, Аталған міндеттемелерді орындамау объектінің Тізімнен алып тастауға себеп болуы мүмкін;

      g) әрбір ауданды реттейтін нормативтік актілердің мәтіндерінде КТҚА тізіміне енгізілуге ұсынылып отырған аудандардағы әкімшілік басқаруға және табиғат қорғау шараларының жүзеге асырылуына қатысты өкілеттіліктер мен жауаптылық нақты айқындалуға тиіс;

      һ) КТҚА тізіміне енігізу үшін қорғалатын ауданның жеткілікті өкілеттілігі бар басқарушы органы, сондай-ақ осы қорғалатын ауданды құру мақсатымен қайшы келуі мүмкін қызметті болғызбауға және/немесе бақылауға арналған қаражаттары мен кадрлық ресурстары болуға тиіс;

      і) КТҚА тізіміне енгізу үшіп ауданның мониторингтеу бағдарламасы болуға тиіс. Бағдарламада осы ауданның елеулі параметрлерінің белгілі бір санын анықтау мен оның мониторингі қамтылуға тиіс, олар ауданның жағдайы мен дамуына, сондай-ақ қажеттігіне қарай оларды тиісінше бейімдеу үшін, қолданылатын табиғат қорғау және басқарушылық шаралардың тиімділігіне бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді. КТҚА тізіміне аудан енгізілген күннен бастап оны мониторингтеу туралы есептер үнемі ұсынылады.

      С. Қорғау, жоспарлау және басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру

      1.Қорғау және басқару жөніндегі мақсаттар әрбір объектіге қатысты құжаттарда нақты айқындалуға және КТҚА тізімін қайта қарау барысында қабылданған шаралардың жеткіліктілігін және оларды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау үшін негіз болуға тиіс.

      2. Әрбір ауданға қолданыдатын қорғау, жоспарлау және басқару жөніндегі шаралар қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективада осы объектіні басқару жөніндегі жоспарда айқындалған, оның табиғатын қорғау мен басқару жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті болуға тиіс және атап айтқанда, оған қатер төндіретін факторларды ескеруге тиіс.

      3. Қорғау, жоспарлау және басқару жөніндегі шаралар табиғи орта элементтерінің тиісті мағлұматтарына, сондай-ақ әрбір ауданды сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторларға негізделуге тиіс. КТҚА тізіміне енгізу үшін мақұлданған аудан негізге алынатын мағлұматтар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін деректер мен ақпараттарды жинауға белсенді түрде бастама жсасауға тиіс.

      4 КТҚА жөніндегі табиғат қорғау шараларында әрбір қорғалатын объектінің ерекше сипатына қатысты мынадай негізгі аспектілер:

      a) аудан тұтастығына тікелей немесе жанама залал келтіруі мүмкін қалдықтар мен өзге де материалдардың тасталуын реттейтін нормаларды қатаңдату;

      b) флора мен фаунаның кез келген түрлерін ауданда жерсіндіруді немесе қайта жерсіндіруді реттейтін нормаларды қатаңдату;

      c) түрлердін теңгеріміне зиян келтіруі немесе оның бұзуы не экожүйелердің немесе түрлердің табиғат қорғау мәртебесіне қатер төндіруі не ауданның табиғи, мәдени немесе эстетикалық сипаттамаларына залал келтіруі мүмкін кез келген қызметті немесе әрекеттерді реттеу;

      d) осы ауданды қоршаған аймақтарды реттеу ескерілуге тиіс.

      5. Осы Хаттамаға сәйкес объектінің жай-күйін мониторингтеу және бағалау бойынша тұрақты есептілік ұсынылуға және басқару жоспарына тиісті түзетулер енгізілуге тиісті.

      6. Осы өлшемшарттарға сәйкес келмеу КТҚА тізімінен шығаруғ әкеп соғуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады