Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 220-VII ҚРЗ.

      2023 жылғы 6 наурызда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды теңдік пен өзара тиімділік негізінде одан әрі дамыту және нығайту мақсатында

      Тараптар қатысушылары болып табылатын 2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен құрылған Еуразия даму банкінің қызметін дамытуға мүдделілікті негізге ала отырып,

      Еуразия даму банкі кеңесінің жарғылық капиталды Еуразия даму банкінің қатысушылары арасында қайта бөлу туралы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімін ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап Келісімнің нысанасы

      1. Осы Келісімнің ережелері Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Еуразия даму банкінің осы Келісімге қол қойылған күні номиналды құны 65151000 АҚШ доллары болатын 65151 акциясын құрайтын Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігіне ғана (бұдан әрі - қатысу үлесі) қолданылады.

      2. Осы Келісімді іске асыру мақсатында онда көзделген шарттармен және тәртіппен Ресей Тарапы қатысу үлесін Қазақстан Республикасының меншігіне беруді қамтамасыз етеді, ал Қазақстан Тарапы қатысу үлесін Қазақстан Республикасының қабылдауын қамтамасыз етеді және қатысу үлесін номиналды құны бойынша төлейді.

      Қазақстан Республикасының қатысу үлесіне меншік құқығы осы Келісім күшіне енген күннен бастап туындайды.

2-бап

Тараптардың уәкілетті органдары

      Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары:

      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі.

      Осы Келісімді іске асыруға жауапты Тараптардың уәкілетті органдары атауларының өзгергендігі және (немесе) олардың функцияларының басқа органдарға берілгендігі туралы хабарламаны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу жібереді.

3-бап

Төлем жасау тәртібі

      1. Қазақстан Тарапының Ресей Тарапының пайдасына қатысу үлесін төлеуі осы Келісімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Тарапының Ресей Тарапының пайдасына төлем жасау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Келісім бойынша төлемдер Ресей Федерациясының Орталық банкі төлем күніне дейінгі 2 жұмыс күні бұрынғы күнге белгілеген АҚШ долларының Ресей рубліне бағамы бойынша Ресей рублімен жүзеге асырылады. Осы тармаққа сәйкес есептелген төлем сомасы үтірден кейін 2 белгіге дейін дөңгелектенеді.

      Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ресей рубліндегі өз шоты арқылы Федералдық қазынашылықтың Өңіраралық операциялық басқармасының Ресей Федерациясының Орталық банкінде ашылған шотына төлемдер жүргізеді.

      Қазақстан Тарапының уәкілетті органы кестеге сәйкес кезекті төлемді жүзеге асыру күніне дейін 45 күннен кешіктірмей Ресей Тарапының уәкілетті органын төлем күні туралы хабардар етеді.

      3. Федералдық қазынашылықтың Өңіраралық операциялық басқармасының Ресей Федерациясының Орталық банкінде ашылған шотына төлем сомасының түскен күні төлемнің орындалған күні болып саналады.

      Егер кестеде тиісті төлем мерзімі ретінде көрсетілген кезеңде Федералдық қазынашылықтың Өңіраралық операциялық басқармасының Ресей Федерациясының Орталық банкінде ашылған шотына кестеде белгіленген мөлшердегі, осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген төлем сомасы түскен болса, Қазақстан Тарапының осы Келісім бойынша төлемі орындалды деп танылады.

      Федералдық қазынашылықтың Өңіраралық операциялық басқармасының Ресей Федерациясының Орталық банкінде ашылған шотының деректемелерін Ресей Тарапының уәкілетті органы төлем күніне дейін кемінде 30 күн бұрын мерзімде Қазақстан Тарапының уәкілетті органының назарына жеткізеді.

4-бап

Ерекше шарттар

      1. Егер Қазақстан Тарапының төлемі кестеге сәйкес жүзеге асырылмаса немесе толық көлемде жүзеге асырылмаса, Қазақстан Тарапының осы Келісім бойынша міндеттемесі Ресей Тарапы толық алмаған төлем сомасы бөлігінде орындалмаған деп танылады. Бұл жағдайда кестеге сәйкес төлем мөлшері мен Қазақстан Тарапы нақты төлеген төлем сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған мөлшердегі қатысу үлесінің бір бөлігіне меншік құқығы кестеге сәйкес Қазақстан Тарапының төлемін жүзеге асыру үшін кезең аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Ресей Федерациясына қайта өтеді.

      2. Қазақстан Тарапы кестеде көзделген төлемдер мерзімдері басталғанға дейін төлемді жүзеге асыруға құқылы, сол сияқты Қазақстан Тарапының уәкілетті органы алдын ала жазбаша хабарламаны Ресей Тарапының уәкілетті органына төлем күніне дейін кемінде 45 күн бұрын мерзімде жіберген жағдайда қатысу үлесін толық көлемде мерзімінен бұрын төлеуді жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда төлем осы Келісімнің 3-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Қатысу үлесін толық көлемде мерзімінен бұрын төлеген жағдайда Қазақстан Тарапының осы Келісім бойынша міндеттемелері орындалды деп саналады және осы Келісімнің күші Федералдық қазынашылықтың Өңіраралық операциялық басқармасының Ресей Федерациясының Орталық банкінде ашылған шотына соңғы төлем түскен күннен бастап тоқтатылады.

5-бап

Даулар мен келіспеушіліктер

      Осы Келісімді қолдануға және түсіндіруге қатысты Тараптар арасында туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.

6-бап

Өзгерістер мен толықтырулар

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

7-бап

Күшіне енуі

      Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және егер осы Келісімнің 4-бабының 3-тармағымен көзделген тәртіпке Сәйкес осы Келісім өзінің қолданысын тоқтатпаса не Тараптар оның қолданысын тоқтатудың өзгеше мерзімін белгілемесе, 2027 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоса алғанда қолданылады.

      2023 жылғы "6" наурызда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін

  Еуразия даму банкінің төленген
жарғылық капиталындағы
Ресей Федерациясы үлесінің бір
бөлігін сатып алу және сату
туралы
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі
арасындағы келісімге
ҚОСЬІМША

Қазақстан Тарапының Ресей Тарапының пайдасына ТӨЛЕМ ЖАСАУ КЕСТЕСІ

Төлемді жүзеге асыру мерзімі Қазақстан Тарапының Ресей Тарапының пайдасына жалпы төлем сомасынан үлесі, пайызбен Төлем мөлшері номиналды құнымен, АҚШ доллары

2024 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоса алғанда

25

16287750

2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін коса алғанда

25

16287750

2026 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоса алғанда

25

16287750

2027 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоса алғанда

25

16287750


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады