2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 10 қазандағы № 145-VII ҚРЗ.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 5 тамызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде (көрсетілген Шартқа № 1 қосымша):

      54-тармақта:

      төртінші абзацтағы "4 жыл мерзімге" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары (келісімшарттар) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалады.

      Комиссия Алқасының Төрағасы Комиссия департаменттері директорларының және олардың орынбасарларының еңбек шарттарын (келісімшарттарын) 3 айға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға құқылы.

      Комиссия департаменті директорының немесе Комиссия департаменті директоры орынбасарының еңбек шарты (келісімшарты) мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, Комиссия департаментінің директоры немесе Комиссия департаменті директорының орынбасары бос лауазымына тағайындалатын адаммен еңбек шарты (келісімшарт) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалады.";

      сегізінші абзац "конкурстық негізде" деген сөздерден кейін "және егер мүше мемлекеттің заңнамасында білікті іріктеудің қажеттілігі көзделсе, мүше мемлекетте жүрғізілген мұндай іріктеудің нәтижелері ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "(келісімшарттар) негізінде қабылданады." деген сөздер "(келісімшарттар) негізінде 5 жыл мерзімге қабылданады. Комиссия қызметкерімен жасалатын еңбек шартын (келісімшартты) Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін Комиссия Алқасы мүшесінің ұсынуы бойынша, оның ішінде өткізілген аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, Комиссия Алқасының Төрағасы дәл сол мерзімге ұзартуы мүмкін." деген сөздермен толықтырылсын;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережеде (көрсетілген Шартқа № 32 қосымша):

      43-тармақтағы "осы Ереженің" деген сөздер "Шарттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      53-тармақтың бірінші абзацы "жұмыс істегенге дейін" деген сөздерден кейін "кез келген кезеңде" деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттамаға сәйкес 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілетін өзгерістерге байланысты мыналар белгіленсін:

      еңбек шарттары (келісімшарттар) осы Хаттама күшіне енгенге дейін жасалған Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) департаменттерінің директорлары мен директорларының орынбасарлары өздерінің еңбек шарттарында (келісімшарттарда) көзделген мерзімдер өткенге дейін өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруды жалғастырады;

      Комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарт) талаптарымен жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар осы Хаттама күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде Комиссия Алқасының Төрағасы бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жүктілігі және босануы бойынша немесе бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы Комиссия қызметкерлерінің, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңіндегі Комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарт) талаптарымен жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар көрсетілген демалыстар (кезең) аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады;

      Комиссия қызметкерлерінің еңбек шарттары (келісімшарттар) мерзімінің өзгеруіне байланысты осы Хаттама күшіне енген күнге дейін еңбек шарттарын (келісімшарттар) жасасқан Комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарт) талаптарымен жұмысқа ауысуы конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.

3-бап

      Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      2021 жылғы "5" тамызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін

      Осымен 2021 жылғы 5 тамызда Мәскеу қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті A.Г.Лукашенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш.Жээнбеков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті B.В.Путин.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссияның Құқықтық
департаментінің директоры
Тараскин В.И.

      Осымен, қазақ тіліне аударма Мәскеу қаласында 2021 жылғы 5 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы орыс тілінде қол қойылған хаттамаға толық сейкес келетінін куәландырамын.

      Сауда және интеграция министрлігі
Экономикалық интеграция
департаментінің сарапшысы
Дюсенбек Ж.Д.____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады