1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 55-VIII ҚРЗ.

      1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы 2021 жылғы 4 наурызда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп санайды.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекет басшылары кеңесі, Үкімет басшылары кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі рәсімі қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен орыс тілінде жасалды.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін
Н. Мамедов
2019 жылғы 7 мамыр

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Д. Медведев
2019 жылғы 27 маусым

Армения Республикасының
Үкіметі үшін
М. Григорян
2019 жылғы 14 мамыр

Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
К. Расулзода
2021 жылғы 4 наурыз

Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
С. Румас
2019 жылғы 1 сәуір

Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
А. Мамин
2020 жылғы 8 желтоқсан

Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
М. Абылгазиев
2020 жылғы 22 қаңтар

Украина Үкіметі үшін

Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Беларус Республикасындағы
Молдова Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі
В. Сорочан
2020 жылғы 28 шілде


      Осымен қоса беріліп отырған 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманың мәтіні Мемлекет басшылары кеңесі, Үкімет басшылары кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі рәсімі қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен қол қойылған теңтүпнұсқа көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады.

      ТМД Атқару комитеті
төрағасының орынбасары
Б.М. Жумаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады