Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚРЗ

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты, iзгiлiк қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғым

      Осы Заңның мақсатында әлеуметтік жағынан осал адамдарға:

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын ардагерлер мен басқа да адамдар;

      қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар;

      осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге елу жасқа толған және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жасқа толған және ол жастан асқан ер адамдар;

      осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жүкті әйелдер;

      осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедек баласы (мүгедек балалары), сондай-ақ бала кезінен мүгедек баласы (мүгедек балалары) болған әйелдер;

      осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және кәмелетке толмаған, оның iшiнде асырап алған балаларының жалғыз ата-анасы болып табылатын не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезінде асырауында жасына қарамастан мүгедек баласы (мүгедек балалары), сондай-ақ бала кезінен мүгедек баласы (мүгедек балалары) болған ер адамдар;

      осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылғандар жатады.

      2-бап. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босату

      1. Қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан:

      1) қылмыстық теріс қылықтар және (немесе) онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;

      2) залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдар;

      3) залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады.

      2. Негізгі жазадан теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар босатылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, іс жүргізудегі қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер қылмыстық процесті жүргізетін органның адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, тоқтатуына жатады.

      4. Жасағаны үшін қосымша жазаны міндетті түрде тағайындау көзделетін, соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды сот негізгі жазадан босатады.

      5. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар негізгі жазасын ғана одан әрі өтеуден босатылуға жатады.

      3-бап. Негізгі жазаның мерзімдері немесе мөлшерлерін қысқарту

      1. Осы Заңның 2-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының күші қолданылмайтын, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімі немесе мөлшері екіден бір бөлігіне қысқартылады.

      2. Жазасын өтеп жатқан немесе оны әлі орындамаған әлеуметтік жағынан осал адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері:

      1) ауыр қылмыстар бойынша – екіден бір бөлігіне;

      2) аса ауыр қылмыстар бойынша төрттен бір бөлігіне қысқартылады.

      3. Әлеуметтік жағынан осал адамдарды қоспағанда, жазасын өтеп жатқан немесе оны әлі орындамаған адамдарға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды және өздеріне қойылған талап қою талаптарын толық өтеген жағдайда не олар болмаған кезде негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері:

      1) ауыр қылмыстар бойынша – үштен бір бөлігіне;

      2) аса ауыр қылмыстар бойынша бестен бір бөлігіне қысқартылады.

      4. Осы баптың 3-тармағының күші қолданылмайтын адамдарға негізгі жазасының өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері:

      1) ауыр қылмыстар бойынша – бестен бір бөлігіне;

      2) аса ауыр қылмыстар бойынша алтыдан бір бөлігіне қысқартылады.

      5. Теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады.

      4-бап. Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар

      Осы Заңның күші:

      1) террористік қылмыстар жасаған;

      2) экстремистік қылмыстар не экстремизм белгілері бар қылмыстар жасаған;

      3) азаптаулар жасаған;

      4) қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған;

      5) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған;

      6) қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым құрамында қылмыстар жасаған;

      7) өздеріне қатысты жаза орындалған және жазасын өтеген;

      8) жиынтығында олардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;

      9) үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған;

      10) осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасқөйлікпен бұзушылар деп танылған немесе жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыстар жасаған;

      11) 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1959 жылғы 22 шілдеден кейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыс – қасақана кісі өлтіру (88-бап) үшін сотталған;

      12) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (1997 жылғы 16 шілдеден кейін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтіру (96-бап); жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру (98-баптың екінші бөлігі); абайсызда кiсi өлтiру (101-баптың екінші бөлігі); өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу (102-баптың екінші бөлігі); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-баптың екінші және үшінші бөліктері); азаптау (107-баптың екінші бөлігі); адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (113-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы (116-баптың үшінші бөлігі); заңсыз аборт жасау (117-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-бап), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап); жас балаларды азғындату (124-бап), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшінші бөлігі); адамды саудаға салу (128-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-баптың екінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); жалдамалылық (162-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (162-1-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-бап); мемлекеттік опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық (166-1-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау (167-бап); билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы (168-бап); қарулы бүлік (169-бап); Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-бап); диверсия (171-бап); ұрлық (175-баптың төртінші бөлігінің а) және б) тармақтары); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-баптың үшінші бөлігінің г) тармағы, төртінші бөлігі); алаяқтық (177-баптың үшінші бөлігінің г) тармағы, төртінші бөлігі); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау (177-1-бап); тонау (178-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қарақшылық (179-бап); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (187-баптың үшінші бөлігі); қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (193-баптың үшінші бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігі); мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (226-баптың екінші бөлігі); рейдерлік (226-1-баптың үшінші бөлігі); адамды кепілге алу (234-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-бап); қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-1-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-2-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-3-бап); ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу (235-4-бап); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау (238-бап); әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру (239-бап); теңіз қарақшылығы (240-бап); жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (242-1-баптың төртінші бөлігі); сапасыз құрылыс (245-1-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (246-1-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу (247-баптың екінші және үшінші бөліктері); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (250-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-баптың екінші және үшінші бөліктері); қаруды заңсыз жасау (252-баптың екінші және үшінші бөліктері); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап); бұзақылық (257-баптың үшінші бөлігі); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру (261-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру (264-бап); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (269-1-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-баптың екінші және үшінші бөліктері); жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (273-1-баптың екінші және үшінші бөліктері), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (275-1-баптың екінші бөлігі); балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу (287-бап); заңсыз аңшылық (288-бап); өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер (290-бап); ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (291-бап); ормандарды жою немесе зақымдау (292-бап); темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-баптың бірінші және екінші бөліктері алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдар жасаған жағдайда, үшінші бөлігі); көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу (298-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу (300-баптың үшінші бөлігі); магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (303-баптың үшінші бөлігі); қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-баптың үшінші және төртінші бөліктері); билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-баптың төртінші бөлігі); заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (310-1-баптың үшінші бөлігі); пара алу (311-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); пара беру (312-баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); парақорлыққа делдал болу (313-баптың екінші бөлігі); қызметтік жалғандық жасау (314-баптың үшінші бөлігі); қызметтегі әрекетсіздік (315-баптың төртінші бөлігі); өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (341-баптың төртінші бөлігі); көрiнеу жалған сөз жеткiзу (351-баптың екінші және үшінші бөліктері); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету (356-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-баптың екінші бөлігінің в) тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-баптың екінші және үшінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-баптың екінші және үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері (369-баптың екінші және үшінші бөліктері); бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (370-баптың екінші және үшінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-баптың екінші бөлігі); қашқындық (373-баптың екінші және үшінші бөліктері); дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери қызметтен жалтару (374-баптың үшінші бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (375-баптың екінші бөлігі); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу (377-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (379-баптың үшінші бөлігі); билiктi терiс пайдалану (380-баптың екінші және үшінші бөліктері); билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану (380-1-баптың екінші және үшінші бөліктері); биліктің әрекетсіздігі (380-2-баптың екінші және үшінші бөліктері); қызметке селқос қарау (381-баптың екінші бөлігі); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (390-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (391-баптың үшінші бөлігі) үшін сотталған;

      13) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтіру (99-бап); аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (101-баптың екінші бөлігі); абайсызда қазаға ұшырату (104-баптың екінші бөлігі); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-баптың екінші және үшінші бөліктері); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-баптың екінші және үшінші бөліктері); қинау (110-баптың екінші бөлігі); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-баптың екінші және үшінші бөліктері); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру (118-баптың үшінші бөлігі); қауіпті жағдайда қалдыру (119-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-бап); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (122-бап), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-баптың екінші бөлігі); жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың екінші және үшінші бөліктері); адам саудасы (128-бап); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (134-бап); кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап); баланы ауыстыру (136-баптың екінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету (143-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту (144-бап), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (156-баптың төртінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргізу (160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу немесе жария түрде шақыру (161-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндіру, иемдену немесе өткізу (162-бап); соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (163-бап); соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу (164-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (166-бап); геноцид (168-бап); экоцид (169-бап); жалдамалылық (170-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (172-бап); халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (173-бап); әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру (174-бап); мемлекетке опасыздық жасау (175-бап); тыңшылық (176-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің – Елбасының өмiрiне қолсұғушылық (177-бап); Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық (178-бап); билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (179-бап); қарулы бүлiк (181-бап); диверсия (184-бап); ұрлық (188-баптың үшінші бөлігінің 2) тармағы және төртінші бөлігі); мал ұрлау (188-1-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-баптың үшінші және төртінші бөліктері); алаяқтық (190-баптың үшінші және төртінші бөліктері); тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қарақшылық (192-бап); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-бап); қорқытып алу (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың төртінші бөлігі); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру (203-бап); қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (217-бап); қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (218-баптың үшінші бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231-бап); экономикалық контрабанда (234-баптың үшінші бөлігі); мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248-баптың екінші және үшінші бөліктері); рейдерлік (249-баптың үшінші бөлігі); адамды кепiлге алу (261-бап); ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап); қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап); трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап); қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу (266-бап); заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-баптың бірінші бөлігі); ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап); әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу (270-бап); теңіз қарақшылығы (271-баптың үшінші бөлігі); жаппай тәртiпсiздiк (272-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (274-баптың төртінші бөлігі); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (277-баптың үшінші бөлігі); сапасыз салынған құрылыс (278-баптың үшінші бөлігі); сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу (279-баптың екінші бөлігі); сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтік қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау (280-баптың екінші бөлігі); жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (281-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (282-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу (283-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу (284-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-баптың төртінші бөлігі); қаруды заңсыз жасау (288-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (290-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап); өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (292-баптың үшінші бөлігі); бұзақылық (293-баптың үшінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (296-баптың төртінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу (297-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру (299-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (299-1-бап); құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру (300-баптың екінші бөлігі); улы заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру (302-бап); санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-баптың үшінші бөлігі); қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету (306-баптың үшінші бөлігі); заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-баптың үшінші бөлігі); жезөкшелiкпен айналысуға тарту (308-баптың екінші және үшінші бөліктері); жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық (309-баптың екінші және үшінші бөліктері); кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту (312-баптың екінші және үшінші бөліктері), кәмелетке толмаған адамның осындай қылмыс жасау жағдайы кірмейді; адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою (315-баптың екінші бөлігі); медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (317-баптың төртінші бөлігі); жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу (319-баптың бесінші бөлігі); заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-баптың төртінші бөлігі); балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу (335-бап); заңсыз аңшылық (337-бап); өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу (339-бап); ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау (340-бап); ормандарды жою немесе зақымдау (341-бап); теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (344-баптың үшінші бөлігі); көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-баптың үшінші бөлігі алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдар жасаған жағдайда, төртінші бөлігі); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-1-бап); көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру (346-бап); көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару (348-баптың төртінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру (349-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-баптың үшінші бөлігі); көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (351-баптың үшінші бөлігі); көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу (353-баптың төртінші бөлігі); магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (354-баптың төртінші бөлігі); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесін немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру (358-баптың төртінші және бесінші бөліктері); басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру (359-баптың төртінші бөлігі); лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (361-баптың төртінші бөлігі); билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-баптың төртінші бөлігі); заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау (365-баптың үшінші және төртінші бөліктері); пара алу (366-баптың 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктері); пара беру (367-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); парақорлыққа делдал болу (368-баптың екінші бөлігі); қызметтік жалғандық жасау (369-баптың төртінші бөлігі); қызметтегі әрекетсіздік (370-баптың төртінші бөлігі); билік өкіліне қатысты күш қолдану (380-баптың екінші және үшінші бөліктері); құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қол сұғушылық (380-1-бап); жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану (380-2-бап); сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өміріне қол сұғу (408-бап); сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (409-баптың төртінші бөлігі); көрінеу жалған сөз жеткізу (419-баптың үшінші және төртінші бөліктері); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу (422-баптың төртінші бөлігі); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (424-баптың екінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу (426-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-баптың үшінші бөлігі); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүрлеу (438-баптың екінші және үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (439-баптың екінші және үшінші бөліктері); әскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-баптың үшінші бөлігі); қашқындық (442-баптың екінші және үшінші бөліктері); әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-баптың екінші бөлігі); жауынгерлік кезекшілікті атқару қағидаларын бұзу (444-баптың екінші және үшінші бөліктері); қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу (446-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-баптың үшінші бөлігі); билікті теріс пайдалану (450-баптың екінші және үшінші бөліктері); билікті асыра пайдалану (451-баптың екінші және үшінші бөліктері); биліктің әрекетсіздігі (452-баптың екінші және үшінші бөліктері); қызметке салғырт қарау (453-баптың екінші бөлігі); әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (459-баптың үшінші бөлігі); қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу (463-баптың төртінші бөлігі); ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу (464-баптың үшінші бөлігі); адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктері) үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

      5-бап. Рақымшылық жасауды қолдану шарттары мен тәртібі

      1. Осы Заңның ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) және 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстарды, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылады.

      2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында, 3-бабында көзделген, негізгі жазаның өтелмеген немесе орындалмаған бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері ол қолданысқа енгiзiлетін күнге есептеледi.

      3. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) жазаны одан әрі өтеуден босату туралы не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыну;

      2) сотталған адамға қатысты шығарылған сот үкімінен (оған енгізілген өзгерістермен, егер мұндай өзгерістер болса) және басқа да сот актілерінен үзінді көшірме;

      3) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтер;

      4) сотталған адамның жеке немесе бақылау ісі;

      5) әлеуметтік жағынан осал адамның мәртебесін растайтын құжаттар.

      4. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелер мен органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды.

      5. Егер өзіне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкін адам немесе оның заңды өкілі бұған қарсы болса, рақымшылық жасау қолданылмайды.

      6. Осы Заңды қолдану кезінде сотталғандықты алып тастау 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында белгіленген жалпы негіздерде жүргізіледі.

      6-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған және жазасын оның шегiнен тыс жерде өтеп жатқан адамдарға, сондай-ақ жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану

      Қазақстан Республикасының соттары соттаған және жазасын оның шегiнен тыс жерде өтеп жатқан адамдарға, сондай-ақ жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасына берілген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

      7-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар

      Қазақстан Республикасының Үкiметі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары жоқ бірінші, екінші топтардағы мүгедектер мен жасының егде тартуына байланысты өзiне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарды стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтiк мекемелерге (ұйымдарға) орналастыру;

      2) босатылған кәмелетке толмағандардың орта, техникалық немесе кәсіптік білім алуын жалғастыруына жәрдем көрсете отырып, оларды ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тәрбиесіне беру не мамандандырылған мемлекеттік органға жіберу;

      3) сот үкiмiмен тағайындалған, үкiмді орындау барысында осы Заң қолданылатын кезге аяқталмаған емінің жалғастырылуын қамтамасыз ету;

      4) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарды өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталықтарына орналастыру;

      5) мекемелерден босатылған еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      8-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады