Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 139-VII ҚРЗ.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 3-баптың 2) тармағы "214-бапта – құны екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны;" деген сөздерден кейін "217-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 217-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің бірінші абзацының 4) тармағы "мүлікті" деген сөзден кейін "не оған құқықты" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацтың 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аса ірі мөлшерде ақшаны, өзге мүлікті не оған құқықты тарта отырып жасалған;";

      екінші абзацтағы "он" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 217-1-баппен толықтырылсын:

      "217-1-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау

      1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке және тікелей тарату –

      мүлкі тәркіленіп, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) бірнеше рет жасалған;

      3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекет –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 187-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацы "217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)" деген сөздерден кейін ", 217-1 (екінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 191-баптың сегізінші бөлігі "217 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейін " 217-1 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады