2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2022 жылғы 18 шілдеде Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
Қазақстан - Ресей қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал ете отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 3-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2022 - 2024 жылдары мұнай және мұнай өнімдерін құбыржол көлігімен әкетуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталатын, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетілетін мұнай және мұнай өнімдері (керек-жарақ ретінде әкетілетін көрсетілген тауарларды қоспағанда) есепке алу мақсатында Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген уақытша мерзімдік кедендік декларациялауды қолданбай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілгендей Ресей Федерациясында кедендік декларациялануға жатады.".
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2022 жылғы "18" шілдеде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |