2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 12 қазандағы № 146-VII ҚРЗ.

      2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге 2022 жылғы 14 наурызда Тегеранда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге ХАТТАМА

      Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі "ЕАЭО" деп аталады) пен Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы (бұдан әрі "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер" деп аталады) және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы (бұдан әрі "Иран И.Р." деп аталады):

      Иран күнтізбесі бойынша 1397 жылғы 27 Ордибехештке сәйкес келетін 2018 жылғы 17 мамырда Астанада жасалған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің (бұдан әрі "Уақытша келісім" деп аталады) қолданылу мерзімін ұзартуға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП;

      олардың арасында еркін сауда аймағын құру туралы бірлескен шешімін және Уақытша келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту тиісті келісім бойынша жүргізілетін келіссөздерге әсер етпейтінін РАСТАЙ ОТЫРЫП;

      Уақытша келісімнің 1.3-бабының 4-тармағын БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП;

      төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:

1-бап

      1. Уақытша келісімнің 9-тарауына сәйкес Уақытша келісімнің қолданылу мерзімі Иран күнтізбесі бойынша 1404 жылғы 5 Абанға сәйкес келетін 2025 жылғы 27 қазанға дейін немесе Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағында көрсетілген еркін сауда туралы келісім күшіне енгенге дейін қайсысы бұрын басталатынына қарай ұзартылады.

      2. Уақытша келісімнің 1.3-бабының 2-тармағында көрсетілген еркін сауда туралы келісім Уақытша келісім күшіне енген күннен бастап 6 жылдан кешіктірілмей жасалуға тиіс.

2-бап

      Осы Хаттама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер және Иран И.Р. ұлттық заңнамасында көзделген өздерінің тиісті ішкі заңдық рәсімдерін аяқтағаны, оның ішінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына сәйкес ЕАЭО мен үшінші тарап арасындағы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне ЕАЭО-ның келісім білдіруі туралы шешім қабылдағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді. Тиісті хабарламалармен алмасу Еуразиялық экономикалық комиссия мен Иран И.Р. арасында жүргізілуге тиіс.

      Иран күнтізбесі бойынша 1400 жылғы 23 Эсфандқа сәйкес келетін 2022 жылғы 14 наурызда Тегеранда ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі олардың екеуінің де күші бірдей.

Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Еуразиялық экономикалық одақ үшін Иран Ислам Республикасы үшін


      Осымен 2022 жылғы 14 наурызда Тегеран қаласында қол қойылған 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін – Армения Республикасы Вице-премьер-министрі М.Г.Григорян;

      Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.В. Петришенко;

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасының бірінші орынбасары А.О. Кожошев;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Л. Оверчук;

      Еуразиялық экономикалық одақ үшін - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы М.В. Мясникович;

      Иран Ислам Республикасы үшін - Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, шахталар және сауда министрі Р. Фатеми-Амин.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссияның Құқықтық
департаментінің директоры
В.И. Тараскин

      Осымен 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні ағылшын тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады