1994 жылғы 24 маусымда Женевада қабылданған Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенция (175-конвенция) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 175-КОНВЕНЦИЯ Конференцияның сексен бірінші сессиясында қабылданған Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенция 1994 жылғы 24 маусым, Женева теңтүпнұсқалы мәтін ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК ҰЙЫМЫ
№ 175 КОНВЕНЦИЯ
Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенция
Женевада Халықаралық еңбек бюросының Әкімшілік кеңесі шақырған және 1994 жылғы 7 маусымда өзінің 81-сессиясына жиналған
Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясы
толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілер үшін 1951 жылғы Тең сыйақы туралы конвенцияның, 1958 жылғы Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы конвенцияның және 1981 жылғы Отбасылық міндеттері бар еңбекшілер туралы конвенция мен ұсынымдар ережелерінің өзектілігін назарға ала отырып,
осы еңбекшілер үшін 1988 жылғы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан қорғау туралы конвенция мен 1984 жылғы Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы ұсынымдардың (қосымша ережелер) өзектілігін назарға ала отырып,
барлық еңбекшілер үшін өнімді және еркін таңдап алынған жұмыспен қамтылудың маңыздылығын, толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыстың экономикалық мәнін, жұмыспен қамту саласындағы саясаттың жұмыспен қамтудың қосымша мүмкіндіктерін жасау ісіндегі толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыстың рөлін есепке алуы қажеттілігін және жұмыспен қамтуға қол жеткізу, еңбек жағдайлары және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салаларда толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілердің қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып,
сессияның күн тәртібінің төртінші тармағы болып табылатын толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмысқа қатысты бірқатар ұсыныстарды қабылдауға қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беруді шеше отырып,
бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылдың маусым айының жиырма төрті күні 1994 жылғы Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенция деп атауға болатын келесі конвенцияны қабылдайды.
1-бап
1. Осы Конвенцияға қатысты:
а) "толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекші" термині жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан аз, жалдамалы жұмыс істейтін адамды білдіреді;
b) "а" тармақшасында көрсетілген жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы апта бойынша немесе белгілі бір есепті кезеңге орта есеппен есептелуі мүмкін;
c) "толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекші" термині толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған;
i) дәл сондай жұмыспен қамтылу типі бар;
ii) дәл сондай немесе ұқсас жұмыс түрі немесе кәсібі бар; және
iii) сол құрылымдық бөлімшеде немесе егер онда толық жұмыс уақыты жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілер болмаса, сол кәсіпорында немесе осы кәсіпорында толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілер болмаса, экономикалық қызметтің сол саласында толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған тиісті еңбекші сияқты жұмыс істейтін еңбекшіні білдіреді;
d) толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған, экономикалық, техникалық немесе құрылымдық себептер бойынша олардың жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын уақытша қысқартудың ұжымдық сипаты бар ішінара жұмыссыздық жағдайларындағы еңбекшілер толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілер болып есептелмейді.
2-бап
Осы Конвенция еңбек жөніндегі басқа халықаралық конвенцияларға байланысты толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілерге қолданылатын неғұрлым қолайлы ережелерді қозғамайды.
3-бап
1. Осы Конвенция, егер оны қолдану елеулі сипаттағы ерекше проблемаларды тудырса, әрбір мүше мемлекеттің мүдделі кәсіпкерлер мен еңбекшілерінің өкілді ұйымдарымен консультациядан кейін оны қолдану саласынан еңбекшілердің немесе кәсіпорындардың жекелеген санаттарын толық немесе ішінара алып тастай алады деп түсінген кезде толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған барлық еңбекшілерге қолданылады.
2. Осы Конвенцияны ратификациялаған және алдыңғы тармақта көзделген мүмкіндікті пайдаланатын әрбір мүше мемлекет Халықаралық еңбек ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес жіберілетін осы Конвенцияны қолдану туралы өз баяндамаларында осылайша алып тасталған еңбекшілердің немесе кәсіпорындардың барлық жекелеген санаттарын көрсетеді және мұндай алып тастау қажет деп саналған немесе әлі күнге дейін саналатын себептерді көрсетеді.
4-бап
Толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілердің салыстырмалы жағдайдағы, толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілер сияқты мыналарға:
a) ұйымдастыру құқығына, ұжымдық келіссөздерді жүргізу құқығына және еңбекшілердің өкілдері ретіндегі қызмет құқығына;
b) еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына;
c) еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушілікке қатысты қорғауды пайдалануын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады.
5-бап
Ұлттық заңнама мен практикаға сәйкес келетін, толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілердің толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылуы себебінен ғана кәсіпорын жұмысының қорытындылары бойынша сағаттық немесе кесімді негізде есептелетін, толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілердің дәл сондай әдістермен есептелетін негізгі жалақысынан аз болатын негізгі жалақыны алмауын қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.
6-бап
Заңда көзделген кәсіби қызметпен айналысатын адамдарды қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілер толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілер пайдаланатын жағдайларға эквивалентті жағдайларды пайдаланатындай бейімделуге тиіс; бұл жағдайлар жұмыс уақытының ұзақтығына, жарналарға немесе жалақыға пропорционалды түрде немесе ұлттық заңнама мен практикаға сәйкес келетін басқа да әдістермен айқындалуы мүмкін.
7-бап
Толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілерге толық жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған және салыстырмалы жағдайдағы еңбекшілер ие жағдайларға эквивалентті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету үшін мынадай:
a) ананы қорғау;
b) еңбек қатынастарын тоқтату;
c) жыл сайынғы ақылы демалыс немесе ақылы мереке күндері;
d) ауруы бойынша демалыс салаларында шаралар қабылдануда,
бұл ақшалай төлемдер жұмыс уақытының ұзақтығына немесе жалақыға пропорционалды түрде есептелуі мүмкін деп түсініледі.
8-бап
1. Жұмыс уақытының ұзақтығы немесе жалақысы белгіленген ең төменгі нормадан аз толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілерді мүше мемлекет:
a) 6-бапта көрсетілген, бірақ еңбек жарақатына немесе кәсіптік ауруына байланысты жәрдемақыларға қатысты емес, заңда көзделген кез келген әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін қолдану аясы;
b) заңда көзделген әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінде айқындалғандарынан басқа, ананы қорғау жөніндегі шараларды қоспағанда, 7-бапта көрсетілген салаларда қабылданатын кез келген шаралардың қолданылу аясынан алып тастауы мүмкін.
2. 1-тармақта көрсетілген ең төменгі нормалар толық емес жұмыс уақытына жұмыспен қамтылған еңбекшілердің көп санын жөнсіз шығаруды болдырмау үшін жеткілікті төмен болуға тиіс.
3.1-тармақта көзделген мүмкіндікті пайдаланатын мүше мемлекет:
a) қолданыстағы ең төменгі нормаларды мезгіл-мезгілімен қайта қарайды;
b) Халықаралық еңбек ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес жіберілетін Конвенцияны қолдану туралы өз баяндамаларында қолданыстағы ең төменгі нормаларды, оларды қабылдау үшін негіз болған себептерді көрсетеді, сондай-ақ алып тасталған еңбекшілерге құқықтық қорғауды біртіндеп қолдану мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлайды.
4. Кәсіпкерлер мен еңбекшілердің неғұрлым өкілді ұйымдарымен осы бапта көрсетілген ең төменгі нормаларды белгілеу, қайта қарау жөнінде консультациялар өткізіледі.
9-бап
1. Жоғарыда келтірілген 4 - 7-баптарда көзделген құқықтық қорғауды қамтамасыз ету шартымен кәсіпкерлердің де, сондай-ақ еңбекшілердің де мүдделеріне жауап беретін толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы өнімді және еркін таңдалған жұмысқа қол жеткізуді жеңілдететін шаралар қабылданады.
2. Бұл шаралар мыналарды:
a) толық емес жұмыс уақыты жадайларындағы жұмысқа немесе оған келісім беруге кедергі жасауға немесе оған теріс көзқарас туғызуға қабілетті заңнаманы қайта қарауды;
b) жұмыспен қамту қызметтерін толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмысқа орналасудың бар мүмкіндіктерін анықтау және ақпараттық қызмет пен жұмысқа орналастыру жөніндегі қызмет барысында олармен танысу үшін пайдалануды;
c) жұмыспен қамту саласындағы саясат шеңберінде жұмыссыздар, отбасылық міндеттемелері бар еңбекшілер, қарт еңбекшілер, мүгедек еңбекшілер және жалпы білім беру немесе кәсіптік даярлау курстарына қатысатын еңбекшілер сияқты жекелеген топтардың мұқтаждықтары мен тілектеріне ерекше назар аударуды қамтиды.
3. Бұл шаралар сондай-ақ зерттеулер жүргізуді және толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс кәсіпкерлердің және еңбекшілердің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына қандай дәрежеде жауап беретіні туралы ақпаратты таратуды қамтуы мүмкін.
10-бап
Тиісті жағдайларда толық жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыстан толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмысқа ауысудың немесе керісінше ауысудың ұлттық заңнамаға және практикаға сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.
11-бап
Осы Конвенцияның ережелері, егер олар ұжымдық шарттар арқылы немесе ұлттық практикаға сәйкес келетін кез келген өзге тәсілмен қолданылмаса, заңнама арқылы қолданылады. Мұндай заңнама қабылданғанға дейін кәсіпкерлер мен еңбекшілердің неғұрлым өкілді ұйымдарымен консультациялар өткізіледі.
12-бап
Осы Конвенцияны ратификациялау туралы ресми грамоталар тіркеу үшін Халықаралық еңбек бюросының Бас директорына жіберіледі.
13-бап
1. Осы Конвенцияның ратификациялық грамоталарын Бас директор тіркеген Халықаралық еңбек ұйымының мүшелері үшін ғана міндетті күші бар.
2. Ол Ұйымның екі мүшесінің ратификациялық грамоталарын Бас директор тіркеген күннен кейін 12 айдан соң күшіне енеді.
3. Кейіннен осы Конвенция Ұйымның әрбір мүше мемлекеті үшін оның ратификациялық грамотасы тіркелген күннен кейін 12 айдан соң күшіне енеді.
14-бап
1. Осы Конвенцияны ратификациялаған Ұйымның әрбір мүшесі оның алғашқы күшіне енген күнінен бастап он жыл еткен соң Халықаралық еңбек бюросының Бас директорына тіркеу үшін жіберілген күшін жою туралы өтінішімен оның күшін жоя алады. Күшін жою оны тіркеген күннен кейін бір жылдан соң күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялаған және алдыңғы тармақта көрсетілген он жыл өткен соң бір жыл мерзімде осы бапта көзделген күшін жою құқығын пайдаланбаған Ұйымның әрбір мүшесі үшін Конвенция келесі он жылға күшінде қалады және кейіннен ол әрбір он жыл өткеннен соң осы бапта көзделген тәртіппен оның күшін жоя алады.
15-бап
1. Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры Халықаралық еңбек ұйымының барлық мүшелеріне Ұйымның мүшелері жіберген барлық ратификациялық грамоталар мен күшін жою туралы өтініштердің тіркелгені туралы хабардар етеді.
2. Ұйым мүшелеріне өзі алған екінші ратификациялық грамотаның тіркелгені туралы хабардар ете отырып, Бас директор олардың назарын осы Конвенцияның күшіне енген күніне аударады.
16-бап
Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тіркеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына алдыңғы баптардың ережелеріне сәйкес өзі тіркеген барлық ратификациялық грамоталар мен күшін жою туралы өтініштер туралы толық мәліметтерді жібереді.
17-бап
Халықаралық еңбек бюросының Әкімшілік кеңесі қажет деп есептеген жағдайларда ол Бас конференцияға осы Конвенцияны қолдану туралы баяндаманы ұсынады және Конференцияның күн тәртібіне оны толық немесе ішінара қайта қарау туралы мәселені енгізудің орындылығын қарайды.
18-бап
1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе ішінара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаса және егер жаңа конвенцияда өзгеше көзделмесе, онда:
a) Ұйымның қандай да бір мүшесінің жаңа қайта қаралатын Конвенцияны ратификациялауы автоматты түрде, 14-баптың ережелеріне қарамастан, жаңа қайта қаралатын конвенция күшіне енген жағдайда, осы Конвенцияның дереу күшін жоюға алып келеді;
b) жаңа қайта қаралатын конвенция күшіне енген күннен бастап осы Конвенция Ұйым мүшелерінің ратификациялауы үшін жабық.
2. Осы Конвенция оны ратификациялаған, бірақ қайта қаралатын конвенцияны ратификацияламаған Ұйымның мүшелері үшін нысаны мен мазмұны бойынша кез келген жағдайда күшінде қалады.
19-бап
Осы Конвенцияның ағылшын және француз мәтіндерінің күші бірдей.
Жоғарыда баяндалған мәтін Женевада өткен және 1994 жылғы жиырма төртінші маусымда жабық деп жарияланған Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясының сексен бірінші сессиясында тиісті түрде қабылданған Конвенцияның теңтүпнұсқалы мәтіні болып табылады.
Осыны куәландыру үшін біз 1994 жылғы жиырма бесінші маусымда қол қойдық.
Конференция төрағасы
С.Д. ГРЭЙ
Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры
М. ХАНСЭН
Конвенцияның ұсынылған мәтіні Халықаралық еңбек конференциясы Төрағасының және Халықаралық еңбек бюросы Бас директорының қол қоюларымен куәландырылған мәтіннің дұрыс көшірмесі болып табылады.
Көшірменің дұрыстығы мен толықтығы куәландырылады.
Халықаралық еңбек бюросының Бас директоры үшін:
Джордж Политакс
Халықаралық еңбек ұйымының
Заң кеңесшісі
1994 жылғы 24 маусымдағы Женевада өткен Халықаралық Еңбек Ұйымы Конференциясының сексен бірінші сессиясында қабылданған "Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенция" № 175 Конвенцияның куәландырылған көшірмесі екенін растаймын.
Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры |
А. Жабатаева |